Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 07:32, курс лекций
Работа содержит курс лекций по "Истории" на казахском языке.
Германияның орталықтандырылуына
мемлекетпен шіркеудің
Германия территориалдық батыраңқылық және княздік абсолютизм жолымен дамыды. ХІІІ ғасырдан бастап княздіктер император билігімен формальды түрде байланысқан ұсақ мемлекеттерге айнала бастады.
Герман феодалдық мемлекетінің тарихы 2 кезеңге бөлінеді:
1. Германиядағы ертефеодалдық,
біршама орталықтандырылған
2. Территориалдық батыраңқылық кезеңі /ХІІІ-ХҮІІІ ғғ/
ХІІІ-ХІҮ ғғ. жеке княздіктердің қалыптасуын, ірі князь-курфюсттардың олигархиясының орнатылуынан кейін Германия ХІХ ғ. басына дейін тұтас мемлекет болмады және сословиелік өкілдік монархияның элементтері бар сеньориалды монархия нысанын сақтап қалды. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Германия княздіктерінде сословиелік-өкілдік, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда абсолюттік монархиялар орнатылады. 1806 ж. "Қасиетті Рим империясы" Наполеон шапқыншылығының нәтижесінде өмір сүруін тоқтатады.
Қоғамдық құрылыс. Х-ХІ ғғ. герман феодализмі аяқталмағандықпен сипатталады. Ұсақ ерікті жер иеленушілер массасы сақталып қалады. Ерікті шаруаларды тұрақты ауыл қауымы марка біріктірген. Иерархиялық лендік жүйе және феодалдық иммунитеттер әлі де толық анық сипатқа ие болмайды.
ХІ-ХІІ ғғ. Германияда
негізгі тап-сословиелер
Феодалдар табы ру тайпалық және қызметшілік аристократиядан қалыптасты. Рулық аристократияға герцогтер жататын. 2-ші топты әкімшілік округтердегі маңызды азаматтық және діни лауазымдарды иеленген графтар құрайтын. Ірі жер иеленушілерге сот функцияларын атқарған король шенеуніктері - фогттар да айналады. Осы күштер ХІ-ХІІ ғғ. үлкен одаққа бірігіп, орталықтандыру процессіне кедергі жасайды. Ірі феодалдар территориялық княздер сословиесіне бірігеді. Осы сословиеге шіркеу князьдері де кіреді. Князьдер сословиесі толығымен ХІІІ ғ. ортасына қарай қалыптасады.
Рыцарьлар тобы ұсақ дворяндардан және ауқатты шаруалардан қалыптасты. І Генрихтің әскери реформасы бойынша бұл сословиеге кез-келген ат үстінде соғыса алатын еріктілер қабылданатын болды. Рыцарлар қатарына көбінесе министериалдар король мен феодалдардың қатарынан шыққандар болатын.
Феодалдар 7 рангқа бөлінген. Рангқа министериалдардың арасынан шыққан рыцарьлар да енгзілді және осы топ "шеффен сословиесі" деп аталды.
ХІІІ ғ. қарай шаруалар 2 категориядан тұратын еді: ерікті және еріксіз шаруалар. Ерікті шаруаларды чиншевиктер мен арендаторлар құрайтын. Олардың феодалдарға тәуелділігі шектеулі болды. Шаруалардың көпшілігі еріксіз болды және бұл категорияны литтар, батрақтар мен жеке тәуелділіктегі басыбайлылар құрады.
Мемлекеттік құрылыс. Х-ХІІ ғғ. Германия біршама біріккен мемлекет болды. Феодализнің баяу дамуы, сыртқы қауіп және алғашқы герман корольдерінің белсенді орталықтандыру саясаты король билігінің күшеюіне және ертефеодалдық монархияның қалыптасуына оң әсерін тигізді.
Король сайланатын болғанымен, таққа олар белгілеген, король тұқымынан шыққан адамдар ғана отыра алатын. І Оттоның билік құрған кезінде /936-973 жж/ мемлекет шіркеудің көмегімен герцогтердің билігін шектейді. Бірақ, Отто реформаларының шіркеу магнаттарының тәуелсіздігінің күшеюі түріндегі теріс нәтижесі болды. Оттон 962 ж. Римді басып алып, император титулын алады. Рим папаларын енді герман императорлары тағайындайтын болды. ХІ ғ. соңын рим палалары императорлардың билігіне қарсы шыға бастады. ХІІ ғ. орталық билік папствомен күрестің және феодализнің одан әрі дамуының нәтижесінде әлсірейді.
Х-ХІІ ғғ. орталық аппарат биліктің сарайлық вотчиналық жүйесінің белгілерін сақтап қалды. Сарайдың жоғарғы сановниктері канцлер мен маршал болды. Осы лауазымдар кейіннен мұраға берілетін болды және оларды ірі феодалдар: саксония герцогы, майнц, трир архиепископтары және тағы да басқалар иеленді. ХІ ғ. бастап ірі феодалдар король кеңесі - гофтагқа қатысатын болды. Олар осы кеңесте императормен бірге маңызды істерді шешетін.
Жергілікті әкімшілік бірлік - округ /графтік/ деп аталды. Бұрыңғы король шенеуніктері мұрагерлікпен лендерді иеленетін ірі жер иеленушілерге айналады. Олар өздерінің билік аппаратын құрады. Осы лен иеленушілердің жерлері орталық биліктің араласуынан артықшылықтармен және иммунитеттермен қорғалатын.
Орталық және жергілікті аппараттың әрекет етуіне императорлар ХІІ ғ. бастап шектеулі түрде ғана араласа алатын.
Италияны басқару үшін ерекше аппарат құрылды. Оны Германияның жоғарғы діни қызметкерлер мен князьдердің арасынан тағайындалатын канцлер басқаратын. Одан басқа әкімшілік және әскери өкілеттіктері бар император жаршылары, император мүлігін пфальцграфтар басқарады және қала префектері канцлерге қызмет ететін.
2. ХІІ ғ. бастап Германия
феодалдық батыраңқылық
Төменгі дворяндар - рыцарьлар өз маңызынан айырылады және кедейленеді. Шіркеу қызметкерлері 2 топқа: жоғарғы /епископтар, аббаттар/ және төменгі /қала және ауыл дін иелері/ болып бөлінеді. Жоғарғы топ курфюрстар сословиесіне енді.
Германия қалалары 3 топқа жіктелді. Бірінші топтағы империялық қалалар императордың вассалдары болды. Король билігі әлсіреген сайын олардың құқықтары да көбейіп отырды. Ерікті қалалардың құқықтары империялық қалалардікімен: бірдей болды, бірақ олар салықтардан және әскер беру міндетінен босатылған еді. Князьдік қалалардың өзін-өзі билеуі шектеулі болды және құқықтары аз болды.
Қала халқы да 3 топқа жіктелді. Барлық қала лауазымдары патрициаттың қолында болды. Оған оппозицияда 2 топ: бюргерлер және қалалық плебей тұрды.
Тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың негізгі бөлігінің жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. ХІҮ ғ. Германияда шаруалардың құқықтық жағдайы әртүрлі 3 аудан: Саксония, Оңтүстік-батыс аудан, Шығыс өңір қалыптасады.
Сословиелік топтар өзара
тынымсыз күрес жүргізді және ұқсас
топтардың бірігуіне
Мемлекеттік құрылыс. ХІІІ ғ. бастап Германияда саяси билік пен басқарудың жекелеген орталықтары қалыптаса бастады.
Орталық аппарат іс жүзінде курфюстардың қолында болды. ХІІІ ғ. король билігі князьдердің үстінен бақылаудан толық айырылады. Штауфен әулеті императорларының сепаратизмді шектеуге бағытталған шаралары нәтиже бермейді. Король князьдерге қатысты "тең князьдердің арасындағы бірінші" болды.
1356 ж. император Карл ІҮ "Алтын булланы" қабылдайды. Осы заңға сәйкес Германияны басқару 7 курфюрсттың қолында шоғырланды. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германияда 2 империялық орган - рейхстаг пен империялық сот қызмет етті. Рейхстаг жалпыимпериялық сословиелік-өкілдік орган болды. Рейхстагтың құрамында 3 коллегия: курфюрсттар коллегиясы, князьдер, графтар және еркін иелер коллегиясы, империялық қалалар өкілдерінің коллегиясы. Рейхстагта ұсақ дворяндар, бюргерлер /империялық емес қалалардың/ болған жоқ. Рейхстагтың өкілеттіктері толық реттелмеген еді.
1495 жылы Вормс рейхстагтағы
империялық жоғарғы сотты
Герман феодалдық құқыққа жалпы сипаттама. Германдық құқық ортақ жүйеге келтірілмеген еді. Территориялық партикуляризм құқықтың сословиелік бөлінуімен /лендік, земстволық, қалалық және т.б./ толықтырылып отырды.
Германиядағы феодалдық құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет-ғұрыптық құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген.
Шығыс славяндардағы мемлекеттіліктің қалыптасуы. Б.э.д. екінші мыңжылдықта Шығыс Европаның солтүстік бөлігімен Днепр және Одеро аралығында славяндар өмір сүрді. Алғашқы славяндар біздің эрамызға дейін өмір сүрген антикалық авторлардың жазбаша естеліктің құрылу шарттарымен міндетті.
Жазба деректерінде славяндарды "веннеды" деп атаған. Б.э..д. І ғасырда біртұтас, тұрақты, көп санды этникалық массивтер, венедалар Шығыс және Орталық Европа және шығысында Днепр, батысында, Одера аралығында орналасқан. Славяндардың шаруашылығының дамуы тұтқындар арасындағы байланыспен бекітілді.
І мыңжылдықтың екінші жартысында славяндар ұланғайыр территорияны алып жатты. Шығыс, батыс, онтүстік славяндар пайда болды.
Шығыс славяндар Шығыс Европа бөлігін алып жатты. ҮІІ-ҮІІІ ғ., Шығыс славяндардың экономикалық даму дәрежесі толық қалыптасты. Жер өндіру және мал шаруашылығымен қатар, өндірістік еңбек өсті. Шығыс славяндардың қоғамдық құрылымының маңызды бөлігі - ауыл /аумақтық/ қоғамы болды. Жеке шаруашылық одақтары /жанұя бірігумен/ қалыптасты, аумақтық қоғаммен бірге жерге алқалы меншік әрекет ете бастады. Шығыс славяндары 14 одақтан құрылды.
Демократиялық ұйымын - халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі басқарады. Халық жиналысы әскери жиналысқа ауысты. Мемлекеттік органда өзін-өзі басқару органының қалыптасу процесің өсе түсті. Әскери демократия бірте-бірте әскери иерархиялық басқару жүйесіне көше бастады. Дружина әскери күшке айналып, қарсы топтармен қайшылықтарды шешу, қорғау, жаулап алу т.б.қызметтерді жүзеге асырды. Шығыс славян мемлекеттерінде өзін-өзі басқару органын қалыптастыру процесі басқалармен салыстырғанда жылдам қалыптасты.
ҮІІІ ғасырда Орта Приднепров жерінде көшпенділер арасындағы күрестің нәтижесінде бірнеше одақтар пайда болған Бұл одақтар одақтардың одағы "Русь" деген атпен астанасы Киев мемлекеттілігін құрады. Псковтық, Смолендік, Полоцкілік одақтар бірігіп бірлестік құрды. ІХ ғ. дипломатиялық және әскери белсенділігі күшейе түсті. Шығыс славяндармен екі мемлекет пайда болды: Киев және Новгород. Шығыс славяндардың саяси консолидациялық процесіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: территориялық, этникалық, мәдениеттік, экономикалық, жалпы жауларымен күрес жүргізу үшін күшті біріктіру т.б. Киев Русінде феодал қатынастары тең негізде дамымаған. Экономикалық нысанының бірі ретінде жерге меншікті жүзеге асырумен сипатталады.
Киев Русінде феодалдармен бірге ерікті крестьян-қоғамдары, ерікті қала тұрғындары, феодалға тәуелді тұрғындар және құлдар деп бөлінді. Феодал билігінің әкімшілік және шаруашылық орталығы феодалдар алаңы болды.
Киев Русі негізінен ауыл және қала тұрғындарынан тұрды. Ежелгі орыс мемлекет үшін негізгі әскери құрамнан тұрды:
- ұлы князь құрамасы және жергілікті князь құрамасы
- халық әскері
- жолданбалы /жасақ/ әскер
Әскерлер жасақтарға, полктерге, мыңдықтарға, жүздіктер, оңдықтарға бөлінді. Діни топ өкілеттігін мемлекет басшысы Ұлы Киев князы басқарды, діни реформасы өте маңызға ие болды.
Ежелгі орыс құқығы. ХІ-ХІІ ғ. Орыс правдасының кеңейтілген редакциясы қоғамдық құрылым даму кезеңі, бояр тиундары, бояр қатарлары, топтары, бояр мұрагерлері туралы айтылады. Феодалды жер иелену ұлы князь және жер иеленуші қауымдастықтар есебі көбейе түсті. Киев Русінде феодалдық жер иелену заңымен реттелінді. Орыс Правдасы феодалдық өзара келіспеушіліктерді бұзғандығы үшін 12 гривен көлемінде айыппұл төледі. Орыс Правдасы феодалдық құқықтық ескерткішінде ерекше артықшылықтар бекітілген. Князь ерлерін өлтірген үшін 80 гривен өлшемінде айыппұл төлейді, қарапайым адам өлтіргені үшін осы көлемнің жартысын төлейді. Феодализмнің дамуы феодал-княздар, бояр және шіркеудің жерге меншік құқығы иеленуіне әкелді. Қоғамның топтарға бөлінуі сословиялы құрылымның қалыптасу процесіне әкелді.
Қысқаша Орыс Правдасы редакциясында "адамдар" ұғымына қала және ауыл тұрғындарына кеңінен атап көрсеткен. Орыс Правдасы ХІІ ғ. "Закуп" жарлығы жарық көрді. Закуп - өз шаруашылық қызметі бойынша басшысына қарыз немесе міндетті адамдардың құқықтық жағдайы туралы анықтайды.
Изгой - өзінің бұрынғы жағдайынан айырылу. Изгойлар ерікті және тәуелді деп бөлінеді. Х-ХІІ тұтқын-құлдарды "илядь" деп атады, олар толық құқықсыз болды. Басқа себептермен құл атанған адамдар "холоп" деді.