Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 00:16, курсовая работа
XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.
Кіріспе..............................................................................................................3
I. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы............................................................................5
1.2 Ұлттар лигасы.........................................................................................12
II. Версаль Вашингтон жүйесі
2.1 Версаль бітім шарты.............................................................................14
2.2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17
2.3 Вашингтон конференциясы...................................................................21
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................27
XXғ. Басындағы халықаралық
жағдайдың шиеленісуі
Қорытынды
Қорыта айтқанда Версаль-Вашингтон жүйесі Антанта мемлекеттері бойынша қарсыластық жағдайын туғызды. Версаль мен Вашингтонда қүрылған жүйе нәтижесінде әлемдік соғыс нәтижесінен пайда болған жағдайды реттеу үшін ұлы державалар арасындағы күшті байқап көргендей әсер берді. Версаль бейбіт келісімі әуел баста, яғни жаңа дәуірді соғыссыз және күштеусіз бастауға апарар жолдай болып көрінді.
Сонымен бірге Еуропаның жаңа мемлекеттік саяси картасы этноұлттық карта болып жасалған жоқ. Версаль жүйесі герман халқын бірнеше шекараларға бөліп тастады, онда бірнеше көп үлтты мемлекеттер қүрылды, жөне олар саяси нысана салдарынан ұлттық мәселені шешу үшін күрес жүргізуге дайын болды. Этникалық қүрамы жағынан үлкен шиеленіске түскен көпұлтты территория Югославия мен Чехословакия болды. Көптеген жаңа қүрылған мемлекеттер тез арада территориялық шиелністерге тап болып, саяси жанжалға қалды.Версаль-Вашингтон жүйесінің ең ескерілер тұстарының бірі ол әлсіреген екі мемлекет - Ресей мен Германияның бір біріне жақындай түсуі болды. Британдық және француздық үкіметтердің ресейліктерге қарсы қатал позициясы Брест-Литовск бейбіт келісімінен кейін айқын біліне бастады. Антанта өкілдері большевиктерді сатқындар мен сепаратистер деп айыптады. Француздар мен ағылшындардың бұлай қатты ренжуіне жаңа кеңестік мемлекеттің бұрынғы «патша қарыздарын» жойып жіберуі де түрткі болды. 1918 жылғы большевиктер бастаған Қызыл террордың патша және оның жанүясын өлтіруі Батыста болыпевиктерге жол бермеу керектігін ұқтырды.
Париж және Вашингтон конференцияларының шешімдері халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтон жүйесін құрайды. Бұл жүйе 20-жылдардағы халықаралық қатынастардың тұрақты, байсалды түрде дамуын қамтамасыз етті; халықтардың өзін-өзі билеу құқын заңдандырды; бірқатар халықтардың тәуелсіздігі мен егемендігі мойындалды; алғаш рет қарулануға шек қойылды; халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға қызмет ететін ұйым - Ұлттар Лигасы құрылды. Алайда Версаль-Вашингтон жүйесі ұзаққа барған жоқ. Өйткені бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы тұтастай жеңілген елдердің мойнына түсті. Бұл елдерде соғысты бастаған билеуші топтардың өкіметтен кеткені, Германия мен Австрияның демократиялық республикаларға айналғаны ескерілмеді. Германия орасан зор репарациялар төлеуге тиісті болды. Неміс халқында ұлттық қорлану сезімі туды.
Кеңестік Ресей бұл жүйеден мүлде тысқары қалды. Әрине Антанта Ресейді үштік одақпен сепараттық бітім жасағаны үшін Париж конференциясына шақырған жоқ. Алайда азамат соғысында жеңіп шығып, әбден орныққан кеңкс үкіметі өзінің 1918-1922 жылдардағы халықаралық қатынастардан оқшау қалғаны үшін Антанта елдерін, Версаль-Вашингтон жүйесін ұнатпады.
Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қатынастағы жаңа саясат - империалисттік елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелді. Жаңа халықаралық жүйенің ерекшеліктері: 7
1. Империалисттік елдер арасындағы қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешуге келісті;
2. Версаль бітімі империалисттік елдердің агрессиялық саясатын тежеді;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 История США Том-3 (1919-1945) Изд. “Наука” М., 1985. с 656 .
2 Көкебаева Г.К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі тарихы. (1918-1945) -А.,1997. с 312
3 История США Том-3 (1919-1945) Изд. “Наука” М., 1985. с656
4 Ленин В. И. II конгресс Коммунистического интернационала соч., т. 31
5 В.Д.Кульбанин Очерки новейшей истории Германии изд. социально-экономическая литература М., 1962. с626
6 М. С Мектепұлы Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) - А., 1998. с.316
7 Хрестоматия по истории России 1917-1940 под ред. М.Е. Главацкого - М., 1995. с.288
Информация о работе Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона