Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 12:17, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс XIII – XIVғғ. пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезмге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет – Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенмен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.
Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық ең ірі мемлекеттерінің бірі болатын. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім онымен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар Алтын Ордамен достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан.
Кіріспе
I. Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті.
1.1 Алтын Орда.
1.2. Алтын Орда мәдениеті.
II. Бөлім. Алтын Орданың саяси тарихы.
2.1.Алтын Орда хандары.
2.2. Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орда.
2.3. Алтын Орданың ыдырауы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.
Қосымшалар
XIV ғасырда Алтын Орда территориясында осындай «облыстар» саны 70 – ке жуық еді. Әкімшілік – территориялық бөліндімен қатар мемлекетті басқарудың аппараты да құрылды.
Берке мен Бату хандардың билік еткен жылдарын билікті орнату жылдар деп атауға болады. Бату хан одан кейін де, жойылмаған мемлекетті басқару принциптерін орнатты.
Осы жылдары
феодалдардын билік жүргізген жерлері
бекітіліп, әкімдер аппараты құрылып,
астананың негізі салынды, сондай – ақ
барлық
салықтар мен заңдар қабылданып, ұлыстар арасында экономикалық байланыс орнатылды.
Үкімет пирамидасының үстінде болған хан тек қана қысты астанада өткізіп, жылдың басқа мезгілдерін көшулерде өткізетін. Хан ордасының көшіп – қонуы мемлекет көшпелі негізде құрылғанын айқындайтын. Әрине көшіп жүрген ханға мемлекетті басқару оңайға тимеді.
Орданың бүкіл әскері әскербасы – түменбасылардың қоластында болды. Кейбір кездерде, түменбасы беделі хан беделінен асатын. Сонымен қатар, Ноғай, Мамай, Едігей түменбасылары хандарды өздері тағайындайтын.
Мемлекеттің ішкі саясаты күшейгенде билік жүргізу аппараты дами бастады. Мемлекет басшылары негіз ретінде жаулап алынған Хорезмшах мемлекетінің басқару жүйесін алады. Бұл жүйеге өтумен байланысты ханның жанында мемлекеттің бүкіл әскери емес өмірін бақылайтын уәзір тағайындалды.Уәзір мен оның қоластында болған мемлекеттік кеңес қаржы, салық, саудамен байланысты мәселелерді шешетін. Сыртқы саясатпен ханның өзі мен оның ең жақын кеңесшілері, сонымен қатар түменбасылары айналысатын. [8]
Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) хандар тізімі
Жошы хан (ок. 1182— 1227), Шыңғыс ханның баласы, Жошы Ұлысының
ханы (ок. 1224— 1227)
Бату хан (ок. 1208 — ок. 1255), Жошы ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1227 — ок. 1255)
Сартақ, Батый ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1255/1256)
Ұлағжы, Сартақның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1256 — 1257)
Берке, Жошы ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1257 — 1266)
Мөңгу-Темір, Тұғанның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1266 — 1282)
Тұда Мөңгү-хан, Жошы Ұлысының ханы (1282—1287)
Тұла Бұға-хан, Жошы Ұлысының ханы (1287—1291)
Тоқта-хан, Жошы Ұлысының ханы (1291—1312)
Өзбек-хан, Жошы Ұлысының ханы (1312—1342)
Тыныбек-хан, Жошы Ұлысының ханы (1342)
Жанибек I, Жошы Ұлысының ханы (1342—1357)
Бердібек, Жошы Ұлысының ханы (1357—1359)
Кұлпа, Жошы Ұлысының ханы (1359—1360)
Наурызбек, Жошы Ұлысының ханы (1360—1361)
Хузра(Қыдыр)-хан, Жошы Ұлысының ханы (1361), (1360—1362)
Темір Қожа-хан, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Орда-Мәлік, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Келдібек хан, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Базаршы хан, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Мұрад хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
Қаир-Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
Абдуллах-хан, Жошы Ұлысының ханы (1363—1364), (1367—1369)
Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1364—1365)
Әзіз шейх, Жошы Ұлысының ханы (1365—1367)
Жанибек II, Жошы Ұлысының ханы (1367)
Хасан хан, Жошы Ұлысының ханы (1369—1370)
Бұлақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1370—1372)
Орыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1372—1375)
Черкеш хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
Қағанбек хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
Тоқтамыш, Жошы Ұлысының ханы (1375—1377), (1379—1395)
Арабшах хан, Жошы Ұлысының ханы (1377—1379)
Темір Құтлық хан, Жошы Ұлысының ханы (1395—1399)
Шәдибек хан, Жошы Ұлысының ханы (1399—1407)
Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1409—1411)
Темір хан, Жошы Ұлысының ханы (1411—1412)
Жалал ад-Дин, Жошы Ұлысының ханы (1412—1413)
Керимберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
Кепек, Жошы Ұлысының ханы (1413)
Шокре, Жошы Ұлысының ханы (1413—1416)
Жапарберды, Жошы Ұлысының ханы (1416)
Дербес хан, Жошы Ұлысының ханы (1416—1419)
Кадырберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
Кажы-Мұхаммед, Жошы Ұлысының ханы (1419)
Ұлы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419—1421), (1424—1428), (1428—1432)
Дәулатберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1421—1422)
Құдайдат хан, Жошы Ұлысының ханы (1422), (1423—1424)
Барақ-хан, Жошы Ұлысының ханы (1422—1423)
Кіші Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1428), (1432—1459)
Махмұд хан, Жошы Ұлысының ханы (1459—1465)
Ахмат хан, Жошы Ұлысының ханы (1465—1481)
Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орда.
Өзбек хан, Мұхаммед Сұлтан Өзбек хан (шамамен 1280 – 1342) –Алтын Орда ханы (1313 – 1342). Бату хан әулетінен, Мөңке-Темірдің немересі. Алтын Орда билігіне Тоқта хан өлген соң билікке жақын сұлтандардың көмегімен келді. Өзбек хан билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі өзгерістер болды. Алтын Ордада ислам ресми дін болды. Өзбек ханның Шыңғыс хан ұрпақтарынан ислам дініне кіргісі келмегендерін аяусыз жазалағаны туралы мәліметтер кездеседі. Қазіргі кейбір тарихшылар Шыңғыс өкілдері мен нояндарының Ордадан Мәскеу княздарына қызметке көптеп кетуін осы оқиғалармен байланыстырады. Ол билік құрған кезеңде Алтын Орда нағыз өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен экон. дамуы шарықтау шегіне жетті. Бұл өрлеуді қалалардың өсуінен, халықар. қатынастар мен сыртқы сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады. Алтын Орданың екінші астанасы – Сарай әл-Жадид гүлденіп, жаңа құрылыстар жүрді. Өзбек хан бұйрығымен Еділ, Қырым бойындағы, Хорезмдегі қалаларда мешіт-медреселер, түрлі сарайлар салынды. Оның тұсында Алтын Ордаға бағынышты орыс князьдіктерінің ішінде Мәскеу ерекше күшейді. Өзбек хан Ұлы Владимир князьдігі үшін болған күресте Мәскеу князьдарына қолдау көрсетті. Өзінен бұрынғы хандар сияқты Өзбек хан да Русьтегі православие дінін қудалаған жоқ, қайта олардың барлық жеңілдіктерін сақтады. Алтын Орданың мәмлүктер билеген Египетпен сауда, мәдени, дипломат. байланысын жандандырды. 1319 ж., 1335 ж. Хулагу иелігіндегі Әзербайжанға екі рет жорық жасады. Өзбек хан 1330 ж. Ақ Орда хандарының бұрынғы тәуелді кезін қалпына келтіру үшін Мүбәрәк қожамен соғысып, ұлы Тыныбекті Сығанақ қ-нда хан тағына отырғызды. Өзбек хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы Жәнібек отырды.
Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусағит) - (туған
жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ
хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін
қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі
мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
Алтын Орданың ыдырауы.
1357 жылы таққа Жәнібек ханның баласы Бердібек отырады. Бердібек хан тұсында Алтын Орда тығырыққа тіріледі. Оның тұсында мемлекет жері Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказға дейін ғана болады. Сондай – ақ империяның ішінде өзара ұрыс, тартыс басталып кетеді. Осының кесірінен 1358 жылы ақсүйектер қолдауымен Алтын Орда тағынан екі үміткер шығады. Олар, Құлпа мен Наурыз болады. Үміткерлер өз атынан ақша бастырып шығарады.
1361 жылы Бердібек хан қайтыс болады. Бердібек ханның өлімінен кейінгі кезең, яғни 1360 жылдан 1380 жылға дейінгі 20 жыл Алтын Орда тарихында «Ұлы Бүлік» деген атқа ие.
Осы жылдары империяда жиырмаға жуық хан ауысты. Таққа негізінен Жошы ханның төрт ұлы – Орда Ежен, Бату, Шайбани және Тоқа – Темірден тараған ұрпақтар таласқан. Осындай тартыстын арқасында Алтын Орда жеке бөліктерге айырыла бастады. Ең алдымен Хорезм бөлінді, одан кейін кезек Қырым мен Еділ Бұлғариясына келді. Батыстағы жерлер, Русь Алтын Орда ықпалынан шығуға бет бұрды. Тіпті, Жайық пен Еділдің төменгі жағындағы жерлер де үнемі бір ханның билігінде болған жоқ. Осы кезеңде Ордадағы ең беделді адам Мамай түменбасы болатын. Тіпті, бүлік оның билікке келгенде басталған және оның қайтыс болғанда бітті деп айтуға да болады.
«Ұлы Бүлік» кезінде ол хан тағына отырып, өзінің беделін орыс князьдіктерінде де арттыруға тырысыты. Ол үшін Мамай түменбасы орыс канязьдіктеріне жорықтар ұйымдастырды.
Ең ірі және соңғы шайқас 1380 жылы Донның оң жағалауында болды. Деректер бойынша Мамайдың екі жүз мың әскері болды. Осы шайқас Мамайдың жеңілісімен аяқталды. Ал орыс әскерін басқарған князь Дмитрий Иванович Донской деген атқа ие болды.
Осы жылы таққа Тоқтамыс хан отырады. Ең алдымен Мамайды жеңген соң, оған Астраханнан Бұлғарға дейінгі Еділ бойы ғана емес, Солтүстік Кавказ да, Еділ мен Қырымның батыс аймағы да түгел қарады. Алтын Орданың бұрынғы иеліктерінен Хорезм ғана шет қалды.
Билік басына келген соң Тоқтамыс көрші елдермен және тәуелді князьдіктермен дипломатиялық қатынасты ретке келтіруге кіріседі. Орыс князьдікетрі оның билігін мойындау үшін ол Руське жорық ұйымдастырады.
Тоқтамыс хан 1382 жылы Мәскеуді алып, қайтадан салық төлеткізеді. Ал, 1383 жылы Хорезмде өз атынан ақша шығарады.
Тоқтамыс хан кезінде, Әмір – Темір Алтын Ордаға екі рет күйрете соққы береді.
Алғашқы соққы 1391 жылы Еділдің сол жағалауында Кундурша деген жерде өтеді. Жылнамашылар оны «Ұлы шайқас» деп атайды. Өйткені, бұл соғысқа екі жақтан да екі жүз мыңнан сарбаз қатысты. Осы соғыста Тоқтамыс қолы жеңіледі. Бірақ ол бас көтере алмастай болған жоқ.
Әмір Темірден жеңіліс тапқан Тоқтамыс Алтын Орданы қайтадан қалпына келтіруге тырысты. Осы жылдары дала империясындағы оқиғалар тікелей Едіге түменбасының басшылығымен өрбіді.
Сонымен қатар, XV ғасырда Алтын Орда арқылы өтетін тауар түрлері азайып кетті. Бұл мемлекет ішіндегі болып жатқан билікке таластын кесірі еді. Енді билікке үшін талас Темір – Құтлұғ пен Тоқтамыс арасында болды. Нәтижесінде, Тоқтамыс хан Литваға қуғындалып, Темір – Құтлұғ хан тағына отырады.
Бірнеше жылдан соң Тоқтамыс хан өмірден қайтады. Оның өлімі туралы нақты деректер сақталмаған.
Ары қарай империяны Едіге би басқарады. Оның кезінде Алтын Орда ыдырау кезеңіне өтсе де, халық Едіге би империя тарихында өшпес із қалдырды. Едіге би 1419 жылы Тоқтамыстың Қадірберді деген ұлының қолынан өлді деген дерек бар.
Едіге Алтын Орданың үлкен бөлігін аз ғана уақытқа болса да, өз қол астын бағындырған ең соңғы әмірші болды. Оның өлімінен кейін, елде ыдыраудың жаңа кезеңі басталды.
Едіге, Мамай түменбасы сияқты өзі қойған хан атынан билік жүргізді. Жошы Ұлысын бұрынғы шекарасын қайтару мақсатында ол Батудың жолын қайталайды.
1407 жылы Едігей
Бұлғардға жорық ұйымдастырып, оны
талқандайды. 1408 жылы Руське шабуыл
жасайды. Ол бірнеше орыс қалаларын
қиратып, Мәскеуді қоршауға алады.
Бірақ, Мәскеуді жаулап ала алмайды.
Өмірінің соңында Едіге
Бұл оқиғалардан кейін Алтын Орда қалпына келе алмайды.осыған орай XV ғасырда ол Ноғай Ордасына (XV ғасырдың басы), Қазан хандығына
(1438 жыл), Қырым хандығына (1443 жыл), Астрахан хандығына (1459жыл), Сібір хандығына (XV ғасырдың соңы) және тағы басқа хандықтарға бөлінеді.
XV ғасырдың басында Ақ Орда бірнеше ұлыстарға бөлініп кетеді. Олардың ең ірілері Ноғай Ордасы мен Өзбек хандығы болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Урал арасындағы жерлерді алған. Негізінен Өзбек хандығы Қазақстанның жерлерін мекендеген. Ақырында, 1502 жылы Қырым ханы Алтын Орданың соңғы ханы Шахмат ханын жеңеді. Осы қақтығысты көтере алмай Алтын Орда тарих қойнынан кетеді.[10 ]
Қорытынды
Алтын Орда XIII ғасырдың 40-жылдарында кең байтақ Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еурпа жерлерін моңғолдардың жаулап алу негізінде құрылып, XV ғасырдың аяғына дейін өмір сүрген алып империя.
Мемлекет өзара текетес бірнеше халықтың даму нәтижесінде қалыптасқан бірыңғай мемлекет емес, жаулап алулардың нәтижесінде көптеген халықтарды біріктіру арқасында қалыптасқан мемлекет.
Шаңғаысханның немересі Бату ханның тұсында Алтын Орда шекарасы Ертістен Днепрге дейін созылды.