Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:57, курсовая работа
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда бейне материалдарды пайдаланудың тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың зертттеу объектісі – Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында бейне материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқыту үдерісінде бейне материалдарды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.
3. Білім беру үдерісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде бейне материалдарды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде бейне материалдарды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы – Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.
Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [4.10].
Курстық жұмыста бейне материалдарды пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1.3 Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірім шақтың
біраз бөлігі орта мектептің
жоғары сыныбына сәйкес келеді
және жеке тұлғаның қалыптасу
процесінде айтарлықтай
Жасөспірім шақпен
жастық шақтың арасында ап-
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Әлеуметтік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Жастық шақ ақыл-ой
қабілеттілігі артуының
Жоғары сынып оқушылары «Неге» деген сұраққа үнемі және табанды түрде
жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызықтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес-өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз - өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу - бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдатады және істеуге мәжбүр етеді. [11. 171-178 б]
Шетел тіліне оқытудың жоғарғы сатысында оқушылар жасының ерекшелігіне көп көңіл бөліну керек.
Өйткені, жасөспірім
балаларда психологиялық
Осындай жастағы
оқушылардың білімге деген
Бүгінгі таңда
ғасырлар қойнауында
Жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету сөйлеу дағдысының ең тиімді әдісі ретінде
(Қаракемер орта мектебі мысалында)
2.1 Мақал-мәтелдер
арқылы шетел тілі сабағын
да монологтық сөйлеуге
Соңғы 15 жылдағы еліміздегі халықаралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы мен нығаюы және республикамыздың халықаралық қоғамдастыққа енуі білім беру саясатына шетел тілдерге байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі кезде ғаламдық жаһандану, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі жүріп жатыр. Президентіміз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Яғни жоғары нәтижелерге жету үшін, біздің болашақ ұрпағымыз өте білімді, заман талабына сай жан-жақты дамыған, мәдениетті және өте тәрбиелі болуы қажет. Ал жан-жақты дамыған тұлға тек берік біліммен қаруланып қана қоймай, қазіргі заман талаптарына сай бірнеше шетел тілдерін меңгеруі тиіс. [13. 32 б]
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылындағы Қаракемер ота мектебінің ағылшын және неміс тілдері пәнінің мұғалімі Болатбаева Нұрсана Метербайқызының ағылшын пәні сабағында қолданған әдіс-тәсілдеріне тоқталсақ. Әрбір ұстаз өзінің әдісімен, біліктілігімен, білімімен ерекше. Менің ұстазым әрбір сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданатын. Жоғары сыныпқа келген кезде көбінесе мақал-мәтелдерді жаттатқызатын. Мысалы: 9-сынып оқулығында материалдар күрделене түседі. Оқулықта өз еліміз туралы, ағылшын тілінде сөйлейтін Анлия, АҚШ және басқа елдердің өмірі, тұрмыс-салты мен мәдениеті жөнінде түсініктер берілген. Осы мәселелерді оқушылар ауызша, өз ойларын анық, түсінікті етіп жеткізуде мақал-мәтелдерді ұсынатын. “Себебі мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсетеді”-деп айтатын.
Н. М. Болатбаеваның мақал-мәтелдер арқылы шетел тілі сабағын да монологтық сөйлеуге үйретудегі тәжірибесін мысалға ала отырып. 9-сыныпта “Healthy life” атты тақырыбындағы жүргізілген сабақ үрдісіне тоқталсақ. “Healthy life” атты тақырыбында сабақ құрылымы әдеттегідей жаңа тақырып түсіндірілуден басталды. Грамматикалық түйіндер, жаңа сөздер сондай-ақ денсаулық жайында бірнеше мақал-мәтелдер ұсынылды. Ең бірінші талқылауға берген мақал “Health is better than wealth” (Денсаулық зор байлық) әрине мағынасында мол ұғым жатқан мақалдың бізге берген тәлім-тәрбиесі өте мол болды. Біріншіден осы мақал-мәтел арқылы монологтық сөйлеуге талпындық, екіншіден ұрпақ санасына денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін, денсаулықтың мықтылығы арқылы білімде, еңбекте, бақытта, байлықта ала алатынымызды түсіндік. Бірінші байлық – денсаулық деп халқымыз бекер айтпаған. Тура осы мақал мен аудармасы сәйкес келетін ағылшын мақал-мәтелі де бар “The first wealth is health” осындай сәйкестіктерді анықтап бізге жаттауға және өмірлік қолданысқа енгізуімізді ұсынды. Әрбір сабақта осындай мағыналы мақал-мәтелдерді тақырыппен ұштастырып бізді монологтық сөйлеуге үйретуге тырысты. Шетел тілі үнемі қайталап, жаттап, үздіксіз жаттығудан тұратын пән. Сондықтан жаңа сөз жаттау, оны мәңгі есте қалдырудың бір жолы осы мақал-мәтелдер болды. Мақал-мәтелдер арқылы моногогтық сөйлеуге үйретуді өз тәжірибесінде қолданып, сабақ жүргізген деп өзімнің ұстазым Нұрсана Метербайқызын айта аламын.
Нұрсана Метербайқызы
ағылшын тілі сабағында
Осындай мақалдар бізді адамгершілік қасиеттерге баулып, пәнге деген қызығушылығымыз арттыратын. Ойын түрінде өткізілетін сабақтар барысында. Мақал-мәтелдерді конверттің ішіне салып, үстелдің үстіне қоятын.
Конверттің ішінде бас-аяғы қиылған мақал-мәтелдер бар, ол 10 сөйлемнен тұратын, яғни оқушылар мақал-мәтелдердің бас аяғын құрастырулары тиіс. Барлық 10 сөйлемді бірінші болып жинаған топ жеңімпаз болып саналатын. Екі топқа бөлініп, өзара мақал-мәтелдер айтып жарысатынбыз. Әрине мұндай сабақтарды көптеп қызықты әрі түрлендіріп өткізуге тырысатын. Мұндағы негізігі жетістігі - баланың сабаққа белсене араласуы, өз ойын жеткізе білуі, сол себепті де бізге саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында ұтымды тәсілдерді қолдана білген Нұрсана Метербайқызының еңбегін айтуға болады.
Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасы
Шетел тілін
оқытуда коммуникативтік
Ағылшын тілінде
мақал-мәтелдер өте көп. Мақал
мағыналы сөйлем ретінде
Мысалы екі тілдегі мақал-мәтелді алсақ.
Білімсіз күнің жоқ.
Қарап отырсақ ұқсастықтар өте көп. Берілген мақалдардың синонимдері мақалдың өзімен тек ондағы образдармен ерекшеленеді, яғни салыстырмалы түрде, мысалға алынып отырған заттар әр түрлі, бірақ басқа жағынан бірдей. Енді әр түрлі тілдегі мақалдар әр түрлі тарихи жағдайларда құрылған. Өйткені әр елдің әдет - ғұрпы тарихи әр түрлі. Сондықтан кейбір мақалдардың синонимдері болмай қалуы мүмкін, оны мысалға басқа тілге аудару үшін аздаған болса да, үндестігін, ұқсастығын ескере отырып, осы тақырыпта мақал алынады. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақал-мәтелдің өзінің бастапқы, негізгі мағынасы өзгермейді. Сондықтан біз қай ұлтты адам болсақ та, қай тілде сөйлесекте ата-бабамыздың келер ұрпаққа, яғни бізге деп қалдырып, кеткен алтыннан да қымбат, асыл қазынамыз мақал-мәтелдерді біліп, жадымызда сақтауымыз керек.
Курстық жұмыстың басты мәселелеріне тоқталатын болсақ: шетел тілді жан-жақты меңгертуде, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйретуге дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», - деп Әл-Фараби айтқан. Яғни ең басты мәселелердің бірі балаларға 2 тілдегі мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру болып табылады.
Жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету үшін. Жалпы ағылшын тілінің 9-11 сынып оқушыларына арналған оқулығының мазмұнына тоқталсақ.
9 - сынып оқулығында:
10 - сынып оқулығында:
11 - сынып оқулығында:
Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері