Курс лекций по "Истории"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:32, курс лекций

Краткое описание

Работа содержит курс лекций по "Истории" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ИГПЗС каз.doc

— 327.00 Кб (Скачать документ)

1789 жылы 26 тамызда Құрылтай  жиналысында революцияның маңызды  құжаты - Адам және азаматтардың  құқығы Декларациясы қабылданды. Бұл құжат революция бағдарламасын құрғандай, халықты жұбату мен «ағалық тұтастықты» сақтауға әрекет етті. 

Декларация авторлары  бірінші кезекте энциклопедистер  еңбегіне негізделе отырып жасады. 1776 жылғы Американдықтардың Тәуелсіздік  Декларациясын, 1776 жылғы Виргиндік декларация құқығын, сонымен қоса, отандық мемлекеттік-құқықтық тарих құжатын, Француз Бас штат декларциясын, Париж парламентінің ремонстрациясын  нақты құжат үлгісі сипатында танып, қолданды. Декларация жалпы ұлттық манифест рухын, адамдардың бостандық қағидасын қалыптастырды: «Адамдар өмірге келген сәттен бастап, ерікті және тең құқықты болып танылады» (1 бап). Декларацияның демократиялық мемлекеттік-құқықтық құрылыс қағидасының ішінде ерекше рөлді «адамның табиғи және айырылмайтын құқығы», «халық егеменділігі» және «билік бөлінісі» қағидалары жүзеге асырады.

Декларация қабылдағаннан  кейін, төрт айдан соң, 1789 жылдың желтоқсан  айында Құрылтай жиналысында сайлаушылар  үшін ценз және басқа да мүліктерді енгізу туралы декрет қабылдады. Осы  декретке сәйкес, барлық азаматтар активті және пассивті болып бөлінді. Сайлау құқығына тек активті азаматтар ие болды. Активті (белсенді) азамат болу үшін келесідей талаптар болу керек:1). ұлтының француз болуы; 2). 25 жасқа толу керек; 3). тұрғылықты жерде кемінде бір жыл тұру керек; 4). үш күндік жәрдем ақы көлемінде тікелей салық төлеу керек; 5). қайыршылық жағдайда болмауы керек;

1791 жылы Құрылтай жиналысы  мүліктік ценз көлемін бірнеше  есеге төмендетті. 6000 адамнан көп  қала тұрғындарына әрбір 200 күн  үшін жалдамалы еңбектің орташа ақысын тең көлемде есептей отыра, узуфрукт  көлемі мен меншік кірісін шектеді.

1791 жылғы Конституция. Құрылтай жиналысы Декларацияны құрастырумен бір уақытта конституцияны дайындап, өңдеуге кірісті. Жиналыста конституцияның негізгі қағидалары , жоғарғы заң шығару билігі корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесі органдарының мәртебесін талқылап, бекітті.  Ұлттық жиналыстың құзыретіне келесідей мәселелер жатады:

әскери іс бойынша - жыл  сайын қарулы күштердің саны, құрамы жөніндегі қаулыларды қабылдау, ақша көлемін анықтау және соғыс жариялау;

қаржы шеңберінде - жыл  сайынғы бюджетті бекіту, құрастыру, салықты бекіту, мемлекет құрылғысына  кеткен шығындарды есептеу;

әкімшілік басқару саласында - мемлекеттік лауазымдарды тағайындау;

әділет шеңберінде - мемлекет қауіпсіздігіне қарсы келіссөз жүргізген сезіктілерді, қылмыстық қудалау қозғалған тұлғаларды, Жоғарғы сот министрлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту;

сыртқы қатынас шеңберінде - шетел мемлекеттерімен шарттарды ратификациялау. Атқару билігі корольге жүктелді. Король- ішкі қатынастар және сыртқы басқару басшыларын, жоғарғы шенеуніктерді, команда құрамының бөліктерін тағайындап, қарулы күштерді басқарды. Корольдің атқару билігі шектелді. Ол Жиналыс қабылдаған заң  шегінде ғана әрекет ете алады. Министлер корольмен тағайындалды, бірақ өз ведомствасы бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін Ұлттық жиналыстың бекітуімен сотқа жіберіледі. Сот билігі белгілі мерзімге бекітілген соттарға жүктелді. Қылмыстық істі қарастыру үшін присяжный соты құрылды. Мемлекетке қауіп төнетін және аса ауыр қылмыстарды   қарастыру үшін, министрлердің құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында Жоғарғы сотты құруды көздеді. 1791 жылдың күз айында конституциялық институттарды қалыптастыру негізі аяқталды. 

 

Таќырып 7. Америка  Құрама Штатының мемлекет және құқығы.

ХYІІІ ғасырдағы  АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс. ХҮІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды.

Отар мемлекеттердің басқарылуы  біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары»  басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.     

1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.

1775 жылы мамыр айында  Екінші континентальды конгресс  мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас қолбасшысы ретінде Дж. Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д. Адамстың, Т. Джефферсонның, А. Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық  құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы. 

1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы. 1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді. Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған. Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған танымалы прогрессивті құжат.

1781 жылғы Конфедерацияның  құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда заң шығару үрдісін ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген, алғашқы конституциялық құжат «Конфедерация бабтары» қабылдауға әсер етті. Штаттар «мәңгі одақ»-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды.

1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша  үкімет органдарының жүйесі. 1787 жылы  Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды. 


Информация о работе Курс лекций по "Истории"