Метафораны теориялары және олардың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕТОФРА ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

«Метафора - тілдегі атаулардың негізінде жаңа тілдік атауларды қалыптастырудың универсалды тәсілі. Метафора адам ойының терең күшіне байланысты пайда болады. Метафора өте қажет болғаннан пайда болмайды. Ол адам ойы мен тіліне тән құбылыс /2.512/ дей келе, - метафора ойлау мен іс – әрекеттің барлық салаларында дүниені танудың сан қырлы қаруы. Метафораның арқасында ғана тіл әрдайым өзгерісте болады»- дейди.

Орыс лингвисі В. Г. Гак өзінің бұл тұжырымын былай қорытындылайды:

«Метафора жаңа мағына жасаудың онимим тәсілдерінің бірі немесе көркем тілдің бір атрибуты ғана емес, ол – алғаш қалыптасқан білімнің, дүние туралы ойлаудың тілдік бейнеленуінің  (лингокреативтик ) тәсілі».

Ғалым В. Г. Гактың метафора туралы айтқан пікірін С. С. Гусев өзінің «Наука и метафора» атты монографиясында былай деп толықтырады:

«Познавательная метафора, таким образом, не только способствует повышению упорядочности знании, которыми обладает общество, но и позволяет получить новую информацию о мире, обнаруживая сходство в различном и неожиданные характеристики в привычных представлениях, что порождает различия не заменные раньше. Следовательно, познавательная метафора является особым приемом мышления, суть которого заключается в установлении нового смыслового содержания человеческих знании, что достигается с помошью условного отожедествления семантических областей различного уровня, характера, порисхождения» /3 131/.

 Яғни 2 ғалым да өз зерттеу еңбектерінде метафораға әр қырынан келіп, бірінің зерттеуін екіншісі толықтырады. Орыс тілінде жарық көрген тағы бір еңбектің авторы – Г.Г.Кулиев. Ғалым өзінің “Метафора и научное познание” атты монографиясында жаңа мағынаның вербалдану, яғни сөйлеу процесі арқылы жүзеге асырылатын тілдік қатынас процесін зерттеумен байланысты философиялық мәселелерді талдады. Ғалым метафораға сүйену, оны қолдану – коммуникативті қызметтің әр түрлі мақсаттарына байланысты. Оның бейнелі, эмотивті, танымдық, таныстыру мен түсіндірушіілік сияқты қызметтерін зерттеу - коммуникативті қызметін зерттеу дейді. Г.Г.Кулиев: «Творческая сила метафоры конечно же, и в том, что она позволяет преодолеть немоту схватитть новизну. Метафора это первый луч света в потемках парализованного новизной сознания. Метафора регулирует взаимоотношения между новизной и языком, субъектом и социумом. Главное назначения метафоры не в освоении новизны, а в её способности вызказать новое. Метафора способствует преодолению» болезни некоммуникабельности языка в состоянии немоты» /4.85/. Орыс тілшілерінің зерттеу еңбектері метафораның тек тіл білімі мен әдебиет ғылымдарының ғана емес, сонымен қатар философия, логика, герменевтика, риторика, психология, психоанализ, семиотика сынды ғылымдардың да зерттеу объектісі болып табылатынын айқын аңғарамыз.

Ойлау, таным, дүниеге кзқарас сынды ғылымдарға алып келсе, метафоның құрылымы, жасалу механизмін зерттеу оны психология мен психоанализ сынды ғылымдарға алып барады. Жалпы тілдік метафоралық құрылымы, жасалу жолдары – өте күрделі құбылыс. Тілде метафораны жасаудың арнайы ереже, тәртібі жоқ. Метафораның жасалуын тек қана тілдік заңдылықтармен түсіндіру мүмкін емес. Метафораның туындауы ойлау процесінің ұқсату, байланыстыру заңдылықтарына тікелей қатысты. Адамның ойлау, таным дүниесі қоршаған ортадан ұқсастық, қарама–қарсылық ассоциацияларын табуға бейімделген. Метафора зат, құбылыс, оның белгілерінің ассоциациялануы арқылы жасалады. Яғни, метафора – ассоциациятивтік ойлау туындысы. «Ассоциация»латын сөзі. Ол «байланыс» деген мағынаны білдіреді.» Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассциация деп аталады /5.128/. Сөз мағынасының метафоралануында ассоциациялар үлкен орын алады. Мида еріксіз пайда болатын елестетулер осы ассоциация заңдары арқылы пайда болады. Ал ассоциация заңдарын ғылымға бірінші рет еңгізген ежелгі грек ойшылы – Аристотель. Көне заманынан ассоциацияның белгілі түрі бар:

1. Іргелестік.

2. Ұқсастық.

3. Қарама – қарсылық.

 Ассоциациялардың табиғатын  былайша түсінуге болады.

  1. Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі емес, өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады.
  2. Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды ілестіріп, еске түсіреді. Яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестететеді.
  3. Қарама-қарсылық ассоциациясы заңы бойынша бір – біріне қарама-қарсы құбылыстар бірі екіншісін еске түсіруге мүмкіндік береді.

 Метафоралану процесіне  көбіне ұқсастық ассоциация мен  қарма –  қарсылық ассоциация заңдары негіз болады.

 

1.2 Метафора классификациясының  ерекшеліктері

 

Орыс лингвистері, әлем лингвистерінің еңбектерінен метафора термині сонау көне Грециядан тамыр алатынын, оның философия, логика, психология сынды ғылымдармен байланысы түсіндіріледі. Метафора мәселесі тек жеке бір тілге ғана тән құбылыс емес, керісінше, ол - кез келген әлемдік тілде кездесетін күрделі, қызық тілдік құбылыс.

Енді осы метафора мәселесі түркітану мен оның бір саласы қазақ тіл білімінде қалай қарастырылуда? Қандай дәрежеде зерттелуде? Осы сынды сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Зерттеу жұысын жүргізу барысында байқағанымыз, өкінішке орай, түркітануда метафора жайлы жүргізілген еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Тек қана А.Қайдаровтың «Грамматическая характеристика некоторых сравнительно – метафорических выражении» деген мақаласында метафораның грамматикалық құрылысы теңеумене пара – пар ұштастырылып қарастырылған.

Түркітанудың бір саласы болып табылатын қазақ тіл біліміндегі метафораларға келетін болсақ, бұл - жан–жақты зерттеуді талап ететін, үздіксіз дамып келе жатқан тілдік құбылыс. Қазақ тіл біліміндегі метафораның жай – күйі, оның жасалу жолдары, механизмі, тілді, ойды дамытудағы қызметі, жалпы қазақ метафораларының зерттелуі, сипатталуы, ғылымдағы танымдық рөлі термин жасау қызметі, сөзжасамдық сипаты теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді. Осы уақытқа дейін метафораға біржақты кзқараспен ғана қарап келінді. Мәселен, «Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» метафораға мынадай анықтама берілген:

«Метафора ( грек metaphora – ауыстыру ) – троптың бір түрі. Ұқсастық, сәйкестік және т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы. Ал метафорлану дегеніміз - ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нәтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» /8.220/.

«Жалпы тіл білімі сөздігінде» метафораға төмендегідей анықтама берілген:

«Метафора ( грек metaphora - ауыстыру) – троп немесе сөйлеу механизмі. Метафора сөздің басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда метафора номинациялық құрал ретінде қарастырылады»/9.124 /.

«Метафора» терминін қазақ тіл білімінде алғаш қолданған - белгілі ғалым А:Байтұрсынов. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде метафора ұғымын «ауыстыру» деп атайды.

А. Байтұрсыновтан соң метафораға тілдік тұрғыдан анықтама беріп, талдау жасаған ғалымдар – Р.Барлыбаев пен Б.Хасанов.

Р.Барлыбаев»Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы»(1963 ) атты кандидаттық диссертациясында сөз мағынасы мен оның өзгеруі, дамуы, сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, сөздің дыбыстық, мағыналық жақтары, мағына түрлері, ауыспалы мағына сынды тілдік мәселелерді талдады. Р.Барлыбаев метафора туралы былай деп жазды:

«Бір заттың атауы жалпы сыртқы ұқсастық, сәйкестікке қарай екінші бір заттың, құбылыстың атауынаауысады екен. Олай болса, сөз мағынасының ауысуы объективтік болмыстағы заттардың, құбылыстардың жалпылық жақтарының негізінде туған тілдік құбылыс деп қарайтын.... Біріншіден, сөздің ауыс мағынасы түр, түс ұқсастықтарына негізделіп жасалады екен; екіншіден, тілдің тарихи даму барысында кейбір ауыс мағыналар дами келе тұрақты мағынаға айналып, кей жағдайда ауыс мағына алға шығып кетуі мүмкін; үшіншіден, сөздің тұрақты, кеңейіп, көп мағыналығы, кейбір омонимдік мағына – бәрі сөздің ауыс мағынасының (қай тілде болмасын) түрлі дәрежелеріі екенін айтуға болады» /10.137/.

Ал Б.Хасанов «Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданы – луы»аттаы кандидаттық диссертациясы метафораны алғаш рет тіл – дік теория тұрғысынан қарастырады. 1966 жылы баспадан жарық көрген еңбегінде Б.Хасанов Абай, І.Жансүгіровтың, С.Сейфулланнің поэзиялық шығармалары, сонымен бірге XVIII - XIXғасырлардағы қазақ ақындарының өлеңдері тіліндегі метафоралы тіркеске талдау жасайды. Сөздердің метафоралық мағынада стильдік қолданылуы жан – жақты зерттелді. Ғалым әсіресе, метафораның жасалу жолына ерекше көңіл бледі. Аталмыш еңбек 3 (үш) тараудан тұрады. Бірінші тарауда метафоралық»қолданыс»пен метафоралық мағына түсіндірілген. Метафоралардың сөздің көп мағыналылығын туғызуы, омонимдерді, терминдердің жасалуындағы қызметі айтылып ономастика мен топонимиканың, фразеологизмдердің, мақал– мәтелдердің, қанатты сөздер мен афоризмдердің, табу мен эвфемизмдердің метафораға негізделуі, жұмбақтардың метафораға құрылуы т.б. мәселелер жан – жақты қамтылып, сөз етіледі. Автор метафоралық мағына алған сөз метафоралық қолданыстың кезінде пайда болатынын, оның санасы сөйлеушінің шама –шарқына қарайлас, дүниетанымына, біліміне тікелей байланысты екендігін айтады.

«Біраз уақыттан соң метафоралардың өзі қайтадан метафоралануы, тіпті, бұрынғы тіл мағынасына кері оралуы мүмкін»-дейді ғалым /12.25/.

Еңбектің екінші тарауында метафораның лексика – грамматикалық сипаттамасы мен оның қазақ тіліндегі қолданыстарының ерекшеліктері қарастырылып талданады. Сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеү, етістік, еліктеуіш сөздер) метафоралануына жеке –жеке тоқталады.

«Метафораны сөз табына байланысты сарапқа салғанда, зат есімнің негізгі рөл атқаратындығын айта кету керек. Өйткені, біріншіден, басқа сөз таптарының метафоралы қолданылуы зат есім арқылы белгілі болады. Екіншіден, зат есімнің атаулық, терминдік мәні бар» /1.195/.

Зат есімнен жасалған метафоралар, олардың мағыналық топтары: адамға, өсімдіктер дүниесіне, географиялық ортаға, жер-суға, матаға, тұрмысқа қажетті құралдар мен жиһаздарға, тамақ атаулыға байланысты туған метафоралар сараланып талданады.

Үшінші тарауда, метафораның көркем әдебиетте қолданылуы сөз болады. Ғалым бұл тарауда метафораның түрлеріне, метафораның стильдік мәніне, метафораның образдылығы мен оның баға беруде жұмсалуына, ойлаудың ұлттық ерекшелігін көрсетудегі мән - маңызы, т.б. тілдегі қосымша қызметтеріне кеңірек тоқталады. Ғалым аталмыш еңбекте метафоралардың жасалуына көп көңіл бөледі. Бұл еңбек – қазақ тіл білімінде метафораны жан –жақты қарастырып, зерттеуге үлкен үлес қосқан бірден –бір еңбек. Дегенмен, Б.Хасановтың еңбегі жарық көргелі қырық жылдан астам уақыт өтіп кетіпті. Бұл уақыт аралығында қоғам өмірінде болған түбегейлі өзгерістер халықтың ой –санасына, тілге, сөз мағынасына, оның қолданысына әсерін тигізбей қоймады. Мұндай өзгерістерді сөздердің метафоралы қолданылу ерекшеліктерінен де байқауға болады. Сондықтан қазіргі тіліміздегі метафоралардың қолданысындағы өзгерістер мен ерекшеліктерді байқап анықтау, оларды талдау, әсіресе, метафоралардың ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы маңызы мен үлесін теориялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды іс болмақ.

Ш.Мұхамеджановтың»Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің ауыс мағынасы»(1968 ж.) атты диссертациялық жұмысында сөздердің ауыс мағынасының ерекшеліктер, полисемия мен омонимияның арақатынасы, ауыс мағынаның фразеологизм арқылы жасалуы, термин жасау жолдары, ауыс мағынаның негізгі түрлері, сөз мағынасының метафоралық өзгеруі, сөздердің түрлі эмоционалды-экспрессивтік мәнде ауыс қолданылу тәсілдері, басқа тілдерден енген сөздердің ауыс мағынасы жан–жақты талданып зерттеледі.

«Сөздің ауыс мағынасы дегенде кең мағынасында алып отырмыз, олай болғанда метафоралық, синекдохалық, метонимиялық т.б. қолданыстар сөздің контекстік мағынасына жатады. Мұны сөз мағынасының даму барысындағы алғашқы барысындағы басқышы екенін естен шығармаған абзал. Сөздің ауыс мағынасын сөздің семасиологиялық дамуының екінші басқышы деуге тиіспіз. Оның үшінші басқышы – омонимия»- дейді ғалым /11.340/.

Сондай–ақ метафора туралы кейбір ойлары В.Манасбаевтің «С.Мұқановтың поэзиясының тілі» (1961), М. Жақыпбековтың «Жамбыл шығармаларындағы сөздердің және фразеологиялық тіркес -тердің стильдік ыңғайда қолданылуы»(1955 ж.) сияқты кандидаттық диссертацияларында да айтылады. Қазақ тіл білімінде тілдік метафора, оның түрлері туралы К.Ахановтың «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» (1956 ж.), «Тіл біліміне кіріспе» (1965ж), М.Балақаев, М. Томанов, Е.Жампейісов, Б.Манасбаевтың» Қазақ тілінің стилистикасы» (1975 ж.), Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» (1988ж.), А.Айғабыловтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» (1995 ж.) т.б. біршама қазақ тіліне қатысты еңбектерде айтылып, түсінік беріледі. Сонымен қатар тілшілер қатары жас ғалым - ізденушілермен толыға түсуде. Мысалы, қазіргі қазақ тілінің метафорасымен айналысып жүрген жас ғалымдар - А. Сыбанбаева, И.Мұратбаева, Г.Зайсанбаева т.б.

Қазақ тіл білімінде метафора сөздердің ауыс мағынасын жасаудың бір жолы, қазақ әдебиеті мен стилистикасында троптың бір түрі, яғни көркемдегіш тәсіл ретінде ғана қолданылады. Жоғарыда келтірілген Б.Хасанов пен Ш. Мұхамеджанов сынды ғалымдардың метафораның қолданылу аясына қатысты ой – пікірлері олардың диссертациялық еңбектері мен шектеліп қалды. Ғалымдардың метафорамен оның жасалу жолдары, көп қырлылығы, функциясы қазіргі қазақ тілі білімінде тек лексикология саласымен ғана байланыс жүргізеді. Ал бұл тілші ғалымдардың құнды пікірлері мен талдаулары, өкінішке орай, басқа ғалымдардың еңбектерінен орын таппауда. Мысалы, қазіргі қазақ тілінің метафорасы туралы сөз қозғағанда тек қана оның лексиканың эмоционалды – экспрессивті қабатын жасайтыныны, ауыс мағына тудырудың бірден – бір жолы екенімен ғана шектеліп келеді. Қазақ тіл білімінде метафораны күні бүгінге дейін біржақты түсіну орын алып келеді. Метафора - тек көркем шығармадағы көріктеу амал - тәсілдерінің бірі ретінде, бұған дейінгі жазылып, зерттеліп жүрген дүниелердің барлығында көркем шығарманың тілдік аспектісінде ғана, яғни троптың түрі ретінде, стильдік ыңғайда сөз етіліп жүр. Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде метафораның лингвистикалық табиғатын тілдегі қызметін, түрлерін жаңаша қарастырып саралайтын ғылыми зерттеулер аса қажет. Өйткені, адамдардың сана болмысындағы өзгерісі қоғамдық, әлеуметтік жағдайларға байланысты. XXI ғасыр басында сөздік қоры әр түрлі жолдармен, тәсілдермен өте актив байи бастады. Қазақ қоғамында»сана төңкерісі»болды деуге болады. Танымдық мәні зор осы өзгерістер тіл білімінде қандац орын алуда. Соңғы уақытта ғылым тілінің қалыптасуына басқа да үрдістер әсер етуде. Мысалы,

1. Орыс тіліндегі оқулықтарды  аудару нәтижесінде тілімізде  жүздеген балама сөздер пайда  болды. Мәселен, философия, психология, мәдениеттану, логика т.б. ғылым салаларына  арналған оқулықтар орыс тілінен  аударылып келеді. Мысалы, «Жалпы  психология», (1980) Аударған-Жарықбаев. Немесе, Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Аудармашы-К.Әбішев. 1997 ж. Т.б.

Информация о работе Метафораны теориялары және олардың дамуы