Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:44, курсовая работа
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.
2. Қазіргі заман талабына сай әр түрлі ғылым салаларында төл оқулықтар жазылды. Мысалы, 10 жылда философия, психология, мәдениеттану т.б. ғылымдарға байланысты жоғарғы оқу орындарына арналған көптеген оқулықтар мен көмекші құралдар жарық көрді. М.Н. Итбаев. Жалпы психология. 1992 ж., Н. Еңлікбаев. Ұлттық психология. 1992 ж. Мысалы, аталған оқулықтарда қолданылатын мынадай сйлемдердегі метафораларға назар аударайық:
1) Философия-барлық қоғамдық
2) Л.Фейербах немістің
Кімде рухани күш басым болса, көбіне жеңіс тізгіні де соның қолына көшеді (Қ. Жарықбаев. Психология. 1993 ж.).
3) Метафора ғылым тілін дасытып, қалыптастыруда жаңа ұғымдарды жасайды.
Осының бәрі метафора
«Лексикада түріне, түсіне, қимылына т.б. белгі ұқсастығына қарай, бүтін бір ұғымның бөлшегін басқа жеке сөзге ұқсату арқылы жаңа мағына ашуын метафора дейміз» /12.34/.
Бұл анықтама ғылыми тұрғыдан дұрыс берілгенімен метафораға тән сын – сипатты толық қамтымаған, анықтамада троптың түрлері ретінде метафора, метанимия, синекдоха қасиеттері тұтас, жалпы қамтылғандай болып көрінеді. Анықтамадан кейін мықты достық, лас жұмыс, кеменің тұмсығы, мәселенің кілті сияқты мысалдар келтіріліп, олардың басқа бір ойды түсіндіру үшін қолданылғаны айтылады. Еңбекте метафора көркем әдебиетте, поэзияда қолданылатын метафора, тілде қолданылатын лексикалық метафора деп екіге бөлініп, қысқаша түсіндіріледі. 1962 жылы жарыққа шыққан І. Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «метафора» термині мүлдем қолданылмайды. Бұл терминнің орнына семасиологияның негізгі заңдарының бірі ретінде - ұқсату заңы аталып түсіндіріледі:
«Тілдің лексикасындағы сөздердің сыртқы дыбысталуын, түрін өзгертпестен, заттың, құбылыстың түрінің белгісінің ұқсастығына қарай жаңа мағынада қолданыла беруін ұқсату заңы деп атайды»/13. 48/. Оқулықта ұқсату заңы былай түсіндіріледі. «Ұқсату заңы дегеніміз өзі шартты нәрсе, ұқсату заңына жататын сөздер кейбір белгі, сипаттарына қарай орынды жерде ұқсату арқылы ғана жаңа мағынаға ие болады... бұл ұқсастық заңы бойынша жасалған жаңа мағына көбінесе омоним жасауға да себепкер болады» /13.49/. 1963 жылы жазылған ғалым Р. Барлыбаевтің «Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы»атты кандидаттық диссертациясында да» метафора»термині қолданылмай, сөздің ауыс мағынасы «ұқсату заңы»деп беріледі.
Ш. Мұхамеджановтың «Қазіргі
қазақ тіліндегі сөздердің
«Сөздердің метафоралық ауыс мағынасы деп сөз мағыналары мен сөздердің екі, я одан да көп заттардың, я құбылыстың өзара ұқсас белгілері негізінде ауыс айтылуын айтамыз» /11.60 /.
Ал ғалым Б. Хасанов «Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы» монографиялық еңбегінде (1966 ж.). Метафораның заттар мен құбылыстардың бүтіндей, не бір ғана белгі, форма қасиет пен қимыл ортақтығына орай, түс, түр, иіс, дыбыс ұқсастығына, құрамына, өзара қатысына карай ауыстыру екенін айтып, ғалым:
«Метафора - екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде сөздің ауыс мағынада қолданылуы»- деген анықтама береді. /1.8/
К. Ахановтың «Тіл біліміне кіріспе» (1978 ж. ) атты оқулығында метафораға мынадай анықтама берілген:
«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сол мағынасының ауысуы метафора деп аталады» /12.158).
Бұл - ғылыми негізделіп берілген нақты анықтама.
Белгілі лингвист Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» деп аталатын еңбегінде метафораға төмендегідей анықтама берілген:
«Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуын метафора дейміз» /13.27/.
1998 жылы жарық көрген «Қазіргі
қазақ тілінің лексикологиясы
мен фразеологиясы»атты
«Сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора (грек metaphora - ауысу) деп аталады» /13.90/.
«Метафора - бір зат, құбылыстың, не оның әр түрлі белгілерінің (түс, қалып, көлем т.б.) атауының ойлау және таным заңдылықтары негізінде салыстыру, ұқсату, теңдестіру арқылы басқа зат, құбылыс не белгілеріне атау ретінде ауысу құбылысы». Метафора тілдегі көп қырлы, әмбебап құбылыс болғандықтан, оның табиғатын бір анықтамамен толық ашып таныту мүмкін емес. Сондықтан метафора құбылысын анықтап көрсететін белгі, қасиет ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады:
Метафора - ойлау, таным процесінің нәтижесі;
Метафора анология, яғни ұқсастық негізінде жасалады;
Метафора адам атының бір – біріне мүлдем ұқсамайтын зат, құбылыс және олардың белгілері арасында ұқсастық табуынан, несесе оларды бір – біріне қарма – қарсы қоюынан пайда болады.
Метафора – ойда зат, құбылыс және олардың белгілерінің ассоциациялануының, яғни байланысуының нәтижесі;
Метафора - зат, құбылыс, белгі, қасиеттердің бір – бірімен теңдестірілуі;
Метафора – тілдік қолданыста бар сз мағынасы мен жаңа ұғым атауының арақатынасының нәтижесі;
Метафора – қолданыстағы сөз мағынасының қайта ойлаудан өтуі;
Метафора тілді жандандырады, көріктендіреді;
Метафораның жасалу жолдары мен тәсілдері шексіз. Оған семантикалық шек қою мүмкін емес;
Метафораның жасалуы адам еркіне тәуелді емес. Ол тілдегі қажеттіліктен пайда болады.
2 МЕТОФРА ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1 Метафора тіл бірлігі ретінде
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика,
“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
“Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан).
Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағына-лықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде “метафоралық роман” деген соны термин қалыптасып келеді.
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады.
Соның өзінде кемінде екі мағына болуы
мүмкін. Сонысына байланысты метафора
екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір
затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама
беру және сол заттың, құбылыстың немесе
адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішіндебаяндауыш болады да (Сен қасқыр екенсің), екінші
жағдайда бастауыш немесе толық
Метафораның басқа троптарға ұқсас қасиеттері
Метафораның басқа троптарға ұқсас келетін қасиеттері бар. Мұндайда метафораның анықтамасын және атқаратын троптық қызметін естен шығармаған мақұл. Мысалы, мына көзілдірікке мен көп сене қоймаймынсөйлеміндегі көзілдірік, бір қарағанда, метонимия (бүтіннің бөлшегі) ретінде қабылдануы мүмкін. Соған қарамастан, оның метафоралық қызметін де жоққа шығаруға болмайды. Дәлірек айтқанда, бұл сөзді қолданушы адам бүтіннің бөлшегін емес, көзілдірік киіп алып білгішсінген, ақыл айтқыш, барлығынан хабары бар мақтаншақ кісіні еске салуы мүмкін. Метафораның теңеумен ара қатынасын да білу қажет. Айталық, метафора бір ұғымның орнына екінші ұғым- ды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады:
Күннің көзі малшы болып,
Найзағайы қамшы болып,
Шартылдады, күркіреді,
Бес түлік мал дүркіреді (Қ. М.) дегенде, тұлғалық жағынан әдеттен тысқары қолданылғанымен, күннің орнына малшы, найзағайдың орнына қамшы жұмсалуға лайық. Ал Жігіттің жүрегі дүрс-дүрс соғып, аттай тулап кетті(Н. Ғ.) сөйлеміндегі аттай немесеат сөзі жүректің орнына қолданыла алмайды, жүректің тез соғуы мен аттың тулауының арасында, алшақтау болса да аналогия бар.
Метафоралау түрлері
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).
Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.
Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Тіліміздемифологиялық метонимиялар да кездеседі: Парнас – поэзия мен музыка мекендейтін тау аты, Пегас – Зевстіңқанатты тұлпары, ақындарды рухтандырушы. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б. Метонимия заттар мен құбылыстар атауын нақты мағынадағы байланысына қарай алмастырады. Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.
Метонимия қызметіндегі атаулар мынадай реттерде ауысып отырады:
1) бір табақ ет жеді (тамақ), сұйықтың орнына ыдыс атауының: табақ (бір табақ жеді);
2) заттың жасалатын материалының атауы: шыны (шыныға құйды - стаканға құйды, шөлмекке құйды);
3) тұрғындардың орнына қоныс
атауы: ауыл (бүкіл ауыл жиналды -
бүкіл ауыл тұрғындары жиналды)
4) қимылдың орнына қимыл
5) қатынасушылардың орнына сол
әлеуметтік оқиғалар мен
6) ғылым, білім салаларының орнына
сол ғылым, білім нысандарының
немесе керісінше, ғылым мен білім
нысандарының орнына сол ғылым,
білім салалары атауларының
7) әлеуметтік ұйым, мекемелердің мүшелердің орнына сол мекеме, ұйымдардың атаулары пайдаланылады:кеңшар - кеңес шаруашылығы (кеңшар) көктемгі егіске әзір - кеңшар (кеңес шаруашылығы) жұмысшылары көктемгі егіске әзір;
Информация о работе Метафораны теориялары және олардың дамуы