ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 16:56, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыста еліміздің ең ірі, әрі байырғы мұражайы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар негіздері сонымен қатар мұражайдың көрмелері жайлы баяндалады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Мұражайдың жалпы тарихы
1.1. Біздің көрсететін қызметтеріміз
1.2. Экспозициялар
1.3. Коллекциялар
1.4. Көрмелер
2. Delphi тілдік бағдарламасымен ақпараттар жүйесін құру
2.1. Delphi тілдік бағдарламасының тарихы
3. Экономикалық бөлім
3.1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
3.2. Экономикалық есептеулер
4. Еңбек қорғау бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипл.раб.Айнара.docx

— 123.16 Кб (Скачать документ)

 Көрме аясында Қазақстандағы  жинақ банкі ісінің 90 жылдық дамуы  туралы тарихи стенд ұйымдастырылады.  Сонымен қатар көрмеге келушілер  назарына ҚР МОМ қорынан алынған  КСРО дәуіріндегі және Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы  нумизматикалық топтамалар (1922-2012 жылдар  кезеңіндегі), мұрағаттық құжаттар, ақша белгілері, банкноталар,  мерейтойлық монеталар (ұсақ ақша), облигациялар, лотерея билеттері  ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  орталық мұражайы 2013 жылдың 15 ақпаны, сағ.15.00-де украиндық суретші Макс Скоблинскийдың шеберлік-класына қатысушылардың «Бірлескен шығармашылық» атты көрмесін ашады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  орталық мұражайы (әрі қарай ҚР МОМ) бейнелеу өнерінің әртүрлі саласындағы  суретшілердің көрмелерін өткізіп, кәсіпқой суретшілер мен кескіндеме өнерінің жанашырлары үшін түрлі  форматта іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

  Бүгінде ҚР МОМ алматылықтар мен қала қонақтарына «Бірлескен шығармашылық» көрмесін тамашалап, кескіндеме өнеріне баулушылардың авторлық әдістерімен танысып, бір сәтке өзін суретші сезіну мүмкіндігін сыйлайды.

Макс Скоблинский өзінің ұстазы Игорь Сахаровтың өзгеге ұқсамайтын ерекше әдісіне машықтанып оны өз тәжірибесінде қолданып жүрген суретші. Ол  көркем сурет мектебі мен  училищесін тәмамдаған, халықаралық  және украиндық 11 көрме мен аукциондардың  қатысушысы. Аталған жобаның авторы кез келген адамды картина салуға машықтандыруға болатынына сенімді  және ол оны өз шәкірттеріне осы  өнердің қыр-сыры туралы түсіндіріп, әркімнің жеке мүмкіндігін есепке ала  отырып, өзінің әркездегі асқан шеберлікпен  орындалатын шеберлік-класында оп-оңай дәлелдеп келеді. Қыл қаламның кенепке  сызған әр қимылын, бояулар мен бейнелерді бақылай отырып әсем картинаға қол  жеткізу – сөзбен айтып жеткізгісіз  көрініс. Ал одан да кереметі – кеше ғана кескіндеме өнеріне еш қатысы жоқ адамның бір күнде өнерге қызығушылығы артып және өзін осы  өнерде сынап көріп, өз қолымен картина  салуында. Шеберлік-класқа барлық категориядағы  адамдар қатыса алады. Осындай бірегей  мүмкіндікке кез келген адам ҚР Мемелекеттік орталық мұражайында 2013 жылдың 23-24 ақпанында  Макс Скоблинскийдің жетекшілігімен өтетін шеберлік-класқа қатысу арқылы ие бола алады. Сіздің туыстарыңыз, достарыңыз бен таныстарыңыз небәрі 4 сағат  ішінде шебердің жетекшілігімен салған көркем сурет туындыңыз бен дарыныңыздың куәгері бола алады. Көркем туындыны салу үшін қатысушыларға мастихин, бояулар, кенеп, қыл қаламдар және Қазақстан суретшілерінің фотоматериалдары беріледі.

Көрмеге М.Скоблинскийдің шеберлік-класына  қатысушылардың 70-ке жуық жұмысы қойылады.

Шеберлік-кластар 23-24 ақпанда, сағ.10.00-18.00 аралығында өтеді.

«Жанымды жаралаған Ауғанстан». 2013 жылы 14 ақпанда, сағат 15.00-де  ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 24 жылдығына арналған  «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесініңресми ашылуы өтеді.

Кеңес әскерлері Ауғанстан  жерінде ауыр да  азапты тоғыз  жыл бойы – 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін болды.

 Ауғанстанда КСРО-ның  620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін  өтеді.

15 526 адам, соның ішінде  қазақстандық 924 қаза тапты, алған  жарақаттарынан және аурулардан  қайтыс болды. 

333 адам (КСРО Қорғаныс  министрлігі Бас Штабының деректері  бойынша), соның ішінде қазақстандық 21 адам хабар-ошарсыз жоғалды  және тұтқынға түсті. 

 Ауғанстан соғысы Кеңестер  Одағына ешбір ар-абырой,  данқ  әкелген жоқ.

 Құрбан болғандардың  туыстары мен жақындары үшін  бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпандағы әскерлердің шығарылуымен  де аяқталған жоқ. Ол тіпті  уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз  қансыраған жара болып қалып  отыр. Осы қантөгісті оқиғаның  тәжірибесі әр мемлекет пен  халық өздерінің ішкі істерін  өз халықтарының пайдасы мен  игіліктері үшін дербес түрде  шешуге үндеген қайталанбас сабақ  болды. Шайқас шебінде соғысты  тұтандырушылар емес, майдандағы  жауынгерлер қаза болды. Біздің  көрмеміз нақ осылар хақында.

Көрменің мақсаты –  Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан  солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс  саяси проблемаларды шешудің  тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.

 Экспозицияға Ауғанстанда  шайқасқан, құрбан болған және  осы отты кешуден аман қалған  қазақстандық жауынгерлер мен  офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының  фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары  қойылды. Көрмеге келушілерді,  әсіресе, кеңес жауынгерлері мен  офицерлерінің, сондай-ақ олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.

 Сіз көрменің тұсаукесерінде  Ауғанстандағы соғыстың қатысушыларымен  жүздесе аласыз.

Көрме Алматы қалалық әкімшілігінің  жанындағы Ауғаныстандығы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері  мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық үйлестіру кеңесінің  қатысуымен дайындалды.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайының  археологиялық экспедициялары»

ҚР Мемлекеттік Орталық  мұражайы 2013 жылдың 30 қаңтарында сағ. 15.00-де «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  орталық мұражайының археологиялық  экспедициялары» атты көрменің ашылуына шақырады.

Көрме ҚР МОМ археология орталығы қызметкерлерінің археологиялық  қазба жұмыстарының нәтижесінде  табылған материалдар негізінде  ұйымдастырылады.

2011 жылы ҚР МОМ ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүзеге асыру мақсатымен  археология коллекциясын толықтыру  және Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы  археологиялық нысандарды зерттеу  үшін экспедиция отряды құрылды:  орталықтың ғылыми қызметкері  Айтқұл Х. басшылығымен Қаратау  отряды ерте темір дәуірі ескерткіштері  Талдысу, Бөкебай шоқы, Бесарық  шатқалына зерттеу жүргізсе, т.ғ.д,  профессор А.Н.Подушкин басшылығымен  Күлтөбе отряды Ордабасы ауданындағы  Күлтөбе, Қылышжар қоныстарында  барлау, зерттеу, қазба жұмыстарының   нәтижесінде табылған археологиялық  жәдігерлер қаңлы мәдениетінің  өзіндік ерекшеліктерін айғақтайды.

 Көрмеде Арыс өзені  алқабындағы нысандарда қазба  жұмыстары барысында табылған  б.з.д. IV- б.з. IV ғғ. мерзімделетін материалдар   коллекциясы: бедерлі қыш ыдыстар,  әшекейлер, қару-жарақ, әсіресе,  ерекше атап айтар нәрсе, тың  жазба деректер көрсетіледі. 

<span class="Normal__Char" style=" font-family: 'Ti


Информация о работе ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі