Неологизмдердің аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 17:41, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;
- Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;
- Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Неологизмдерге жалпы түсінік
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны...........................................5
1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері.....................................6
1.3 Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістері...........9
2 Неологизмдерді аудару ерекшеліктері
2.1 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері................................................................15
2.2 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдерді аудару әдістері.......................................................................15
2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі...............................................................15
2.2.2 Калькалау әдісі.........................................................................................15
2.2.3 Транслитерация әдісі...............................................................................21
2.2.4 Аралас аудару әдісі.................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой неологизм.doc

— 205.50 Кб (Скачать документ)

The Watchwood we will call it. Not a squirrel will go here.

Олар Барлаушы орман болып аталады. Тап болған әрбір тиынды сол сәтте байқайды.

Snowmane -Ақжал сөзі -өте көркем аңның атауы. Сөз екі негізден snow -қар; ағарған, ақ және mane-жал құралған. Авторлар бұл сөзді калькалау тәсілімен аударған. Бірақ бірінші сөз snow -қар ретінде аударылмай «ақ» сөзімен алмастырылған.

Suddenly the king cried to Snowmane and the horse sprang away.

Бірде патша  Ақжалға айқайлады және содан  соң ол орнынан қозалды. Treebeard- Қарт ағаш сөзі таңғажайып халықтың басшысы, көсемі-басты ағаштың есімі. Ең қариясы болуына қарамастан ол өте батыл болатын. Неологизм екі негізден құралған: tree -ағаш, beard-сақал, беттегі өсінділер. Бірінші компоненттің аудармасынан аталған кейіпкерлердің ерекше тіршілік иесі екендігін байқасақ, екінші компонентінің аудармасынан кейіпкерді кәрі, өз ғасырын өмір сүрген,  қойған сақалының барлығы қария екендігін байқатады. Бірақ аудармашылар beard сөзіне мәтінге сәйкес «қарт» сөзімен алмастырад және орындарын ауыстырды.

Treebeard repeated the words thoughtfully.

Қарт  ағаш ұсынылған сөздерді асықпай ой елегінен өткізді.

Treebeard fell silent, striding along, and yet making hardly a sound with his great feet.

Қарт  ағаш үндемей қалып, адымды және дыбыссыз аттай басып, сонан соң қайта  былдырақтады

Wandlimb-Шыбықша неологизмі, кейіпкер есімі сөз екі негізден құралған: wand -сиқырлы таяқша; таяқша және limb -соңы, соңғы ретінде «шыбық» сөзі алынуы мүмкін, сондай-ақ қазақ тіліндегі кішірейткіш-сыпайылық жұрнағы –ша қолданылған. «Шыбықша» деген атау аудармашыларға қолайлы көрініп, кейіпкердің жұмсақ мінезді баязы екендігін көрсетті. Аудармада калькалау әдісі қолданылған.

…ah! The loveliness of Fimbrethil, of Wandlimb the lightfooted, in the days of our youth!

Біздің  жастық шағымызда жеңілаяқты Шыбықша  сияқты, менің Фимбретилиім секілді сұлу ешкім болмады.

Smalborrow- Үңгіршік неологизмі кейіпкердің есімі, екі негізден құралған; small -кішкентай, үлкен емес, кішігірім және borrow -үңгір, тесік. «Үңгір» сөзін калькалау әдісі арқылы өңделген, ал «small» сөзі қазақ тіліндегі кішірейтілген сыпайылық –шік  жұрнағы арқылы сөзден кейін қойылып өңделген.

«Hey, come here Smallborrow!» he called. «I want a word with you.» 

 «Ей, Үңгіршік, мұнда келші»-деп шақырды ол. -«Менің  саған әңгімем бар».

Frogmorton-Бақашық неологизмі жергілікті жердің атауы. Осы сөзді аударуда калькалау элементтері қолданылған, өйткені, frog-бақа мағынасын білдіреді. Шығарма мәтінінде бұл жергілікті жердің атауы болғандықтан аудармашылар алдында лайықты сөзқұрастыру міндеті тұрды. Осы сөздің аудармасы шығармадағы мәтіні мен ағылшын тіліндегі мәтінін бір-біріне сәйкес келеді.

As evening fell they were drawing neat to Frogmorton, a village right on the Road, about twenty-two miles from the Bridge.

Кешке таман алыстан көпірден жиырма екі  милл қашықта жол маңындағы ауыл - Бақашық көрінеді.

2.2.3 Транслитерация әдісі

 

Транскрипция  дегеніміз сөз мазмұнында дыбыстардың  берілуін айтамыз. Біз бұл сөздердің  дыбыстылуын білмегендіктен транслитерация негізінде келесі мысалдарды қарастырамыз.

Толкиеннің  неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында транслитерацияның бірнеше мысалы анықталды. Негізінен бұл жергілікті жердің және ертегі халықтың атауы. Мысал келтірейік.

Hobbiton-Хоббитания –Хоббиттер мекендейтін мемлекет. Осы сөзге аудармашылар транслитерация  элементтерін қосқан, өйткені қазақ тілінде дыбысталуына қарай елдің атауы қойылған, мысалы Дания, Ұлыбритания және т.б.

One of the first things done in Hobbiton,…

Хоббитанияда  жасалынған алғашқылардың бірі...

mumakil -мумактар сөзі әріптік берілулер арқылы аударылған халықтың атауы.

…the mumakil of the Harad dragging through the lanes amid the fires huge towers and engines.

...бұл хородримдік  мумактар отты алаңдарда алып  қамалдар мен қабырғалы сарайлар  салды.

Gorgun -горгундар, бұл да ертегі халықтың атауы.

Kill gorgun in woods,... You hate gorgun too.

Біз ормандағы  горгундарды атамыз. Саған да горгундар  жау.

Pukelmen-Пукколдар, бұл сөздің аудармасында функционалды алмастыру мен транслитерация әдістерінің элементтері бар ((men -көптік есімге ауыстырылған).

…and suddenly he remembered the Pukelmen.

...бір кезде  оның есіне Пукколдар түсті. 

Orcs -Оркилер, халықтың атауы.

…and spread stamping ruin among the orcs innumerable that guarded it,…

...сансыз топырлаған  оркилер...

Жоғарыда  аталған халықтардың барлығы  басты қаһармандық жауы болған. Келесі мысал:

Galenas -галенас, шығармада қолданылған емдік шөптің атауы, күш берумен жараланғандарды емдеуде қолданылған.

…and galenas by the noble, and other names in other tongues more learned…  ...ғалым галенас және басқа атаулар ең сирек кездесетін тілерде...

Rimmon -Римон және Druadan -Друадан екеуі де жергілікті жердің атаулары.

They went through Druadan to Rimmon with great wains.

Друадан мен  Римонға көптеген керуендер жүрді.

2.2.4 Аралас аудару әдісі

 

Windlord- Желаяқ шығармадағы көптеген батырлықтарға дайын кейіпкер. Неологизм екі негізден құралған, wind -жел, тыныс алу, бос сөздер, рух және lord -мырза, басшы, билеуші дегенді білдіреді. Сөздің бірінші бөлігі калькалау, екінші бөлігі функционалды алмастыру арқылы аударылған. Жел билеушілері сөзі шығарма мәтініне тура келсе ле, аудармашылар «Желаяқ» үлгісін қолданылған. Бірақ аталған кейіпкер желмен күреспеген, шығарма аудармасы бойынша бағыттағы жел бойынша ұшып жүрген, сонықтан Жел билеушісі деген атау тура келмес еді.

The came Gwaihir the Windlord,… who built his eyries in the inaccessible peaks of the Encircling Mountains when Middle-earth was young.

Аяқ жетпейтін  Шеткі таулардағы ұяларды бұзған Гвангир Желаяғы, Жер ортасы әлі  жас кезінде пайда болды.

Mirkwood- Ызалы орман шығармадағы қараңғы және қорқынышты мекеннің атауы. Сөз екі негізден құралған, mirk = murk – n қараңғы, түнек және wood -орман, тоғай, ағаш. Сөздің екінші компоненті калькалау тәсілімен аудрылған, ал аудармада бірінші компонентке функционалды алмастыру әдісі пайдаланылған.

There was songs about the hunt … sung among Elves and Men from Mirkwood to Gondor.

Ол туралы көптеген өлеңдер бар: Ызалы орманнан Гонодорға дейін адамдар да, эльфтер  де оларды айтқан.

                                                                                       

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

«Неологизмдерді аудару ерекшеліктері»  тақырыбы тіл ғылымында, аударма ісінде өте аз  зерттелген. Курстық жұмысты жазу барысында тақырыпты барынша терең, әрі түсінікті етіп талдау жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысымызды  қорытындылай келе, төмендегідей түйіндер жасауға болады: 

Тіл-тілде  жаңа пайда болған және оның жаңа сөз  екендігі аңғарылып тұратын лексика  қабатын неологизмдер деп атайды.

«Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі түрлі көзқарастарды байқауға болады.  Бірінші «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді.

Неологизм сөзін  грек тілінен аударғанда — тілдегі  жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды  білдіреді.

Ағылшын тілінде  жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына:

- жаңа сөзөнімділігі;

- сөзқұрау;

-конверсиялық (өзгерту),

- қысқарту,

- адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы) кері сөз құрылымы;

- лексико- семантикалық тәсіл;

 

- дыбыстардың кезектесуі;

- сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т.б.жатады.

Сондай-ақ неологизмдерді аударудың бірнеше әдіс-тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастырдық. Айтылған әдістерге төмендегілер жатады:

Неологизмдерді  жеткізудің квазиаударымсыз әдісі;

  • Транслитерация әдісі;
  • Транскрибирлеу әдісі;
  • Калькалау әдісі;
  • Сипаттамалық баламалар әдісі;
  • Келтірмелі аударма әдісі;

Сипаттамалық  баламалар неологизмдерді жеткізудің калькаланбайтын әдістеріне жатады, калькадан айырмашылығы, сипаттаушы әдістерде неологизмдерді жеткізуде  аударудың нұсқасы болып сөздің ішкі құрылымына байланыссыз.

Келтірмелі  аудармада ығыспалы мағыналы баламалар  жиі кезедседі, бұл келтірілу  әдісі аударылатын тілде тиісті сәйкес мағынасы табылмаған жағдайда қолданылады.

Ал курстық жұмыстың екінші бөлімінде Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдерді аудару жолдарын қарастырдық. Осы бөлімде авторлық неологизмдерді қолдану жолдарына қарай сөздің жасалу және аудару әдістері қарастырылды. Сөздердің мәнін ашу үшін Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Rings» трилогиясынан мәтіндік үзінділер келтірілді.

Авторлық  неологизм күнделікті тілдік құбылыс  ретінде қабылдануы тиіс. Бұл сөздердің  сөздік құрамында да кездеспесе де аудармашылық тәжірибе арқылы аударылып  жатқанда жаңа сөздердің лексикалық құрамды толтыруға үлкен үлес қосуда. Жаңа сөзді білдіруді және жеткізудің түрлі әдіс-тәсілдері арқылы қарастыру керек.

Сонымен ағылшын  тілінен қазақ тіліне неологизмдерді аудару процессі екі кезеңнен өтеді:

1. Неологизмнің  мағынасын анықтау (аудармашы  соңғы баспамен шығарылған ағылшын энциклопедиялық сөздігін пайдаланады. Немесе мәтінді ескере отырып жаңа сөздің мағынасын анықтау).

2. Қазақ тілі  құралдарымен жеке аудару (жеткізу), әсіресе: транскрипция, транслитерация, калькалау, бейнелі аударма, функционалдық  алмастыру және аффиксті әдістер.

Толкиеннің  неологизмдерін зерттеу барысында  неологизмнің пайда болуына әсер ететін кең тараған және өнімді әдістер  мыналар: сөз қосу, пайда болудың  аффиксті әдісі және семантикалық неологизмдердің  қалыптасуы.

Толкиеннің  авторлық неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында қазақ тілі сөзінің ағылшын тіліне сәйкес келгенін бірнеше рет дәлелденді.

Аудару барысында  жиі қолданылғаны – функционалды алмастыру әдісі (Burrows), себебі авторлық неологизмдерге аударма тілінде  сәйкестік табу өте қиын. Одан соң транскрибирлеу және транслитерация әдістері, сондай-ақ неологизмдерді жеткізудің таптырмас әдісі калькалау (Watchwood – Барлаушы орман, Snowmane -Ақжал), кеңінен қолданылды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
  2. Әлісжанов С. Қ. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе. Астана, 2005.
  3. Қайдар Ә.  Терминнің үш тұғыры // Қазақ терминографиясының өзекті мәселелері (республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары).  Астана, 2004.
  4. Ілеспе аударма. Алматы: «Ғылым» баспасы, 2007 ж.
  5. Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма психологиясы және мәдениеті. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы 2005 ж.
  6. Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма әлемі Алматы: «Қазақ университеті» баспасы 2007 ж.
  7. Иманасова Ж. Аударма - астарлы өнер немесе қос тілді жетік білу қажеттіктері/ Ж. Иманасова //Ақиқат. - 2008. - №4 . - 34-38б.

Сөздіктер тізімі

 

  1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (неологизмдер) 25-том . Алматы: «Рауан», 2000.
  2. Longman. Dictionary of contemporary English.
  3. Russian dictionary; Oxford, 2000

Тәжірибелік материалдар  әдебиетінің  тізімі:

 

  1. J. R. R. Tolkien The Lord of the Rings, Part I, М., 2002
  2. J. R. R. Tolkien The lord of the rings, Part II, HarperCollinsPublishers, 2001
  3. J. R. R. Tolkien The lord of the rings, Part III, HarperCollinsPublishers, 2001



Информация о работе Неологизмдердің аудару ерекшеліктері