Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 00:16, курсовая работа
XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды.
Кіріспе..............................................................................................................3
I. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
1.1 Париж конференциясы............................................................................5
1.2 Ұлттар лигасы.........................................................................................12
II. Версаль Вашингтон жүйесі
2.1 Версаль бітім шарты.............................................................................14
2.2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17
2.3 Вашингтон конференциясы...................................................................21
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................27
2.1 Версаль бітім шарты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
әлемді қайта реттеу мақсатында жүргізілген
Версаль-Вашингтон жүйесінің
Сонымен, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу проблемасы бойынша жеңген елдердің басшылары: Францияның премьер-министрі Ж.Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсон тарихта Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен танымал болған халықаралық бейбіт конференция ұйымдастыру жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл соғыстан кейінгі ұлы державалар арасындағы дипломатиялық «шайқас» болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе Франция үшін жеңілген Германия, Австро-Венгрия, Түркия сияқты империялардың территориясын бөлшектеп, отарларын иемдену болса, Ұлыбритания үшін Еуропада өзінің бұрынғыдай алып держава орнынан айырылмау болды, ал АҚШ үкіметі бұл Париж конференциясында Ұлттар лигасын құру және қарусыздану мәселесін ұсынумен болды.
Сөйтіп, соғыс аяқталысымен 1918 жылы 11 қараша айында Компьен орманында Францияның сыртқы істер министрі Фош Германиямен бейбіт келіссөз жүргізу мәселесі бойынша құжатқа қол қойды. Сонымен герман мәселесін талқылау үшін бейбіт конференция 1919 жылы 18 қаңтар күні Парижде осыдан 48 жыл бұрын Германия империясының құрылғанына куә болған Версаль сарайының Айналы залында ашылды. Жиналыстың ашылу барысына сөз алған президент Пуанкаре өз сөзінде соғыстың кінәлілері мен жаңа соғысқа жол бермеу мәселесін айтып өтті. Париж конференциясына 27 мемлекеттен делегаттар келді, сонымен бірге 5 мемлекет - АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония державалары конференцияда «бестіктер кеңесін» құрып, оған Франция төрағалық жасады. Бұл Версаль-Вашингтон конференциясының тарихта алатын орны ерекше, мұнда соғыс өртін бастап, адамзат өміріне үлкен қайғы-қасірет алып келген «Үштік одақ» державалары мәселесі бойынша арнайы келіссөздер жүргізді. Осы Париж конференциясында төрағалық құрып отырған Франция қаралар мәселенің көп жағын «немістерден өш алу» жағына бұра берді, ал соғыста жеңілген германия үшін бұлай «арттан соққы алулары» өте ауыр қасірет болды. Әрине, мұның да өзіндік ерекшелігі бар еді, яғни сонау Франкфурттан кейінгі француздардың немістерге деген өшпенділігі орынды да еді. Сонымен бірге бұл конференцияда АҚШ президенті В.Вильсон барлық халықтардың халықаралық тағдырлары мен мүдделерін бірінші орынға қоятын Ұлттар лигасын құрып «Жарғысын» қабылдау, мандаттық жүйе енгізу сияқты мәселелерді алға тартты. Мұндай ұсынысты бастапқы кезде Франция мен Ұлыбритания өкілдері қабылдаудан бас тартты. Өйткені барлық халықтардың мүдделері мен тағдырларын бірінші орынға қоятын «жарғы» талаптары еуропалық ұлы державалардың басты тізгін етіп ұстап отырған территориялық және қаржылық саясаттарынан оп-оңай айырылып қалғылары келмеді.
Сонымен, 1919 жылы Париж конференциясында көп жағынан оқшаулана берген АҚШ мемлекеті енді (1921 аяғы -1922 басы) Вашингтонда өздері бейбіт конференция ашты. Бұл конференцияда ең басты қаралған мәселе соғыстан кейінгі қарусыздану проблемасы болды.
Соғыстан кейінгі әлемді
қайта реттеу мәселесі бойынша жүргізілген Версаль-
1914-18 бірінші дүниежузіяік согысты аяқтады; 28.VI бір жағынан басты одақтас державалар ретінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, сонымен қатар Бельгия, Боливия, Бразилия, Куба, Эквадор, Греция, Гватемала, Гаити, Хиджаз, Гондурас, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Польша, Португалия, Румыния, сербтер, хорваттар және словендер Корольдігі, Сиам, Чехословакия, Уругвай, екінші жағынан капитуляцияланған Германия арасында жасалды. Оған ізашар (жол салушы) Компьеи уақытша бітімі (11.XI 1918) болды.
Конференция барысындағы ұзақ айтыстардан кейін сәуір айында Германиямен жасалатын бітімнің мәтіні дайын болды. Германияның өкілдерін шақырып, құжатпен таныстырды, бітім мәтініне ешқандай өзгерістер мен түзетулер енгізуге рұқсат берілмеді. 1919 ж. 28 маусымында Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Антанта елдері мен Германия арасындағы бітім шартына қол қойылды. Бұл құжат Версаль бітім шарты деп аталды.
Қытай өзінің кейбір аумақтарының тағдырымен байланысты баптармен келіспеушілік ретінде келісімге қол қоюдан бас тартты. Эквадор мен Хиджаз Версаль бейбіт келісіміне қол қойғанымен оны ратификацияламады. Версаль бейбіт келісім-шартының күрамдас бөлігі болған Ұлттар лигасына мүше болғысы келмегендіктен АҚШ Сенаты да бұл келісімді ратификацияламады. Оның орнына Ұлттар Лигасы туралы баптарды қатыстырмайтын Версаль бейбіт келісіміне ұқсас 1921 Американ-германдық келісімі жасалынды.
Германия 1839 жылғы бельгиялык бейтараптылықты орнататын келісімдерді ауыстыру мақсатында, басты одақтас және Бельгия немесе Нидерланд үкіметтерімен біріккен державалардың жасаған келісімдерін тануга, оны бұзбауга міндеттенді. Германия Бельгияға Эйпен және Мальмеди аймақтарының берілуін, сонымен қатар Морененың бейтарапты және пруссиялық бөліктері деп аталатын аумақтарды мойындады.
Люксембург 1.1 1919 бастап Герман кеден одағынан шықты,ал Германия оның толық тәуелсіздігін мойындады. Германия Рейн аймағының демилитаризациясын (карусыздануын) жүргізуге міндеттенді. Оған Рейннің сол жак, және оң жақ жағалауында, өзеннен 50 км шығысына,қарай өтетін сызықтың батысында әскери құрылыстар жүргізуге, сонымен қатар осыған сәйкес әскери бөлімдер ұстауға тыйым салынды.
Версаль бітімі 440 баптан тұрады, оларды 3 мәселе бойынша топтауға болады :
1. Германияның жер мәселесі қаралды, шекаралары белгіленіп, отарлары мен иеліктерінен айырылды. Германияның жері 1/8-ге қысқарды, ал халқының саны 1/12-ге азайды.
1870-1871 жылғы Франция-Прусия соғысында Германияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар көмір кендерін Франция пайдаланатын болды, ал Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының билігінде болады, одан кейінгі тағдырын жергілікті халық плебисцит арқылы өзі шешеді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі қайтарылды. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Силезияның бір бөлігі Чехословакияға берілді. Германия Мемельден (Клайпеда) бас тартты (бұл жер 1923 ж. Литваға берілді). Данциг (Гданьск) қаласы “ерікті қала” ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Германия 1914 жылдың 1 тамызына дейін Ресей құрамында болған жерлердің тәуелсіздігін мойындауға тиісті. Соған орай ол 1918 ж. жасалған Брест бітімінен бас тартады. Версаль бітім шарты Бельгияның бейтараптылығын және Люксембургтің Германиямен кедендік одақтан шығып, толық тәуелсіздікке ие болғанын бекітті. Германия барлық отарларынан бас тартады.
2. Германияға бірқатар әскери шектеуліктер қойылды. Ол ерікті жалдау негізінде жасақталатын 100 мыңдық әскер ұстайды; жалпыға бірдей әскери міндеткерлік жойылады; сүңгуір кемелер, әскери және теңіз-әуе күштерін ұстауға тыйым салынады; Рейн өзенінің оң жақ жағалауында әскер бөлімдерін орналастыруға тыйым салынады, ал Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтеді.
3. Германия соғыс шығындарын төлейтін болды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 ж. мамыр айында аталмыш комиссияның шешімімен Германия 132 млрд. алтын марка төлейтін болып келісті. Репарациялық төлемнің 52 пайызы - Францияға, 22 пайызы - Англияға, 10 пайызы - Италияға, қалған бөлігі Антантаның құрамындағы ұсақ елдерге беріледі.
Версаль бітім шартында Германияның отарлары туралы мәселе қаралып, бұрынғы герман колониялары таратылып берілді. Африкадағы германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бір бөлігі Англияға берілді. Намибия - Британияның доминионы Оңтүстік Африка Одағына өтті. Тогоның шығыс бөлігі, Камерунның көп бөлігі Францияға берілді. Руанди, Бурунди территориясы Бельгияның қарамағына өтті. Германияның Тынық Мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өтті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берілді. Германияның әскери-теңіз базасы болған Қытайдағы - Кяо-Чао мен Шаньдун түбегі де Жапонияға берілді.
2.2. Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері
Версаль шарты Сен-Жермен, Нейи, Трианон және Севр келісімдерімен бірге біртұтас Версаль бітім жүйесін құрайды.
1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келісімге қол қойылды бұл келісім Австро-Венгрия империясының ыдырауын ресми түрде бекітті. 84 мың квадрат жері, 6,7 млн. Халқы бар Австрия Республикасы құрылды. Париж конференциясында Антанта елдері тәуелсіздік алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) мемлекеттерін мойындады. Жер өзгерістерін бекітті. Адриат теңізінің жағалауындағы Триест қаласы Истрия түбегімен және де Альпі тауының етегіндегі Оңтүстік Тироль Италияға берілді. Галиция мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиісті болды. Сөйтіп, Австро-Венгрияның барлық әскери флоты мен дунай флотилиясы жеңімпаз елдердің қол астына өтті. Австрияның қарулы күштері шектелді. Келісім бойынша болашақта Австрияның Германияға қосылуына тыйым салынды.
1919 жылы қарашаның 27-сі күні Болгариямен жеңген елдер арасында Нейя келісімі болды. Нейи келісім шарты бойынша соғыстан бұрын Румыниядан тартып алынған Оңтүстік Добруджуды қайтарылды. Болгарияның батысындағы біршама жер Югославияға берілді. Батыс Фракия Грецияға беріліп, енді Болгария Эгей теңізіне шыға алмайтын болды. 2566 квадрат км. жер Югославия (СХС) корольдігіне қайтарылды. Нейи бітімі Болгарияның әскерінің мөлшерін шектеді, ол төлеуге тиісті репарацияларды белгіледі, сөйтіп Болгария 2,5 млрд. франк репарация төлейтін болды.
1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келісімі жасалды. Бұл келісім бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Словакия мен оңтүстік славян жерлері Венгрия құрамынан шықты. Румынияға Трансильвания мен Баната берілді. Хорватия - Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы - Чехословакияға берілді.
1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрік мемлекетімен келісімге қол қойылды. Түрік Республикасының жері Кіші Азия бөлігі мен Стамбул қаласы және Босфор бұғазымен шектелді. Измир қаласы Грецияға өтті. Шығыс Араб елдеріндегі Палестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берілді. Батыс Армения жері түріктердің мандаттық билігінде қалды. Күрдістан - түріктерге берілді. Босфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды. Севр келісімі 1919-1920 жылдар аралығында болған келісімдердің ішіндегі ең бір соңына дейін орындалмай қалған келісім болды. Өйткені бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркияның ұлы державалардың қол астында отаршылдыққа ұшырауына қарсы болған түрік халқының ұлт-азаттық қозғалысы болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Версаль және басқа бітімдер жүйесі халықаралық қатынастағы жаңа саясат - империалисттік елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелді. Версаль келісімінің барысында АҚШ үкіметінің саясаты жеңіліс тапты, АҚШ өзінің дүниежүзін билеу саясатын жүзеге асыра алмады.
Солтүстік Францияда көмір кендерін күйзелткендігі үшін компенсация ретінде Германия 15 жылға Ұлттар Лигасы комиссиясының басқаруына өтетін Саар көмірбассейн кендерін Францияға беретін болды. Осы мерзім өтісімен бұл аймақтың болашағын плебисцит шешуі тиіс болды. 1871 Франкфурт бейбіт келісім-шартына және 26.11.1871 Версальда қол қойылған уақытша бітім күшіне сай Германияға өткен Эльзас-Лотарингия обл. 11.XI 1918 уақытша бітім жасасқан күннен бастап француз егемендігіне кайтарылды.
Германия Австрияның тәуелсіздігін, осы мемлекеттермен мен басты одақтастар және біріккен державалар арасында келісілген шеңберде құрметтеуге міндетті болды.Басты одақтас және біріккен державалар Германия тарапынан танылған Чехословакия тәуелсіздігі арасында пекаралар орнатты. Бұл 3.VIII 1914 болған Австро-Венгрия мен Германия империясы арасындағы ескі шекара сызығы бойынша жүргізілді.
Германия Польшаның толық дербестігін танып, оған Жоғарғы Силезияның бір бөлігін беруге міндеттенді; оның қалған бөлігі және Шығыс Пруссияның кейбір округтерінің мәселесі халықтың дауыс беруі арқылы шешілуге тиіс болды. Германияның шығыс шекарасы белгіленді (Польша-ның батыс шекарасы).
Германия басты одақтас және біріккен державалар пайдасына Мемель аумағына байланысты барлық өз қүқық арасынан бас тартты. Версаль бейбіт келісімі Мемельді Германиядан бөлді, бірақ оның қай мемлекетке жататыны туралы белгілемеді. (1923 ж. Мемель Литваға берілді).
Информация о работе Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона