Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда бейне материалдарды пайдаланудың тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың зертттеу объектісі – Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында бейне материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқыту үдерісінде бейне материалдарды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.
3. Білім беру үдерісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде бейне материалдарды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде бейне материалдарды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы – Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.
Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [4.10].
Курстық жұмыста бейне материалдарды пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.