Неологизмдердің аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 17:41, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;
- Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;
- Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Неологизмдерге жалпы түсінік
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны...........................................5
1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері.....................................6
1.3 Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістері...........9
2 Неологизмдерді аудару ерекшеліктері
2.1 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері................................................................15
2.2 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдерді аудару әдістері.......................................................................15
2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі...............................................................15
2.2.2 Калькалау әдісі.........................................................................................15
2.2.3 Транслитерация әдісі...............................................................................21
2.2.4 Аралас аудару әдісі.................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой неологизм.doc

— 205.50 Кб (Скачать документ)

                ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

                              ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

                                  Шетел тілдер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

            

 

                  ТАҚЫРЫБЫ: Неологизмдердің аудару ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

                         ОРЫНДАҒАН: ПДК2-8 тобының студенті Үмітбергенова М.М

 

                       ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Аға оқытушы Давлетова С.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 2012

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1 Неологизмдерге жалпы түсінік

1.1 “Неологизм” терминінің  түсінігі және мазмұны...........................................5

1.2 Ағышын тіліндегі  неологизмдердің ерекшеліктері.....................................6

1.3 Аудару барысында  неологизмдердің мағынасын анықтау  әдістері...........9

 

2 Неологизмдерді аудару ерекшеліктері

2.1 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері................................................................15

2.2 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдерді аудару әдістері.......................................................................15

2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі...............................................................15

2.2.2 Калькалау әдісі.........................................................................................15

2.2.3 Транслитерация әдісі...............................................................................21

2.2.4 Аралас аудару әдісі.................................................................................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Аудару адамның  рухани әрекетінің бір түрі ретінде, өте ерте заманнан келе жатыр. Ол сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихында маңызды рөл атқарған. Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі. Адамдардың ғана емес, сонымен қатар, халықтардың да тарихи жады деректерді іріктеп, таңдауға бейім. Мәдениетте ешқашан бірыңғай ықпал етуші, бірыңғай қабылдаушы субъект бола алмайды. Мәдениеттегі байланыс қашанда көпжақты, көпқырлы, ең аз дегенде, екіжақты. Сол мәдени байланысты баянды ететін бірден бір тиімді құрал аударма екендігін көне тарих көптеп дәлелдейді. Аударма ісі өткен тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын мәдениеттерді байланыстыру құралы ретінде қызмет етіп келеді. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы. Ендеше, аударма мәселесі мәдени ортақтасуды жүзеге асыратын мәдениеттер сұхбаты мәселесімен иық тіресе жүрері сөзсіз.

Қазіргі таңда  қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударманың теориясы. Бұл  сала – қазақ тілтанымы үшін әлі  жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық диссертациясында «…қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес»,– деп атап өткен.Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.

        Курстық жұмыс  жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:

  • “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;
  • Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;
  • Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;

- Д. Р. Толкиеннің  “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы  авторлық неологизмдерге талдау  жасау;

         Курстық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Kings» трилогиясындағы неолгизмдер қаралған.

Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі, міндеттер қарастырылған. Бірінші бөлімде неоогизмдердің және оларды аударудың теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдері зерттелген. Қорытындыда жалпы курстық жұмысты талдау бойынша қысқаша түйіндер жасалған.

 

 

1 Неологизмдерге жалпы түсінік

    1. “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны

Тіл-тілде  жаңа пайда болған және оның жаңа сөз  екендігі аңғарылып тұратын лексика  қабатын неологизмдер деп атайды. Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда — тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді. Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен, өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Спутник, космос сөздері ұғымымен бірге бүкіл әлемді таңдандыра келген, ал қазір актив лексикаға қосылған жай сөздер. Тіпті бүгінгі таңда қазақ тіліне енген болған веб сайт, интернет, сөздері де күнделікті баспасөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процесін бастан кешіріп жатыр. Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін. Мысалы, құранды жем, пішендеме сияқты сөздер қолданысқа түскеніне көп уақыт болса да, көпшілікке түсінікті болатындай дәрежеге жете алған жоқ. Себебі олар мал шаруашылығымен шүғылданатын адамдардың ғана қажетін өтеуде. Пассив лексика қатарындағы неологизмдер мен көнерген сөздерді өзара салыстырсақ, әрдайым неологизмдер аз кездеседі. Оның себебі көнерген сөздердің ұмытылу процесі мен неологизмдердің актив лексика қатарына өту процесі бірдей емес.

Сонымен неологизмдер дегеніміз - актив лексика қатарына енбеген жаңа сөздер.

Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке автор қолданысындағы жаңа сөздердің жайы басқашалау. Себебі жеке автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де әбден мүмкін. Мысалы, Мұхтар Әуезов шығармаларында да қарсыласу, миландыру сияқты жаңа сөздер кездеседі. Ол да жазушының өз қолданысы болып табылады.

Сонымен неологизм  түсінігінің дәлме-дәл анықтамасы мен белгілі бір сөздік бірліктердің неологизмге, қағидаларына қатысты  мәселелер қазіргі күнге дейін  шешімін таппаған мәселе болып табылады.

«Неологизм» түсінігін тереңірек қарастырған А.З.Қазанбаева болып табылады. «Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі түрлі көзқарастарды байқауға болады.  Бірінші «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді. Мысалы, reactor - ядролық реактор, biocide- биологиялық соғыс және т.с.с.   

Сондай-ақ неологизмдердің  өздері де тілде белгілі бір мағынаны белгілейтін жаңа синонимдерді қалыптастырады. Бірақ бұл синонимдерге коннотативті бояулар тән, яғни сөздерге жаңадан мән, сипат, маңыздылық беретін семантикалық және стилистикалық сөз бояуларына ықпал етеді. Мысалы, boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі scientist сөзіне жақын синоним болғанымен, басқа семантикалық бояуға ие.

Осы лексикалық инновациялардың пайда болуына, тіл тұрақтылығына, қолдану жиілігіне  байланысты біртектілік байқалмайды. Біреулері тілге енсе, екінші біреулері қысқаша уақыт ішінде қолданудан шығып кетуі мүмкін. Көбіне жаңа сөздердің пайда болуы жаңа ассоциациялардың қалыптасуымен байланысты болғанымен осы кезде сөз түсінігі сақталады, өйткені тіл және жалпы лексика қарым-қатынас құралы ретінде өз қызметін атқарады, сөздерге қатысты жаңа түсініктерді бекітіп, қайта өңдейді. Тілдік жүйеде жаңадан пайда болған неологизмдер біраз уақытқа дейін таралмай, тілдің құрылымдық талаптарына жауап беретін сөздер ғана кейіннен бірте-бірте тілдік жүйенің орталығына негізгі сөздік қорға ауысады.

          Жаңадан қалыптасқан сөздер тез арада орталыққа еніп, қажетті және белсенді түрде сөздік құрамға кіреді. Негізінен жаңадан қалыптасқан сөздер ғылым, техника, мәдениет, саясат салаларында пайда болса, ал  неологизмдер сөйлесу барысында қалыптасады.

Жаңа қалыптасқан  сөздер мен неологизмдерді уақытша  критерийлер объективті анықтай  алмағандықтан, субъективті критерийлерді  қолданудың мәні зор.

Енді ыңғайлы  болу үшін «неологизм» термині ретінде  лексикалық жаңа қалыптасқан сөздерді де, жеке неологизмдерді де сипаттайтын сөздерді белгілейтін боламыз.

 

                1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері

 

Қазіргі  ағылшын  тілінде жаңа сөздердің пайда  болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөзөнімділігі, сөзқұрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы,  лексико- семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және  сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т.б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да  бірдей қолданыла бермейді және әрқайсысының өзіндік  сөзқұрылым процесіндегі салмақтары бірдей емес.  Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұрылым сияқты тәсілдер жаңа сөзқұраудың негізгісі болып табылады. 

Жаңа сөзөнімділігі  мен сөзқұраудың  көмегімен 88% жаңа сөздер құрылады (3000 зерттелген сөздердің ішінде).

Мысалы, басқалар  конверсия, лексико-сементикалық тәсіл, жаңа сөздерді аз көлемде құрайды, және сөзқұраудың тарихи тәсілдерінің қатарына өткендігімен, үшіншіге жатқызуға болатын тәсілдер, сөздерде дыбыстардың кездесуі мен екпіннің ауыстырылуы, аз өнімді және қазіргі кезде  дерлік қолданылмайды.  Осыған байланысты бөліп көрсету керек:

- аз өнімді  аффикстер;

- «абсолюттік  өнімділік» бұл өнімді аффикс, сөзқұру тәсілінің сөзқұру элементі ретінде, осы ортада өзінің қолданылуында  минималды шектеулі. 

Өнімділік, әртүрлі  тілдік бірліктің  басты сипаттамаларының  бірі болып табылады. Өнімділік сөзқұру  моделінің  салмағы басым болады.  Өнімділік жаңа сөзқұрұлуында орталық  механизмнің жұмысын атқарады, сөзқұру моделінің сипатында басым салмаққа ие.  Сөзқұруды өнімділік мағынасы,  моделдерден басқа, аффикстерге де, сөзқұру элементтерінің негізіне және де сөзқұру тәсілдеріне де таралады,  «өнімділік» сөзінің өзінің семантикасы өте кең көлемде. Мүмкін, осы факт, зерттеушілердің арасында, осы мағынаның жекеленген аспектілері мен оның негізгі сипаты жайлы бірдей пікір жоқ екендігінің себебі  шығар. 

Сөзқұру негізіндегі  «өнімділік» синонимдік термин екенін атап өту маңызды  - «сөзқұрулық белсенділік», ол сөздердің құрылулық қабілеті,  мысалы,  сөзқұру элементі  мен жаңа сөзжасаудың.   Модель, аффикс жаңа сөздер құруда белсенді негізі болуы мүмкін және керісінше пассивті, бұлардың  көмегімен  жаңа сөздер аз көлемде  құрұлады  немесе тіптен құрұлмайды.

Л.Гилберт  сөзқұрау тәсілінің өнімділігі ретінде неологизмдер жіктеуін түбегейлі ұсынды. 

Ол сөзқұрау тәсілі бойынша  неологизмнің  мына топтарын бөліп көрсетуді ұсынады:

1. Жеке дыбыстардан   немесе дыбыстардың өзіндік конфигурациясынан  құрылатын, фонологиялық неологизм. Бұл неолоизмде жаңашылдық, жасандылық байқалады. Дыбыстардың мұндай үйлесімділігі, грек немесе латын тілдерінің морфемімен сыйысады.

Мұндай сөздердің  мысалы,  соңғы онжылдықта жасалған талшықтар полимері сөздері болады: polysterol, nylon, ets. Немесе, физика, химия, оптикада және т.б. қолданылып жүрген терминдер.

Polychromatic –  көптүсті.

Monochromatic –  біртүсті.

Мұндай неологизмдер, фонологиялық неологизм деп аталады.

2. Шеттен алып  пайдаланылған неолоизмдер.

Бұл топтың неологизмі, күшті неологизмге жатады.  Олардың жалпы тенденциясы болып, ағылшын тіліне ұқсамайтын  фонетикалық дистрибуция жатады.  Оларда салдар болмайды, олар ағылшын тіліне  жанаспайтын морфологиялық мүшені иемденеді. Шеттен алып пайдалануды төрт топқа бөлуге болады:

а) Өз еркімен  шеттен алу.  Бұл неологизм бұлағының  – негізгі тілі – француз тілі. Ауысып алу өсуінің жаңа тенденциясы, ол  африка және азия елдері тілдері,  әсіресе жапон тілдерінен ауысып алудың өсуі болып табылады.  Бұл  категориядағы неологизмдер  көбінесе мәдениет аумағында  кездеседі:

Информация о работе Неологизмдердің аудару ерекшеліктері