Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 00:16, курсовая работа

Краткое описание

XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы............................................................................5
1.2 Ұлттар лигасы.........................................................................................12
II. Версаль Вашингтон жүйесі
2.1 Версаль бітім шарты.............................................................................14
2.2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17
2.3 Вашингтон конференциясы...................................................................21
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАНИЯР.doc

— 189.50 Кб (Скачать документ)

XXғ. Басындағы халықаралық  жағдайдың шиеленісуі адамзатқа  орасан зор зиянын тигізген  қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың  болуы, адамзат тарихындағы аса  бір қатал диктаторларға билік  берген тоталитарлық тәртіптердің  өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды. енгізді.  АҚШ  мемлекеті  өзінің  екі  маңызды  мақсаты  ретінде:  Америка  гегемониясына  қол  жеткізу  мен  әлеуметтік  қауіпке  қарсы  либералдық  альтернативаны  қою.  Бұл  туралы  Вильсонның  өзі  АҚШ-тың  сыртқы  саясатының  мақсаты-дүниежүзілік  либералдық  қозғалыс  басшыларымен  дүниежүзілік  билік  үшін  бірігіп  күресу  керектігін  айтты. 

Осылайша  президент  Вильсон  көрсеткен  “он  төрт  пункт”  бағдарламасы  либералды  экспансионизм  бағдарламасы  ретінде  қарастырылады.  Осы  есептеулерден  АҚШ-тың  Бірінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңілген  Германияға  қарасты  қатынастарды  қарастыратын  бағдарламасы  құрылды.  Олар  Англия  мен  Францияның  күшеюіне,  салыстырмалы  түрде  күшті,  бірақ  әлсіреген  Германияны  қарсы  қоюды  көздеді.  Сонымен  қатар  1918  ж.  қараша  айында  Германияда  басталған  революцияны  басып  тастау  керек  болды.  Бұл  революция  большевизмнің  Батыс  Еуропаға  таралу  қаупін  төндірген  еді.  Сондықтан  АҚШ  мемлекетінің  мақсаты  ретінде  неміс  буржуазиясына  революцияға  қарсы  күресте  көмек  беру  көзделді.  Сонымен  қоса  ірі  инвестицияларын  Германияның  экономикасына  енгізіп,  ол  жердегі  алдыңғы  қатарлы  орындарға  ие  болып,  соңында  оны  соғыстан  кейінгі  еуропаның  экономикасы  мен  саясатына  кеңінен  тарату.

Осылайша,  Бірінші  дүниежүзілік  соғысынан  кейін  АҚШ  мемлекетінің  алдында  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  өте  маңызды  және  жауапты  мәселелер  туындады.  Сондықтан  Парижде  өткен  бейбіт  конференциясында  АҚШ  делегациясын  президенттің  өзі  басқарды.  Тарихта  алғашқы  рет  АҚШ  президенті  өзінің  ел  басқару  мерзімінде  мемлекеттің  аумағынан  шықты. 

Бірнеше  ай  бойына  Парижде  өткен  конференцияда  сол  кездегі  әлемнің  ең  ірі  көшбасшылары-  Ллойд-джорд,  Клемансо  және  Вильсон  арасында  тартысты  күрес  басталды.  “Ең  бай  мемлекеттердің  “үлкен  төрттігі”  -  Клемансо,  Ллойд-Джордж,  Орландо  және  Вильсон  дүние  жүзінің  жаңа  халықаралық  қатынастарын  құруға  отырғызылды”,-деді  В.И.  Ленин. Бұл  тартыс  себебі-  алдыңғы  қатарлы  державалар-  АҚШ,  Франция  және  Англияның  көзқарастары  әртүрлі  болды. 

Шындығында  Америка  президентінің  алға  қойған  жаңа  әлемдік  тәртібін  құру  ойы  Англия  үшін  де,  Франция  үшін  де  мүлдем  тиімсіз  болды. 

Англияның  Бірінші  дүниежүзілік  соғысына  қатыспауға  амалы  болмады,  өйткені  жас  және  мықты  империалисттік  Германия  державасы  колониялар  мен  олардың  ықпал  ету  ортасын  өзгерту  маңыздылығы  туралы  ашық  жариялады.  XIX-XX  ғасырдағы  Англо-Герман  қарсыластығы  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  негізгі  қарама-қайшылық  болды.  Ірі  Британ  империасының  жоғалып  кету  қауіпі  төнді,  ал  Англия  болса  оның  сақталуы  мен  одан  әрі  кеңеюі  үшін  күресті. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Англия  басшылары  тарапынан  қойылған  мақсаттардың  орындалуына  әкеліп  соқтырды.  Германия  әлсіреп,  Ұлы  державалар  қатарынан  шығып  қалды.  Африка  мен  Тынық  мұхитындағы  Германияның  колонияларының  біраз  бөлігі  Англияның  қол  астына  өтті.  Германияның  Таяу  Шығыстағы  Түрік  империясының  кең  байтақ  жерлерінде  маңыздылығы  жойылды.  Енді  Англияның  басты  мақсаты-  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  жаулап  алынған  жерлерді  заңдастыру  және  Британ  империасының  күшін  арттырып,  Англияның  әлемдік  сахынада  беделін  өсіру. 

Әрине,  осындай  жағдайда  АҚШ-тың  күшеюі  Англияның  есебіне  кірген  жоқ.  Сондықтан  Парижде  өткен  конференцияда  Ллойд-Джордж  басқарған  ағылшын  делегациясы  күннен  күнге  АҚШ-тың  басшылығына  қарсы  күрес  жүргізді.  Өйткені  АҚШ  Ұлттар  Лигасын  қолданып  “ашық  есіктер  мен  мүмкіндіктер”  лозунгтары  арқылы  билікке  ие  болғысы  келді.  Бұл  арқылы  АҚШ  соғыстан  кейінгі  әлемге  өз  гегомониясын  орнатуға  тырысты.  Ленин  айтқандай  “сол  уақыттарда  тек  АҚШ  қаржы  жағынан  мүлде  тәуелсіз  болып  қала  берді”.  Бірақ  Ллойд-Джордж  тәжірибелі  саясатшы  болғандықтан,  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  үлкен  өзгерістер  келгенін  түсініп  отырды.  Ол  капитализмді  реформалау  қауымының  қалыптасуын  және  әлеуметтік  альтернативтік  қауіпін  жойдыру  керектігін  жақсы  түсінді.  Ол  Ұлттар  Лигасының  құрылу  ойын  жақтап,  бұл  ой  Вильсонның  монополиясы  емес  екендігін  айтты.  Бірақ  Ллойд-Джордж  АҚШ-тың  Ұлттар  Лигасына  мол  әсері  болмауын  қалады.  Ағылшын  делегациясының  ойынша  бұл  ұйымның  басты  мақсаты  соғыстан  кейін  жеткізілген  status-quo  жағдайын  және  Британ  империясын  сақтандыру.  Бұл  мақсатпен  Англия  Ұлттық  Лигада  басшылық  қызметіне  ие  болу  үшін  өз  байлықтарын  қолдануға  тырысып,  ол  арқылы  халықаралық  қатынастарда  status-quoны  сақтап  қалу.

Англия  Францияның  көмегімен  Америка  Құрама  Штаттарына  қарсы  тартысты  күрес  жүргізді.  Әрине,  Англия  мен  Франция  арасында  Германияның  колониялары  және  Түрік  империясының  болашағы  туралы  бірталай  қарсылықтар  болды.  Сондықтан  Парижде  өткен  конференцияда  бұл  екі  мемлекет  Африка  мен  Таяу  Шығыс  жерлері  кімнің  қолының  астына  өтетініні  туралы  тартыс  болды.  Ал  бірақ,  АҚШ  державасы  билік  туралы  қарсылығын  талқылағанда,  Англия  мен  Франция  делегациясы  бірігіп  АҚШ-қа  қарсы  шыққан.  Өйткені  АҚШ  “жаңа  әлемдік  тәртіп”  орнатса,  Англия  мен  Франция  мақсаттарынан  айырылып  қалуы  мүмкін  еді.

“Бейбітшілік  пен  әділеттілік”  принципінде  қаланған  “жаңа  әлемдік  тәртіпке”  қарсы  болған  Францияның  Премьер-министрі  -  Клемансо.  Өйткені,  Клемансо  Вильсон  мен  Ллойд-Джорджқа  қарағанда  импереалистік  саясат  мектебінің  түлегі  болған.  Ол  “  жаңа  әлем  тәртібін”  утопия  мен  демагогия  деп  санап,  онымен  күрес  жүргізді.  Ол  Францияға  тиімді  бейбіт  келісім  шарт  жасап,  сонымен  қатар  Африка  мен  Таяу  Шығыстағы  үлкен  территорияға  ие  болуды  қалады. 

Ұлттар  Лигасының  құрылуын  Клемансо  жақтады.  Ал  бірақ  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  мен  колониялардың  бөлінуінің  арасындағы  қандай  да  болмасын  байланысты  ол  қайтарып  тастады.  Клемансо  Ұлттар  Лигасы  ұлттар  арасындағы  “татулық  пен  байланыс”  қаруы  деген  ойды  зиян  утопия  деп  талқылады.  Оның  ойынша,  Франция  Ұлттық  Лиганы  ең  алдымен  позициясын  күшейту  үшін  пайдалану  керек.  Ал  бірақ  Германияның  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Европадағы  орны  туралы  сұрақта  олардың  арасында  қарсылықтар  байқалды. 

Негізінде,  Германияның  қатты  әлсіреуі  Англияға  тиімді  болды  ма?  Жоқ,  тиімді  болған  жоқ.  Англия  Германияны  үлкен  держава  емес  колониялық  және  теңіз  державасы  ретінде  әлсіреткісі  келді.  Бұл  саяси  жол  Англияның  “күш  тепе-теңдігі”  саясаты  Еуропада  Англия  басшыларымен  ұзақ  уақыт  өткізілді.  Оның  ең  басты  мақсаты  Еуропада  бір  емес,  екі  мықты  держава  құрылуы  және  олардың  бір-бірін  бейтараптауы.  Сол  кезде  ғана  Англия  басшылық  жағдайға  ие  болып,  еуропалық  проблемалардың  бәрін  шешуге  мүмкіндік  алады. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғысынан  кейін  өз  басшылық  жағдайын  сақтап  қалу  үшін  Англия  өз  қарсыласы  және  досы  Францияның  күшеймеуі  үшін  тырысты.  Сондықтан,  бейбітшілік  конференциясында  Англияның  делегациясы  әлсіреген,  бірақ  әлі  де  күшті  Германия  арқылы  Францияның  күшеймеу  жағдайын  сақтап  қалуды  көздеді.  Оны  ағылшын  делегациясы  “өте  күшті  емес  Франция”  және  “өте  күшсіз  емес  Германия”  лозунгтары  арқылы  іске  асыруды  мақсаттады.

Францияның  саясаты  Англияның  саяси  бағытына  қарама-қарсы  болды.  Бұл  да  түсінікті.  Парижде  өткен  бейбітшілік  конференциясында  Англия  мен  АҚШ  мақсаттаған  күшті  Германия  мемлекетінің  құрылуына,  Франция  жақтас  болды  ма?  Әрине,  жоқ.  Өйткені,  Франция  Еуропада  басшылық  жағдайға  ие  болуға  ұмтылды.  Бірақ,  Еуропада  ең  күшті  герман  мемлекеті  болғандықтан,  Францияның  Еуропа  дүние  бөлігінде  басқарушы  орын  алуы  туралы  сөз  болуы  мүмкін  емес  еді.  Сондықтан  да,  Франция  басшылары  соғыс  біткен  соң,  Германияны  құлдырату  ең  басты  мәселе  деп  есептеген.  Сол  үшін  Франция  делегациясы  бейбітшілік  конференциясында  Рейн  өзенінің  сол  жақ  жағалауын  беруін  сұрады,  және  де  Германияны  кішкене  мемлекеттерге  бөлу  жоспарын  ұсынды.  Сол  жоспар  бойынша,  бөлшектелінген  Германияны  өз  қолында  мықты  ұстап,  Францияның  соғыс  саясатына  бағындырмақшы  болды.  Сөйтіп,  үш  үлкен  соғыс  жеңімпаздарының  жалпы  жоспарының  қорытындысы:  олардың  өзара  түсініспеушілігін  және  соғыстан  кейінгі  өмірді  ұйымдастыру  күресін  айқындап  көрсетті.  Әсіресе  үш  маңызды  мәселе  үшін  қатты  күрес  болды.

Париждегі  бейбітшілік  конференциясы  ашылғанынан-ақ  мәселелерді  қарастыру  тізімі  туралы  түсініспеушіліктер  пайда  болды.  Франция  мен  Англия  өкілдері  Италия,  Жапония  және  басқа  да  мемлекеттердің  қолдауымен,  Африка  мен  Тынық  мұхиты  және  Түркия  империясы  жерлеріндегі  Германия  колонияларын  бөлшектеуін  ұсынды.  Бірақ  бұған  АҚШ  делегациясы  қарсы  шықты.  Президент  Вильсон  біріншіден  Ұлттар  Лигасының  жарғысын  қарастырып  және  енгізілуін,  оны  Германия  және  оның  одақтастарымен  жасалған  бейбітшілік  келісімінің  бір  айырылмас  бөлшегін  жасауын,  сол  арқылы  жаңа  да  адал  жол  және  бейбіт  өмір  ұйымдастыруын,  содан  соң  ғана  Германия  колониялары  мен  түркі  жерлерінің  мәселелерін  шешуін  ұсынды.  Франция  мен  Англия  делегациялары  оған  мүлдем  қарсы  болды.  Клемансо  Ұлттар  Лигасы  мен  бейбітшілік  келісімін  өзара  қоспауын  ұсынды.  Ллойд-Джордж  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  мен  бейбітшілік  келісімінің  бір  болғанына  келіскенімен,  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  күрделі  және  ұзақ  жұмыс  екенін  айтып,  сондықтан  да,  уақытты  соза  бермей  колониялық  мәселелерді  шеше  бастау  керек  екенін  ұсынды. 

Ұзақ  уақыт  дауласу  арқылы  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  арнайы  комиссияның  қолына  берілді.  Франция  мен  Англия  делегаттары  сол  комиссияға  тек  ұлы  мемлекеттердің  ғана  емес,  кіші  мемлекеттердің  өкілдері  де  қатысуын  ұсынды.  Негізі,  ағылшын-француз  өкілдері  комиссияны  мүмкіндігінше  үлкен  қылып,  оның  жұмысын  ұзаққа  созылуын  қалады.  Бірақ  та  бұған  Вильсон  өз  жауабын  берді,  ол  өзін  комиссияның  төрағасы  боламын  деп  ұсынды.  Вильсонның  басшылығымен  аз  уақыт  ішінде  бірталай  маңызды  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  талқыланды. 

Комиссия  жұмысы  3  ақпан  1919  жылы  басталды,  ал  14  ақпан  күні  Америка  президенті  пленарлық  отырыста  комиссия  жұмысының  нәтижелерін  баяндап  шықты.  Ұлттар  Лигасының  құрылуымен  “халық  арасындағы  түсініспеушілік  пен  қақтығыстар”  жойылады.  Адамдар  бір-бірінің  жүздеріне  қарап:  “Біз  -  бауырласпыз,  бізде  -  бір  ниет”  деп  айтады.  Ұлттар  Лигасы  арқылы  бізде  “бауырлас  және  достық  келісім”  бар  деп  айта  аламыз.  Әрине,  бұл  сөздер  Америка  президентінің  комиссия  нәтижелерін  идеалдық  түрде  көрсетілгендігін  айғақтайды. 

1.2  Ұлттар  Лигасы

Ұлттар  лигасы.  Париж  конференциясының  маңызды  нәтижесі  -  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  болды.  Ұлттар  Лигасының  жарғысын  АҚШ  президенті  В.Вильсон  бастаған  арнайы  комиссия  жасады.  Ұлттар  Лигасы  әлем  халықтары  арасында  ынтымақтастықты  дамытуға,  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  тиісті  болды.  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларының  қалыптасуына  негіз  салды.  Жарғы  бойынша,  мемлекеттер  арасындағы  даулы  мәселерді  соғысқа  жүгінбей,  бейбіт  келіссөздер  арқылы  шешу  белгіленді.  Ұлттар  Лигасының  дербес  қарулы  күштері  болған  жоқ,  сондықтан  басқыншы  мемлекеттерге  қарсы  дипломатиялық  және  экономикалық  санкциялар  қолданатын  болды.  Лиганың  жоғарғы  органдары  -  Жиналыс  (Ассамблея)  пен  Кеңес  (Совет)  және  олардың  жанында  тұрақты  Хатшылық  болады.  Жиналыс  Лига  мүшелерінің  өкілдерінен  құралады.  Ол  белгіленген  уақытта  және  жағдайлар  талап  еткен  кез  келген  басқа  сәтте  Лиганың  тұрағында  немесе  белгіленуі  мүмкін  осындай  басқа  жерде  шақырылады.  Жиналыс  Лига  қызметі  шегіне  кіретін  немесе  баршаға  ортақ  бейбітшілікке  қатысты  барлық  мәселелерді  қарайды.  Лиганың  әрбір  мүшесінің  Жиналыстағы  өкілдер  саны  үштен  аспауы  керек,  ал  дауысы  біреу  ғана  болады. 

 Кеңес  Басты  Одақтас  және  Бірлескен  мемлекеттердің  өкілдерінен,  сонымен  қатар  Лиганың  басқа  төрт  мүшесінің  өкілдерінен  құралады.  Лиганың  осы  төрт  мүшесін  Жиналыс  өзі  қалаған  мерзімде  тағайындайды.  Лиганың  тұрағы  ретінде  Женева  белгленеді.  Кеңес  кез  келген  сәтте  оны  басқа  жерде  белгілей  алады.  Лига  Мүшелері  Лиганың  барлық  Мүшелерінің  территориясының  біртұтастығын  және  қалыптасқан  саяси  тәуелсіздігін  құрметтеуге  және  кез  келген  сыртқы  шабуылдан  қорғауға  міндеттенеді.  Барлық  мемлекеттер,  доминиондар,  немесе  отарлар,  егер  Жиналыстың  үштен  екісі  оларды  қабылдауды  қолдаса,  онда  Лигаға  Мүше  бола  алады,  өйткені  олар  халықаралық  міндеттемелерін  бұлжытпауға  шын  ниетпен  кепілдеме  береді  және  олардың  әскери,  теңіз  және  әуе  күштері  мен  қару-жарағына  қатысты  Лига  белгілеген  қағидаларды  қабылдайды.  Лиганың  кез-келген  Мүшесі  алдын  ала  екі  жыл  бұрын  ескерту  жасағаннан  кейін,  егер  бұл  кезде  өзінің  барлық  халықаралық  міндеттемелерін  орындаған  болса  онда  Лигадан  шыға  алады. 

Кеңеске  Халықаралық  Соттың  Тұрақты  Палатасының  жобасын  жасау  және  Лига  Мүшелерін  онымен  таныстыру  тапсырылады.  Лигаға  барлық  мемлекеттер  мүше  бола  алады. 

Антанта  елдерінің  Германия  мен  Осман  империясының  отарларын  бөлісіп  алу  ниетіне  орай,  Ұлттар  Лигасының  жарғысына  мандаттық  жүйені  бекіткен  бап  енгізілді.  Антанта  елдері  жаңа  отарларды  билеуге  белгілі  бір  мерзімге  Ұлттар  Лигасынан  мандат  алатын  болды.  Мандат  бойынша  бағындырылған  ел  дамудың  белгілі  бір  дәрежесіне  жеткен  кезде,  мандаттың  күші  жойылып,  оған  тәуелсіздік  беріледі.  Алайда  екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейін  мандаттың  күші  жойылып,  тәуелсіздік  алған  ел  болған  жоқ.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Еуропада  бірқатар  жаңа  мемлекеттер  пайда  болды.  Польша  тәуелсіздік  алды  және  оны  бұрынғы  кезеңдерде  үш  рет  бөліске  салғанда  айырылып  қалған  жерлерінің  біразын  қайтарып  алды.  Габсбургтер  империясының  ыдырауы  нәтижесінде  Чехия  мен  Словакия  тәуелсіздік  алып,  Чехословакия  республикасы  құрылды.  Оңтүстік  славян  жерлері  бірігіп,  1918  жылы  Серб,  хорват,  словен  корольдігін  құрды  (ол  1929  жылдан  бастап  Югославия  деп  аталды).  1917-1920  ж.ж.  Ресей  империясынан  бөлініп  шығып,  Финляндия,  Эстония,  Литва  және  Латвия  тәуелсіз  мемлекеттерге  айналды 

XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды. II.  Версаль-Вашингтон  жүйесі 

Информация о работе Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона