Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:16, курсовая работа

Краткое описание

Болашақ жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып, оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6
1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6
1.2. Кескіндеме өнерінің шығу тарихы.................................................................9
1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің дамуы..................................................10
1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11
ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ...................................................................15
2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15
2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

           Портрет – адамның бет-пішінін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет жанры ерте дамыған. Портретті жазу үшін суретші адамның сыртқы жағын ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білуі керек.

         Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдерді бейнелеу.

         Батальдық жанр – соғыс оқиғаларын бейнелейтін көркем шығарма.

         Маринистік жанр – теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.  Анималистік – жан-жануарларды бейнелейтін көркемдік шығарма. 

         Бастауыш  мектепте кескіндеме өнерін оқыту  арқылы бейнелеу өнерінде төмендегідей міндеттер жүзеге асырылады:

  1. Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын кескіндеме өнерінің

шығармалары, шынайы заттар мен құбылыстар арқылы дамыту. Мұнда практикалық сабақтар мұғалімдерге көрнекі құралдарды дұрыс пайдалануға, оқушылардың арнайы білім, дағдыларын қалыптастыруға, оларды өз шығармаларында көркем бейнелер сомдауға ынталандыруға, қиялын ұштауға көмектеседі.

  1. Оқушылардың өзінің туған елі, халқының мәдениетіне және көркем

дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы мақсатта балалардың кескіндеме өнерінен көркем туындыларды, ең алдымен бейнелеу өнерін сапалы ұғынып, қабылдау деңгейін жоғарылатады.

  1. Кескіндеме өнерінің көркем туындыларын талдау мен түсінудің

барысында оқушыларды шығармашылық ізденіске ынталандыру мен шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық тұрғыда негізделген шарттарын жасау.

  1. Ұлттық дәстүр-салт, қолданбалы өнер, қол еңбегі, көркемдік кәсіп,

дизайн негіздері, әлем және Қазақстан мәдениеті бойынша факультативті сабақтарда білім беру, сондай-ақ өнерді тереңдетіп оқыту үшін жан-жақты теориялық және практикалық біліммен қаруландыру.  

         Мектептегі  бейнелеу өнеріндегі кескіндеме  өнерін оқыту бойынша тапсырмаларды  орындау мынандай әдіс-тәсілдер  позициясына негізделген:

  1. Оқушыларға кескіндеме өнерін үйрете барысында өзінің жеке тұлға

ретінде дамуы мен оның рухани әлемінің дамуын құрастырады.

  1. Оқыту мен тәрбиенің, дүние танымның оқушыда бейнелеу өнерінде

қабылдап алуда кескіндеме өнерінің өмір және шындықпен байланыстылығы.

  1. Кескіндеме өнеріндегі әрбір жанрлардың теория мен практикаға

және суреттердің шығармаларымен байланыстылығы.

  1. Бейнелеу өнері өзіндік білім беруде және тәрбиелеуде маңызды рөл

атқарады. Біліммен қамтылу шеберлігі мен эмоциялық қабыдаудың дамуы.

        Сонымен қатар, кескіндеме өнерін оқытуда, сурет салуда түрлі-түсті бояуларды қолданатын суретшіні – кескіндеме суретші деп атайтынын, ал оның шығармаларын кескіндеме (живопись) деп аталатыны түсіндіріледі. Суретші бояулармен жұмыс істесе, бояулармен жазады деп атайды. Суретшінің басты үш бояуы бар: қызыл, сары, көк. Бұл түстерді негізгі түстер деп атайды. Негізгі түстерді араластыру арқылы әртүрлі басқа түстер шығаруға болады. Мысалы: қызыл түспен сары түсті араластырғанда қоңырқай сары түс шығды. Көк пен қызыл түстер араласқанда күлгін түс пайда болады. Ал, сары және көк түстерді араластыру арқылы жасыл түс алынатынын ол бастан оқушыларға түсіндіріледі.

          Кейбір түстер бізге жарқыраған күнді, алаулаған отты, жаздың жадыраған күнін елестетеді. Бұл түстерді көргенде біз жылуды сезінеміз. Сондықтан да суретшілер оларды жылы түстер деп атайды. Бірнеше түстің үйлесімділігін бояу түсінің гаммасы дейміз. Суретте жылы түстер басым болса, онда жылы түстер гаммасы да жылы деп аталады. Ал, кейбір түстер бізге ызғарлы қысты, омбы қарды, ымырт шақ пен таңғы салқынды, мұздай суыз суды еске түсіреді. Бұл түстерден біз бой сергітетін салқындықты, тіпті суыз ызғарды сезінеміз. Сондықтан да суретшілер оларды суық түстер деп атайды. Суретте суық түстер басым болса, ол суық түстер гаммасы болып табылады. Бірнеше түстердің үйлесімділігі бояу түстері гаммасын құрайды. Шығарманың көңіл-күйі көбінесе бояу түстерінің гаммасына байланысты. Түстер гаммасы – кескіндемешінің негізгі әсерлегіш құралдарының бірі болып саналады.  Олардың көмегімен суретші өзінің және шығарма кейіпкерлерінің көңіл-күйін жеткізе алады.

           Бейнелеу  – бұл ең алдымен ой жүргірту. Кескіндемеге көшпес бұрын мұғалім  оқушыларға олардың сабақтағы  міндеті мен мақсатын анықтау  қажет. Натюрморттан бастап жазықтықта заттарды бейнелеуге, олардың көлемін түстермен анықтап беруге және материалдылығын білдіруге тырыстырту керек. Сондықтан да, кескіндемеге оқушыларды үйретуде суретті көрушіге тартымды әсер қалдыратындай материалдың бар мүмкіншілігін пайдалана отырып өң мен түс арқылы беруге үйрету. Сурет салатын оқушы үшін ең маңыздысы – түстерден гөрі өңді дұрыс көру. Сол үшін,  өңнен қателессе, түстік шешім жағы дұрыс болмайды. Өңді дұрыс қолдана алмаса, онда табиғаттың жалпы жағдайын, кеңістікті және материалдығын дұрыс беру мүмкін емес.   

          Кескіндеменің ең басты тапсырмаларының бірі – көркем шығармадағы жалпы өңді беру, жарық күшінің қараюы немесе ашықтау болуы. Жарық күші дұрыс табылғанда ғана суреттің кескіндемелік тұрғыдан жазылғанын атап айтуға болады. Мұғалім жалпы өз тарапынан оқушының көру қабілетін дамытуға тиіс. Кескіндеме жазуда ең бастысы – жалпы өңді дұрыс анықтау және негізгі байланыстырады дұрыс таба білу. Мысалы, табиғат көріністеріндегі өзара байланыста болатын жер және аспан. Жалпы өңнің дұрыстығы жұмыстағы жеткілікті айқындылықты және қажеттілікті егжей-тегжейіне дейін жазуды жеңілдетеді. Ал, негізгі істің мәнісі мұнда емес, нақтылы талдап суреттеу арқылы бір ортаға бағындыру қарастырылады.

         Сурет салуда  сызық әр алуан қызметтерді орындайды. Мысалы: бейнелеуші нәрселерді орналастыру кезінде және заттардың формасының құрылымын құрастыруда көмекші міндетін,  кеңістік формасын жарықпен шартты түрде орталық бөлігін анықтап беру қызметін, сәндік-қолданбалы өнердегі және графикадағы жазық беттерді, жазықтықтың тереңдігін, кеңістіктегі осы сызықтармен қарындаштың ізін батыл жүргізе отырып суретші жүзеге асырып орындайды. Сызық – көркемдік суреттеуде бейнелеуші құрал ретінде біріңғай сызба тәріздес болмауы керек, барлық бойында бірдей қалыңдық болуы қажет. Егер де, сызық суретте сым сияқты  болса, онда жұмыстың сапасы бүлінеді. Ол заттың сыртқы тұрпатын берумен шектелмейді және оның үш өлшемді көлемін анықтай алады.

         Штрих –  бұл біршама қысық сызықтар көмегімен, сурет кейпінің формасындағы өңге көңіл аудару. Штрихтармен айқындау сурет салушының шеберлігіне және оның оған ұнамды болуына қарай байланысты. Штрихтың қолдану тәсілі, көбінесе штрихтарды формасына қарай, заттың бет жағын, оның құрылысын, көлемін табу ерекше рөл атқарады. Сәуле мен көлеңке үйлесімділігі заттың бетіндегі жарықты белгілі бір дәрежеде көрсетеді. Сабақтарда  көркем туынды шығармаларының, көркемдік айқындаушы құралдар түс, жарық, дақ, түстік және жарық контрасы туралы оқушыларға толық мағлұматтар беру қажет.

          Түс – кескіндемеде ең негізгі көркемдік айқындаушы құралдарың бірі болып табылады. Әлемдегі бейнелеуші заттар түрліше өзіне тән қасиет және кескіндемедегі тұлғаның ерекшелігі түстердің қатынасы мен түстік реңтер арқылы беріледі. Әр түсте реңктердің бірнешеуі бар, оны анықтап шығару мүмкін емес. Қоршаған ортадағы табиғаттың көзтартар бояу байлығының қыр-сырын меңгеру үшін сол айналаға зер сала қарап үйренуге бейімделу қажет. Сол сияқты жағыс, түстік және жарық контрасы жайында да біраз ой-пікірлер айтып жеткізу қажет. Бояу түстері көп жайды аңғартады. Шығармалардағы бояу түстерінің үйлесімділігін көргеннен-ақ кескіндемеде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін ажыратуға болады. Түс сонымен қатар, тәулік мезгілін де білдіреді, таңертең, түсте, кешке немесе түнде айналадағы заттардың  түсі өзгеріп отырады. Суретшілер табығаттың бұл құбылысын да өз еңбектерінде әсерлі көрсетіп отырады. Сонымен қатар, түстер ауа-райының құбылуында білдіре алады. Шайдай анық ашық, жылы, тіпті ыстық не салқын, тымырсық, түнерген күндер болатынын сезуге болады.

 

 

2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме  өнерін оқытудың тиімді жолдары

         Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кейбір сипаттарына тоқталайық. Көп жылғы ұстаздық тәжірибелермен жинақталған бейнелеу өнеріндегі кескіндеме өнерін оқыту туралы кейбір ойлар мен оқытудың жолдары туралы ортаға салайық.

         В.В.Алексеева: «Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қан өкіну керек. Егер адам дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек. Өйткені, ол бала маңызды жалпы адамдылық негізден құр қалады», - деген болатын. Бала сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстркциялау т.б. үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен қатар, бейнелеу ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады.

        Бастауыш сынып  оқушыларының сурет салу кезінде  мұғалім оларға жазу үйрету  сияқты, қолынан ұстап, суреттің  контур сызықтарын, бояу түстері  мен түрлерін, қалай түс беру  қажеттігіне көмектесіп жатады. Бұл көмек қол саусақтарының қимыл-қозғалысына біршама серпін берсе де, баланың өз бетінше жұмыс жасауына кері әсерін тигізуі де мүмкін. Әсіресе оймен жасалатын танымдық іс-әрекет барысына теріс ықпал жасайды, себебі бала сурет салудың кезеңдерін, ережелерін толық ұқпайынша, оған қағаз бетіне сол суретті бейнелеу өте қиынға соғады. Бейнелеу өнері материалдарын игеріп, үйренуде сол матералдарды түсіндірмей, сөйтіп, балалардың санасына әбден сіңірмей тұрып, оларды бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға кірістіру – үлкен қателік. Мәселен, бала заттарды көруге, олардың пішіні, түсі, өлшемдік қатынасына көңіл бөлсе болады, ал сол заттарды бейнелеу немесе суретін салу оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай реттеледі. Себебі, бұл жағдайда педагогикалық процесс біржақты, әрі шала болып шығады. Бұл кезде оқушылар заттарды қабылдауды дамыту ғана  алға басады да, суретті қабылдау өспей қалады. Яғни, даму танымдық іс-әрекет тоқырап қалады. Еліктеу арқылы салынған алғашқы суретті түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар сыныптағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады. Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың жемісті, табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салып оның тиісті түсін келтіріп бояуда, мысалы зат формасына қарай оның тиісті түсін келтірмесе, оның дұрыс еместігін оқушы өзі түсініп жөндемесе немесе мұғалім өзі түзетіп берсе, онда оқудың бейнелеу өнері материалдарын меңгертудің пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шеше алмай тұрып, шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиянға соғады, тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтанда натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың формасы, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.

        Бастауыш сыныптарда  салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзін қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес. Бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушыларының сурет дәптерлерінде тау, өзен, ағаш, аспан, күн, бұлт, көбелек т.б. міндетті түрде кездеседі. Солардың ішінде таулардың салған суретін алатын болсақ, кейбір жағдайларда олардың формалары тік, үшбұрышты, өте үшкір ірі контур сызықтары түзу болып саналады. Бұл неліктен? Себебі, таулардың неғұрлым үлкен репродукциялық суреттері өте аз көрсетілген, екіншіден, мұғалім өзі сол таулардың бөлшектерін салуды көрнекі етіп тақтаға салып көрсетпеген, үшіншіден, табиғи тау мен суреттегі балалардың салған тауларының пішіндеріне, түстеріне салыстыру жұмыстары жүргізілмеген. Қайталау мен салыстыру және жаттығу – барлық игерілмегенді игертетін, меңгертетін тәжірибелік жұмыстар. Сондықтан, балаларға көбірек мән берілсе, оқушылардың табысты жұмыстар саны арта түседі. Сурет салу заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, балалардың қоршаған ортаның сан-алуандығын бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік береді. Себебі, бейнелеудегі негізгі талап – саналылық, әрі шынайылық болуы тиіс. Бала алғаш қарындаш ұстаған сәттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі қажет.

        Оқушылардың сурет салуында кескіндеме өнерінің қыр-сырын меңгерту, олардың танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер етуші негізгі міндеттер мыналар:

  1. Ойша талдауды дамыту: Бұл жүйелі жаттығулар арқылы заттардың

құрылымдық негізін ашып бере отырып, сол заттардың түс және рең белгілерін дұрыс анықтау. Оқушы танып білуге және шығармашылыққа қажетті затты, нәрсені немесе құбылысты санасында түсінуі тиіс.

  1. Қабылдаудың көлемді болуы. Дүниедегі заттардың бәрінің көлемі

бар, сондықтан іс жүзінде көлемдік ұғымдарды түсіндіріп, оқушыларға заттарды көлемді етіп көрсету, бейнелеуге үйрету қажет.

  1. Бейнелеудің тұтастығы болуы қажет. Суреттегі салынған бөлшектер

бір шешімге бағынуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының бұл бағыттағы іс-әрекеттері толыққанды болмаса да, жалпыдан жекеге қарай сурет салу, реңдік қатынасты дұрыс сақтау сияқты шарттарды меңгеруі тиіс.

  1. Суреттегі көңіл-күйді немесе мінезді көрсету. Бұл бастауыш мектеп

оқушыларында өзінше көрінеді, яғни кейбір детальдық бөліктерді мұғалім оқушыдан сұрап, оны түсіндіруін талап етуі мүмкін, өйткені үлкендер ондай бөліктердің сипаттамасын анық түсінбей қалуы мүмкін.

Информация о работе Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары