Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:32, курс лекций
Работа содержит курс лекций по "Истории" на казахском языке.
Орыс Правдасында "челядин" деп толық құқығы жоқ, басшысының қол астындағы құлдар.
Ал қала тұрғындары екі негізгі топқа бөлінеді: төменгі дәрежедегі қала тұрғындары және қала аристократтары.
Орыс Правдасында басқару жүйесінің даму процесін анықтап, айыппұл көлемін белгілеген.
Мұрагерлік құқық жеке
меншіктің нәтижесінде
Таќырып 5. Орта
ғасырдағы Шығыс
Қазіргі кездегі мемлекеттер
арасында өзінің ерекшелігімен көзге
түсіп отырған Азия құрылығынд
Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.
Мұсылман құқының қайнар
көздері – Құран, Сүнне және хадистер.
Сүнне – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед
пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның
істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың
сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс- туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі негізгі дін қағидалары комплексі шариат деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат
ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап тура жол ұстаумен тығыз байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар мен мұсылмандардың өзара қатынасы және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген
нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған жағдайлары байлан
Мұсылман сот ісі алғашқы халифтер
кезінде жүзеге аса бастады. Шариат нормалары
бойынша сот ісін жүргізуі чиновники кады не
Мұсылмандар басып алған жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф деп атады және осындай жердің бәрінен арнайы салық хараджалынды.
1. Жизия-
2. Ұшыр-
3. Зекет-жағдайы нашар мұсылмандар үшін жиналатын салық. Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен, алтын мен күмістен тауардан алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа.
Таќырып 6. Буржуазиялық Еуропа мемлекетті.(XVII-XIXғғ)
Буржуазиялық Ұлыбритания мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып, Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық саяси тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.
Революцияға дейінгі Ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай, болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Пуританизм-революция идеологиясы. ХҮІІ ғасырда ағылшын қоғамы әлеуметтік-класстық және саяси мақсатын идеологиялық ресмилендіруі Ағылшын революциясының маңызды ерекшелігі болып табылады. Пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы революция күшін мобилизациялау үрдісіндегі идеологиялық қызметті орындайтын батыл (боевой) теориясының рөлін атқарады. Пуританизм діни ағым ретінде революцияға дейінгі кезеңде өмір сүрді, бірақ ХҮІІ ғасырдың 20-30 жылдары абсолюттік оппазицияға қарсы идеологияның тұғырын қалады. Осы қозғалыстардың маңызды жағдайы, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуін, шіркеуге ауысу қажеттілігін тиісті деп санайды.
Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады. Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600-1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды; король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды.
Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды. Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.
Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:
1. конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);
2. бірінші азаматтық соғыс (1642-1646);
3. төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649);
4. индепенденттік республика (1649-1653).
Индепенденттік республика.1649
жылы король өлімінен кейін парламент
Ағылшын республикасын
Кромвель протектораты. Кромве
Франция револциясының басталуы. Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді.
1789 жылдың мамыр айында Бас штаттың ашылды. Билік топтары бұрынгыдай үкіметтің көпшілік дауысын сақтап қалу үшін дауыс берудің ескі тәртібін қолдануды талап етті, демек әрбір сословие бір дауысқа ие болады. Бұнымен «үшінші сословие» өкілдері келіспеді. Сословиялық жекелеген мәжілістер арасында емес біріккен отырыста көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылдаған жөн деді. Тек осы жағдайда ғана «үшінші сословие» депутаттары өздерінің қалаған жетістіктеріне жете алады, яғни қалай да жалпы артықшылықтары бар сословие депутатары саны жалпы депутаттар санына пара-пар келеді деп есептеген. Сонымен қоса кейбір артықшылығы бар депутаттардың қолдауына сенген еді, бірақ бұл сенімдері ақталмады. Үкімет бұндай жағдайдан бас тартқаннан кейін, депуттаттардың дауыс беру жаңа ережесін қабылдайды. 1789 жылдың маусым айында «үшінші сословие» өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялайды. Бір ай өте бере француз халқының атынан өздерін - Құрылтай жиналысы деп хабарлап, бұрынғы заңдардың қуаттылығын жойып және жаңа заңдар қабылдайтын құқыққа ие болғандарын жариялады.
Конституциялық монархия. Парижде басталған революция барлық елді қамтыды. Көтерілісті бастаушылар король шенеуліктерін биліктен қуды, ендігі жерде шаруалар феодалға бағынудан және олардың міндеттерін орындаудан бас тартты. Солдаттар халықты аудан бас тартты. Үшінші сословие басшылары (ірі буржуазия), Құрылтай жиналысында ерекше жағдайға ие бола отырып, саяси билікті басқару үшін халық қозғалысын пайдаланды.
Жаңа жергілікті өзін-өзі басқару органы – муниципалитет құрылады. Бір уақытта буржуазия өзінің қарулы күштерін құруға кірісті. Әрбір ұлттық гвардеецтің бағалы қаруы,құрал-жабдықтары, шарттары,өзінің есеп шоты болуы керек. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғысқа қатысқан- маркиз М.Ж. Лафайет Ұлттық гвардия басшысы болып тағайындалды. Нәтижесінде мемлекет либераль дворяндар мен бай буржуа мүддесін жақтаушы саяси топ өкілдерінің қолына өтті. Оның басшылары ретінде- маркиз Лафайет, аббат Сиейес, атақты астроном Байи, ағартушы-социоллг А. Барнов, А.Ламет және граф Мирабо ескі құрылысты толық жоюға ұмтылмады. Олардың идеалы ретінде конституциялық монархия танылды, сондықтан да олар өздерін конституционалистерміз деп атады. Құрылтай жиналысында «феодализмнен бас тарту» заңы1789 жыпы тамыз айында салтанатты түрде жарыққа шықты. Бірақ бұл заңда ең бастысы шаруалардың талаптары қанағаттандырылмаған. Бұл заңда феодалдардың жеке құқықтары (серваж, «өлі қол» құқығы, аң аулау құқықтары) салыстырмалы түрде алынып тасталды. Ал қалғандары: жерге құқығы, нақты төлемдер, сеньорға тиесілі, шаруалардың жер учаскісін ұстап қалу сияқты құқықтары сол қалпында сақталынып қалды.