Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:16, курсовая работа

Краткое описание

Болашақ жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып, оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6
1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6
1.2. Кескіндеме өнерінің шығу тарихы.................................................................9
1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің дамуы..................................................10
1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11
ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ...................................................................15
2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15
2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Орындаған: 3-ШЗ-2-тобының

                                                                          студенті: _________________

                                                                                Қабылдады оқытушы:

                                                                                Бітібева Жаңыл Омарғалиқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен,2009 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6

1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6

1.2. Кескіндеме өнерінің шығу  тарихы.................................................................9

1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің  дамуы..................................................10

1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11

ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА  КЕСКІНДЕМЕ  ӨНЕРІН  ОҚЫТУДЫҢ  ТИІМДІ  ЖОЛДАРЫ...................................................................15

2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15

2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21

ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

ҚОСЫМША 1........................................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

         Болашақ  жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып,  оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі  тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген. 

         Бейнелеу өнеріне сурет, бояумен жазу – живопись, мүсін, қағаз қиындысынан жасалатын бейне – аппликация, қол өнері т.б. жатады. Білім және ғылым министрлігі тарапынан үлкен-үлкен талаптар қойылуда. Мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын пәндер тізімін алып қарасақ, оқушыға ең жақын, оның бойына өнерді сіңіріп, қалыптастыратын, өнегелі тәрбиеге баулып, жақсы мен жаманды ажыратудағы эстетикалық көзқарасына әсер ететін бірден бір пән, ол – сурет және бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің ішінде кескіндеме, яғни живопись өнерінің алатын орны өте зор.

         Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма, өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық ықзмет атқарады, адамға эстетикалық лаззат беретін құнды да әсем шығармаларды тудырады.

         Кескіндеме  дәуірінің рухани мазмұны мен  әлеуметтік бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Қазақтың ұлы жазушыларының бірі А.Байтұрсынов: «Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері», - деп кескіндемеге жоғары баға берсе, ал атақты суретші Микеленжело: «Сурет – живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп-тамыры және живопись түрлерінің жаны мен қайнар көзі», - деп айтқан.

         Кескіндеме  туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген  шындықтан тәлім алып, өзінше  қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтарды береді. Кескіндеме бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да, Н.Г.Чернышевский өнерді «Өмір мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік өткір тіл де жоқ. Ол көрерменді бірден баурап әкетеді.

         Кескіндеменің  данышпандық туындыларына азаматтың мәңгі  мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жағынан қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қыл қаламына ілінген бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.  

         Курстық жұмыстың мақсаты: Бейнелеу өнері сабағында  кескіндеме  өнерін  оқытудың  тиімді  жолдары анықтай отырып, оқушылардың икем дағдылары мен біліктерін дамыту, шығармашылық қиялдарын ұштау.

          Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Бастауыш мектеп оқушылары, мұғалімдері және олардың бірлесе атқаратын іс - әрекеттері.

          Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Бейнелеу өнері үрдісі.

          Курстық жұмыстың болжамы: Бейнелеу өнері сабағында  кескіндеме  өнерін  оқытудың  тиімді  жолдары анықтауда, мұғалім кескіндеме өнерінің түрлері және жанрларымен таныстыра отырып әдіс – тәсілдерін жүйелі түрде қолдана отырып, үйрету жолдарын жүйелі түрде түсіндірсе төмендегі жетістіктерге жетуге болады.

          1. Оқушылардың тұлғалық қасиеті дамиды.

    1. Заттың нұсқасына қарап мүсіндеуге дағдыланады.
    2. Заттың түсін, реңін дәл келтіре бояуға үйренеді.
    3. Ақыл – ойы, айналаны қабылдау қасиеті кеңейеді.

          5. Еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ашу, талпыну қабілеттері дамиды.

          6. Белгілі бір іс - әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.

    1. Ұлттың ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларын игереді.
    2. Жұмысқа деген дағды  мен шеберлік қалыптасады.
    3. Эстетикалық сезім және бағалай білуге үйренеді.

          Курстық жұмыстың міндеттері:

          1. Кескіндеме өнері шығармаларына байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысу.

          2. Кескіндеме өнерінің түрлері мен жанрларына анықтама бере отырып, оның ерекшелігі мен мүмкіндіктерін анықтау.

          3. Оқушылардың бойында эстетикалық сезімді қалыптастыра отырып, дағды мен икемді игерту жолын, әдісін анықтап, озат мұғалімдердің жұмыстарымен танысу.

        Курстық жұмыстың әдістері:

        1.Педагогикалық және психологиялық, өнер әдебиеттерін талдау.

         2.Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық іс – тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау.

        3.Әр түрлі әдістерді қолдану.

        Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспед, екі тараудан, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен, тіркемен тұрады.

   

 

 

І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік

          КЕСКІНДЕМЕ — живоп и с ь — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кеңеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді.

        Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

        Суретші кескіндік шығармасы арқылы заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің, қысқасы кең дүниенің сұлулыққа толы таңғажайып байлығын ашып бейнелеуге ұмтылады. Кескін дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеумен қатар, идеологиялық және танымдық қызмет атқарады.

            Кескіндеме тарихи, тұрмыс-салт, соғыс, пейзаж, портрет, натюрморт, тәрізді негізгі жанрларға, сонымен қатар орындау сипатына, арналуына, бейнелеріне қарай — монументті-сәндік (қабырға өрнек, плафондар, панно), қондырғылы (архитектуралық үйлесімге қатысы жоқ суреттер, яғни картиналар) және сәндік суреттер (театр мен кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін бейнелейтін суреттер), икон салу, миниатюра тобына бөлінеді.

          Кескіннің тағы бір түрі диорама мен панорама. Сондай-ақ, белгілі бір монументті туындының шешімін табуда мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.

          Суреттің өңін көлтіретін бояу түрлері мен оның салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары: майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), темпера (әртүрлі қосындыдан, яғни жұмыртқаның сарысы мен өсімдік шырынының қосындысынан немесе желім мен майды су ерітіндісіне араластыру арқылы т. б.), желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен, керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын суреттер болып жіктеледі.

          Кескіндемелік шығармаларды салуда акварель, гуашь, партель, тушь қолданылады. Суреттің мазмұнына қарай бояу түрін құбылту кескіндемедегі негізгі әдіс болып саналады. Әртүрлі бояулардың үйлесімін тауып, түсін құбылтудан барып кескіндеменің суретші қалаған нақышы шығады. Бір ғана түстегі бояумен реңін құбылту арқылы салынатын кескіндеменің түрін — монохромды кескіндеме деп атайды.

         Кескіндеме — тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олардың қатарына:

         1) монументті-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер);

          2) қондырғылы кескіндеме — суреттер, яғни картиналар;

          3) сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.).

           Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады. Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.

         Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар. Мозайка мен витраждарда кескіндемемен ұштасып жатады. Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушьта молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар ұзыншалай жатығынан бейнелеу, көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді.

         Кескіндеме шығармалары негізге (кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі.

          Кескіндеменің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты.

          Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі.

         Суреттің өңін  келтіретін  бояулардың түрлері мен оны салу әдісіне қарай  да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кекіндеме, фреска (көптеген сылаққа сулы бояумен салынады), секко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера (желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер). Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнекке сырды күйдіріп жапсырады), силикаттық бояумен салынатын т.б. түрлері де бар. Созайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, тушь, пастель молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар, көлем кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндеме жанрында көптеген суретшілер жұмыс істеген. Қайта өркендеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Леонарда  да Винчи, Рафаэль, Тициан, Микеланжело,  Паоло Веронезе, Боттичелли т.б.

Информация о работе Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары