Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:16, курсовая работа

Краткое описание

Болашақ жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып, оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6
1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6
1.2. Кескіндеме өнерінің шығу тарихы.................................................................9
1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің дамуы..................................................10
1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11
ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ...................................................................15
2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15
2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

          Сонымен, бастауыш сыныпта бейнелеу өнері пәнінде кескіндеме өнерін оқытуда, оның түрлері мен жанрлары арқылы оқушылардың бейнелеу іс-әрекеттерін, эстетикалық тәрбиесін, талғамын, қызығушылықтары мен ынтасын, бейнелеу іскерліктері мен дағдыларын, қиялын, бейнелі ойлауын, қабылдауын, шығармашылық қабілетін, танымдық іс-әрекетін арттыра отырып, бүкіл дүниетанымын дамытудың маңызы зор екендігін анықталды.

         Қорыта  келгенде, бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында кескіндеме өнерін оқытудағы жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысы 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсандағы көрсеткіштері төмендегіше болып шықты.

        Бұл диаграмма бойынша:

        Көк түс  – эксперимент сыныбы.

        Қызыл түс  – бақылау сыныбы.

ҚОРЫТЫНДЫ

          Кескіндеме — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кеңеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.           Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл обл.), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан обл.) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгір суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жанжануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады.

        Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40-8-мыңжылдық) жатыр. 19 ғасырда Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитекгурамен үңдестіру (негізінен, "модерн" өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық кескіндеменің техникасы жасала бастады.

        Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

         Суретші кескіндік шығармасы арқылы заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің, қысқасы кең дүниенің сұлулыққа толы таңғажайып байлығын ашып бейнелеуге ұмтылады. Кескін дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеумен қатар, идеологиялық және танымдық қызмет атқарады.

            Кескіндеме тарихи, тұрмыс-салт, соғыс, пейзаж, портрет, натюрморт, тәрізді негізгі жанрларға, сонымен қатар орындау сипатына, арналуына, бейнелеріне қарай — монументті-сәндік (қабырға өрнек, плафондар, панно), қондырғылы (архитектуралық үйлесімге қатысы жоқ суреттер, яғни картиналар) және сәндік суреттер (театр мен кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін бейнелейтін суреттер), икон салу, миниатюра тобына бөлінеді.

          Кескіннің тағы бір түрі диорама мен панорама. Сондай-ақ, белгілі бір монументті туындының шешімін табуда мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.

          Суреттің өңін көлтіретін бояу түрлері мен оның салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары: майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), темпера (әртүрлі қосындыдан, яғни жұмыртқаның сарысы мен өсімдік шырынының қосындысынан немесе желім мен майды су ерітіндісіне араластыру арқылы т. б.), желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен, керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын суреттер болып жіктеледі.

          Кескіндеме  өнерінің негізгі жанрлары:

          Натюрморт  – жансыз заттар мен бұйымдарды  үйлесімді етіп бейнелеген шығарма, «натюрморт» - француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат». Натюрморт алғаш рет ХУІІ ғасырда Голландияда пайда болған.

          Пейзаж  – табиғатты бейнелейтін шығарма. Пейзаж жанрында жыл мезгілдерін, таңның атуын, күннің батуын, табиғаттың  өзгеруін, табиғаттың әсем сұлулығын  бейнелейді. Кейбір суретшілер табиғатты нақтылы етіп бейнелесе, кейбіреуі суретшінің ойынан туындайды.  

         Портрет  – адамның бет-пішінін бейнеейтін  көркем шығарма. Портрет жанры  өте ерте дамыған. Портретті жазу  үшін суретші адамның сыртқы  жағын ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білуі керек.

         Тарихи  жанр – белгілі бір оқиғалар  мен тарихи кезеңдер бейнеленген  көркем шығарма.

         Батальдық  жанр – соғыс оқиғаларын бейнелейтін  көркем шығарма.

         Маринистік  жанр – теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.

         Анималистік  жанр – жан-жануарларды бейнелейтін  көркемдік шығарма.   

          Кескіндемелік шығармаларды салуда акварель, гуашь, партель, тушь қолданылады. Суреттің мазмұнына қарай бояу түрін құбылту кескіндемедегі негізгі әдіс болып саналады. Әртүрлі бояулардың үйлесімін тауып, түсін құбылтудан барып кескіндеменің суретші қалаған нақышы шығады. Бір ғана түстегі бояумен реңін құбылту арқылы салынатын кескіндеменің түрін — монохромды кескіндеме деп атайды.

         Кескіндеме шығармалары негізге (кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі.

          Кескіндеменің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты.

          Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі.

          Суретшілер замана талабын қанағаттандыратындай туындылар жасау үшін пластикалық жаңа арна, ұтымды тәсілдер іздестірді. Осы жаңа талап-тілекті айшықтайтын шығармалардың қайнар көзін бүкіл азамат мәдениеті жетістіктері мен дүние жүзілік өнердің жақсы дәстүрлерін зерттеп үйренуден және қазіргі қылқалам шеберлері жинақтаған мол тәжірибеден тапты.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Аубакирова Р.Ж., Абремская И.Б. Бейнелеу өнері. Мәтін (Әдістемелік құрал) /Алматы. – 2005. – 134 б.
  2. Әуелбеков Е.  Бейнелеу өнері және оқушылардың танымдық белсенділігі //Бастауыш мектеп. -2005. -№3. – 11-13 б.
  3. Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнерінің философиялық мәселелері /Алматы: Ғылым-Өлке. – 1998.-192 б.
  4. Байстенова А. Кескіндеме – өнердің нақ өзі //Бастауыш мектеп. -2007. -№2.7-8 б.
  5. Бейсенбаев Б. Бауырқыған бояулар. Эсселер мен сипатамалар /Алматы: Өнер. -1981.-152 б.
  6. Бөлеев Қ. Терең тәрбие тамыры // Қазақстан мектебі. – 1996. – 6.
  7. Есенғазиев  М. Бейнелеу өнері және эстетикалық тәрбие //Қазақстан мектебі. – 1999. -№2. – 43-44 б.
  8. Ералин К. Әуелбеков Е. Бейнелеу өнріндегі пәнаралық байланыс //Қазақстан мектебі. – 2008. -№1. -31-32 б.
  9. Кузин В.С. Методика преподования изоразительного исскуства в 1 – 2 классах. – Москва: Просвещение. – 1979.
  10. Қайырбаева Ұ. Жаңа буын оқулықтары бейнелеу өнерінде //Бастауыш мектеп. -2001. -№9. -54-57 б.
  11. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. – Алматы: Рауан. – 1995.
  12. Қоянғалиев Е. Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме өнерінен  әдістемелік жұмыстар //Қазақстан мектебі. – 1999.-№11.-28-30 б.
  13. Құндақбаев М. Мектепте бейнелеу өнерін ұйымдстырудың прогрессивті жолдары //Сыныптағы тәрбие.-2005. -№1.-5-7 б.
  14. Нүсіпбекова Н. Бейнелеу өнері. – Алматы: Аруна. – 2002. 
  15. Омарқұлова Қ. Бейнелеу өнерін шығармашылықпен оқытудың проблемасы. // Бастауыш мектеп. – 2006. – 8 – 9.
  16. Сағымбаев Ә. Кескіндеме өнерін оқытудағы шығармшылықты қалыптастыру //Бастауыш мектеп. -2003.-№9. -12-13 б.
  17. Сейдуалиева А. Бейнелеу іс-әрекетіндегі кескіндеме өнері //Бастауыш мектеп. – 2005. -№5. – 14-16 .
  18. Тілеуханов Н. Бейнелеуші және айқындаушы құрал тәсілдерін пайдалану //Білім. – 2001. -№1. – 14-17 б.
  19. Халықова Қ.З. Адам мәнінің бейнелеу өнеріндегі көрінісі. Мәтін. /Алматы.Білім жолы.-2004. – 30б.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 1

КЕСКІНДЕМЕ – ӨНЕРДІҢ НАҚ ӨЗІ

Сабақтың білімділік мақсаты: Конференция сабақ арқылы оқушыларға

                                                   кескіндеме өнері жайлы мағлұмат беру.

                                                   Бейнелеу өнері тарихын қозғап, сол дәуірдегі

                                                   ұлы суретшілердің шығармаларына  олардың

                                                   көзін қанықтыру, таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты:                  Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген

                                                   қызығушылығын оятып, батылдыққа,

                                                   икемділікке және ұлы суретшілердің

                                                   шығармаларын қадірлеп, сол әйгілі

                                                   адамдардан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты:                     Оқушылардың бейнелеу өнері түрлері туралы

                                                   білімдерін жүйеге түсіріп, шығармашылық

                                                   қиялын дамыту. 

Пәнаралық байланыс:              ана тілі, еңбек, дүниетану т.б.

Сабақта қолданылатын

құрал-жабдықтар:                     бейнелеу өнері жайлы нақыл сөздер, әйгілі

                                                    суреттер репродукциялары, бейнелеу өнері

                                                    салаларына байланысты кітаптар  және т.б.  

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылармен амандасып, тақырыпты хабарлау

                                          «Кескіндеме - өнердің нақ өзі»  конференциямызға 

                                          3 сынып оқушылары қатысды. Мұғалім  бейнелеу 

                                          өнеріне байланысты нақыл сөздерді оқиды.

 

ІІ. Негізгі бөлім:      

                             «Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін  суреттеп көрсету – кескіндеме  өнері»                                                  (Ахмет Бйтұрсынов)

                                «Сурет – живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп-тамыры және живопись түрлерінің жаны мен қайнар көзі».                                                                              (Микеленжело)

                                «Композиция – жанды етіп жазуды саналы негізі, соның арқасында көзге көрінетін әрбір заттың бөлшегі картинада жинақталған».

                                                                                                    (Л.Б.Альберти)

         Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты,кескіндеме идеологиялық және танымдық ықзмет атқарады, адамға эстетикалық лаззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Қазақтың ұлы жазушыларының бірі А.Байтұрсынов: «Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері», - деп кескіндемеге жоғары баға берсе, ал атақты суретші Микеленжело: «Сурет – живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп-тамыры және живопись түрлерінің жаны мен қайнар көзі», - деп айтқан.

         Кескіндеме  туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген  шындықтан тәлім алып, өзінше  қорытынды жасауына себепкер  болады. Сондықтан да кескіндеменің  қоғамдық тәрбиелік мәні зор  және ол деректемелік мағлұматтарды  береді. Кескіндеме бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да, Н.Г.Чернышевский өнерді «Өмір мектебі» деп бағалаған.

        Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Затытң сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік өткір тіл де жоқ. Ол көрерменді бірден баурап әкетеді.

         Кескіндеменің  данышпандық туындыларына азаматтың  мәңгі  мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жағынан  қалпында қалатындықтан нзарға  да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қыл қаламына ілінген бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. 

 

Информация о работе Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары