Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:44, курсовая работа
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.
8) сезімге әсер ететін оқиғаның
орнына эмоционалдық сөздің
9) оқиға, шығарманың орнына сол
оқиға, шығарманың авторының аталуы: Ә
Аналогия (гр. analogіa –
Логикада дедукция, индукциямен
Аналогия – ежелгі грек тілінде пропорция дегенді білдірген. Грек математиктері cандар жүйесінде 6:9=8:12цифрларының Аналогиялы екендігін аңғарған. Анология бойынша ой тұжырымдаудың мәнісі негізінен мынадай схемаға сәйкес келеді: «Анологияның а, б, в, с белгілері бар; В-ның а, б, в белгілері бар. Демек, В-ның да с белгісі болуы мүмкін».
Ұқсастырылатын белгілердің сипатына қарай: қасиеттер анало-гиясы және қатынастар аналогиясы болып екіге бөлінеді. Егер нәрселер белгілерінің ұқсастығы олардың қасиеттері арқылы салыстырылатын болса, онда олқасиеттер аналогиясы деп аталады. Нәрселер қатынастар негізінде салыстырылса, онда ол қатынастар анологиясы болады. Салыстырмалы нәрселер аналогиясының объективті негізі – олардың қатынасы, жекелеген қырлары арасындағы заңды байланыстар.
Аналогия – алынған қорытынды, ықтималдық сипаттама. Ал оның дәрежесін көтеру үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:
- салыстырылатын нәрселердің ортақ белгілері көп және әр түрлі сипаттарды қамтуы;
- нәрселердегі ортақ белгілердің маңызды болуы;
- ортақ белгілер мен салыстырылатын белгілер арасында заңды байланыстардың жатуы.
Әйтсе де аналогияның ықтималдық сипатын
абсолют түрде қарауға болмайды. Аналогияның
танымдық мәніндегі ерекшелік – ол негізінен
зерттеу процесінің алғашқы кезеңдерінде
қолданылады. Аналогия ізденушінің білімін
ұштауына, ақиқатқа қол жеткізуіне септігін тигізеді, бірақ оны ғыл.-зерттеудің бірден-бір,
негізгі тәсілі ретінде қарастыруға болмайды.
Аналогия – танымдағы көмекші тәсіл, білім
жетілдірудегі көптеген әдістердің бірі
болып қала бермек
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі
өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары,
реңктері болады. Троп солардың бәрін
біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистика
- көріктеу,
- меңзеу,
- әсерлеу дейді.
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу,
ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау,
қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу,
бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады.
Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын
ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті
мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде
тура және астарлы мағынада қолданылады,
бұлардың бір-бірімен байланысының өзі
заттар мен құбылыстардың ұқсастығына
қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте
көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен
сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде
жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін
екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату,
ауыстыру тәсілі негізінде туындайды
(метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту
не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада
сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі
(гипербола,литота, кейіптеу, и
2.2 Метафораның қызметі
Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасындағы сөз-дің) ен, көп қолданылатын жері — публицистикалық стиль мен әсі-ресе көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешен-дік сарындағы өсиет өлендерден, мақал-мәтелден, айтыс жырла-рынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі. Бірақ осылардың ішінде өте-мөте көркем әдебиет стилінде жиі және әр тарап түрде келіп отырады.
Сөз бақпаган момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады
(М. Әуезов). Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен базардың соңына ілшумен өткені ме? Өткен соц базар, Қайқан соң ажар… Сен едіц базарым (Абай). Балуан қолы Ленинніц, Ұстады заман тұтқасын (А. Сүлейменов). Бұзау тіс қамшы құйрығын шан-шып алып қайқайып барады (Ғ. Мүсірепов).
Осы үзіндідегі қараламады деген етістік
метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан
шығып, стильдік жаңа ұғымда жұм-салған.
Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі
— бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі.
Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде
жиі қолданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми
іс қағаздары стильдерінде метафора дәл
мұндай дәрежеде кездеспейді. Поэтикалық
метафора көркем әдебиет стилімен тығыз
байланысты. Әрбір жазушы образ жасауда
осы метафоралық сөз қолдану тәсіліне
көбірек барады. Мысалы: Даусы гүжілдеңкіреп
шығатын, жарықшақ үнді Ділдә Әйгерімнің
жүзінен көз алмайды (М. Әуе-зов). Барлық
жаңағы. жас эйелдердің шыншыл сезгіш
жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толкын, жеңіл қызғылт нұр
Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен
өз өмірініц өкінішті арманын түгендеп,
тізіп жазып еді (М. Әуезов). Сондай кездің
қарсаңында өз елініц ішіменқағаздасып жату
лайык, емес (сонда). Молдалар
Қағаз, қызыл метафоралары тура мағынада да, метафоралық мағынада да қолданылған. Жалпы халықтық сипат алып кеткен мұндай метафоралар тілімізде өте көп, бұлардың қолданылу аясы; стильдік бояуы әр алуан болып келеді.
Аласы аз қара көзі нүр жайнайды…
Бұл іске кім виноват
Я Семейдіц қаласы?
Я қазақтың аласы?… (Абай).
Осындағы аласы сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынада (аласы аз көз), екіншіден, метафора ретінде жұмсалып түр. Ол көбінесе жалпы халықтық сипаттағы метафорлық мағынада (ала ауыз, ала қол, мал аласы сыртында, адам аласы ішінде, алтау ала болса тәріздес түрақты тіркестер құрамында) жұмсалады. Ал көр-кем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік қажетке орай бүл тұ-рақтылық үнемі сақтала бермейді, яғни жоғарыдағы сияқты тір-кестердің ара жігі кейде ашылып, ондағы компоненттер ара-тұра өз алдарына жеке-жеке де қолданыладң. Абай ала сөзін әділдік, адалдық, береке-бірлік, жоқтық, алауызмағынасында, дағдылы сөз орамын өзгертіңкіреп, өзінше стильдік ыңғай беріп, жаңаша қолданып отыр. Бірақ-ол бұл жерде де (ала сөзі) өзінің жалпы халықтық ауыс мағынасынан ажырамаған. Осы тәріздес стильдік құбылу тәтті сын есімнің метафорлық мағынасында да айқын бай-қалады. Мысалы, оның мына бір өлең жолдарындағы қолданы-луына көңіл аударып көрейік.
Тәтті ауыздан дәм кетпей…
Уылжыған тәтті жас (М. Әуезов).
Жақынның сөзі тәтті деп…
Мінезі тәтті болмайды…
Жылы тәтті жауап айт.
Жақсы ән мен тәтті күй…
(Абай),
Бұл үзінділерде тәтті сөзі бес рет қолданылған. Алдыңғы екі мысалдағы ауыс мағынасы контекстік қана, яғни тәтті жас, мінезі тәтті орамдары жалпы халықтық аяда’ айтыла да, қолданыла да бермейді. Ал тэтті күй, сөзі тэтті тіркесіндегі тэтті сын есімінің ме-тафоралық мағынасы ондай емес. Мұнда олар жалпы халықтық ауыс мағынада қолданылып тұр. Олай дейтініміз жақсы ән мен тәтті күй деген сөз орамы казақ окушысының қазір қай-қайсысына да таныс, түсінікті. Тәтті сөзінің қолданылуындағы стильдік ерекшелік әсіресе мына бір контексте көрінеді.
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бұл арада тәтті сөзі өзінің тура мағынасында ма, әлде жалпы ха-лықтық сипаттағы метафора ретінде қолданылып тұр ма — дәл айту қиын. Себебі оны дәл осы жолда тура мағынасында да, ауыс мағынада да алып қарауға болады. Жазушы екеуін қатарластыра, қабаттастыра пайдаланған. Автор тәтті сөзін стильдік мақсат үшін әдейі қолданып отыр. Тура мағына мен метафоралык мағына бір-бірін толықтырып, бірімен-бірі астасып кеткен. Тәтті сын есімінің мұндағы ең негізгі стильдік мәнінің өзі де осы.
Метафора біткеннің бәрі бірдей жалпылык сипат алып кете бермейді. Өйткені ол сөздің тура (лексикалық) мағынасымен және қандай стиль түріне бейім, соған байланысты. Демек, кей сөздің метафорлық мағынасы белгілі бір стильде контекстік қана болып келеді, яғни белгілі бір ғана аяда көрінеді. Мұндай, контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден байқалады. Ол әр автордың өзіндік сөз қолдану шебер-лігмен байланысты мәселе. Себебі, метафора түрінде келген ондай сөз белгілі бір контексте бір-ақ рет қана ұшырасады да, басқа жерде қайтып колданылмайды. Жалпы тілдік аяда кездеспейді. Сөздің ‘ метафоралык мағынасы стильдік құбылыс дегенде, әсіресе оның осы контекстік мағынасы негізге алынады. Контекстік метафора сөздің жалпы халықтық ауыс мағынасынан бөлек тұрған нәрсе емес.
Р. А. Будагов атап көрсеткендей, көркем әдебиет стиліне тән контекстік ауыс мағына жалпы халықтық ауыс мағынадан келіп шығады1.
Р А Будагов Введение в науку о языке, М, 1965, 45-бет
Мұндай контекстік метафора үнемі жалпы халықтық сипат ала бермейді.
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек…
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Оқыған білер әр сөзді…
Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардык, (Абай).
Жоғарыдағы қызыл, тер және сөз есімдері контекстік метафо-ралар. Алдыңғысы, мысалы, сырты жылтырақ, ал ішінде түгі жоқ бос кеуде, ойсыз, жеңілтек адам деген мағынада қолданылған. Оның мұндай мағынада жұмсалып тұрғандығын жалпы контекске, яғни айналасындағы сөздердің өз ара мағыналық байланысына қарап та байқауға болады. Ақын терін зат есімі арқылы еңбегін дегенді айтпақшы. Ал сөз есімі екі түрлі метафоралық мағынада жұмсалып тұр. Біріншіден, оқыған адам әр түрлі нәрседен хабардар болады, көп біледі деген мәнді білдірсе, екіншіден, соңғы шумақта өлең (өлең шығардық) мағынасында қолданылған. Сөйтіп контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильге тән ерекшелік. Ол әрбір ақын, жазушының сөз қолдану қабілетімен, жеке өзінің ғана шеберлігімен тығыз байланысты.
Жүрсе екен өлецімде жаз көркіндей
Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ыргащ
Осы екі жол өлеңдегі жасыл сын есімі жас деген мағынада қол-даныльш тұр. Мұндай контекстік метафора ғылыми, кеңсе, ресми стильдерде сирек ұшырасады. Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ырғақ тәрізді контекстік мағынадағы метафоралар сөйлеу стилінде жалпы халықтық сипат алып кете алмайды. Міне, сондықтан да әрбір жазушы өзінің кейіпкерін сөйлеткенде, сөздің әлгі тәрізді мағынасьш, яғни контекстік мәнін де үнемі талғап отырады.
Мұқандай кең ақыл, кемеңгер
Мүрдеге сияды демеңдер.
Соны ойлап тайыздар тарынар
Тереңдер тереқге тереңдер (М. Әлімбаев).
Жоғарыдағы екі сөздің метафоралық мағынасы ерекше көңіл аударады. Олар — тайыздар, тереңдер. Алдыңғы сөз — ойсыз, па-сық адамдар мәнінде жұмсалып тұр. Соңғысы тереңдер, бұған ке-рісінше — ойлы, ақыл-парасаты мол, білімді адамдар деген ұғымда алынған. Екеуінің (тайыздар мен тереңдер сөзінің) тура, лексикалық мағынасы да сондай қарама-қарсы. Ақын карсы мәнді екі сөзді стильдік мақсат үшш катарластыра, әдейі осылай жұмсап отыр. Шағын өлеңдегі стильдік ұтымдылық — лексикалық мағынасы қарама-қарсы екі сөзді жарыстыра қолдану арқылы жасалуында. Соңғы жолда бір ғана тереңсөзі үш рет қайталанған. Үшеуі де метафоралық мағынада берілген: Тереңдер тереңге тереңдер…
Информация о работе Метафораны теориялары және олардың дамуы