Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда бейне материалдарды пайдаланудың тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың зертттеу объектісі – Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында бейне материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқыту үдерісінде бейне материалдарды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.
3. Білім беру үдерісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде бейне материалдарды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде бейне материалдарды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы – Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.
Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [4.10].
Курстық жұмыста бейне материалдарды пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 80.22 Кб (Скачать документ)

 Сондай-ақ мақал-мәтелдер  арқылы монологтық сөйлеуге үйретуде  10 - сынып оқушыларына арналған  “Health care” атты тақырыбына бірнеше мақал-мәтелдерді беру арқылы өз ойларын талқыға салу. Жаңа тақырып өткен кезде “Good health is above wealth”- Денсаулық - зор байлық.-деп тақырыпша алып. Бірнеше мысалдар келтіріп кету керек. Бұл жердегі басты міндет оқушыға осы мақал-мәтел арқылы денсаулықтың қаншалықты керек екенін айту. Осындай ой тасталған соң оқушылардың қызығушылықтары арттып, сабаққа деген ынталары жоғарлайды. Сонымен қатар үй тапсырмасына денсаулық тақырыбына арналған бірнеше мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тауып бір мақалдың мағынасын ашып айтып беру. Келтірілген мысалдар арқылы монологтық сөйлеудің белгілі бір дәрежесіне жетуге болады. Бұл тұрғыда қалалық және ауылдық аймақтарды ескерген жөн. Ауылда бәрімізге белгілі ортаға байланысты тілді меңгеру өте қиынырақ. Дегенмен қазір ауылдық өмір дамуда. Сонда да ағылшын тілін меңгеруде қаладағы оқушыға қарағанда төменірек. Себебі көрнекілік аз, тіл үйренушіге міндетті түрде лингафон сыныбы керек. Өкінішке орай осындай жағдайлар кейбір ауылдарда мүлдем жоқ. Бұл оқушының сабаққа деген ынтасын төмендетеді. Бірақ бұған қарамастан мұғалім оқушыға басты міндет өзінің талаптанып, еңбектенуінің арқасында жоғары нәтижеге жететінін түсіндіру.

  11-сыныпқа келгенде  оқу-бағдарламасанда көбіне мемлекеттік  жағдайлар, мәселелер талқыланады.  Мысалы: "There is a time for everything” (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (c.c.a.: Аспан астында әр нәрсенің, өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген. 
  Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.

  Оқушының ой-санасына  мағыналы ой салатын осындай  мақалдарды жиі қолдандыру ең тиімді тәсіл. Сабақ барысының ең көп бөлігі сөйлеуге арналған. Осы мүмкіндікті қолдана отырып оқытушы оқушының мағыналы, мәнерлі, көркем, ұтымды сөйлеуіне мүмкіндік жасауы керек. Жоғары сатыда сабақ түрі көбіне оқушыларды бір-бірімен сөз жарыс, талқыға арнап. Осындай сәттерде берілген және өткен мақал-мәтелдерді қолданысқа енгізіп сабақ сайын қайталау мен пысықтаудың арқасында оқушының монологтық сөйлеу үрдісін дамытуға болады.

  Жоғары сатыда мақал мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету барысында 9-11 сынып оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес бірнеше мақал-мәтелдер тобын ұсынсақ:

 

Health care. Sporting life.

 Ағылшынша баламасы

Қазақша баламасы

1

Good health is above wealth

Денсаулық – зор байлық

2

Take a hair of the dog that bit you

Демі бардың емі бар

3

If each would sweep before his own door, he should have a clean city

Тазалық бар жерде денсаулық  бар

4

Agues come on horseback but go away on foot.

Кесел батпандап кіріп, мысқалдап  шығады

5

   

6

   

7

   

8

   

9

   

10

   

11

   

12

   

13

   

14

   

15

   

16

   

17

   

18

   

19

   

20

   
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. http://www.elgazeti.kz
  2. Г. Амандықова, Ш. Мұхтарова, Б.Баймұқанова, А. Бисенғалиева «Шет тілін оқыту әдістемесі»: Оқу құралы.2-ші басылым.–Астана: «Фолиант», 2010. − 264 бет
  3. http://www.google.kz
  4. Т. Ақшолақов, Т. Жұмажанова, С. Қалиева, С. Дүйсебаев «Қазақ әдебиеті» - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005. – 365 бет
  5. М. Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» − Алматы: «Санат», 1996.

– 353 бет

  1. Ж. Малайсарин «Қазақ  мақал-мәтелдері» − Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2011. −184 бет
  2. Ш.Уалиханов «Таңдамалы шығармалар»−Алматы: «Жазушы», 1980.−410 бет
  3. http://islam.com.kz
  4. А. В. Кунин «Курс фразеологии современного английского языка»: Уч.пос.для интов и факт.иностр.яз.-3-е изд., - Дубна: Феникс.  2005.- 488 с
  5. http://wikipedia.com.kz
  6. А.В. Петровский «Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы» −Алматы: «Мектеп», 1987. −288 бет
  7. Д. Омурзакова «Ағылшын тілі: мектепте» – Алматы: ИП «Неся», 2004.

– 48 бет (Республикалық ғылыми-әдістемелік  журнал. №4.2011)

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». – Астана: Елорда, 2006.
  2. Р. А. Амиржанова «Мектептегі шет тілі». – Алматы: ТОО «ТНК 2030», 2002 – 48 бет (Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №6.2007)
  3. Т. Аяпова, З. Әбділдаева, Ж. Тұтбаев «English. Ағылшын тілі» Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009. –272 бет
  4. Т. Аяпова, З. Әбділдаева, Ж. Тұтбаев «English. Ағылшын тілі» Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. –304 бет
  5. Т. Аяпова, З. Әбділдаева, Ж. Тұтбаев «English. Ағылшын тілі» Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. –288 бет
  6. Д. Омурзакова «Ағылшын тілі: мектепте» – Алматы: ИП «Неся», 2004.

– 32 бет (Республикалық ғылыми-әдістемелік  журнал. №5.2009)

  1.   Д. Омурзакова «Ағылшын тілі: мектепте» – Алматы: ИП «Неся», 2004.

– 38 бет (Республикалық ғылыми-әдістемелік  журнал. №1.2010)

 

 

 


Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері