Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:57, курсовая работа
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда бейне материалдарды пайдаланудың тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың зертттеу объектісі – Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында бейне материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқыту үдерісінде бейне материалдарды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.
3. Білім беру үдерісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде бейне материалдарды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде бейне материалдарды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы – Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.
Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [4.10].
Курстық жұмыста бейне материалдарды пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бір топ мақал-мәтелдер адамның бойындағы жақсы қасиеттерін марапаттауға, адамгершілікке баулып тәрбиелеуге бағытталады. Мысалы: “Атаңның баласы болма, адамның баласы бол”, “Ақ жүрек адам азбас”, “Ақылың болса арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта”, т.б мақал-мәтелдерде кісілік, адамгершілік, достық мәселелеріне ерекше мән береді.
“Ата-ананың қадірін
балалы болғанда білерсің, ағайынның
қадірін жалалы болғанда
Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері. Мақал –мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында, екшелеген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді.
Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, “Өнер алды-қызыл тіл”, “Ер қанаты-ат”, “Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді” деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынасында айтылып тұр. Ал екінші бір мақал-мәтелдерде ойды тура айтпай, жұмбақтап, астарлы мағынада ишарамен білдіреді. Мысалы, “Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда”, “Не ексен, соны орасың”, т.б. мақал-мәтелдерде айтпақ ой астарлы мағынада ишарамен беріліп отыр. [4. 24 б]
Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарының өзіне тән негізгі бір ерекшелігі-аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, «Аз сөз- алтын, көп сөз- көмір», дей отырып, халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің «тобықтай түйінін» береді, ой-пікірін, көзқарасын әрі терең, әрі ашық айтады.
Мақалдың сөз саралауы олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинақы, ықшам келеді. [5. 89 б]
Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ өзара айырмашылығы да бар. Басты айырмашылық – бұлардың мазмұнында.
Қай мақалды алсақ
та, оның мазмұнында өмірде болған
елеулі оқиға, әңгімелер
Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады» [6. 3 б]- деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады.
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады. Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз.
Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» [7.115-116 б.] еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. Ш.Ахметовтың құрастыруымен шыққан «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясында» бірнеше тақырыптағы мақал-мәтелдер берілген. Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, И.Гродеков, А.Васильев, П.М.Мелиоранский, Ә.Ә.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, Н.Төреқұловтарды атап көрсетуге болады.
Қазақ халық ауыз
әдебиетінің нұсқалары, соның
ішінде Қазан төңкерісіне
Жоғарыда аталған жинақтарда берілген түсінік дәрежесіндегі бірен-саран шағын алғы сөздерде, жалпы халық ауыз әдебиеті жайында жазылған шолу мақалаларда айтылғаны болмаса, қазақ мақал-мәтелдері қырқыншы жылдарға дейін арнайы сөз болып зерттелген емес. Бұл кезеңдерде М.Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихында», С.Сейфуллиннің «Таңдамалы шығармалар» жинағында мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы ретіне аталып, топтап мысалдар келтірілген. Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы ретінде қарастырған.
М.Әуезов 1940 жылдардың басында «Қазақ халқының эпосы және фольклоры» атты зерттеуінде қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің тұлғасы өлең түрінде жасалатын, мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен байланысты болатын екі ерекшелігіне көңіл бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында «Қазақ әдебиетінің тарихында» басылған Б.Шалабаевтың «Мақал-мәтел» атты ғылыми очеркінен басталады (Алматы, 1948). Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді жинау, жариялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары әбден қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған дейін, көбінесе республикалық газеттер бетінде ғана жарияланып келсе, енді «Қызыл ту», «Оңтүстік Қазақстан», «Ленин жолы», «Есіл правдасы», «Коммунизм жолы» сияқты облыстық газеттерде де жиі жарияланып, жарық көре бастаған. Мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп талдағандардың бірі – Мәлік Ғабдуллин. Ол «Қазақ халық ауыз әдебиеті» атты еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін жинап, бастырушыларды атай кетіп, оның жанрлық табиғатын, әдеби-әлеуметтік мәнін анықтайды. Н.Төреқұловтың 1957 жылы шыққан «Қанатты сөздер» атты жинағына бірнеше мақал-мәтелдер енген. Соңғы кезеңдерде балаларға арналып шығарылған жинақтарда мақал-мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға боларлықтай. Оларға М.Жаманбалиновтың, Қ.Баянбайдың, Е.Елубаевтың, С.Қалиевтің, Е.Ерботинның, Б.Кірісбаевтың, т.б. жинақтарын атап көрсетуге болады. Осындай мол меңгерілген рухани мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «не күн туды басына», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп» деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың қара сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы» қара сөзінде: «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Ал, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққан туралы» атты еңбегінде 10 мақал талданған.
Мақал-мәтелдерде бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. «Қызды асырай алмаған күн етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді» деген мақал-мәтелдердің мәнісі – жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. Білім, өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден өнеге алмақ.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы. [8]
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің
ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі
нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын
тілінің сөздік қорын байытуға едәуір
үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer
is always right (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі
дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен
сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді"
(Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі
жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық
дүкендерінде "Тһе сustоmег іs аlways гіgһt",
яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс"
деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік
көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық
арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска
енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға
даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің
мол қоры бар.
Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің
ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден,
ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир
сыңды көркемсөз шеберлерінің, халыққа
танымал ақын-жазушылардың туындыларынан,
сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен
бастау алғандықтары байқалады. [10]
Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді , оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.[9.433 б]
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады. [10]
Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері