Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:57, курсовая работа
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда бейне материалдарды пайдаланудың тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың зертттеу объектісі – Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында бейне материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқыту үдерісінде бейне материалдарды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.
3. Білім беру үдерісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде бейне материалдарды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде бейне материалдарды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы – Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.
Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [4.10].
Курстық жұмыста бейне материалдарды пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Үш сатыда кездесетін тақырыптар мағынасы жағынан ұқсас, яғни қайталануда. Аталған тақырыптар арқылы мақал-мәтелдерді топтастырып сабақ жоспарына ыңғайлап кіргізу. Оқушылардың монологтық сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ағылшын тілінде тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу, жазу сатылары бар. Соның ішінде сөйлеу қабілеттіліктерін артыру маңызды. Себебі шетел тілін үйренудің басты мақсаты сол тілдегі ұлтпен қарым-қатынаста еркін сөйлей білуі. Оқушыларға шетел тілін үйретуде негізгі 3 қиыншылық кездеседі: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
Әрбір сатыда аталған фонетикалық, лексикалық және грамматикалық түйіндерде мақал-мәтелдерді қолдана білу керек. Егер оқушының бірінші фонетикалық қоры, екінші лексикалық қоры, үшіншіден грамматикалық қоры дұрыс болмаса сөйлеу кезіндегі сөз мәнері өте нашар болады. Сол себепті осындай қиыншылықтар болмас үшін бастапқы сатыдан бастап мақал-мәтелдерді сөйлеу іс- тәжірибесіне қосу керек.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді оқу бағдарламасында төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы үйренуге болады.
1. Мақал-мәтелдердегі дыбыстарды дұрыс айту.
а) монофтонг пен дифтонгты дыбыстардың дұрыс айтылуын тексеру барысында.
Great barkers are not biters.
As you make your bed, so you must lie on it.
b) Ағылшын тіліне ғана тән дыбыстардың айтылуын үйрену кезінде:
[θ] – like author, like book.
[Ə] – a burnt child dreads the fire.
[о:] – the beggar may sing before.
[^] – well began is half done.
[u:] – true blue will never stain.
[h] – half a loaf better than no.
[ts] – a burden of one’s choice is not felt.
2. Лексикалық және фразеологиялық тіркестердегі сөздері мен сөз тіркестерін жақсы меңгеру:
A black hen lies a white egg.
Let the dead, bury the dead.
Two black do not make a white.
To kill two birds with one stone.[18. 25 б]
3. Грамматикалық материалдарды оқып үйрену арқылы. Әрбір сабақта тиянақты, сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиіс. Осыны ескере отырып, мақал-мәтелдерді сабақта грамматикалық тақырыптарды түсіндіргенде пайдалануға болады. Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер өткен тақырыпты пысықтау үшін, оқушылар жалыққан кезде көмектеседі, олардың ізденушілік қабілетін дамытады, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.
Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал-мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шетел тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгінгі күнде көп тілді меңгерген жан-жақты, ел ертеңін ойлайтын дана ұрпақты тәрбиелеу – киелі мәселелердің бірі. Сондықтан шетел тілі сабағында мақал-мәтелдерді пайдалана отырып грамматикалық тақырыптарды түсіндіру:
The plural of nouns
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа.
Сөз сүйектен өтеді.
Тау-таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі.
The degrees of comparison of adjective.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Екі кісі бір кісінің тәңірісі.
Өз үйім өлең төсегім.
The constructions: There is / There are
Айхай өз үйім, кең сарайым, боз үйім.
Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды.
Төрт аяқты мал да сүрінеді.
The Present Indefinite.
Әркімнің өз талғамы бар.
Басы қатты болса , аяғы тәтті болады.
Жамандық жерде жатпайды.
The Future Indefinite.
Көргеніңнен көрмегенің көп.
Жүре бара көреміз.
Жолдасына қарап, кісіні білерсің.
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
The Present Perfect.
Не ексең, соны орасың.
Ащының дәмін татпай, тәттінің не екенін не екенін біле алмайсың.
Содан бері көп жыл өтті.
The Passive Voice.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Балапанды күзде санайды.
Денсаулықтың қадірін
The Gerund.
Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер.
Жатқан жыланның қүйрығын баспа
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.
Modal verbs.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жақсы жақсы емес, жарасқаны жақсы.
Болар іс болды, өткен іске өкінбе. [19. 29-30 б]
Нәтижесінде: оқушы өзін-өзі
тәрбиелей, өзін-өзі жетілдіре
білуге, өзіне-өзі чыншыл болуға,
өзін-өзі басқара білуге, ретті
жерлерде шебер сөйлеуге
Жоғары да келтірілген
2.2 Жоғары сатыдағы оқушылардың өз ойын толық жеткізу
Жоғары сатыдағы оқушылар көбіне жылдам ойланып, өзінікін дұрыс етуге тырысады. Әрине бұл бір жағынан дұрыс. Үлкен өмірге қадам басуға талпынып отырған баланың өзіндік мені қалыптасады. Бірақта үлкен өмір иесінің біріншіден сөз саптауы, ортамен араласуы, өз ойын анық, дәл жеткізуі сөз байлығының аздығынан зардап шегеді. Бұл тұрғыда жоғары сынып оқушыларының өз ойын толық жеткізуде сабақ барысында еркін сөйлеуге үйрету ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін көрсету. Шетел тілін меңгертуде және оқушылардың сөздік қорын дамытуда алатын орны ерекше фразеологиялық тіркестер тобына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнның тереңдігімен ерекшеленеді.
Оқушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс баяндай білуге дағдыландыру, ағылшын тілінде жазылған шығармалардың тіл байлығын, стилін, әр сөздің атқаратын идеялық-эстетикалық жүгін жете меңгерту, кітаптарды өздігінен пайдалана білу тәрізді іскерлік дағдыларын қалыптастыру, адамзаттың ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру, сөйтіп егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тарихи құндылықтарын, ізгі тағлымдарын шетел тілі арқылы дамыту пән мұғалімдерінің басты мақсаты болу керек.
Мектепте оқушыларды тәрбиелеу
және оқыту сабақта және
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрадағы орны мен үлесін білуін қамтамасыз ету.
оқушының қабілетін, қызығуын, ынтасын дамытуға мүмкіндік беретін пәндерді оқыту.
Оқушылардың жастық
Оқушылар басқа елдің
тілін, салт-дәстүрін білуі
Біздің негізгі мақсатымыз
– болашақ еліміздің тізгінін
ұстайтын жастарды тәрбиелеу.
Жастарды тәрбиелеу мақсатында
ұстаздар мен ата-аналар, бүкіл
жұртшылық бірлесе жұмыс
Жоғары саты ең бір күрделі кезең. Бұл сатыдағы сабақ бағдарламалары күрделене түседі. Оқушыларды жалықтырмай, түсінікті, әрі қызықты етіп түсіндіруі мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Мұғалім тәжірибесінде сабақтың жоспары мемлекеттік бағдарламаға сәйкес құрастырылады. Сол жоспарлар арқылы оқушының білім алу дәрежесін көтереді.
Жалпы білім беретін
мектептің 9-сыныбына арналған
оқулыққа назар аударсақ. Жоғарыда
көрсетілген жоғары саты
Еңбек түбі – қуаныш.
Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.
Еңбек түбі-бейнет,
Бейнет түбі-зейнет.
Еңбек етсең – емерсің.
Ащы еңбектен тәтті нан.
Берілген мақал-мәтелдер
арқылы оқушылардың
Business before pleasure.
Еңбек түбі-бейнет,
Бейнет түбі-зейнет. - деген мақалды талқылар болсақ. Әрбір кәсіптің өзіндік қиыншылықтары бар. Өмірде адам баласы туа салып еш уайым-қайғысыз өмір сүріп кете алмайды. Ата-ананың қанатының астында болған кезде өмір ешбір қиындықсыз өтеді. Үлкен өмірге қадам басқанда нағыз қиын өмірдің басталары мәлім. Сол үшін еңбектеніп, оқу-білім нәрін алсаң өзің сүйген, қалаған маман иесі боласын. Әрине олда оңай емес. Бейнеттенесін, қиналасын, өмір жолындағы біз білмейтін қиындықтарға жолығасын. Бірақ адал еңбек пен кәсіптің арқасында бейнеттің түбі - зейнет екеніне көзің жетеді. Ол сенің адал еңбегіңмен тапқаның, саналы ұрпақ тәрбиелгенің. Осындай мақал-мәтелдері оқушыларға бере отырып тәрбиелік жағын айқын көрсетуге болады. Сабақты қызықты етіп ұйымдастыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері