Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс XIII – XIVғғ. пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезмге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет – Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенмен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.
Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық ең ірі мемлекеттерінің бірі болатын. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім онымен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар Алтын Ордамен достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан.

Содержание

Кіріспе
I. Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті.
1.1 Алтын Орда.
1.2. Алтын Орда мәдениеті.
II. Бөлім. Алтын Орданың саяси тарихы.
2.1.Алтын Орда хандары.
2.2. Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орда.
2.3. Алтын Орданың ыдырауы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аси курстык жумыс.docx

— 63.12 Кб (Скачать документ)

1268 жылы хан  Әзербайжанға таласып, Абағамен  соғысты. Бір жылдай уақыт өткен  соң Менгу – Темір хан мен  Абаға арасында бейбіт келісім  орнатылады.

XIII ғасырдың 70 – жылдарында орыс жерінде жаңадан халық санағы жүргізіледі. Осы жылы Менгу – Темір ханның жарлығымен салық хан басқақтарымен емес, орыс князьдерінің қызметкерлері жинады.

Менгу – Темір есімімен Алтын Орда тарихындағы маңызды үш оқиға байланысыты. Біріншіден, Кафада генуялық сауда жүйесі пайда болды, бұл Қырымның тағдырында ерекше рөл ойнады. Екіншіден, ол орыс князьдеріне  бос қарады, яғни орыстарды ордалық салық жиюшылардың езгісінен құтқарды. Үшіншіден, Менгу – Темір кезінде түменбасы Ноғай күшейді, кейін ол Алтын Орданың батысында ешкімге тәуелсіз, жеке билік құрды.

Ноғай алып Дала империясының ресми әміршісі болған емес, алайда қырық жылға жуық Алтын Орданың бүкіл саяси қатынастары тікелей соның қол астына қараған.

Жылнамашылар Мегу – Темір қайтыс болған соң, оның орнына билік басына інісі Туда – Менгу келгенін жазады.

Биліктің өзгеруі орыс жерінде өзара қақтығыстың туындауына жол ашты. Осы араздық толқыны түменбасы Ноғайды жоғары көтерді. Оны Дон мен Дунай арасында мекендеген қыпшақ тайпаларының жұқаналары қолдады.

Туда – Менгу өзінің билігін күшейту үшін 1283 жылы Мәмлүк сұлтандығымен достық байланыс жаңартылды. Сол жылы Туда – Менгү ислам дінін қабылдады.

Осыған байланысты Туда – Менгу сопылыққа баса ден қойып, тақтан бас тартады. Ол билікті баласы Төле – Бұғаға тапсырады.

Басқа деректер бойынша Менгу – Темірдің балалары Туда – Менгуді есі ауған деп, алтын тақтан тайдырады.

Менгу – Темірдің ұлы Төле – Бұғаның дәл қай кезде Алтын Орда ханы болғаны нақты белгісіз. Шамасы, басында заңды билік иесі Туда – Меңгу атынан басқарған. Алайда ол кезде саяси билік пен нақты күш түменбасы Ноғайдың қолында болатын, және ол үшін Менгу – Темір ұлдарының арасындағы алауыздық қолайлы болды.

Ақыры, Алтын Ордада бүлік шықты. Осы бүлік ең айқын көрінген жері Русь, онда князьдер екі ұдай болып жарылды. Бір жағы түменбасы Ноғайды жақтаса, екінші топ тек хан бұйрықтарына ғана бағынды. Бұл аразылықтың алғашқы нышандары 1284 жылы көрінді. Осы жылы Курск қаласына басқақтар келеді. Кейін салықтарды бас князьдердің басқаруымен князьдердің өздері жинайтын болды.

Төле – Бұға хан аразылықты басу үшін ортақ жауға қарсы бүлікші күшті біріктіруді ойластырады. Ноғай мен Төле – Бұға ханның жауынгерлері 1285 жылы Польша мен Мажарстанға жорық жасайды да, Мажар елін талқандайды.

1287 жылы Ноғай  мен Төле – Бұға қайтадан  Висла жағалауына оралады. Бірақ  екі басшының арасында болған  келіспеушілік арқасында Польша  аман қалады. Осы жылы Туда - Менгу  қайтыс болады да, оның орнына  Төле – Бұға келеді.

Таққа отырғанына бір жыл болған соң Төле – Бұға хан Әзербайжанды жаулап алуды көзедп, Құлағу мемлекетіне соғыс ашты. Бұл Алтын Орда ішінде жаңа наразылық толқынын тудырады.

Ноғай түменбасы өз кезінде ықпалын одан әрі күшейте түсті. Ол орыс князьдерін қосып алып, бірнеше жыл қатарынан Польшаға, Силезияға және Мажарстанға жорықтар ұйымдастырды. Мұнымен қатар, Орыс князьдіктерінде Ноғай тағайындаған адамдар билігін жүргізді. «Хиуалық Ахмат» Олег пен Святослав иеліктерінде екі бірдей кент құрылды. Осы жағдай туралы князьдер Төле – Бұға ханына шағымданады, хан оған моңғол қосындарын жіберіп, Ахмат кенттерді тонауға бұйырады.

Алайда Ноғай мен Төле – Бұға арасында кекілжің мұнымен тоқтамады, 1291 жылы Ахмат кенттерін қиратқаны үшін, Төле – Бұға өлім жазасына кесіледі.сосын Ноғай Тоқтаны Алтын Орда ханы етіп сайлайды.

Жазба деректерде Тоқтаның толық аты – жөні —Гиас әд – Дин Тоқтай деп жазады. Алайда оның өзі бастырған ақшаларындағы «Әділ Тоқта» деген жазу бүгінгі күнге дейін сақталған.

Хан тағына отырмай тұрып, Тоқта Алтын Орда ханның Солтүстік Кавказдағы аймақ басшысы болатын. Визвнтия императорының некесіз қызына үйленген. Осы саяси некенің арқасында Алтын Орда мен Византия арасындағы байланысты жақсы ұстайды.

Тоқта ханның биік басына отырған жылдары Құлағу мемлекеті басшысының ауысқан кезіне тұспа – тұс келді. Жаңа илхан болып Кейхатун сайланады. Ол таққа отырғанда Алтын Орда мен Мәмлүк сұлтандығымен бейбіт келісім жасасты.

Бұл келісім саудагерлер мен олардың керуендеріне жабық болып келген Кавказ таулары арқылы сауда керуен жолдарын жандандырады.

Осы жылдары Ноғай өз беделін одан арман нығайтады. Тіпті сол жылдары Алтын Ордада екі орталық пайда болады. Бірін Тоқта хан, екіншісін Ноғай түменбасы басқарады. Мұның дала империясының, тіпті оған тәуелді князьдіктер мен корольдіктердің алдағытарихына тигізетін әсері көп.

Хан билігін нығайту үшін түменбасы өзі айрықша қауіпті санаған ірі түменбасыларды өлтіруді бұйырады. Өзінің адалдығының белгісі ретінде Тоқта хан біраз түменбасылардің өмірін қияды. Осы жағдай өзіне соққы болған соң, Тоқта хан Ноғайға өштеседі.

Бұдан кейін Алтын Орда ханы беделді түменбасыға қарсы әрекетке кіріседі. Алғашында соғыс ашық жүрмеді.

1295 жылы билік  Моңғол империясыда, Құлағу мемлекеті  мен Мәмлүк сұлтандығында ауысады. Көршілес мемлекеттердегі биліктің  ауысуы Алтын Орда ханы өз  империясындағы саяси күштердің  бөліну жайына көңіл аударуға  итермеледі. Сонымен қатар, Ноғайға  қарсы қол астына әскер жинай  бастайды. 1297 жылы Ноғай мен Тоқта  ашық қақтығысқа шықты. Прут өзені  бойында өткен ұрыста Тоқта  хан толық жеңіліске ұшырады. Осы жеңістен кейін Ноғай тәуелді  аймақтардың басшыларына арнайы  өкілдерін жібереді.

Бұл уақытта Алтын Орда ханы Тоқта қайта әскер жинап, Ноғайға қарсы жорыққа шықты. Екі әскер Қуқанлық (бүгінгі Қағанлық) деген жерде кездесті. Тоқта Ноғай әскерін күйрете жеңді. Осы соғыста Ноғайға оқ тиіп, жараланады. 1299 жылы 28 қыркүйекте ол ажал құшады.

Даңқты түменбасының өлімін білген оған тәуелді елдердің басшылары Ноғайдың өкілдерінен тезірек құтылуға асықты. Мысалы, Қырымда Ноғай ұрпақтары құғынға ұшырады. Олардың орындарына Тоқта ханның өкілдері жетті.

Алайда, Ноғай Алтын Орда ханы Тоқтамен күресте жеңіліс тапқанмен, көзі тірісінде әйгілі түменбасыға бағынған көшпенді тайпалар бастарына түскен қиыншылықтардан аман қалып, қайта бірігуге қол жеткізді, олар кейінірек ноғай деген атпен тарих сахнасына жеке халық ретінде шықты.

1311 жылы аяқ  астынан Тоқта хан қайтыс болады. Ол билік еткен соңғы жылдарды  Алтын Орданың гүлдену дәуіріне  дайындық кезеңі жесе болады. Тоқта хан өз мемлекетінің  өндіріс күштерін оң жолға  қойып, қолөнер мен қала мәдениетін  көтерді.

Тоқта хан дүниеден өткен соң, тақ мәселесі көлденең тұрды. Хан болып Гиас әд – Дин Мұхаммед Торғұлжаның ұлы, Менгу – Темірдің немересі сайланады. Ол жастайынан ерлігімен ауызға ілігіп, Өзбек деген атқа ие болады. Осы лақап есімімен Алтын Орда тарихына ең құдыретті билеушілердің бірі ретінде енді.

Билік етекен алғашқы жылдары Өзбек хан ең алдымен астананы Бату Сарайдан Берке Сарайға ауыстырды.

Сосын Өзбек исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Бұл қадам Алтын Орданы Шығыстағы ірі мемлекеттермен арадағы байланысын нығайтады. Алайда, Еділдің батысындағы және Солтүстік Кавказдағы христиан елдері Ұлы Дала империясына жат көзбен қарайды.

Осыған қарамастан Өзбек хан тұсында Алтын Орда дамуының ең жоғары сатысына жетеді.

1331 жылы Ханбалықта  Моңғол империясының картасы  жасалады. Оған Юань әулетінің  билігіндегі Қытай жері, Шағатайдың  бір ұрпағы Дува – Темір  билеп тұрған Орталық Азия  хандығы, Құлағу ұрпағы илхан  Әбу – Саид басшылығындағы  Персия, Жошы ұрпағы Өзбек билігіндегі  Алтын ОРда кірді. Деректерге  қарағанда Өзбек хан иелігіндегі  солтүстік – батыс бөлігі «А  – ло – ш» (Алаш) деп аталды.

Сонымен қатар, XІV ғасырдың бірінші жартысында Шыңғыс ханның бүкіл ұрпақтары Юань әулеті императорына бағынып, бір ту астына біріккен. Дегенмен, Ұлыс әміршілері өз егемендіктерін сақтап қала алған.

Өзбек хан Алтын Орданы жеке – дара өзі билеген. Өз атынан ақша шығарған. Бату Сарай, Берке Сарай, Бұлғар, Мокша, Қырым, Тана және Хорезмде ақша бастыратын орындар болды.

1332 жылы Өзбек  хан Сарай әл – Жәдид (Жаңа  Сарай) қаласының негізін қалады, кейінірек ол Алтын Орданың  астанасына айналды.

1335 жылы Құлағу  мемлекетінің соңғы билеушісі  Әбу – Саид қайтыс болып, мемлекет  тарих сахнасынан кетеді. Грузия  тәуелсіздігін алады, ал Әзербайжанда  билікке Чобан әулеті кеді. Бұған  қоса, Құлағу мемлекетінің жерінде  Сербердар мемлекеті пайда болды.

Өзбек хан Құлағу мемлекетіндегі бүлікті пайдаланып, Әзербайжанға жорық ұйымдастырды. Осы жорықтан кейін қайтқан Өзбек хан нысанаға Болгарияны жаулап алмақшы болған Византияны алады. Ал 1337 жылы империя әскері Фракияны жаулап алады.

1341 жылы Өзбек  хан Литвағақарсы аттанды. Жорыққа, негізінен, орыс жасақтары шығады. Олар Литва әскерлеріне соққы  бере алмайды, дегенмен, Өзбек хан  литвалық князьдерді Мажарстан, Польша және Батыс Русь жерінен  дәмеленбейтін етті.

Литвада билік ауысып, билік басына Ольгерд князьі келеді. Ол билік еткен жылдары Русьпен, Алтын Ордамен қақтығыс көп болады.

1341 жылы Алтын  Ордада Өзбек хан дүние салды.

Өзбек ханның өлімінен кейін оның баласы Тыныбек хан билік басына келеді. Тыныбек хан тұсында Алтын Ордада елеулі өгерістер болған жоқ.

Тыныбек ханнан кейін 1342 жылы, Алтын Орда билігі Жәнібек ханның қолына өтеді.

Бұл кезде хан ордасы Жайық жағасындағы Сарайшыққа ауысады. Осы жалдары Сарайшық қаласы гүлдену дәуірін бастан кешеді. Дала ақсүйектері мұнда зәуілім үйлер, сарайлар, кесенелер тұрғызады.

Жәнібек хан кезінде Әзербайжан Алтын Ордаға қосылады. Ол әмір Ашрефпен Уджан қорығының аумағында өткен ұрыстан кейін болады. Хан, тіпті Тебризде өз атынан ақша шығаруды бастайды.

Ақша одан басқа Сарайда, Бұлғарда, Мокшада, Қырымда, Азовта, Хорезмде және Гүлістанда басылатын. Енді осы қалалар қатарына Тебриз де кірді. Алайда осында ақша тек 1356 жылы ғана басылады. Тарихшылар сол жылды Алтын Ордада берік билік болған соңғы жыл деп есептейді.

Әзербайжанға жорықтан кейін Жәнібек хан ауруға шалдығады. Оның өлімінен кейін таққа оның баласы Бердібек хан отырады.

Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы.

Алғашқы жылдарда Алтын Орда тәуелсіз мемлекет, ал оны билеген хан тәуелсіз хан болмады. Бұл Жошы хан мен басқа да нояндардың билік жүргізген жерлері Шыңғыс хан құрған алып империяның құрам бөлігі болып, Қарақорымдағы орталыққа бағынатын.

XIII ғасырдың 60 – жылдары өзінің тәуелсіздігін жариялағанға дейін Алтын Орданың мемлекетті басқарудың қалыптасып, дамыған өзіндік құрылысы болды. Әрине, ол негізінен Моңғолияны басқару үшін Шыңғысхан енгізген жүйеге ұқсас болатын.

Бұл жүйенің негізі барлық халықты әскердегідей ондықтарға бөлу болатын. Осыған орай бүкіл мемлекет оң және сол қанаттарға бөлінді.

Жошы ұлысында оң қанатты Бату ханның қоластындағы Дунайдан Ертіске дейінгі жерлер енді. Сол қанат оның үлкен ағасы Орда ханның қоластында болды. Оның қоластына Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдарияның шығысындағы барлық жерлер енді.

Моңғолияның дәстүріне байланысты оң қанат Ақ – Орда деп аталса, сол қанат Көк – Орда деп аталады. Осыдан «Жошы ұлысы» мен «Алтын Орда» атауларының мемлекеттік территориялдық жағынан синонимдер емес екені байқалады.

1242 жылдан  бастап екі қанат тәуелсіз  екі ханның билеген жерлерге  айналса да, Көк – Орда ханы  Алтын Ордаға саяси тәуелді  болатын.

Өз алдына Бату билік еткен территория да екі: оң және сол қанатқа бөлінетін. Алтын Орда құрылған алғашқы жылдары екі қанат мемлекеттің ең жоғарғы әкімшілік бірлігі болып саналатын. Бірақ, XIII ғасырдың соңына қарай олар тек қана әскери бөліністер ретінде сақталады.

Әкімшілік жүйеде оң және сол қанаттар Сарай, Дешті – Қыпшақ, Қырым, Хорезм деп аталған төрт облыстарға бөлінді, оларды ұлысбектер бақылаған. Мемлекетті басқарудың осындай түрі ана – ғұрлым қолайлы болатын.

Осы жүйе көшпенді феодалдар ханнан немесе басқа ірі ақсүйектен ұлысты, яғни жерді иемделу құқығын ала алу негізінде құрылған. Осы құқыққа ие болу үшін феодалдар жер көлеміне байланысты белгілі бір адам санынан тұратын толық қаруланған әскери құрамды беріп, түрлі салықтық және шаруашылыққа байланысты шарттарды орындау керек еді.

Сонымен қатар бұл жүйе моңғол әскерінің құрылысынан айырмашылығы болған жоқ: барлық мемлекет – Ұлы Ұлыс – иесінің беделіне,  аумағына байланысты аудандарға бөлініп, соғыс басталғанда әр ауданнан он, жүз, мың және он мың қаруланған әскери құрама соғыс алаңына жіберілетін. Осыған қарамастан ұлыстар әкеден балаға мұраға қалмайтын, және де хан ұлысты басқа ұлысқа ауыстыра алатын, немесе мүлде феодалды ұлыссыз қалдыра алатын.

Алтын Орда құрылған кезде ұлыстар саны 15 – тен аспайтын, олардың арасындағы шекараларды өзендер айқындайтын. Осыдан көшпелі халықтың бағзадан келе жатқан қарапайым әкімшілік бөліндіні көруге болады.

Қалалардың пайда болуымен, араб, парсы мәдениеттерімен танысқаннан кейін және ислам дінін қабылдағаннан кейін мемлекеттің ішкі саясаты күрделеніп, Шыңғыс хан кезінен келе жатқан орталық азияның дәстүрлерінен бірте – бірте алыстай бастайды.

Жоғарыда айтылып кеткендей, территорияны екі қанатқа бөлудің орнына, ұлысбектер билік жүргізетін төрт ұлыс пайда болады. Ұлыстардың біреуі ханның жеке ордасы болатын. Ол Ертістің жағалауынан Камаға дейінгі жерлерге дейін жайғасты. Әр ұлыс бірнеше «облыстардан» тұратын. Оларға беделі төмен феодалдар билік еткен.

Информация о работе Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті