Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:16, курсовая работа

Краткое описание

Болашақ жас ұрпақты мәдениетке, ұлылыққа баулып, оларға жақсы тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге белгілі. Осы тұста бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері пәні басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Еліміздің жалпы білім беретін тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау деп көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА............................6
1.1. Кескіндеме өнері туралы түсінік....................................................................6
1.2. Кескіндеме өнерінің шығу тарихы.................................................................9
1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің дамуы..................................................10
1.4. Қазақстанның кескіндемешілері ..................................................................11
ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ...................................................................15
2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы кескіндеме өнерін оқытудың маңызы.........15
2.2. Бастауыш сыныпта кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары...........21
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

 

 

         

1.2. Кескіндеме өнерінің шығу  тарихы

        Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40-8-мыңжылдық) жатыр. 19 ғасырда Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитекгурамен үңдестіру (негізінен, "модерн" өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық кескіндеменің техникасы жасала бастады.

           19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырда дүние жүзі бойынша кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат.Америкасы елдерінде кескіндеменің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм кескіндемесінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), ішінара "модерн" кескіндемесінде де 20 ғасырға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады. 19 ғасырдың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа (қ. Абстракты өнер) айналды.

         1960 жылдардың орта шенінен Батыс Еуропа мен Америка кескіндемесі "топ-арттың" бір сала-сынық бөлігін құрады. 20 ғасырда монументтік-сәндік кескіндеменің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды. Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік кескіндемеде жаңа бояулар — Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органикалық бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.

1.3. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің  дамуы

           Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл обл.), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан обл.) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгір суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жанжануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады.

         Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен өрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 — 3 ғасырлар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 — 6 ғасырлар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиһаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады.

         Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше кескіндеме шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 — 12 ғасырлар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 — 15 ғасырлар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді.

          Сонымен катар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс, Кожа Ахмет Иасауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді. Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім.

 

1.4. Қазақстанның кескіндемешілері

          Қазақтан шықкан алғашқы кәсіби кескіндемеші — Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: "Сырымбет" (1850), "Сартайдың портреті" (1856), "Шақырьш бағандары" (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді.

           19 ғасырда қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: Б.Штернберг ("Түйе", "Киіз үй тұсындағы көрініс"), А.Горнович ("Ақмешітті алу"), А.Чернышев ("Қазақтардың көші", "Қонып жатқан қазақтар", т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып ("Аңшы қырғыз (қазақ)", "Лепсі даласындағы таулар", т.б.) басқаларға таныта білді. 1847-57ж. Т.Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты "Байғұстар", "Киіз үйде", "Мемлекет жұдырығы" деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі болды. 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Э.Кретеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби кескіндеме өнерінің тарихы 20 ғ 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті.

          Алғашқы қазақ кескіндеме мектебінің негізін салушы А.Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ кескіндеме өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Э.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қажықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960-70 ж. қазақ кескіндеме өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ. Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Анпющенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонпъев, Н.Нұрмүханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 — 90 жылдары қазақ кескіндемесінде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е. Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Тулкиев, Б.Түсіпова, т.б.) кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді.

            Профессионалды кескіндеменің Қазақстанда туып қалыптасуы мен даму жолы 20ғ 30 жылдарында басталады. 1933ж. алғаш рет Алматыда Қазақстан суретшілер одағының ұйымдастыру құрылысы, 1935ж. Қазақтың Мемлекеттік көркемсурет галереясы, 1938ж. Театр-көркем сурет училищесі ашылды. Суретші Н.Г.Хлудовтың "Киіз үй" (1891), "Тайынша мінген бала" (1907), "Тау өзені" (1933) шығармаларында қазақ халқының өмір-тіршілігі, тұрмыс-салты мен мекен-жайының көркем табиғаты өз бейнесін тапты. Алғашқы ұйымдастыру жылдарындағы көптеген қиындықтарға қарамастан, қазақтың бейнелеу өнері елімізде болған маңызды өзгерістерді бейнелеуге ат салысты. 30 жылдардағы кескіндемешілердің салған суреттерінде жаңа дәуірдің жарқын бейнесі Ф.И.Болкоевтың   "Қазақ  қыздары"   мен "Ертістегі көпір құрылысы", В.И.Антощенко-Оленевтің "Станокшы қыздары"  т. б. көрінді.

           Қазақстандағы бейнелеу өнерінің дамуы реалистік кескіндеме заңдылықтары мен тәсілдерін меңгеруге ұмтылған жас суретшілердің қатарын молайтты. Мысалы, А.Ташбаев "Автопортрет" (1930), Б.Сәрсенбаев "Бай" (1934) атты картиналарын сады. Осы жылдары қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан Ә.Қастеевтің акварельдік туындылары ("Мектепке", "Қызды еріксіз алып қашу", "Сатып алынған қалыңдық", "Колхоз тойы"; 1930 -1938) өмірге келді. Жаңадан құрылған республикадағы қарқынды құрылыстың екпінді әсері кескіндемешілерді еліміздегі осы дүбірлі өзгерістерден тыс қалдырмады. Москва, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Саратов, Новосибирск, Ташкент, Чебоксары сияқты ірі мәдени орталықтардан келген И.Рубен - Атырау облысы мұнай өнеркәсібінде, А.Радамовская — Көкшетау облысында, Р.М.Семашкевич — Риддер зауыдтарында, Ф.А.Модоров - Қарағанды шахталарында, Ю.А.Зайцев — Балқаш қаласының құрылысында, т. б. еңбек етіп, осы тақырыпқа қалам тартты. 30ж орта шенінде Қазақстан кескіндемешілерінің профессионалдық деңгейі артып, жаңа қалыптаса бастаған бейнелеу өнерінде өзіндік орнын тапты. Қазақстан суретшілерінің 1-съезінен кейінг қылқалам шеберлері туындыларынан бейнелі шешімге, жалпы бейнелеу өнеріндегі пластикалык, мәселелерді шешуге деген ұмтылыс байқалды: Қастеевтің "Амангелді портреті" (1940), "Торғай жорығы", А.И.Бортниковтың  "Д.Фурмановтың  Верныйдағы бүлікшілер алдында сөйлеуі", Л.П.Леонтеьевтің "Колхоз базары",  М.С.Лизогубтың "Ауыл пионері", О.Д.Кужеленконың "Тоқыма цехы" (1940ж).

       Ал, 40 жылдарда дүниеге келген көркемсурет туындыларына негізінен соғыстағы    адам    ерлігі    А.М.Черкасскийдің "Болашақ гвардияшылар комсомол жігіттер" (1942) мен "Днепр трагедиясы"  (1943),  Б.Ы.Урманченің "Мерген Н.Афанасьевтің портреті" (1942), Леонтьевтің "Кеңес Одағының Батыры Г.Шемякиннің портреті" (1948) т. б. арқау болды. 50 жылдардағы Ленинград, Москва, Харьков сияқты мәдени орталықтарда білім алған қазақ отандық жас кескіндемешілер ұлттық мәдениеттің жетістіктерін бейнелейтін тақырыптық картиналар жасады. Сондай-ақ кескіндеме саласының жанрлары да едәуір дамыды. Кескіндеменің озық классикалық үлгілеріне сүйенген қылқалам шеберлері нақтылы тарихи оқиғаларды суреттеуде өздеріне тән бейнелі-пластикалық тәсіл тапты. 50-60 жылдары Қазақстан кескіндемешілері шынайы бейнелеу дәстүрін ілгері жалғастыра отырып, замандастардың ішкі дүниесі мен көңіл-күйін тереңірек ашуға ден қойды. Осы тұрғыдан Черкасскийдің "С.Мұқановтың портреті" (1952), Нұрмүхамедовтың "Бульдозерші К.Ахунбеков" (1960), Г.М.Ысмайылованың "Қазақ вальсі", "Қазақ КСР-інің халық артисі Ш.Жиенқұлованың портреті" (1958), А.М.Степановтың "Суретші Р.В.Великанованың портреті" (1959), Шаяхметовтың "Балықшы қыз Сәуле" (1962) т. 6. туындыларын атауға болады.

         Бейнелеу өнерінде пейзаж бен жанрлы картиналарға да назар аударылды. Кескіндеме жанрларының жан-жақты дамуына байланысты әр суретшінің өзіне тән шеберлігі қалыптасып жетілді. Ұлттық нақыштағы қылқалам шебері Ә.Ысмайыловтың "Көртоғай" (1955) мен "Хан тәңірі" (1955) туындылары бейнелеу өнері тарихынан елеулі орын алды. Осы романтикалық шағын лирикалық сюжетті кең көлемді пейзажға ұластыруды қазақ суретшілері қатарынан алғашқылардың бірі болып іске асырған Н.Н.Таңсықбаев ("Қазақстанды аралағанда",1960), Ж.Шәрденов шығармашылығынан ("Зоопарк", "Қазақстанның орталық мұражайы";  1960) кескіндеменің эмоциялық бейнелеу өзінің табиғи өрісін тапты. Индустриалық пейзаждар көңіл-күй сезіміне (В.И.Крыловтың "Қарағанды магниткасында"1956; "Қарағанды құрылысында", 1985) толы болды.

           Кескіндеменің күрделі заңдылықтарымен қатар, халық ою-өрнектерін тиімді пайдалану С.Ә.Мәмбеевтың ("Қоныс аудару", 1959; "Біздің қалада", 196О) көрініс тапты. Өнердегі ұлттық ерекшеліктерге тән, зергерлік бұйымдарды бояу арқылы өңдеп құбылту А.Ғ.Ғалымбаева ("Дастарқан", 1959; "Бір кесе қымыз", 1967), Г.М.Ысмайылова ("Қымыз", 1966; "Халық шеберлері", 1967), Т.Әбуов ("Домбыра мен натюрморт", 1967; "Көктемдегі Алатау",1970) өз картиналарында нақышына келтірді. Өмірдегі қарапайым көріністердің маңызды жақтарын, адам мен табиғат бірлігін үйлестіре, сырлы сезімге бөлеуде С.Романовтың шығармашылығы ("Жайлау таңы", 1958; "Туған ел аспанында", 1970) ерекше көрінді. Замандастарымыздың салмақты да, салиқалы кескінін бейнелеген А.М.Степановтың "Ұсталар" (1980), "Жер планетасы адамы" (1970), А.Г.Школьныйдың "Шопандар" (1960), "Ана", "Алыстағы жайылымда" (1965) атты туындылары кескіндеме өнерінің өскендігін көрсетті.

 

 

 

 

ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА  КЕСКІНДЕМЕ  ӨНЕРІН  ОҚЫТУДЫҢ  ТИІМДІ  ЖОЛДАРЫ

2.1. Бейнелеу өнері сабағындағы  кескіндеме өнерін оқытудың маңызы

          Мұғалімнің  оқушыға бейнелеу өнерінде білім  беруіне бағытталған іс-әрекеттері  оларды бейнелеу өнеріне баули отырып, баланың белсенділігін арттыру бейнелеуге деген дағды мен шеберлігін қалыптастыру. Оларды сурет салу, жабыстыру, мүсіндеу, бояумен жұмыс істеуге үйрету тәсілі болып табылады. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің алуан түрін меңгеру жайында мағлұмат алу мәселесі қарастырылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларға бейнелеу өнерін оқыту – бұл оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырымен таныстырудың кейбір әдіс-тәсілдерін ашып беруде пән мұғалімінің біліктілігі аса қажет. Оқу бағдарламасында бейнелеу өнерінің өзінің нақтылы тапсырмалары қойылған. Оқушыларға элементарлық жүйеде реалистік сурет салуға білім береді. Суреттік талғам шығармашылық көзқарас, эстетикалық сезім, жақсы түсінушілік арқылы балаларды дамыту. Дамыту үшін өнерге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

         Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінің процестерінде оқушылар кескіндеме (живописьтік) және графикалық дағдыларын үйренеді. Заттарды аңғаруға, талдау жасауға және әлемдегі көріністерді болжауға үйренеді. Бұдан бейнелеу өнері жеке тұлғалардың қалыптасуына көмектеседі. Айта кетсек, оның бірі адамдардың көз бен есте сақтау процессі. Балалардың суреті, сурет салу процессі, бұл баланың рухани өмірінің бір бөлігі. Балалар қағаз бетіне қоршаған әлемді түсіріп қана қоймай, өздері де сол әлемде өмір сүреді. Сол өмірлерінің әдемілігіне тамсанады. 

          Оқушыларға нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің мүмкіншілігі  зор. Бұл оның көп жанрлылығынан да байқалады (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы  т.б.). Мектепте бейнелеу өнері сабағында оқушыларға кескіндеме өнері туралы білім мен дағды, икемділіктерді қалыптастару үшін, ол кескіндеменің арналуына, орындалу сипаты,бейнелеріне қарай бірнеше топқа бөлінетінін түсінідіріледі. Олар:

         1) Монументтік-сәндік кескіндеме. Бұған  қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), тұсқа (панно) салынатын суреттер. 

         2) Қондырғылы кескіндеме суреттер, картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланыстырылады.

        3) Сәндік суреттер. Театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, миниатюра т.б. Суреттің өңін  келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдісіне қарай  да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кескіндеме, фреска (көптеген сылаққа сулы бояумен салынады), секко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера (желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер). Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнекке сырды күйдіріп жапсырады),  силикаттық бояумен салынатын т.б. түрлері де бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын жасауда  акварель, гуашь, тушь, пастель молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар, көлем кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндеме жанрында көптеген суретшілер жұмыс істеген. Қайта өркендеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Леонарда  да Винчи, Рафаэль, Тициан, Микеланжело, Паоло Веронезе, Боттичелли т.б.

          Кескіндеме  өнерінің негізгі жанрлары:

          Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген шығарма, «натюрморт» - француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат». Натюрморт алғаш рет ХУІІ ғасырда Голландияда пайда болған.

          Пейзаж – табиғатты бейнелейтін шығарма. Пейзаж жанрында жыл мезгілдерін, таңның атуын, күннің батуын, табиғаттың өзгеруін, табиғаттың әсем сұлулығын бейнелейді. Кейбір суретшілер табиғатты нақтылы етіп бейнелесе, кейбіреуі суретшінің ойынан туындайды.  

Информация о работе Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары