Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 00:16, курсовая работа
XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.
Кіріспе..............................................................................................................3
I. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы............................................................................5
1.2 Ұлттар лигасы.........................................................................................12
II. Версаль Вашингтон жүйесі
2.1 Версаль бітім шарты.............................................................................14
2.2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17
2.3 Вашингтон конференциясы...................................................................21
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................27
Кіріспе.......................
I. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы.................
1.2 Ұлттар лигасы........................
II. Версаль Вашингтон жүйесі
2.1 Версаль бітім шарты.........................
2.2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17
2.3 Вашингтон конференциясы.................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі........................
Тақырыптың өзектілігі
XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.
I Дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзгерістер болды және бұл өзгерістер КСРО құрамында болған Қазақстанға да әсерін тигізді. Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалы ел деп танылады. Біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі мен халықаралық бірігу үрдістерінің жұрт таныған жетекшісіне айналды. Мемлекетіміздің әлемдегі халықаралық конференциялардан алатын сабағы мол
Курстық жұмысының басты мақсаты - Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар мен соғыс мәселесін негізгі тақырыбына айналған халықаралық конференциялар мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру болмақ, яғни Париж конференциясына қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мақсаттары мен мүдделерін сипаттаудан және де Версаль Вашингтон жүйесінің маңызы мен мазмұнын сипаттаудан туындайды. Бұл үшін мынадай міндеттер алдыға қойдым:
Деректік негізі:
Осындай мақсат міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен қарастырылды. Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинадым.
Дерек көзі ретінде, негізінде бірнеше рет деректер қатарына «Хрестоматия по историй международных отношений», Табуи Женевьяның «Двадцать лет дипломатической борьбы» атты естеліктерді пайдаландыым. Онда автор соғысаралық жиырма жылдың Европа үшін қандай ауыр болғандығын айтады. Сонымен қатар деректер қатарына «Вопросы новой и новейшей истории Европы: сборник статей» жатқызамыз. Олардан сол жылдардағы жасалынған келісім шарттардың мәтіндерін көре аламыз. Ал зерттеулер қатарына, Ю.И. Рубинскийдің «Тревожные годы Франции. Борьба классов и партии от Версаля до Мюнхена`(1919-1939)», З.С. Белоусовтың «Америка и Европейская безопасность» атты монографиясы, Қ.А.Маласеевтің «Европейская политика в 1933-1939гг» атты еңбектерді айтуға болады. Осы зерттеулер қатарына «Новая и новейшая история» журналдан,1992жылғы басылымдарынан бірнеше мақалалар бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысты Алданов М. /17/, Прицкер Д.П. /18/, Бэккер Р.С. /19/ еңбектерінің орны ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерден Париж бейбіт конференциясында төрағалық жасаған Францияның премьер-министрі Клемансо, сонымен бірге Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж және Құрама Штаттар президенті Вильсонның әлемді бейбіт жолмен реттеуге байланысты саяси-дипломатиялық идеяларына анықтама жасалған.
Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонның ұсынысы бойынша Париж бейбіт конференциясының пленарлық мәжілісінде Ұлттар Лигасын құру туралы ұсынысы талқыланды. Әрине, бұл Еуропада өз үстемдігін орнатып отырған Франция мен Ұлыбританияның саясатына қайшы келуі әбден мүмкін еді. Өйткені лига "жарғысына" сәйкес олар өздеріне тиесілі территориялық және қаржылық операцияны іске алмауы да ғажап емес. Дегенмен, Ұлттар лигасын құру идеясы іске асып, оның "Жарғысы" да қабылданды, сонымен бірге Лига талабына сай бірінші рет мандаттық жүйе енгізілді. Осы мәселе жөнінде ғалымдар Вововозов В.В. /20/, Илюхина Р.М. /21/, Иванов Л.Н. /22/, Ходнев А.С. /23/ ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз ғылыми еңбектерінде барлық халықаралық мәселеге халықтар тағдыры мен мүдделерін ортақ қып отырған бұл халықаралық ұйымның құрылу тарихына үлкен мән берген.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде үлкен өзгерістер етек ала бастады. Бұл әсіресе Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылуына тікелей байланысты еді. Осы мәселе бойынша: Беляева В.И. /24/, Ванечек В. /25/, Ефимовский Е.А. /26/, Котяревский С.А. /27/, Писарев Ю.А. /28/, Шмераль Я.Б. /29/ сынды ғалымдар өз еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден соғыстан кейінгі словян, хорват, словак корольдықтарының бір мемлекет болып, яғни Югославия деп атау алғанын, сонымен бірге чехтар мен славяндардың бірігіп - Чехословакия деп аталуы Шығыс Еуропадағы Балқан мемлекеттері ішінде ұзақ жылдарға дейін халықаралық шиеленісті, даулы аймақ болып келгені көпшілікке аян. Авторлар еңбектерінен осы мәселенің алғашқы тарихи кезеңдерінен үлкен мағұлыматтар алуға болады. Айта кетсек, Еуропадағы бүл саяси картаның осылай өзгеруінің ақыры ұзаққа созылған үлкен даулы мәселеге айналды /30/. Сонымен ғасыр басында басталған ұлттық мәселе туралы тамаша еңбектер де бар /31 /.
І. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы
Париж конференциясы. 1918 жылдың 11 қарашасында жеңімпаз Антанта мемлекеттерінің талабымен Франциядағы Компьен орманында Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жыл үш айға созылған Бірінші дүниежүзілік соғыс Үштік Одақтың жеңілісімен аяқталды. Дүниежүзілік соғыс адамзат тағдырына орасан зор зардабын тигізіп, көл-көсір қайғы-қасірет әкелген оқиға болды. Соғыста 10 миллион адам қаза тапты, 20 миллион адам жараланды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты, азамат соғысы жүріп жатқан Ресей және жеңілген елдер қатысқан жоқ.
Жеңіске жеткен мемлекеттер яғни Англия, Франция және Америка Құрама Штаттары алдында өздеріне ыңғайлы және қолайлы етіп соғыстан кейінгі дүние жүзі құрылымын құру мәселесі тұрды. Бірақ басынан-ақ оның антидемократиялық бағыты байқалды. Конференциядағы басты мәселе:
- бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылау;
- Германиямен және оның одақтастарымен бітім жасау болды.
Негізгі мәселелерді талқылауда Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж, Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады. Конференцияға қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүддесі болды және де өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
- ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты
- дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. Англия мен Франция Үштік Одақ елдерінің отарларын бөлісіп алуды көздеді. Франция Германияны қатты әлсіретуді, оған соғыс шығындарын толық төлетуді, мүмкін болса, Германияны ұсақ мемлекеттерге бөлшектеп жіберуді мақсат тұтты. Англияның басты мақсаты- неміс флотын талқандау - соғыстың барысында-ақ орындалғандықтан, Англия Германияны бөлшектеуге қарсы болды. Францияға 1871 жылы Германия тартып алған Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды барлық ірі мемлекеттер дұрыс деп тапты. Италия Австро-Венгрияның, Жапония Германияның иеліктерінің бір бөлігін алудан үміттенді.
АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1917 жылы, соғыстың үшінші жылы, ғана кірісті. АҚШ-тың территориясы майданнан алыс болғандықтан, Еуропаның кейбір мемлекеттері сияқты қирамады. АҚШ-тың әскери шығыны да аз еді. Соғыста 50 мың адамы өліп, 230 мың адамы жараланған. Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық аренада Американың орнын өзгертті. АҚШ соғыс кезінде қолайлы жағдайда болды. Соғыс жылдарында соғысушы Еуропа елдерін қарумен, азық-түлікпен, шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Осындай қамтамасыз етумен айналысқан кәсіпорындар көп пайда көрді. 1914-1918 ж.ж. арасында АҚШ соғыс өнеркәсібінің таза пайдасы 33,5 млрд. долларға жетті. Жаңа алып қаржы салымдар Америка экономикасының өндіру мүмкіндігін арттырды. Өнеркәсіптің осылай дамуы АҚШ-тың әлемдік өнеркәсіп өнімінің басы болуға ықпал жасады. 1
Сонымен, 1919 ж. АҚШ дүние жүзінде :
-көмірдің 50% өндірді;
-болат пен шойынның 3/5-ін;
-мұнайдың 2/3-сін;
-автомобильдің 85% шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүние жүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шет елдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон : “Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет”- деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Соғыстың соңғы жылында Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларын негіздеген бағдарлама ұсынды. Конгресске тапсырылған бұл құжат Вильсонның “он төрт пункті” деп аталады. Мұнда соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарды реттеудің негізі ретінде құпия дипломатиядан бас тарту, сауда және теңізде жүзу еркіндігін, қаруларды қысқарту, езілген ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беру, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғайтын халықаралық ұйым құру ұсынылды; мемлекеттердің шекараларын белгілеуде тұрғындардың этникалық тегі мен тарихы ескерілсін деген ой айтылды. Вильсонның ойлары әділетті және демократиялық бітім жасауды көздейтіндерге неғұрлым ыңғайлы еді. Алайда Ресейдің Антанта елдерімен соғыс алдында және соғыс барысында жасаған құпия келісімдерінің жариялануы АҚШ саясаткерлерінің ашу ызасын туғызды. Конгресс мүшелері Вильсонның идеяларын қолдаудан бас тартты. Олар Антанта елдерінің арасында жер бөлісу, соғыстан пайда табу мақсаттары бейнеленген құпия келісімдер жасалғанын білмегені үшін Вильсонды кінәләді. АҚШ президенті В.Вильсонның “14 пункттен” тұратын бағдарламасының мазмұны төмендегідей болды:
-Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
-Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;
-Барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық “ашық есік” және “ашық қол” принципін сақтау;
-отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
-қару-жарақтықысқарту;
-Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;
-дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
“14 пункттен” тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспансиялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Бірақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.2
Негізгі мемлекеттердің жаңа монополистік кезеңіне кооперативтік капитализмге кіруі, ұйымның структурасына үлкен өзгерістер енгізді. Тәуелсіз бәсекелестік капитализмінің терең кризисы байқалды. Оның түбегейлі реформалану керектігі байқалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс бұл жағдайды одан әрі өршелендіре түсірді. Бұл жағдай өткен онжылдықта саясат және әлеуметтегі маңызды құқықтардың біразына қол жеткізген қалың жұртшылықты қозғалысқа әкелді. Қалың жұртшылықтың қалауының өсуі, негізгі қоғамның түбегейлі демократиялық реформалануы көптеген қозғалыс қаупін төндірді. Сонымен қатар, жұмысшылар қозғалысының арасында әлеуметтік альтернативтік капитализмнің шығу идеясы пайда болды. Ресейдегі Қазан революциясы және Германия, Венгрия және басқа батыс еуропа елдеріндегі революция толқулары, сол кездегі әлеуметтік тәртіпке үлкен қауіп төндірді. Колония мен тәуелді елдерде күшті ұлт-азаттық қозғалыстар пайда болды.
Алдын-ала көріп білетін және реалисттік ойшыл-саясаткер-президент Вильсон капитализмге қауіпті идеялар мен қозғалыстарға жаңа және әділетті дүние жүзілік тәртіптің демократиялық лозунгтарын қарсы қою керектігін жақсы түсінді. Бұл демократиялық лозунгтар бейбітшілік пен демократия және “Ұлтық Лига” халықтарының теңдігі принциптерінде қаланды. Президент Вильсон өз сөзінде: “Біз Ұлттық Лига көмегімен ірі капиталға қарсы көтерілістерге құмар дүние жүзін емдейміз”-деген.
Информация о работе Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона