Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:16, курсовая работа

Краткое описание

Болашақ жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып, оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6
1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6
1.2. Кескіндеме өнерінің шығу тарихы.................................................................9
1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің дамуы..................................................10
1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11
ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ...................................................................15
2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15
2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

ІІІ. Сынып оқушыларының  

өз бетінше жұмыстары.         

               

        1-оқушы кескіндеме өнері туралы дайындаған баяндамасын ортаға шығып оқиды. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде  кескіндеменің мүмкіншілігі  зор. Бұл оның көп жанрлылығынан да байқалады (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы  т.б.). Арналуына, орындалу сипаты,бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар:

         1) Монументтік-сәндік кескіндеме. Бұған  қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), тұсқа (панно) салынатын суреттер. 

         2) Қондырғылы кескіндеме суреттер, картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланыстырылады.

        3) Сәндік суреттер. Театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, миниатюра т.б. Суреттің өңін  келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдісіне қарай  да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кекіндеме, фреска (көптеген сылаққа сулы бояумен салынады), секко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера (желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер). Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнекке сырды күйдіріп жапсырады),  силикаттық бояумен салынатын т.б. түрлері де бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын жасауда  акварель, гуашь, тушь, пастель молынан қолданылады.

         Кескіндемелік шығармалар, көлем кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндеме жанрында көптеген суретшілер жұмыс істеген. Қайта өркендеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Леонарда  да Винчи, Рафаэль, Тициан, Микеланжело, Паоло Веронезе, Боттичелли т.б.

          2-оқушы. Кескіндеме өнерінің натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, маринистік, батальдық жанрларына тоқталып, қысқаша оқып, оқушыларға түсінік береді.

          Натюрморт  – жансыз заттар мен бұйымдарды  үйлесімді етіп бейнелеген шығарма, «натюрморт» - француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат». Натюрморт алғаш рет ХУІІ ғасырда Голландияда пайда болған.

          Пейзаж  – табиғатты бейнелейтін шығарма. Пейзаж жанрында жыл мезгілдерін, таңның атуын, күннің батуын, табиғаттың өзгеруін, табиғаттың әсем сұлулығын бейнелейді. Кейбір суретшілер табиғатты нақтылы етіп бейнелесе, кейбіреуі суретшінің ойынан туындайды.  

         Портрет  – адамның бет-пішінін бейнеейтін  көркем шығарма. Портрет жанры өте ерте дамыған. Портретті жазу үшін суретші адамның сыртқы жағын ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білуі керек.

         Тарихи  жанр – белгілі бір оқиғалар  мен тарихи кезеңдер бейнеленген  көркем шығарма.

         Батальдық  жанр – соғыс оқиғаларын бейнелейтін  көркем шығарма.

         Маринистік жанр – теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.

         Анималистік  жанр – жан-жануарларды бейнелейтін  көркемдік шығарма.   

        3-оқушы. Кескіндеме  өнерінде еңбектенген «Қазақстан  еліндегі суретшілер» атты баяндаманы  ұсынады.

        Қазақстан еліндегі ең алғашқы суретші – Әбілхан Қастеев. Суретшінің әйгілі шығармалары «Амангелді Имановтың портреті», «Жас Абай», «Амангелді сарбаздары», «Ана» т.б. Ол картиналар Мемлекетік мұражайда тұр. Қазіргі Алматыдағы Мемлекеттік мұражай ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің атында.

         Қазақстан  еліне зор еңбек сіңірген суретші  Қнапия Телжанов. Қ.Телжанов 1928 жылы  өмірге келген. Ол Қазақстаннан  шыққан кәсіпқой суретшілердің  бірі болып есептелінеді. Суретшінің  Мәскеуде, Третьяков галереясында, Қазақстанның мемлекеттік мұраждайында көптеген еңбектері бар. Атап айтсақ, «Атамекен», «Көкпар», «Аңшы», «Жамал», «Жангелдиннің Ленинмен кездесуі» т.б. көптеген еңбектері Қазақстанның мәдениетінде өшпес құнды дүниелер болып есептелінеді.

          Біздің  Қазақстанда тек қазақ суретшілері ғана емес орыс  суретшілері де бар. Олар: Сидоркин, Д.Леоньев, М.Лизогуб, В.Толяков т.б. суретшілер.

ІУ. Сабақты қорытындылау:    Оқушылар өздерінің дайындаған

                                                     баяндамаларын оқып болған соң, әйгілі

                                                     суретшілердің шығармаларының

                                                     репродукциялары ілінген көрмемен  танысады.

                                                     Мұғалім ілінген суреттер бойынша түсінік

                                                     береді. Әр суретті көрсеткен  сайын шығу

                                                     тарихиы жайлы, авторын, шығарманың

                                                     аталуын, қай жылы жазылғанын айтып кетеді.

                                                     Оқушылар көрмеде суретшілердің  еңбектерін

                                                     көріп, өнер туралы түрлі кітаптар, фотосуреттер,

                                                     репродукциялармен танысады.

У. Бағалау:                                  Баяндама оқыған оқушыларды бағалау.

УІ. Үйге тапсырма:                    Кескіндеме өнері туралы өз бетінше оқып келу,

                                                     өзіне ұнаған жанрда сурет салып келу.   

 


Информация о работе Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары