Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс XIII – XIVғғ. пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезмге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет – Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенмен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.
Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық ең ірі мемлекеттерінің бірі болатын. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім онымен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар Алтын Ордамен достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан.

Содержание

Кіріспе
I. Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті.
1.1 Алтын Орда.
1.2. Алтын Орда мәдениеті.
II. Бөлім. Алтын Орданың саяси тарихы.
2.1.Алтын Орда хандары.
2.2. Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орда.
2.3. Алтын Орданың ыдырауы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аси курстык жумыс.docx

— 63.12 Кб (Скачать документ)

Рабғұзи (XIII-XIV ғғ.) – Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөздерден қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы атпен белгілі. Рабғұзиден қалған әдеби мұра – «Қиссасу-л-анбия» атты үлкен жинақ. Онда жетпіс тоғыз қисса-хиқая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, әулие-әнибелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.

Әли (XIII-XIV ғғ.) – Хорезмнен шыққан ақын. «Қиса Жүсіп» деген дастаны қалған. Онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан басқа мәлімет жоқ.

Хорезми (XIV ғғ.) – үлкен ақын. «Мұхаббатнама» атты поэма жазған. Поэмасында «Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші рет айттым» дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Шын аты – жөні, басқа шығармалары сақталмаған «Мұхаббатнама» мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті

қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. «Мұхаббатнама» - Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ең көрнекті нұсқасы.[6]

Құтб (XIV ғғ.) «Хисрау Шырын», «Фархад - Шырын» дастандарын жазған. Бұл дастандарда автор өзінен бұрын баяндалған тақырыпты өзінше

жырлайды. Бұл екі шығарманы осы аттас Низами поэмалардың түрікше нұсқасы десе де болады.

Дүрбек (XIV- XV ғғ.) мұсылман елдерінің бұрын соңды өткен ақындары жырлаған «Жүсіп - Зылиқа» аңызын түрік тілінде дастан еткен. Оны 1409 жылы аяқтағаны белгілі. Дүрбек жөнінде басқа мәлімет жоқ.

Сақақи (XV ғғ.) Сырдария мен Амудария аралығын мекендеген ру-тайпалардан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдер жинағын шығарған. Сақақи өлеңдері көбіне дүние жайында және лирикалық болып келеді. 

Сонымен, Алтын Орда дәуірінде оның қол астында ру-тайпалардың улкен-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда аударма шығармалар да едәуір орын алды. [7]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтын Орданың саяси тарихы.

Жаулап алулармен байланысты барлық мақсаттарға жеткен Бату хан енді, жаулап алған жерлерді басқару жүйесін орнатуға кіріседі. Жаулап алыңған жерлерінде моңғолдар жергілікті әкімдердің жұмысын және жиналатын салықты бақылау үшін әкімшілік аудандарын құрды. Бұл әкімшілікті қоластында қаруланған әскер құрамасы бар «дарұға» басқарған.

Мемлекет көпұлтты болды. Мемлекетті негізінен, қыпшақтар, бұлғарлар, орыстар мекендеді. Сондықтан, Алтын Орданың даму тарихын қарастырғанның алдында оның атауы туралы сұраққа жауап беру керек. Бұл сұрақ қазіргі кездегі белгілі Алтын Орда туралы жазылған ортағасырлық құжаттарда Алтын Орда деген атау кездеспейтініне байланысты тауындайды. Осы мәселені үш жақтан қарастыруға болады: мемлекетті тұрғындар қалай атады, оны көршілес мемлекеттер қалай атады және мемлекет жойылғаннан кейін қандай атты иемденді.

XIII ғасырларда пайда болған моңғолдық мемлекеттер, Шыңғысханнан келе жатқан тектеріне байланысты атауларды пайдаланды. Мемлекет басшысы болса, оған билік етуге тиген жерлерді тек қана ұлыс деп атаған. Осыған мысал, Қыпшақ жерлеріне ие болған Жошы хан алғашында ұлысын Жошы Ұлысы деп атайды. Тек, Тоқтамыс ханның Ұлы Ұлыс деп қойған атауы ғана көпке сақталып қалды. Ұлыстың беделін көрсететін осындай ерекше атуды саяси хат алмасу кезінде басқа хандар да пайдаланды.

Ал ортағасырлық еуропа мен азияның мемлекеттері Жошы Ұлысын түрліше атайтын. Араб көне жазбаларында мемлекет белгілі бір уақыт аралығында билеген ханның атымен аталған, мысалы, «Берке, татарлардың ұлы ханы», «Тоқта хан, татарлардың ханы».

Басқа жағдайларда ханның атымен бірге, оның билік жүргізген жерлері де айтылатын, «Өзбек, солтүстік елдердің басшысы», «Тоқта хан, қыпшақ жерлі мен Сарайдың ханы», «Дешті – Қыпшақ даласының билеушісі — Тоқта». Кейбір кезде, араб пен парсы жылнамаларда Алтын Орда Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деген атпен аталады. Осы атау жиі ханның тек билеген жылдары ғана емес, сонымен қатар оның өлімінен кейін де қолданған, «Өзбек хан, Берке мемлекетінің билеушісі».

Бүкіл Орданы жүріп өткен еуропалық саяхатшылар, П.Каприни мен Г.Рубрук оны атау үшін  «Командар мемлекеті» немесе «татрлар державасы» деген ескі терминдерді қолданады. Бенедикт XII өзінің хатында Жошы мемлекетін «Солтүстік татария» деп атаған. Орыс жылнамаларында оңтүстіктегі көршілес мемлекетті атау үшін этникалық атаулар пайдаланады. Тек XIII ғасырдың соңына қарай ғана оған Орда деген атау берілді де, мемлекет жойылып кеткенге дейін бұл атау сақталды.

Ал қазірде сіңіп кеткен «Алтын Орда» деген атауға Бату хан негізін қалаған мемлекеттің ізі қалмаған кезде ғана қолдана бастайды. Бұл атау ең алғашқы рет XVI ғасырдың екінші жартысында жазылған «Қазан жылнамаларында» қолданады. Осы жылнамаларда бұл атау «Алтын Орда» және «Ұлы Алтын Орда» ретінде кездеседі. Бұл атаудың пайда болуына ханның Еділ мен Жайық арасындағы алтынмен әшекейленген ордасы түрткі болған, деген болжамдар бар.

Сонымен, 1234 жылдың қысына қарай, жас мемлекет бірітіндеп дами бастайды, оның ішінде сауда басты орынға шықты. Жаңа құрылғанына қарамастан, мемлекет күшті болады. Даланың алып мемлекетімен көршілес орналасқан ұсақ князьдіктер қарым – қатынас орнатуға асығады. Алғашқылардың бірі болып, Бату ханға князь Ярослав Всеволодович келіп, тыныштық сұрайды, сондай – ақ, алым – салық төлеп тұруға келіседі. Оған Ұлы Владимир – Суздаль жері мен Киев тізгіні табысталып, жарлық шығарады. Бірақ, сол кезде Алтын Орда және басқа да Шыңғыс хан ұрпақтары билік етекен мемлекеттер Моңғол империясының құрамына енетін. Осыған байланысты империяны құрған мемлекеттерде пайда болатын барлық маңызды саяси сұрақтарын Қарақорымдағы орталық шешетін. Ясының бір тармағы жаулап алынған жерлерден алынатын салықтын бір бөлігі Шыңғыс ханға өтетіні туралы айтылған. Сонымен қатар, әр ұлыста Шыңғыс ханның жеке жерлері болатын. Және де тек Қарақорымдағы орталық қана, барлық саяси маңызды шешімдерді қабылдай алатын. Бір – бірімен тығыз байланысты мұндай жүйені құру империяның тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуден сақтау керек еді. Сондықтан, Бату ханның жарлығын Ұлы ханның жесірі Туракин хатун бекітуі тиіс еді. Князь Ярослав Қарақорымға аттанады да, рұқсап алып отанына қайтады.

1246 жылы Моңғолияның  ханы болып Туракин ханумның  баласы Күйікке өтеді. Бірақ оның  өлімінен соң, тақ иесіз қалады. 1250 жылы Шағатай ұлысында Ыстықкөл  маңында құрылтай өткізілді. Бектер  мен нояндар Бату ханды Ұлы  хан сайламақ болады, бірақ Бату  хан бұдан бас тартып, орнына  Мөңкені ұсынады.

Үгедей мен Шағатай ұрпақтары бұл мәселеге келіспей, Жошы мен Төле ұрпақтарына қарсы бірігіп қарсы шығады. Осы бүліктерден кейін, 1251 жылы шілде айында Қарақорымда қайта құрылтай шақырылады. Соңында Ұлы хан болып Мөңке сайланды. 

Алайда, Моңғол империясының заңды мұрагері, Үгедейдің немересі Ширамун империяда жаңа бүліктер шығарып, тақты тартып алмақшы болды. Бірақ, Мөңке хан жағдайды кезінде естіп, бүлікті тоқтату үшін Ширамунның қостарын қоршаға алады.

Шағатай мен Үгедей ұлысының жетпіс жеті сұлтан, мырзасы және жесір ханым Огул – Гаймикше өлім жазасына кесіледі. Мөңке хан бүкіл империя бойынша тексеру жүргізеді. Мұның кесірінен, Шағатай мен Үгедей ұлыстарында кей жерлер иесіз қалады. Артынша ол жерлерге жаңа басшылар келе бастады.

Нәтижесінде, Үгедей Ұлысының шекарасы біршама тарылып, Шағатай Ұлысы тарап кетті. Ал Мөңке өзінің жерін оңтүстік – батыста Сырдарияға дейін кеңейтті. Бату хан империясының шегі Жетісудағы Шу өзеніне қарай жақындады. Ол сондай – ақ, Мауреннахр мен Кавказ  өңірін өз билігінде ұстады.

Алтын Орда ханы Кавказдың билігін кіші інісі Беркеге табыстады. Мәуреннахрдағы өкілі Масыдбек болады. Ол әйгілі саудагер Махмұд Ялавачтың ұлы деген мәлімет бар.

Бату хан кезінде Алтын Орда, тәуелді болғанымен, ортағасырлық алып мемлекет болатын. Ол шығысы Ертіс өзенінен батысы Дунайға дейінгі арлықты алып жатты. Бату хан билеген жылдары хабар алысу ісі жақсы жолға қойылды. Ең шеткері орналасқан аймақтармен де байланыс күшейе түсті. Халық санағы жүргізіліп тұрды, салық жүйесі қалыптасты, кеден жұмыс істеді, жалпыға ортақ заң бекітілді. Сондай – ақ, әлем тарихында алғаш рет осыншама байтақ жерге ақша бірлігі жүрді.

Алтын Орданың астанасы Еділ мен Жайықтың  ортасында орналасқан Ескі Сарай немесе Бату Сарай қаласы болатын. Археологиялық қазбалар нәтижесінде, бұл қала ортағасырлық ең ірі қалалардың бірі болатын.

Алып империяның негізін қалаған Бату хан 1255 жылы қырық сегіз жасында дүние салды. Оның өлімінен кейін тікелей билікке талас басталады.

Ол заманда Алтын Орданың әміршілерін Ұлы ханның өзі сайлайтын. Ал Береке хан билікке ресми түрде 1258 жылы Мөңке хан бекіткеннен кейін келеді. Берке өте белгілі тұлға болатын. Ол туралы деректер тек орыс, араб жылнамаларында ғана емес, сондай – ақ, қытай деректерінде кездеседі.

Бату хан тірі кезінде де Берке Моңғол империясында беделді саясаткерлердің бірі болатын. Алтын Орданы билеген кезде ол қатал әмірші болғаны белгілі. Сонымен қатар, Берке мұсылман дінін қабылдаған алғашқы алтынордалық хан болатын.

1259 жылы Берке  хан, салық жинау үшін, Новгородта  халық санағын өткізуді ұйымдастырады. Осы халық санағын новгородтықтар  көтеріліспен қарсы алды. Сол  жылы түменбасы Бурундай орыс  жеріне жорыққа шығып, одан Польшаға  қарай өтеді. Жазалау жорығынан  кейін орыс жылнамшылары Берке  ханды қатыгез, қоластындағылардан  қапысыз бағынуды талап ететін  әмірші ретінде бейнелейді.

Бұл кезде Ұлы хан Мөңке 1259 жылы тамыз айында қайтыс болады.

Берке хан Моңғол империясында болып жатқан оқиғаларды назарында ұстады. 1260 жылы Ұлы хан болып Құбылай сайланады. Ол Моңғол империясының бас ордасын Ханбалыққа (Пекин) ауыстырды және сол жерде чжунтун («ортаңғы әмірші») лауазымын қабылдады.

Осы әрекетті негіз етіп Берке хан Құбылай билігін заңсыз деп танып, оған бағынудан бас тартты. Моңғол ақсүйектері де Құбылайға қарсы жаппай көтерілді.

1260 жылдың  маусым айында Құбылайдың қарсыластары  оның інісі Арық бұғаны Ұлы  хан етіп сайлайды. Осыдан Моңғолияда  билікке талас басталады. Мөңкенің  екі інісі Құбылай мен Арық  Бұғы өздерін қаған деп жариялайды. Біреуі Қарақорымда, ал екіншісі  Ханбалықта билік құрды.

Берке хан Арық Бұғаны жақтады да, Алтын Орданы Моңғол империясының құрамынан бөліп алуға күш салады. Осы кезде Шағатай мен Үгедей ұрпақтары елдегі ішкі тартысты пайдаланып, өздерінің бұрынғы ұлыстарын қайтарып алады. Нәтижесінде, Жошы ұрпақтары Мәуреннахрдағы ықпалдарынан айырылып, ол жерлерді тастап шықты.

1960 жыл –  Моңғолия империясы ыдырай бастаған  жыл саналады. Ол кезде империя  бес ұлыстан тұратын, әрқайсысы  Шыңғыс хан ұрпақтарының есімімен  аталады. Моңғол империясы ыдырағаннан  кейін әр ұлыс өз алдына  тәуелсіз мемлекетке айналды.

Осы кезде Крестшілер жорықтары мен Құлағу әскерлері ислам дініне жойылып кету қаупін туғызады. Осы жылдары «Түркілер империясы» атты империя құрылып, оны Сұлтан Бейбарыс билейді. Бұл тарихқа «мәмлүктер» деген атпен енді. Мәмлүктер Алтын Орда ханы Берке ханымен достық қатынаста болады. [8]

1262 жылы Әзербайжанды  Алтын Ордаға қосу мақсатымен  Құлағу әулетіне соғыс жариялайды. Екі мемлекет арасындағы ең  алғашқы ірі қақтығыс 1264 жылы  болады. Алтын Орда әскері толық  жеңіске жетті. Осы шайқастан  кейін Алтын Орда мен Құлағу  мемлекетінің арасындағы сауда  айналымы тоқтайды.

1265 жылы илхан  Құлағу дүние салады. Енді билік  оның баласы Абаға өтеді. Деректер  бойынша екі мемлекет арасында  достық қарым – қатынас орнаған  еді.

Осы уақытта Берке хан әскерін Кавказ жеріне қарай бағыттады. Ол бұл жерде көп уақытқа тоқтамады. 1266 жылы Берке хан Тибилисиден шыққан жолда дүние салды. Деректер бойынша оның денесін Бату Сарайға жеткізіп, сонда жерледі. Енді Алтын Орда тағына Менгу – Темір отырды.

Менгу – Темір – Тоқтайдың ұлы, Батудың немересі.оның есімі Алтын Орда тарихында тәуелсіз мемлекеттің бірінші әміршісі ретінде сақталды. Ол өз атынан ақша шығару арқылы, Алтын Орданың толық тәуелсіз екенін көрсетті.

Билік басына отырған соң, Меңгу – Темір Қырымға бас етіп Тоқа – Темірді отырғызады. Кейін ол Феодосияны басқаратын болады. Осы істері арқылы басқа елдермен сауда айналымын құрғысы келгенін көруге  болады.

Сол жылдары Алтын Ордадағы ең ықпалды тұлға түменбасы Ноғай еді. Ол Дунай мен Днепр арсында көшіп, Болгария мен Молдавияны бақылайтын. Сондай – ақ ол ықпалын Византияға да жүргізіп отыратын. Осыны пайдаланып, Менгу – Темір 1266 жылы Бұлғар хандығына жорық ұйымдастырып, онда екі жыл билік жүргізеді.

Информация о работе Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті