Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:44, курсовая работа
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.
Мұндай кейбір жеке сөздің ара-тұра осылай қайталанып келіп отыруы тілде жалпы бар құбылыс. Ол көбшесе көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерде болады. Мысалы, терең сын есімін Абай қарсы мәндегі үстірт сөзімен қатар алып қолданады. Екеуі де өздерінін тура мағынасында емес, метафора ретінде шендестіріледі. Үстірт сөзі бұл арада ілгерідегі тайыз сөзімен мағыналас. Абай оны сондай-ак жеке алып та, қарсы мәнді сөзбен қатар қоймай да, қосарламай да жұмсайды. Қай-қайсысында да ол контекстік метафора ретінде келіп тұр.
Аспаса ақыл қайраттан
Тереңге бармас үстірттер…
Тіршіліктің несі сән
Тереңге бет қоймаса…
Көңілге түрлі ой түсер
Эр тереңге нусқасац
Осындағы тереңге есімінің
Ғ. Мусірепов бір ғана қоңыр сөзінің өзін бір контекст ішінде мына төмендегіше неше түрлі құбылтып қолданған. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шайзаны да қоңырландырып, сурғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр. Қоңыр үйдегі түрмыста қоңыр. Қоңыр үйдегі жандар дақоңыр. Қоңыр ойлы Шайзаның әні де қоңыр. Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады.
Осы үзіндіде қоңыр сын есімі он үш рет қайталанады. Екі-ақ жерде етістік түрінде (қоңырландырып, қоңырлатып) қолданыла-ды. Ал қалған жердің бәрінде есім қалпында жүмсалған. Алынған мысалдардағы қоңыр сөзі тоғыз жерде өзінің тура мағынасында, алты жерде метафора ретінде келген (түрмыс та қоңыр,жандар да қоңыр, қоңыр ойлы әні де қоңыр, қоңырлатып өлең айтады, қоңыр күймен). Осы метафоралар контекст арқылы бірінің стильдік сырын бірі аша түскен. Шебер суреткердің қоңыр сын есімін әр сөйлем сайын осылай жарыстыра қолдануы кездейсок емес. Контекске кірген әрбір сөйлемді жеке-жеке алып талдасак, қоңыр сөзінің шын мәніндегі стильдік қызметі толық ажыратылмай қалады. Автордың қоңыр сөзін бұлай әр түрлі құбылтып қолдануынан кейіпкердің бір сәткі көңіл күйін, ішкі жан дүниесін, айналасындағы өмір құбылысымен, сыртқы ортамен органикалық байланыста нанымды суреттегенін байқауға болады. Демек, жазушының қоңыр сөзін соншама көп қайталап қолдануындағы мақсаты біреу-ақ. Ол — өзінің суреттеп отырған кейіпкерінің тұрмыс жағдайындағы тапшылықты, осыған байланысты оның басындағы көңілсіздікті, көңілінде бұдан басқа да әлдеқандай алак бар екенін көрсету.
Қоңыр сөзінің тұтас контекстегі метафоралық мағынасы автордың осы мақсатына бағындырылған.
Кәрі әже күндегі машығы. бойынша бесік жырын айтады… Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бейуағына жеткен әженің өмірлік көй-көйі (М. Әуезов). Мұндағы қоңыр күт дегендегі метафораның (яғни қоңыр сөзінің) дәл мағынасын тұтас контекске қарап қана ажыратуға болады. Автор бұл арада оны сәл бір кірбің, мұң мәнінде қолданып отыр. Біз сөзді осылай метафоралық мәнде әлденеше рет қайталап қолдану арқылы белгілі бір көркемдік мақсатқа жету — көбінесе әдеби шығарма стиліне тән ерекшелік. Сөзді жалпы қайталап қолдану сөйлеу стилінде де жиі кездеседі. Бірақ, сөйлеу стиліндегі сөз қайталаудың сипаты басқарақ. Өйткені мұндағы қайталаулардан (яғни бір сөзді бірнеше рет қолданудан) көркем әдебиет тіліндегі қайталаулардағыдай көркемдік, стильдік астар байқалмайды. Бұл айырмашылық сөйлеу стилі сарынында жазылған шығармалардан, әсіресе ондағы авторлық баяндаулардан айқын көрінеді. Мұндай, сөйлеу стилі үлгісіндегі сөз қайталаулар ертерек ксзгі, мысалы, 1920—30 жылдардағы прозада көбірек. Олар мына тәрізді болып келеді. Көшенің кейбір бұрыштарындағы панар орнатқан бағаналардық цасына, панар жағушылар келіп, жоарыдан панарды бурап түсіріп май құйып, жағуға қамданысты
(Т. Жомартбаев). Иесіне еркелеген иттей бұлаңдап жаңа келгендер ояздың алдына барып бұлаң қақты. Олардьщ бұл бұлаңдауы ба-сымыздағы бағымыз қалса, сен арқылы қалар деген бұлаңдас еді
Метафоралар, яғни ауыс мағыналы не әсірелеу мәнінде алына-тын сөздер көбіне-көп көркем әдебиет стилінде қолданылғанмен, ара-тұра өзге стиль түрлерінде де кездеседі. Мысалы олар публи-цистикалық стильде де бірқатар жерде жұмсалады. Әдеби шығар-малардағы метафора мен публицистикалық, саяси еңбектердегі метафора стильдік қызметі жағынан өз ара бірдей болып келе бер-мейді. Себебі, көркем әдебиет стилінде жалпы халықтық сипаттағы метафоралармен қоса, контекстік те метафора қолданылады. Публицистикалық стильде негізінен жалпы халықтық сипаттағы метафора жиі пайдаланады, Ал публицистикалық стильден кон-текстік метафора оқта-текте ғана ұшырасады.
Метафора (ауыс мағыналы сөздер) ғылыми
стильде де қолда-нылады. Мұнда тек жалпы халықтық сипаттағы метафоралар,
яғни ауыс мағынасы кімге болса да жақсы
түсінікті, әбден орныққан сөздер ғана
пайдаланылады. Контекстік метафоралар
ғылыми стильде жалпы кездеспейді. Бұл
— ғылыми стильдің өзіндік сипа-тымен,
оған тән ерекшелікпен тығыз байланысты.
Ғылыми әдеби-еттерде, оқулықтарда қолданылатын
сөздердің мағынасы жұртқа жете таныс,
жеңіл сөздермен, оңай тілмен жазылады.
Сондықтан оларда үнемі жалпы халықтық
сипаттағы метафоралар ғана қол-данылып
отырады. Мысалы:Бірінші топқа масса, энергия,
өріс тә-різді қазіргі физика ғылымының
қаңқасын құрайтын негізгі ұғым-дар жатады (Ғылыми
мақаладан). Игі бастамалардық тиегі жұ-мысшы
табы болды (сонда). Пирамиданың
Метафора сондай-ақ ресми кеңсе стилінде де қолданылады. Мұнда да негізінен сол жалпы халықтық сипаттағы метафоралар жұмсалады. Бірақ стиль түрлерінін ішінде метафора жалпы көркем әдебиет және публицистикалық стильдерден жиі байқалады. Ал басқаларға қарағанда ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде біршама аздау кездеседі. Мысалы, ресми-кеңсе стилінде мына тәрізді метафоралар қолданылады:
1-статья. Жалпы білім беретін
орта мектептің міндеттері: …оқушыларды терец және баянды ғылым негіздерімен қарулан-дыру (ССР
Одағы мен одақтас республикалардың халыққа
білім беру туралы заңының негіздері). СССР-де
халыққа білім берудің мақсаты — марксизм-ленинизм
идеялары арқылы тәрбиеленген, совет заңдары
мен социалистік право тэртібін құрметтеу (сонда).
Қорытынды
Жылдар жылжыған сайын еліміздің шет елдермен экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары қарқынды даму үстінде. Сондықтан шет тілін жетік білу ешкімге де артықтық етпейді. Осындай өмір талабы кез келген адамды алаңдатары анық. Шетел тілі ның ішінде ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 2-сыныптан бастап жүргізілуде. Ол - өте дұрыс бағыт. Себебі оқушылар өте сензитивті әрі сезімтал болады. Сабақтардағы жеңістері әсіресе шетел тілі сабақтарындағысы олардың психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Мәселен, алғашқы сабақтан-ақ оқушылар танысу диалог кезінде бірнеше сөйлемдерді ағылшынша айтып үйренеді. Бұл оқушылардың шетел тілін үйрену, меңгеру құштарлығын оятады. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін орта мектептегі бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.
Ағылшын тілін оқыту жобалы әдістері - оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.
Сонымен, ағылшын тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.
Ағылшын тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі –ағылшын тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі –ағылшын тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді.
Ғалым Л. В. Ляховицский: «Ағылшын тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады.
Ағылшын тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек ағылшын тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының ағылшын тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағалшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
«Р Валент».-2004.- С.223.
Информация о работе Метафораны теориялары және олардың дамуы