Неологизмдердің аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 17:41, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;
- Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;
- Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Неологизмдерге жалпы түсінік
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны...........................................5
1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері.....................................6
1.3 Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістері...........9
2 Неологизмдерді аудару ерекшеліктері
2.1 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері................................................................15
2.2 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдерді аудару әдістері.......................................................................15
2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі...............................................................15
2.2.2 Калькалау әдісі.........................................................................................15
2.2.3 Транслитерация әдісі...............................................................................21
2.2.4 Аралас аудару әдісі.................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой неологизм.doc

— 205.50 Кб (Скачать документ)

Калькалау баламаны құраушы әдіс ретінде дәлме-дәл  аударумен туыстас, бүтін баламасы құраушы бөліктерінің баламаларын  қарапайым жолмен қосу арқылы құралады. Осыдан келе, калькалауға күрделі сөзден жасалған неологизмдер келеді. Мысалы  үшін multicurrency сөзі multi және currency сөздерінен құралған, ал әрқайсысы жеке-жеке «көп» (көптік мағынаны білдіретін жұрнақ) және «валюта» болып аударылады, ал екеуін қосқанда «көпвалюталы» сөзі шығады; немесе interbank (market) = inter- ("аралық-") + bank ("банк") – "банкаралық (нарық)".

Калькалау әдісінің артықшылығы болып оның көмегімен  алынған баламаның қарапайым  және қысқа болуы, оның түпкі сөзге  қатысты болуы, толық ұқсастыққа дейін баруы табылады. Қысқалық пен әсерлі терминологиялық қасиет оларды газеттерде,  публицистикалық және қоғамдық-ғылыми жұмыстарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Сипаттамалық  баламалар неологизмдерді жеткізудің калькаланбайтын әдістеріне жатады, калькадан айырмашылығы, сипаттаушы әдістерде неологизмдерді жеткізуде аударудың нұсқасы болып сөздің ішкі құрылымына байланыссыз,  тек қана шет тілдік бірліктердің мағынасы қолданылады, ал сол уақытта калькалауда аударудың нұсқасы болып шет тілдің бірлігінің пішіні саналады, ал мағыналық жағы жақша ішінде қалып қояды.

Сонымен неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздерін қорытындылай келе төмендегідей түйіндер жасаймыз:

Тіл-тілде  жаңа пайда болған және оның жаңа сөз  екендігі аңғарылып тұратын лексика  қабатын неологизмдер деп атайды.

Неологизм сөзін  грек тілінен аударғанда — тілдегі  жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды  білдіреді.

Аудару барысында  неологизмдерді анықтаудың келесі әдістерін  жеке-жеке қарастырдық: неологизмнің мағынасын анықтауда сөздікті пайдалану, неологизмнің мағынасын контекстен анықтау, неологизмнің мағынасын анықтау үшін құрылымын талдау.

Тіларалық байланыстар  барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше жолдары айтылды: квазиаударымсыз  әдісі, транслитерация әдісі, транскрибирлеу әдісі.

 

 

 

 

 

 

2 Неологизмдерді аудару ерекшеліктері

 

Бұл бөлімде  авторлық неологизмдерді қолдану жолдарына  қарай сөздің жасалу және аудару әдістері қарастырылған. Сөздердің мәнін  ашу үшін Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Rings» трилогиясынан мәтіндік үзінділер келтірілген. Талдау жасау мақсатында сөздікпен сәйкес келетін сөздер таңдалып, түрлі аудармашылардың еңбектері көрсетілген, сондай-ақ барлық аллюзиялар мен ассоциациялар қарастырылған.

2.1 Д. Р. Толкиеннің  “Сақина әмiршiсi” трилогиясында  авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері

Толкиеннің  неологизмдерін зерттеу барысында  неологизмнің пайда болуына әсер ететін кең тараған және өнімді әдістер  мыналар: сөз қосу, пайда болудың  аффиксті әдісі және семантикалық неологизмдердің  қалыптасуы.

Сөз қосу әдісі арқылы жасалуы.

Мысалы, Snowmane сөзі - snow  және mane екі сөзінен, Wormtongue сөзі worm және tongue сөздерінен, Watchwood сөзі watch және wood сөздерінен, Windlord  сөзі wind және lord сөздерінен, Quickbeam сөзі quick және beam сөздерінен құралған. Және тағы басқалары оларды аудару барысында сипатталады.

Аффиксті  әдісі.

Толкиеннің  «The Lord of the Rings» трилогиясында неологизм дердің құрылу әдістерінің ішінде сөз қосудан кейінгі екінші орында тұрады. Мысалы, Bywater сөзінде water сөзіне by бастама сөзі жалғанған. Halfling сөзіндегі–ling жұрнағы кішкентай мақұлық дегенді білдіреді. Easterlings және тағы басқалары.

Семантикалық  неологизмдердің қалыптасуы.

Жоғарыда  аталғандай, семантикалық неологизмдер- бұл барлық сөздіктерде мағынасы айтылған  неологизмдер, ал бірақ Толкиеннің шығармасында басқаша мағынаға ие. Толкиеннің неологизмдерін зерттеу барысында сондай бірнеше неологизмдер байқалды. Мысалы, Men – басшылар, Hill – Жарқабақ, Bag End – Дорба.

2.2 Д. Р. Толкиеннің  “Сақина әмiршiсi” трилогиясында  авторлық неологизмдерді аудару әдістері

 

Толкиеннің  неологизмдерін зерттеу барысында  авторлық неологизмдерді жеткізудің ең тиімді тәсілдері анықталды, олар: функционалды (қызметтік) алмастыру, калькалау, транскрипция және транслитерация. Осы тәсілдерді тереңірек қарастырайық.

       2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі

 

Wormtongue-Шіріксөз неологизмін алайық, бұл сатқын, оңбаған, ұрланған байлықты өзіне алғысы келген кейіпкердің есімі. Сөз екі негізден құралған: олар- worm –жауын құрты, құрт, төмен саналы адам және tongue -тіл, сөйлеу мәнері. Авторлар бұл сөзді аударудың дұрыс үлгісін функционалды алмастыру арқылы ұсынады: tongue -құрт, төмен саналы адам мағынасын-шірік, жиіркенішті сөздерімен алмастырып, бұл сөз әрдайым өзін ақтау мақсатында жиіркенішті заттарды айтатын адамды сипаттауда қолданылады.

Think you that Wormtongue had poison only for Theoden’s ears? …Saruman spoke them, the teacher of Wormtongue.

Сенің ойыңша Шіріксөз Теоденнің тек естуін ғана улады ма? Оларды Шіріксөздің ұстасы Саруман айтты.

Saruman turned to go, and Wormtongue shuffled after him.

 Шіріксөз Саруманның артынан шапты.

Sandyman -Құмтық сөзі екі негізден құралған, sand-құм, қиыршық тас немесе sandy -шекер, құмды және man -еркек, адам. Соңғы құрамдас бөлігінен бұл кейіпкердің есімі екендігі анықталады. Аудармада осы сөздің оқылу барасында оқырман кейіпкер туралы теріс пікірде қалуы мүмкін, өйткені «тық» сөзі аударма барысында оқырманға сондай сезімдерді тудыртады. Шынында да аталған кейіпкер-сатқын, көптеген бақытсыздықтарға айыпты адам. Аудармашылар функционалды алмастырудың көмегімен лайықты үлгідегі пікірлер қалыптастасады.

But see here, Master Sandyman, I have a score to pay in this village, and don’t you make it any longer with your jeering, or you’ll foot a bit too big for your purse.

Құмтық мырза  бірақ сіз есте сақтаңыз, мен сізбен есеп айырысу үшін қайтып келгенмін, тіс қайрайтын болсаңыз-сізбен де есептесеміз; бұл сізге қымбатқа түседі.

Bracegirdle - Месқарын кейіпкерлердің бірінің есімі, екі негіз сөзден құралған, ол brace – n (support) және v (make fast) ызыңдау, ысқыру, v to make smth stronger by supporting it; n smth that is used to strengthen, stiffen or support smth және girdle – n (belt)-белбеу; қоршаған деген сөздер. Бірақ аудармашылар функционалды алмастыруды қолайлы деп санаған сияқты. Өйткені, шығарма мәтініндегі кейіпкер өте қатал кісі іспеттес, оның белбеуі қарнын ұстап тұруға арналған дегенді білдіреді.

For the collection of Hugo Bracegirdle, from a contributor; on an (empty) book-case. Hugo was a great borrower of books, and worse than usual at returning them.

«Толықтырушыдан Гуго Месқарынның кітапханасын толықтыру  үшін» - кітап сөресі (бос). Гуго бөтен  кітаптарды оқуды жақсы көрді  және оларды қайтаруды ойына да алмады.

Quickbeam - Шапшаңбек неологизмі жүріп, сөйлей алатын таңғажайып, ірі ағаштың есімі. Екі негізден құралған quick -тез, жүйрік, жылдам, жанды, аңғарғыш, пайымды, тапқыр және beam – жылға, діңгек, белағаш, сәуле, жарқырау. Аудару негізінде екінші құраушысы beam сөзінің аудармасы ретінде жылға, діңгек, белағаш сөзі алынған. Бірақ аудармашылар кейіпкердің сыртқы белгілерін жеткізу үшін функционалды алмастыруды қолданған.

Quickbeam bowed like a tree bending in the wind and handed to Aragorn two great keys of intricate shape, joined by a ring of steel.

Жел үстіндегі  ағаш іспеттес Шапшаңбек иілді де, Арагорнға темір сақинаға тағылған екі әшекейлі кілтті берді.

Flourdumpling - Бауырсақ неологизмі кейіпкерлердің біреуінің есімі, екі негізден құралған, - flour-ұн, ұнтақ және dumpling-алма, қамырға оралып пісірілген, қортық. Сөз өте жақсы үлгіде аударылған, өйткені сол сөздің аудармасы шығарма кейіпкерінің сыртқы келбетіне, бейнесіне сәйкес келеді. Аталған кейіпкер кішкентай бойлы адам, томпақ болған, dumpling-сөзі қортық деген мағынаны береді. Ожегова сөздігінде «пончик» сөзі майда қуырылған домалақ бауырсақ мәнін береді. Мұнда толық, семіз бала немесе әйел туралы айтылуда. Аудармада функционалды алмастыру тәсілі қолданылған.

They took old Flourdumpling… 

Қария бауырсақты алды.

Lockholes - Түзетапан неологизмі сөзқұрау әдісі арқылы, екі негіздің қосылуынан пайда болған, олар lock-сарай, қамал және hole-тесік, жыртық, үңгір. Аударма үшін аудармашылар функционалды алмастыруды қолданылған. Шығарма мәтіні бойынша бұл жерде айыпты хоббиттерді өз қателіктерін қайталамау мақсатында ұстап отыратын жер. Аударма бойынша бұл сөз жер астында жасалған бөлме деген мағына беріп тұр және функционалды алмастыру көмегімен аударылған.

Old Will Whitfoot had been in the Lockholes longer than any,…

Вил Таптатабан қария Түзетапан жерінде барлығынан да көп отырды.

Skinbark-Белтамыр неологизмі ғажайып кейіпкер –ағаштың есімі. Сөз екі негізден құралған; skin-тері, сыртқы қабық, қабық және bark -қыртыс (ағаш). Бұл сөздің мағынасына қарай синоним екендігі көрініп тұр. Бірақ аудармада қазақ тіліндегі «тамыр» сөзі қарама-қарсы мәнге ие. Егер «қыртыс» жер бетінде болса және көрініп тұрса, «тамыр» жер астында көрінбей тұрады. Аудармашылар функционалды алмастыру тәсілін қолданды.

Skinbark lived on the mountain-slopes west of Isengard. That is where the worst trouble has been.

Белтамыр  Изенгардтан батысқа қарай тау  шатқалдарымен сүйсінді, айту керек, ең сенімсіз мекендер.

Bywater-Жағалау сөзі шығармадағы жергілікті жердің атауы. Бұл неологизм жасалу жолының аффиксті әдісімен қалыптасқан. Автор аталған сөзді by-аффиксінің көмегімен құрастырып, нәтижесінде water-су сөзіне мәні жақын екендігін жеткізеді. water-сөзін аудару үшін аудармашы функционалды алмастыру әдісін пайдаланды: «су»-«өзен» болуы да мүмкін.   

But I would dearly like to see Bywater again,… 

Жалғыз өкініштісі, мен енді Жағалауды көре алмаймын...

Halfling -Кішкентай неологизмі хоббитттер арасындағы кейіпкерлерді атаған Хоббиттер-аталған шығарма авторының ойынан құрастырылған өте кішкентай ғажайып адамдар.

Аталған неологизм  сөз қосудың аффиксті тәсілімен  жасалынған.

ling -жұрнағы  ағылшын тілінде кішкентай жәндік  дегенді білдіреді. 

half -сөзі –бір  нәрсенің жартысы деген мән  береді.

Аудармашылар  аталған сөзді аудару барысында  функционалды алмастыруды қолданған, «Невысоклик» сөзі –кейіпкердің кішкентай адам  екендігін білдіріп тұр.

And what of the king’s esquire? The Halfling?

Анау кішкентайға, патша эксвайрына не болды?   

Easterlings-Шығыстықтар аталған шығармадағы басты қаһарман кейіпкерлердің қарсыласы шығыста мекендейтін халықтың атауы.

east-шығыс сөзінен  шығуы мүмкін, себебі Easter-сөзі Пасха  мәтініне тура келмейді. Бұл жағдайда er -суффиксі әрекет субъектісін  көрсетсе, ling -суффиксі –кішкентай  жәндік дегенді білдіреді, сәйкесінше  ағылшын тіліндегі көптік жалғауы- s. Бірақ аудармашылар осы сөздің екінші негізін пайдаланбайды. Сонда да аудармасы «шығыс» сөзімен сәйкес дыбысталып, аудармада функционалды алмастыру тәсілі қолданылады.

The host of Easterlings had turned back out of Anorien,…

Шығыстықтар Анориэннен шабуыл жасай бастады....

Underhill-Беласу неологизмі кейіпкердің есімі, сөз қосудың аффиксті әдісімен жасалған. Ағылшын тіліндегі under-астында, төменгі деген мағына береді. Жоғарыда аталған қосымша зат есім hill -шатқал, көтеріңкі жер сөзіне жалғанған. Бұл сөзді сөзбе-сөз аударатын болсақ онда «тау астында», «тау беткейінде» дегенді білдіреді. Бірақ аудармашылардың алдында меншіктік қасиетті қалыптастыру міндеті тұрды. Аудармашылар функционалды алмастыру әдісін қолданған.

I will give you a traveling name now. When you go, go as Mr. Underhill.

Қарашы, мен  саған басқа есім ойлап табайын. Сен Беласу болып аталшы.

        Семантикалық неологизм - Men - Басшылар. Ағылшын тілінің кез-келген сөздігінен бұл сөзді табуымызға болады. Бұл көптік зат есім- man сөзінен шығып, адам; еркек; адамзат; қызметкер; pl -әскерлер, қатардағы теңіз әскердері; күйеу дегенді білдіреді. Аударма барасында авторлық неологизм функционалды алмастыру тәсілі арқылы «Басшылар» болып алмастырылған Ожегованың сөздігінде «басшы» -белгілі бір нәрсені басқарушы, меңгеруші, қызметкерді айтамыз. Осылай аударуына қарағанда аудармашылар ер кісіні-күшті жыныс иесі деп санап, сондықтанда басшы бола алады деп есептеген болар.

The Chief doesn’t hold with beer. Leastways that is how it started. But now I reckon it’s his Men that has it all.

Генералиссимус  сыра ішпейді, басқаларға да ішкізбейді. Сол себептен сияқты. Бірақ сыраны қазірде ашытады, тек Басшылар үшін ғана.

Семантикалық  неологизм Hill - Жарқабақ, шығармадағы жергілікті жердің атауы. Ағылшын тілінің барлық сөздіктерінде hill -шатқал, көтеріңкі аймақ дегенді білдіреді. Толкиеннің «The Lord of the Rings» шығармасында бұл сөз «Жарқабақ» мағынасын береді. Аудармада функционалды алмастыру әдісі қолданылған.

…new holes were dug in the southward face, back into the Hill, and they were lined with brick.

Жарқабақтың оңтүстік бөлігінде жаңа үңгірлерді қазып алды және оларды кірпішпен  бөліп қойды.

Bag End-Дорба семантикалық неологизмі-Хоббиттер мекендейтін ел Хоббитанияның бір бөлігінің атауы. Аудармашылар функционалды алмастыруды қолданды, өйткені «bag» -қапшық, сөмке, чемодан болса, Ожегова сөздігінде «торба» -қапшық мағынасын білдіреді.

…before even the removal of the new mill, was the cleaning of the Hill and Bag End,… 

Жаңа диірменді сүруге үлгірмей тұрып, Жарқабақ пен Дорбаны тазалауға кірісті..

Shire -Хоббитания  сөзі Хоббиттер мекендейтін елдің  екінші атауы. Мюллердің ағылшын-орыс  тілі сөздіктерінде shire-графтық  деген сөз, бұл сөзді калькалаудан  өтіп, оны «Шир» ретінде қолдануға болар еді. Бірақ аудармашылар аударма оқырмандарын шатастырмау мақсатында аудару барысында функционалды алмастыру әдісін қолданды.

May the Shire live for ever unwithered!

Хоббитания  ғасырдан ғасырға гүлдене берсін!

 

2.2.2 Калькалау әдісі

 

Watchwood - Барлаушы орман сөзі екі негізден құралған: watch - n , 1) көңіл, бақылау, аңду; 2) вахта; 3) қарауылдау, қарауыл; в), 1) аңду, көру; 2) қарауылдау, күзету; 3) қарауылдау, сақтау және wood – n -ағаш, орман, тоғай. Шығармада жергілікті жерді зерттеген бір топ адамды аудармашылар осы сөзді сөз тіркесі арқылы аударған және аудармада калькалау әдісін қолданған. Егерде сөз қосу әдісі арқылы аударса «Барлауорман» дұрыс болмас еді.

Информация о работе Неологизмдердің аудару ерекшеліктері