Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:32, курс лекций
Работа содержит курс лекций по "Истории" на казахском языке.
Бұл кезде шіркеу соттары қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.) істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты.
ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық тергеу және айыптау органы – прокуратура құрылды.
Абсолюттік монархия кезеңі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.ғ.). ХҮІ ғасырда Францияда капиталистік өндірістің бірінші сатысы болып табылатын – манфактура дамыды. Мемлекетте ақша – тауарлық қатынастың жедел дамуы жалпы ұлттық нарықты қалыптастыруына ықпалын тигізді.
Капитализмнің дамысы қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Жаңа әлеуметтік класс – буржуйлар, сонымен қоса жалданбалы жұмысшылар тобы пайда болды.
Әлеуметтік-экономикалық
құрылыс өзгерісі француз қоғамын
мемлекеттік трансформацияға
Францияда мемлекеттік бюрократиялық аппарат құрылды, оның ерекшеліктеріне тоқталсақ:
· Үкімет монархқа пайда түсіреді деген ниетпен біршама лауазымдарды сатты. Осының нәтижесінде елде көптеген шенеуніктер пайда болды. Оларды қызметінен босату мүмкіндігі аз, және олар өздерін тәуелсіз тұлғалар ретінде сезінді.
· ХҮІ ғасырдағы саяси дағдарыс нәтижесінде, соның ішінде діни соғыстар кезінде өз жағына тарту мақсатында мемлекеттік аппараттағы маңызды постыларды (губернатор, бальи, прево және т.б.) біліктілердің өкілдеріне беруге тура келді. Бұл лауазымдар соңына келе, салт-дәстүр бойынша кейбір аристократиялық отбасыларының жалпы мақтанышы болып қалды.
Демек, сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде қалыптасқан мемлекеттік аппарат алғашқы мазмұндық сипатына сай келмеді.
Орта ғасырдағы Франция құқығы. ҮІ –ІХ ғасырларда француз қоғамында әрекеттенген «варварлық құқығы» қуаттылығын толығымен жояды. Қоғамды реттеуші нормалар жергілікті әлеуметтік топ мойындаған, таныған әдет-ғұрып құқық (кутюм) нормалары. Провенция территориясында қолданыста жүрген жалпы кутюммен бірге әр аудандардың, қаланың, поселктердің және қаланың кейбір бөлігінің жеке әдет-ғұрып құқықтары болған.
Франциядағы юридикалық нормалардың өрнектелуі мен қалыпқа түсуіне қарай екі бөлікке бөлген. Францияның шығыс бөлігі жазылған құқық елі деп аталса, солтүстік бөлігін әдет-ғұрып құқық елі деп атаған. Демек шығыс провенциялары Рим империя құрамында болды. Сондықтан бұл аумақтағы халықтар үшін рим құқығы ұлкен әсерін тигізген. Бірақ та жергілікті кутюмдер де қосымша құқық қайнар көзі болып табылады.
Францияның солтүстік өңірінде жалпыға ортақ юридикалық ескерткіш қабылданбауы әдет-ғұрып құқығының өмірін ұзартады.
ХҮ ғасырда ғана алғашқы кутюм жинақтары шыға бастаған. Елдің шығыс бөлігінде: «Титулсыз сеньор жоқ» деген қанатты сөз қолданылса, солтүстігінде «Сеньорсыз жер жоқ» деген формула өмір сүрген.
Әрекет етуші феодалдық
құқық азаматтық
Неке – отбасылық қатынас канон құқығымен реттелді. Шіркеу қызметкерлері мен клириктердің қылмысын шіркеу соты қарастырған. Сонымен қатар ерес, діннен безу, сиқырлық, магия, некесіз бірге тұру және т.б. қылмыстар шіркеу сотында қаралған.
Франция тарихында қылмыс түсінігі, сотта дау қарастыру процедурасы тұрақты өзгеріп отырған. ХІҮ ғасырдың басына дейін құдай (ар, ордалии) соты, жекпе-жек соты өмір сүрген. Шаруалар таяқпен, рыцарлар қылыш немесе айыр балтамен күрескен.
Шіркеу тәртібі бойынша, ордалииді құрғақ нан мен ірімшікті жегізу арқылы жүргізетін. Айыпты немесе кінәлі адам қақалып өліп кетеді деп санаған.
ХҮІІІ ғасырда жазылған атақты легист Ф. Бомануардың «Бовези кутюмдері» атты шығармасында тұнғыш рет француз қоғамы таныған, қылмыстар мен жазалар тізімі берілген.
Бұл шығармада ауыр қылмыстар қатарына кісі өлтіру, опасыздық, жалған куә болу, зорлау, әйел адам жасаған ұрлық, өрт жіберу, ұрлық, жалған монета жасау және діннен безу жатқызылған. Олар үшін дарға асу, өртеп жіберу жазасы қолданылған.
Англосаксондық
қоғамда феодалдық
ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд", кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.
Қоғамдық құрылыс. Қоғам 2 топқа: "эрлдар" мен "кэрлдарға" бөлінген. Эрлдар тобын ақсүйектер құраған. Оларда ірі жер үлестері болған. Эрлдардың жерінде тәуелді адамдар жұмыс істеген. Көпшілік кэрлдардың қатарында болған. Кэрл - жер иеленуші. Ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол соғыс және бейбітшілік, салық тқлеу, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.
Мемлекеттік құрылыс /ерте - феодалдық монархия кезеңі/. Герман тайпалары Британияны жаулап алған соң, тайпалардың басқару органдары мемлекеттік органдарға айналады. Бұл кезеңдегі басқару органдары: 1/ король - бейбітшілікті қорғау міндті болған, әскери және діни функцияларды жүзеге асырған, сот, ақша жасау және салық жинау құқығын өз қолына шоғырландырған.
2/ Корол сарайы - орталық
мемлекеттік басқару органы
Король сарбаздары мен қызметшілері мемлекеттік қызметшілер мен феодалдарға айналады.
Король қаражатының қайнар көздері: 1/ жерден алынған өнім; 2/ "фирма" салығы; 3/ дат ақшасы; 4/ кеден салығы; 5/ нарық салығы; 6/ таразы салығы.
Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген.
Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған.
Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.
Өкілетті-сословиелік монархия /ХІІІ-ХҮ ғғ/. ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу.
Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер.
1539 ж. король мен
парламент актілерінің теңдігі
жарияланады. Бірақ, 1547 жылы Парламент
қабылдаған заң король қол
қойған соң ғана заңдық күшке
ие болады деген ереже
Ағылшын құқығына сипаттама. Ағылшын құқығының қайнар көздері - әдет-ғұрыптар болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының жазбаша қайнар көздері мыналар: Эттльберттің шындығы /600 жыл/; Инэнің шындығы /690 жыл/; Альфредтің шындығы /871-901 жж/; Кнут заңы /1017 жыл/.
І Вильгельмнің тұсында әдет-ғұрып нормалары 1 жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деп атала бастады. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге англосакстардың әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Жеке меншік құқында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескелігі. Міндеттемелердің 2 түрі болды: шарттан туындайтын және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.
Қылмыстардың жіктелуі: мемлекетке опасыздық, ауыр қылмыстар /фелония/ және уақ қылмыстар /миедиминор/.
Некелік қарым-қатынастарды шіркеу бекітетін. Бірақ, жұбайлардың мүліктік қатынастарын жалпы құқық бекітетін.
Процессуалдық құқықта 2 жақта тең болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болып, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде өтетін.
Сот процесінің мынадай
кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз
жөн: алдымен қылмыс туралы білетін
адамның тарапынан айыптау
Қылмыстық соттар. Қылмыстық істер графтіктерде қаралатын. Жылына 3 рет көшпелі сот келіп, ант берушілердің көмегімен қылмсытық істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын. Қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынастардың 2 жағында король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды.
Азаматтық сот. Бұл сот жеке адамдардың арасындағы таластарды қарайды. Бұл істерді алдын-ала тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір-бірімен келісіп, бейбіт әдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді.
Германияда
ерте феодалдық мемлекеттің
Х-ХІІ ғасырлардағы біршама орталықтану кезеңінен кейін ХІІІ ғасырда феодалдық батыраңқылық кезеңі басталады. Бұған өз себептері бар еді. Германия территориясындағы феодализмнің қалыптасуы көрші Францияға қарағанда баяу және біркелкі емес жүрді. Мемлекеттің толық бірігуіне герцогтіктер халқының этникалық айырмашылықтар және олардың күресі бөгет болды. Германияның орталықсыздануына сыртқысаяси факторлар да өз әсерін тигізді. Феодалдық Германияның сыртқы агрессиясының 2 негізгі бағыты - Италия және славяндық Шығыс бағыттары - Германия герцогтіктерінің, күшпен қосылған славян жерлерінің және Солтүстік Италияның 1 империяға бірігуіне әкеліп соқты. Бұл империя "Герман ұлтының қасиетті Рим империясы" деген атпен белгілі.