Неологизмдердің аудару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 17:41, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;
- Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;
- Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Неологизмдерге жалпы түсінік
1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны...........................................5
1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері.....................................6
1.3 Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістері...........9
2 Неологизмдерді аудару ерекшеліктері
2.1 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдердің құрылу тәсілдері................................................................15
2.2 Д. Р. Толкиеннің “ The Lord of the Rings ” трилогиясында авторлық неологизмдерді аудару әдістері.......................................................................15
2.2.1. Функионалды алмастыру әдісі...............................................................15
2.2.2 Калькалау әдісі.........................................................................................15
2.2.3 Транслитерация әдісі...............................................................................21
2.2.4 Аралас аудару әдісі.................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой неологизм.doc

— 205.50 Кб (Скачать документ)

discothegue, cinemathegue.

Қоғамдық  – саяси өмір:

the Duma -  Дума

Күнделікті  тұрмыс:

petit dejeuner –  азғантай таңғы ас.

ryokan – риокан (дәстүрлі жапон стиліедегі қонақ  үиі).

Ғылым және техника  және т.б.

б) Бұл топқа  варварлық тәсіл жатады – олар жаңашылдықпен ерекшеленетін аз ғана ассимиляцияланған неологизмдер, мысалы: dolue vita ,  perestroika, glasnost .

в)  Үшінші топқа – ксенизмдер жатады.  Бұлар  шындықты,  елдің тұрмыс ерекшелігін  бейнелейтін тілдің өзіне тән емес неологизмдер, мысалы:

Kung – fu  (кунг –фу) 

Ninjia – ниндзя,

Guro-   бутерброд түрі.

Ксенизм, барлық ауысып алынған  сөздердің  14% құрайды және варварыққа қарағанда жаңа сөздер  көп.

г)  Төртінші топты – калька құрайды (басқа тілдің үлгісінен сөз жасау).   Соңғы 25 жылда,  ағылшын тілінде кальканың мөлшері бірден азайып кетті.  Заботкина қолданылып жүрген неологизм калькасының үш түрін көрсетті:

Dialogue if the death ( фр.тілінің dialogue des sourds )  – сөз таластыру, мұнда қатысушылар бір–бірінің дәлеліне назар аудармайды.

Gliding time (  неміс сөзінен  glietzeit) – жылжымалы график;

Photonovel (исп.тілінен Photonovela) – фотороман, роман, фотосуреттерден  тұратын диалог қоспасы бар   комикс стилінде.

Соңғы 15-20 жылда күрделі  өнімділік моделі + er жұрнағы негізінде, едәуір мөлшерде ағылшын неологизмдеоі құрылды: baby – boomer, онжылдықтың соғыстан  кейінгі демографиялық дүмпуі кезінде туылған нәресте   (қазіргі кезде ұрпақ baby – boomers, yuppies  немесе yupies-ке  өсті, 70-ші жылдары   me- generation (me- decade ) кезеңінен өтіп), өте қызықты кітап; all-nighter- yuppies түні бойына  созылған таңқаларлықтай бірнәрсе, мысалы: сессия кезіндегі сабақ. Осы тенденциямен толық сәйкес түрінде, жұрнақтық моделдің өнімділігі өте жоғары.

Өнімді сөз жасау, қазіргі кездегі ағылшын тілінің өнімді сөз жасалуының жалпы тенденциясымен толық сәйкестік жағдайда. Көбінесе морфологиялық сөз жасау амалы қолданылады – айрықша және қайталанбайтын авторлық лексикалық бірлік құру үшін,  транспозиция,  жұрнақтық, сөзқосу, күрделі құрылымды модельдері қолданылады.

Ассоциативтік байланыс негізінде  қайтадан құрылған тіл бірлігін, оқырманмен кейіптік түрде ұғыну үшін, ол жеңіл  танылатын, түсінікті тіл моделінде  құрылуы қажет.

1.3 Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістері

 

«Неологизм» терминіне  анықтама бердік, ендігі кезекте аудару барысында неологизмдерді анықтаудың келесі әдістерін жеке-жеке қарастырамыз: неологизмнің мағынасын анықтауда  сөздікті пайдалану, неологизмнің мағынасын  контекстен анықтау, неологизмнің мағынасын анықтау үшін құрылымын талдау.

1 Неологизмнің мағынасын  анықтауда сөздікті пайдалану

Неологизмдерді аударудағы негізгі қиындық-ол жаңа сөздің маңыздылығын анықтау. Негізінен неологизмді  аударудың маңыздылығын аудармашы  білуі тиіс. Аудармашының мақсаты неологизмнің қай сөздік типке жататындығын анықтап, төмендегі әдістерді қолдану болып табылады.

Егер жаңа сөз ағылшын-қазақ  сөздігінде болмаса, онда ол сөзді ағылшын  анықтамалық сөздігінен іздестіру  қажет. Кең таралған сөздіктердің көбінде «Жаңа сөздер» (New Words Section) атты бөлімдер бар. Сонымен қатар ең соңғы басылымдарда шығарылған сөздіктерді пайдалану ұсынылады. Кіші және орта көлемдегі сөздіктер көптеп дайындалып басып шығарылатынын есте ұстау керек. Бірақ сөздік қорының шектеулі болуына байланысты бұл сөздіктер маманның қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Қазақ лексикографиясында негізі кейбір неологизмдер арнайы сөздіктерде  тіркеледі. Олардың ішінде Мұстапа Бұралқыұлының «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Т. Жанұзақовтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі».

2 Неологизмнің  мағынасын контекстен анықтау

«Неологизм» терминін анықтау барысында, аудармашы  неологизмге алғаш рет тап  болғанда неологизм түсінігін білмеуі  де мүмкін. Сондықтан неологизмнің белгілерін негізінен контексттен анықтауға тура келеді. Жазбаша аударуда контекст мағлұматқа толы болады.

Сөзді аудару процессінде негізінен 2 кезең ерекшеленеді:

  1. контексттегі сөздердің мағынасын анықтау;
  2. бұл мағыналарды тіл құралдары арқылы аудару.

Неологизмді аудару барысындағы бірінші кезең  жоғарыда айтылғандай шешуші ролді  ойнайды. Екінші кезең тек техникалық тұрғыдан қаралса да, аударылуға тиіс тілге ең ыңғайлы тәсілдермен  шешу қажет.

Жалпы контекст түсінігі шеңберінде тар мағыналы контекст (микроконтекст) және кең мағыналы контекст (макроконтекст) ерекшеленеді. Тар мағыналы контекст дегеніміз-сөйлем шеңберінен шықпай, аталған бірліктерді құрайтын сөйлемнің лингвистикалық бірлігін айтамыз. Кең мағыналы контекст дегеніміз–сөйлем шеңберінен тыс тілдік бірліктердің байланысын айтамыз. Кең мағыналы контексттердің нақты шеңберін белгілеу мүмкін емес, ол топтық сөйлемнің мәтіні, абзац, тарау немесе шығарма (мысалы, әңгіме, мақала немесе роман) да болуы ықтимал.

Тар мағыналы контекстті синтаксистік және лексикалық контексттер деп ажыратуға болады.

Синтаксистік контекст-белгілі  бір сөз немесе құрамдас сөйлем қолданылатын синтаксистік конструкцияны атаймыз. Лексикалық контекст лексикалық бірліктің, сөз және тұрақты сөз құрауыштардың қарым-қатынасын айтамыз.

Егер аудармашы синтаксистік контекстті ескеретін болса неологизмнің қай сөз табына жататындығын анықтай  алады. Неологизмдердің мағынасын  айқындауда лексикалық контекст шешуші роль атқарады.

3 Неологизмнің мағынасын  анықтау үшін құрылымын талдау

Негізінен жаңа сөздер тілдегі  бұрыннан бар сөздер мен морфемалар барысында пайда болады. Осы сөздер мен морфемаларды талдау неологизмнің мағынасын анықтауда аудармашыға  көптеп көмегін тигізеді. Бұл үшін ағылшын тіліндегі сөздің жасалу әдістерін жақсы білу қажет. Ал енді сондай әдістерді қарастырайық:

1. Бұрыннан бар сөзге  тағы бір мағына беру.

Мысалы,  call сөзі ағылшын тілінде «атау», «шақырту», «шақыру», «сымтетік қоңырауы»,  «қоңырау» және тағы басқа мағыналарды білдіреді. Бірақ жақын арада биржалық істердің дамуына байланысты бұл сөздердің жаңа мағынасы пайда болды, ол «колл, опцион колл» сөздерімен белгіленді (белгілі бір уақыт ішінде келісілген бағада құнды қағаздарды сатып алу құқығы), банк ісінің дамуына байланысты бұл сөз «шарттардың бұзылуына байланысты тез арада несиесін төлеу жөніндегі алымшыға банк тарапынан қойылған талабы» деген мағынаға ие болды.

2. Сөздердің бірігу  жолымен жасалуы.

Ағылшын тілінде сөз  жасалуының әмбебап, жан-жақты және көп таралған әдісінің бірі сөздердің  бірігуі. Сөздердің бірігуі қазірге дейін өз белсенділігін жоғалтпаған. Қазіргі ағылшын тіліндегі барлық жаңа сөз қалыптастырушылардың үштен бірі – күрделі сөздер.

Сөздің жасалу үрдісі омонимдік  сөздік форма ретінде екі негіздің жанасуынан пайда болады. Мысалы, carryback- шығындардың алдыңғы «кезеңге ауыстырылуы», citiplus- «Ситибанк» (АҚШ) банкінің өз клиенттеріне ұсынатын құрал және т.с.с.

Қазіргі таңда күрделі  сөздер мен сөз тіркестерін ажыратудың бірнеше қағидалары бар. Ағылшын  тіліндегі неологизмдерді аударуда орфографиялық қағидалары ерекше маңызды. Бұл қағидалар бойынша барлық қосылып немесе дефис (сызықша) арқылы жазылғандар сөздерді күрделі сөз ретінде, ал бөлек жазылған сөздерді сөз тіркестері ретінде қарастырады.

dividend-right certieicate-«дивиденд алуға құқық беретін сертификат».

dear-money policy -«пайыздық жүктемелерді көтеру арқылы несиені шектеу».

fill-or-kill order -« клиенттің брокерге тез арада жойылатын немесе жоққа шығарылатын бұйрығы».

3. Неологизмдердің  жасалуының аффиксті әдісі

Бұл жол арқылы құрастырылған неологизмдерді дұрыс түсіну үшін аудармашы қазіргі ағылшын тіліндегі аффикстерді білуі тиіс және ол сөздерді құрамдас бөліктерге дұрыс мүшелей алуы қажет.

kiteflyer -«жалған вексель арқылы ақша алушы, жалған вексельді қолданушы». (fly kites «Инкассаға бармай тұрып қаражатты алу үшін жалған чектерді пайдалану» )

Көбіне осы жолмен қалыптасқан  неологизмдер сатирикалық сипатқа  ие, әсіресе пресса беттерінде:

...that they taste the same in Peking as they do in London or New York, and so it was that world burgernomics was born by McDonald’s. (The Independent, 1998).

Бұл жағдайда мақаланың иесі өзінің заңы, тәртібі  бар және басқа да экономикалық заң  сияқты барлық елде бірдей «Макдональс» жүйелі мейрамханаларының едәуір тез  дамуын оқырмандар назарына салады:

... бұл тағамдардың  дәмі Лондон немесе Нью-Йорктегі  сияқты Пекинде де сондай, осылайша  «Макдональдс» әлемдік гамбургерномиканың негізін салды.

Бұл жағдайда мақала иесі «Макдональс» жүйелі мейрамханаларының  едәуір тез дамуын оқырмандар назарына сатирикалық жазуы арқылы жеткізді, нәтижесінде гамбургерномика неологизмі қалыптасты.

4. Конверсия.

Конверсия дегеніміз сөздің бір сөйлем мүшесінен екіншісіне өтуін, яғни бір сөздің әр-түрлі сөйлем мүшесі ретінде қолданылуын айтамыз. Бірақ кейбір ғалымдар (А.И. Смирницкий, В. Н. Ярцева) конверсияны сөз қалыптастыруда сөздер бір-біріне омонимді кездеседі және парадигмаларымен ерекшеленеді деп есептейді. Мысалы, қазір Интернет желісінде E-mail me/us to жиі кездестіреміз. Мұндай неологизмнің белгілерін анықтау қиынға соқпайды. Синтаксистік контекст арқылы бұл сөздің өтпелі етістіктерге жататындығын анықтаймыз. Сөйтіп, E-mail (электронды пошта) сөзінің мағынасын біле отырып былайша аударамыз: «Хаттарыңызды электронды пошта арқылы мына мекен-жайға жіберіңіз.

5. Басқа тілден енген  кірме сөздер.

Кірме сөздер дегеніміз - өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер əрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен əр түрлі қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Əрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз немесе көптігі тарихи жəне психологиялық жағдайлармен де байланысты болып келеді. Парсы тілінің лексикасында араб тілінен енген көптеген сөздер бар. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздердің саны өте көп .

6. Бітіп тұтасу.

Бітіп тұтасу – бір  сөздің кескін түбірі мен екінші толық  сөздің немесе екі кескін түбірдің бірігуі.

forex reserve (forex = foreign + exchange) –«шетел валютасының қоры».

impex transactions (impex  = import + export) - «экспорт-импорт  келісім-шарттары.

7. Аббревиация;

Аббревиация – бірнеше сөзден құрастырылған зат есім жасалуының бір түрі, жасалу барысында сөздердің негіздер емес, қалауынша алынған сөздің бөліктері алынады.

Сөз қалыптастыру әдістерінің  ішіндегі бұл әдіс құрамдас бөлік элементтерін ішінара инициалды қысқартуға көңіл бөледі, мысалы, , B-unit (Barclays currency unit) - «Барклейз банк интернешл» банкінің халықаралық ақша бірілігі, Fed Wire - федералды резервті банктердің электронды байланыс жүйесі. (АҚШ)

         Тіларалық байланыстар барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше жолдары ойлап табылды.

Неологизмдерді  жеткізудің квазиаударымсыз әдісі. Бұлай аталудың себебі бұл әдісті қолдануда аудару жарғысы дыбыстық (тыныс белгілерінде) немесе графикалық (транслитерацияда) жарғыларына ауыстырылып, сөздің құрылымы аударылып жатқан тілге өз мағынасын сақтап аударылады. Бірақ бұл әдістің аударымсыз деп аталғанымен шындығына келгенде ондай емес, мұнда шеттен алған сөздер оның бар болуының алғышарты ретінде аудару үшін жасалады. Кірме  сөздер аударылып жатқан тілдің өзіндік бөлігі болып саналады және шет тілден енген сөзбен бірдей орындалады. Осылай аударылу ертеден жазу болмаған тілдік байланыс дәуірінде тарала бастады, қазір де өзіндік ролінен айырылмаған. Біздің дәуірімізде бұл әдісті қолдануда бірнене шектеулер қойылған (тілдік, саясат, стилистикалық, түрлі әлеуметтік-лингвистикалық ұжымдардың дәстүрлері және т.с.с.).

Транслитерация әдісі  бойынша ағылшын сөздерінің қазақ  тілі әріптерімен жазылуын айтамыз, мысалы, put - «пут» (опцион), Nikkei -«Никкей» (Токио қаржы биржасындағы құнды қағаздар курсының индексі) және т.с.с. Транслитерация әдісін аудармашылар ХІХ ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылы. Осы әдіс үшін аудармашы ағылшын сөзінің айтылуын білуі шарт емес болатын және ол тыңдаушының қабылдауымен шектеледі.

Қазіргі таңда аударма тәжірибесінде көп тараған әдістердің бірі -  транскрибирлеу әдісі, мұнда сөздің орфографиялық емес фонетикалық формасы ескеріледі, ағышын және қазақ тілінің фонетикалық  жүйесіндегі айырмашылықтар байқалады. Транскрибирлеу дегеніміз - ақпаратты транскрипция көмегімен жазу немесе мәтінді айырып оқу.

Аудару әдістерінің  ішінде өзінше орны бөлек калькалау  әдісін айтуға болады, оның неологизмдерді жеткізудің толық аударылатын және аударымсыз әдістерінің ішінде аралық орны ерекше. Калькалаудың «Аударымсыз» жолы сөздің ішкі пішінін өзгеріссіз сақтауды көрінеді (өзгеріссіз ішкі пішіннің аударымсыз берілуде сақталуы). Калькалау аударылатын немесе шеттен келетін сөздің ішкі пішінін құраушы «құрылыс материалдары» ретінде пайдаланылатын қарапайым лексикалық бірліктер арасында тіларалық екіжақты сәйкестіктердің бар болуын қадағалайды.

Информация о работе Неологизмдердің аудару ерекшеліктері