Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 00:16, курсовая работа

Краткое описание

XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы............................................................................5
1.2 Ұлттар лигасы.........................................................................................12
II. Версаль Вашингтон жүйесі
2.1 Версаль бітім шарты.............................................................................14
2.2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17
2.3 Вашингтон конференциясы...................................................................21
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАНИЯР.doc

— 189.50 Кб (Скачать документ)

Версаль  бейбіт  келісім  бойынша  Германия  Данциг  (Гданьск)  қаласынан  бас  тартты,  Данциг  Ұлттар  Лигасы  қорғауындағы  еркін  қала  болып  жарияланып,  Польшаның  кедендік  шекарасына  қосыдды.  Польшаға  Данцигтің  сыртқы  істерін  жүргізу  мен  оның  шетелдегі  азаматтарының  мүддесін  қорғау  құқығы  берілді.

Германия  мен  Дания  арасында  жаңа  шекара  қалыптасты.  Прус  сияның  Даниядан  1864  соғыс  нәтижесінде  тартып  алған  аумақтардың  тағдыры,  плебисцит  арқылы  шешілуге  тиіс  болды.  Германия  Гельголанд  пен  Дюне  аралдарындағы  барлық  бекіністерін  бұзуга  міндеттенді.

Германия  "1914ж  дейін  бұрышты  Ресей  империясы  құрамына  кірген  барлық  аумақтардың  тәуелсіздігін  танып",  сонымен  қатар  1918  Брест  -  Литовск  (Брест)  бейбіт  келісімінің  және  Совет  үкіметімен  жасасқан  барлық  келісімдердің  жойылатынын  мойындады. Одақтас  жене  біріккен  державалар  бұрынғы  Ресей  империясы  аумағында  құрылган  және  құрылатын  мемлекеттермен  жасасқан  келісім-шарттар  мен  келісімдерді  тануға  міндеттенді.5

Германия  барлық  отарларынан  бас  тартты;  Қытайда  бұрынғы  герман-қытай  келісімдері  нәтижесінде  қолы  жеткен  басымдылықтарынан  және  артықшылықтарынан,  сонымен  қатар  Қытайдагы  германдық  концессиялар  аумағындағы  өз  мүлкінен  бас  тартты.Ұлыбритания  пайдасына  --  Кантондағы  (қазіргі  Гуанчжоу)  оған  жататын  британ  концессиясы  аумағындағы  өз  мүліктерінен,Жапония  пайдасына  --  Цзяочжоу  аумағындағы  темір  жолдардан,  1898  герман-қытай  келісім-шартының  негізінде  Германия  иеленген  кендерден  және  су  асты  кабельдерінен,  сонымен  қатар  Циндаодан-Цзинаньфуға  дейінгі  темір  жолдардан  толығымен  бас  тартты.

Германия  Сиамдағы  қандай  да  болмасын  Германдық  империя  иеліктерінен  және  консулдық  юрисдикция  құқығынан;  бас  тартты;  соғысқа  дейін  Либериямен  жасасқан  барлық  келісімдер  мен  шарттардың  күшінің  жойылғанын  мойындады;  7.IV  1906  Алхесирасс  конференциясы  (қ.  1906  Алхе-сирасс  конференциясын)  және  9.ІІ  1909  және  4.ХІ  1911  франк-герман  келісімдерінен  шығатын  қүқықтар  мен  артықшылықтардан  және  капитуляциялық  режимнен  айырылғандығын  мойындап,  Мароккодағы  француз,  Египеттегі  ағылшын  протекторатын  танығандығын  білдірді.Әскери  мәселелерге  байланысты  Версаль  бейбіт  келісімінде  Германияның  толық  қарусыздануы  барлық  елдердің  қарулы  күштерін  қысқартудың  бастамасы  болатыны  айтылды. 

Кейінірек  Германия  одақтастардың  бұл  уәдені  орындамауын  сылтау  етіп,  Версаль  бейбіт  келісімінің  әскери  шешімдерін  орындаудан  бас  тартты.Германияның  құрльіқтағы  әскері  100  мың  адамға  қысқарып,тек  қана  елдің  ішкі  төртібін  сақтауға  ғана  арналды.Осы  әскерде  офицерлер  саны  4  мыңнан  аспайтын  болды.Бас  штаб  таратылды,  оның  қайта  құрылуына  тыйым  салынды.Әскерде  қолданылатын  қарудың  саны  және  турлері  қатаң  белгіленді.Жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілігі  жойылып,  әскерге  өз  еркінімен  келгендер  ғана  алынды.  Елде  қандай  да  болмасын  мобилизациялық  шаралар  жүргізуге  тьйым  салынды.

Германия  шекараларындағы  көптеген  бекіністер  мен  қорғандар  жойылуға  тиіс  болды.  Әскер  қарулы  күіштерін  белгіленген  калибрден  артық  артиллериямен  және  танкілермен  қаруландыруға  жол  берілмеді.  Германияның  әскери-теңіз  флоты  ағылшын  шығанағы  Скапа-Флоуда  бейтарапталды  (интернацияға  ұшырады).  Гермаиіяға  6  бронямен  қапталған  үлкен  соғыс  кемесін,  6  жеңіл  крейсер,  12  контрминоностар  және  12  мина  тасығыш  кемелерден  тұратын  флот  құруға  рұқсат  етілді,  осы  кемелер  үшін  тоннаж  ережесі  (кеменің  тонна  есебімен  caлмағы  не  көлемі)  белгіленді.  Суасты  кемелерін  салуға  немесе  сатып  алуға  тиым  салынды.  Герман  әскери  күштерінің  кұрамына  әскери  және  теңіз  авиациясы  кіргізілмеді.  Германдық  соғыс  тұтқындары  туралы  және  герман  солдаттарын,  офицерлерін  жерлеу  туралы  мәселе  қарастырылды.  Версаль  бейбіт  келісімінде  Вильгельм  П-ні  арнайы  сотпен  соттау  және  соғьіс  заңдары  мен  әдеттеріне  қарсы  іс-әрекеттерді  жүзеге  асырған  тұлғаларды  сот  қуғынына  ұшырату  туралы  бұйрық  болды.

Германия  мен  оның  одақтастарына  соғыс  өртін  тұтындырушы  ретінде  кінә  тағылды.  Версаль  бейбіт  келісім  бойынша  одақтасаралық  репарация  комитеті  құрылды.  Версаль  Бейбіт  келісімінің  өзінде  герман  репарацияларының  көлемі  көрсетілмеді,  оны  одақтастар  кейін  белгілеуге  тиіс  болды.  Германиянын„соғыс  науқанында  Туркиядан,  Австро-Венгриядан  (қарыздарды  қамтамасыз  ету  үшін),  Ресейден  (1918  Бресттік  бейбіт  келісім  күшімен),  Румыниядан  тартып  алынған  алтын  және  басқа  да  бағалы  заттарды  одақтастарға  табыс  ету  міндеті  қарастырылды.

Экономикалық  қатынастар  толығымен  реттелді.  Германияға  одақтас  елдерден  келетін  заттарға  қандай  да  болмасын  тыйым  немесе  шектеу  салуға,  одақтас  және  біріккен  державалардың  саудасы  мен  кеме  қатынасына  (балық  аулау  мен  каботаж)  ең  қолайлы  жагдай  қағидасын  орнату  міндегтелді.  Германия  соғыс  кезінде  Австро-Венгриямен,  "Болгариямен,  Түркиямен,  сонымен  қатар  Румыниямен  жөне  Ресеймен  жасаған  экономикалық  сипаттағы  барлық  келісімдер  мен  шарттарды  жоюға  тиіс  болды.Версаль  бейбіт  келісімі  транспорт  мәселесін  реттеді.  "Одақтас  және  біріккен  державалардың  әye  транспорттық  кұралдары  (әуе  кемелері),  Германия  аумағы  мен  ішкі  суларда  емін-еркін  ішу  мүмкіндігі"  орнатылды.  Бүдан  басқа  Германия  аэродромдары  одақтастардың  "әуе  кемелері"  үін  ашық  болды.  Ол  одақтастар  заттарына,  кемелеріне,  вагондарына,  азааттарына  геман  аумағы  арқылы  транзит  »  бостандығын  беруге  міндентенді.  Оларға  герман  азамат-тары,  әуе  кемелері  және  теңіз  кемелері  пайдаланатын  режим  берілді.  Версаль  бейбіт  келісімі:  Влтава  қүйылысы-нан  бастап  Эльбаныжөнс  Прагадан  бастап  Влтаваны,  Опта  қүйылысынан  бастап  Одерді,  Гроднодан  бастап  Неманды  және  Ульмадан  бастап  Дунайды  халықаралық,  яғни  шет  ел  кемелері  үшін  ашық  өзендер  деп  жариялады.  Киль  каналы  "Германиямен  бейбіт  қатынас  ұстаушы  әскери  және  барлық  ұлттардың  сауда  кемелері  үшін"  еркін  және  ашық  деп  жарияланды.

Германия  тарапынан  келісімнің  орындалу  кепілдіктері  орнатылды.  Версаль  бейбіт  келісімі  күшіне  енген  күннен  бастап  Рейіннің  батысында  (сол  жағалау)  орналасқан  Герман  аумақтары,  15  жылдық  мерзімге  одақтық  және  біріккен  державалардың  әскерлерімен  басып  алынатын  болды.

Версаль  бейбіт  келісімі  бойынша  Германия  балтиялық  про-нинциялардан  және  Литвадан  әскерлерді  қайтарып  алуға  тиісті  болды.  Келісім-шарт  Германияны,  "Германия  жағында  соғысқан  державалармен  одақтық  және  Біріккен  державалар  арасында  жасалатын  барлық  бейбіт  келісім-шарттардың  және  қосымша  конвенциялардың  толық  күшін  мойындауға"  міндеттеді,  сонымен  қатар  "бұрынғы  Австро-Венгрия  монархиясының,  Болгар  королъдігінің  және  Оттаман  империясының  аумақтарына  катысты  қабылданатын  қаулылармен  келісу  және  мемлекеттерге  тиісті  белгіленген  шекараларда  жаңа  мемлекеттерді  мой-ындауды"  міндеттеді.

Версаль  бейбіт  келісім  бөліктерінің  бірі  халықаралық  еңбек  мәселелерін  реттеуге  және  Халықаралық  еңбек  бюросының  құрылуына  арналды.

Версаль  бейбіт  келісім-шарты  өзінен  кейінгі  жасалган  1919  Сеи-Жермен,  1919  Нейи,  1920  Трианон  1920  Севр  бейбіт  квлісім-шарттарымен  бірге  әйгілі  версальдық  деген  атаумен  халықаралық  қатынастар  жүйесін  құрады.

Екінші  дуниежүзілік  соғыстың  қарсаңында  Версаль  бейбіт  келісім-шартының  негізгі  қаулыларының  көпшілігі  бұзылды.

2.3  Вашингтон  конференциясы

ХХ  ғасырдың  20  жылдарында  Америка  Құрама  Штаттары  Версаль  бітімінің  қайта  қаралуын  талап  ете  бастады.  Ақш-тың  ойы  Париж  конференциясында  сыртқы  саясаттың  жеңіліс  табуы,  жаңадан  Батыс  Еуропа  елдерін  өзінің  билеу  саясатын  жүзеге  асыруға  көндіру  болды.  Париж  бітім  конференциясында  Қиыр  Шығыс  пен  Тынық  мұхит  ауданындағы  халықаралық  қатынастар  мәселесі  қарастырылған  жоқ.  Версаль  бітімі  бойынша  бұрын  Германияның  ықпал  аймағы  болған  Қытайдың  Шаньдун  түбегі  Жапонияға  берілген  еді.  Бұл  Қытай  халқының  ашу-ызасын  туғызып,  4-мамыр  қозғалысына  себеп  болды.  Қытай  Версаль  бітіміне  қол  қоюдан  бас  тартты.  Сондықтан  Қытай  мәселесін  талқылау  және  ірі  мемлекеттердің  әскери-теңіз  қарулы  күштерінің  арасалмағын  белгілеу  үшін  1921  ж.  11  қарашада  бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  аяқталуының  үш  жылдығына  орай  Вашингтонда  конференция  шақырылды.  Конференция  жұмысына  9  ел  -  АҚШ,  Англия,  Франция,  Жапония,  Италия,  Бельгия,  Голландия,  Португалия  және  Қытай  қатысты.  Осы  оқиғаға  байланысты  В.И.Ленин:  “Америка  Батыс  Европаны  ал  содан  соң  бүкіл  дүниежүзін  жаулап  алуға  талпынуда”,  -  деген  пікір  айтты.  1922  жылдың  6  ақпанда  аяқталған  конференция  барысында  бірқатар  келісімшарттарға  қол  қойылды. 

Конференцияны  ашуда  сөз  сөйлеген  АҚШ  президенті  Гардинг  салтанатты  түрде:  “Біз  дүниежүзінде  бейбітшілік  пен  тұрақтылықты  орнату  үшін  бас  қосып  отырмыз” -  деді.  Америка  Құрама  Штаттарының  конференциядағы  ұсыныстары  мен  мақсаты  қандай  болды?

Біріншіден,  Қытайдағы  Жапонияның  ықпалын  әлсірету;  екіншіден,  Англияның  әлемдік  мұхиттар  мен  теңіздердегі  үстемдігін  әлсірету;  үшіншіден,  Тынық  мұхит  аралдарында  мандаттық  статус-кво  құқықтарының  сақталуын  бақылау.  Вашингтон  конференциясының  барысында  АҚШ  өзінің  дүние  жүзіндегі  қаржылық  үстемдігін  пайдаланып,  өзінің  негізгі  қарсыластарын  көндірді  де,  дүниежүзілік  билеу  саясатын  жүргізуге  жол  ашты.  АҚШ-тың  “ашық  есік”  саясаты  1899  ж.  жарияланған  болатын,  ол  Вашингтон  конференциясында  1922  ж.  жүзеге  асты.  Бұл  саясаттың  негізгі  мақсаты  -  Қытайдағы  Жапонияның  ықпалын  әлсірету  еді.  Сөйтіп,  “тоғыздық  келісім”  барысында  Жапония  Қытай  экономикасына  салып  отырған  заем  және  несиеден,  сондай-ақ  Маньчжуриядағы  салып  жатқан  темір  жол  құрылысынан  бас  тартты.  Қытайдағы  кеңесшілерін  кейін  шақырып  алды.  Жапония  ірі  мемлекеттердің  талабын  орындап,  Шаньдун  түбегін  Қытайға  қайтарды.  Сөйтіп,  Жапония  Қытайдағы  беделінен  айырылды.  Тоғыз  мемлекет  қол  қойған  келісімде  Қытайдың  мемлекеттік  егемендігі  мен  тәуелсіздігін,  жерінің  біртұтастығын  құрметтеу  қағидасы  екі  жүзділікпен  жарияланып,  “ашық  есік”  және  “тепе-тең  қатынас”  принципі  ұсынылды.  Келісім  бойынша,  Қытай  жерінде  сауда  және  экономикалық  байланыстар  жасауда  барлық  мемлекеттерге  тең  мүмкіншілік  берілді,  Қытай  жерін  ықпал  аймақтарына  бөлісуге  тыйым  салынды. 

Конференцияда  “бес  ел  келісіміне”  қол  қойылды.  Соғыс-теңіз  қару-жарақтарын  қысқарту  туралы  мәселе  бойынша  сөз  сөйлеген  АҚШ-тың  мемлекеттік  хатшысы  Чарльз  Эванс  Хьюз  мынадай  ұсыныстар  жасады:  жоғары  тоннаждағы  линкор  соғыс  кемелерін  жасауды  тоқтата  тұру;  ескі  соғыс  кемелерін  жою;  ұлы  держава  елдері  арасындағы  соғыс-теңіз  кемелерінің  арақатынасын  реттеу.  АҚШ-тың  негізгі  ойы  жаңадан  соғыс-теңіз  кемелерін  жасап,  Англияның  әлемдік  сулардағы  үстемдігін  әлсірету  болатын.  Конференциядағы  “бес  ел  келісіміне”  сәйкес  елдер  35  мың  тонналық  кеме  жасаудан  бас  тартты.  Бұл  келісімге  -  АҚШ,  Англия,  Жапония,  Франция  және  Италия  қол  қойды.  Кеме  жасаудағы  үлес  салмағы  АҚШ  -  5,  Англия  -  5,  Жапония  -  3,  Франция  -  1,75,  Италия  -  1,75  болып  пропорциялық  түрде  белгіленді.  575  мың  т.  линкор  жасау  -  АҚШ  және  Англия  үлесіне,  315  мың  т.  линкор  жасау  Жапонияға  және  175  мың  тоннадан  Франция  мен  Италияның  үлесіне  тиді.  Бұл  халықаралық  қатынастар  тарихындағы  алғаш  рет  жанталаса  қарулануға  шек  қойған  келісімшарт  еді.  Келісім  бойынша  АҚШ  пен  Англияның  флоты  теңестірілді,  осылайша  Англия  әлемдік  мұхиттағы  ең  күші  басым  мемлекет  рөлінен  айырылды.  1902  ж.  жасалған  ағылшын-жапон  одағы  ыдырады,  оның  орнына  АҚШ,  Англия,  Франция  және  Жапонияның  Тынық  мұхиттағы  иеліктерін  бірлесіп  қорғау  туралы  келісім  жасалды. 

АҚШ,  Ұлыбритания,  Қытай,  Жапония,  Франция,  Италия,  Голландия,  Бельгия  және  Португалия  өкілдерінің  конференциясы.12.XI  1921  --  6.II  1922  дейінгі  аралықта  өтті  және  теңіз  қаруларын  шектеуге,  тынық  мұхиттық  және  қиыр  шығыстық  мәселелерге  арналды.  Вашингтон  конференциясында  британ  доминиондары  атынан  делегаттар  және  Индия  делегаттары  қатысты.  1914--18  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  Қиыр  Шығыста  дүние  бөлісуді  аяқтау  мақсатында,АҚШ  ынтасы  бойынша  шақырылды.  Вашингтон  конференциясының  негізгі  құжаттары:

1)  Төрт  державаның  келісім-шарты  (АҚШ,Үлыбритания,Франция  және  Жапония)  Тынық  мүхиты  аумағында  аралдық  иеліктердің  және  аралдық  аумақтардың  "қүқығын"  ортактасып  қорғау  туралы  13.XII1921  кол  қойылған.  Қиыр  Шығыстағы  және  тынық  мүхит  аралдарында  түратын  халықтардың  үлт-азаттық  қозғалысына  қарсы  бағытталған  отаршыл  державалардың  күшін  біріктіретін  күрес  максатын  көздеді.  Шарттың  жасалуымен,  сол  кезде  АҚШ-қа  қарсы  бағытталган  1902-21  агылшын-жапондық  одак,  күшін  жойды. 

2)  Тоғыз  державаның  келісім-шарты  (АҚШ,  Ұлыбритания,  Франция,  Жапония,  Италия,  Бельгия,  Голландия,  Португалия  жене  Қытай)  6.II  1922  қол  қойылды.  Қытайдың  егемендігін  қүрметтеу  қағидасын,  территориальдық  және  әкімшілік  дербестігін  формальды  түрде  жариялады,сауда  және  өнеркәсіп  үшін  "Қытай  аумағындагы  барлық  үлттардың  тең  мүмкіндік"  қағидасын  ұстау  міндеттілігі  мазмүндалды.

Шын  мәнінде,  империалистік  державалардың  ортақтасып  Қытайды  тонау  туралы  келісім  болып  табылды.  Шарт  жасалу  уақытымен  бір  мезгілде,  1922ж.қытайлық  кеден  тарифі  туралы  трактатқа  қол  қойылды,  бұл  Қытайдың  кеден  қүқық  теңсіздігін  бекітті.

Жапон  делегациясы  өзінің  Қытайдағы  "арнайы  мүдделерінен"  бас  тартпай,  Оңтүстік  Маньчжуриядан  жапон  әскерін  шығару  туралы  Қытайдың  талабын  қабыл  алмады.  Вашингтон  конгресінде  Англия  арендаға  алган  Вайхайвэй  қытайлық  аумақтан  бас  тартатыны  туралы  мәлімдеді,  бірақ  Қытайға  Цзюлунды  қайтаруга  келісім  бермеді.

3)  Бес  державаның  келісім-шарты  (АҚШ,Ұлыбритания,  Жапония,  Франция  және  Италия)  ең  алдымен  АҚШ  үшін  пайдалы  теңіз  күштерінің  ара  қатысы  және  теңіздік  қарулануды  шектеу  туралы  6.II  1922  қол  қойылды.

Келісім-шарт  АҚШ,Ұлыбритания,  Жапония,  Франция  және  Италия  үшін  линиядағы  флоттың  (5:5:3:1,75:1,75)  шекті  тоннажынның,  линкор  мен  авианосецтің  жалпы  тоннажының,кемелердің  максималды  су  ығыстырғыштық  нормаларының  жөне  артиллерияның  ақырғы  калибрінің  белгілі  арақатынасын  белгіледі.

Информация о работе Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона