Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс XIII – XIVғғ. пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезмге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет – Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенмен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.
Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық ең ірі мемлекеттерінің бірі болатын. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім онымен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар Алтын Ордамен достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан.

Содержание

Кіріспе
I. Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті.
1.1 Алтын Орда.
1.2. Алтын Орда мәдениеті.
II. Бөлім. Алтын Орданың саяси тарихы.
2.1.Алтын Орда хандары.
2.2. Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орда.
2.3. Алтын Орданың ыдырауы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аси курстык жумыс.docx

— 63.12 Кб (Скачать документ)

Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласы болатын. Көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.

Мемлекет халқы этникалық жағынан біркелкі боған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ және тағы басқа тайпалар мекендеген. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болды. Өйткені, олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

Алтын Орда саясаты көптеген қалалардың дамуына қолайлы жағдайлар туғызып, ерекше қала мәдениетін қалыптастырды. Мемлкетте көптеген жылдар бойы өмір сүрген қарым – қатынас жүйесі қалыптасты.

Сонымен қатар, мемлекетте түрлі діни конфессиялар бір – бірімен тату өмір сүрді. Ол мемлекетте, басқа Еуропалық мемлекеттердегідей провославты христиан, будда діндеріне жүктелетін арнайы салықтардың болмауына байланысты болды.

Әрине, XIII – XVI ғасырларда қазіргі Қазақстан мен ТМД – ге кіретін мемлекеттердің территориясында өмір сүрген Алтын Орда мемлекеті өзінен кейін бай мәдени мұра қалдырды. Бұл мұра Еуразияда пайда болған елдердің  қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосты. Жаңа қалыптасқан этносаяси қоғамдардың бірі қазақтар болды. Қазақтардың халық ретінде қалыптасуы Дала империясының ыдырауымен тығыз байланысты.

Ол негізінен қазақ қоғамның саяси дамуына әсерін тигізді. Алтын Орда кезеңінен кейін Қазақ хандығының негізгі билеушілері Шыңғысхан ұрпақтары болатын. Оларды негізінен «сұлтандар» деп атаған және олар мемлекеттің беделді адамдары, яғни ақсүйектері болатын. Сондай – ақ, көптеген ғалымдар Шыңғысхан құрған яссы заңдары кейін Қазақ хандығының негізгі заңдар жинағының, «Жеті Жарғының» бір бөлігі болып қалғанына сенімді.

Осыдан, Алтын Орданың қазақ тайпаларының бірігіп, бір этнос құруындағы үлкен рөл ойнағаны айқын көрінеді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Қ.И. Бегалин «Алтын Орда хандары» Алматы, 2007 жыл.
  2. Якубовский А.Ю және Греков Б.Д. «Алтын Орда және оның күйреуі» Мәскеу, 1998 жыл.
  3. Гумилев Л.Н. «Ежелгі Русь пен Ұлы дала» Мәскеу, 1992 жыл
  4. «Қазақ совет энциклопедиясы» Алматы, 1972 жыл
  5. «Оқушы энциклопедиясы» Санкт – Петербург, 2004 жыл.
  6. «Дәуір» баспасы «Қазақстан тарихы» Алматы, 1994 жыл
  7. С.Г. Кляшторный және Т.И. Сұлтанов «История трех тысячалетий» Алматы, 1992 жыл
  8. Ж. Егінбайұлы «Жошы кешенінің археологиялық зерттеулері» Отан тарихы, 2001 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтеме.

 

    1. Қазақ энциклопедиясы, 7том
    2. «Қазақстан тарихы», 65-бет
    3. А.Ю. Якубовский « Золотая Орда»
    4. Аманжолов «Түркі тілдес халықтарының тарихы»
    5. Тизенгаузен «Распад золотой Орды»
    6. Богатов Г.А. «Золотая Орда»
    7. Егоров В. Л. Государственное и административное устройство «Золотой Орды»
    8. Федоров-Давыдов Г.Е. Общественный строй Золотой Орды
    9. Қазақстан тарихы 2том. 94 бет
    10. А.Ю. Якубовский мен Б.Д. Греков бірігіп дайындаған «Алтын Орда және оның күйреуі»

 

 

 

 

 

 

                                      

               

 

 

 


Информация о работе Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті