Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 16:56, дипломная работа
Бұл дипломдық жұмыста еліміздің ең ірі, әрі байырғы мұражайы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар негіздері сонымен қатар мұражайдың көрмелері жайлы баяндалады.
КІРІСПЕ
1. Мұражайдың жалпы тарихы
1.1. Біздің көрсететін қызметтеріміз
1.2. Экспозициялар
1.3. Коллекциялар
1.4. Көрмелер
2. Delphi тілдік бағдарламасымен ақпараттар жүйесін құру
2.1. Delphi тілдік бағдарламасының тарихы
3. Экономикалық бөлім
3.1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
3.2. Экономикалық есептеулер
4. Еңбек қорғау бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер
Қосымша
«Тыл - майданға» экспозициясы соғыс жылдарында Қазақстан аумағында жұмыс істеген ғылыми және мәдени мекемелердің қызметіне, экономикаға, халық шаруашылығына арналған. Ғылым мен мәдениетке арналған Орталық орынды, ғалым-геолог Қ.И. Сәтбаевтың қызметі туралы әңгімелейтін экспонаттар алады. Экспозицияның бөлімдерінің бірі соғыс жылдарындағы рухани «қару» - әдебиет пен өнерге арналған.
«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында» экспозициясы Брест бекінісі, Мәскеуді, Сталинградты, Ленинградты қорғаушы және Берлин операциясына қатысушы қазақстандықтарға арналған.
Төртінші залдың экспозициясы тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған, мұнда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран, ҚР Президентінің Штандарты, ұлттық валюта, мемлекеттік марапаттар, сондай-ақ, біздің мемлекетіміздің жаңа Елордасы – Астана қаласының қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін экспонаттар бар. Қазақстанның экономикасы, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау, мәдениеті, ғылым жән спорт ерекше қызығушылық тудырады. Экспозицияның үлкен бөлімі ҚР Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған. Көрмелерде үлкен тарихи құндылығы бар экспонаттар - Елбасының инаугурациялық атрибуттары – халық шебері Д.Т. Сұлтанмұратов арнайы дайындаған және 1992 жылы қыркүйекте өткен қазақтардың Бүкілдүниежүзілік құрылтайында Президентке сыйлаған шапан, айырқалпақ, белдік көрсетілген. Экспозицияның ерекше бөлімі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа шет елдік мемлекеттердің басшылары мен делегациялары тапсырған сыйлықтарын көрсетеді. Олар Қазақстанның халықаралық қауымдастықта барынша артып келе жатқан беделінің куәсі болып табылады. 1995жылы қабылданған ҚР Конституциясы да осы жерден орын алған. ҚР мемлекеттік марапаттары – «Халық қаһарманы», «Парасат», «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ» және т.б. ордендерге бөлек бөлім арналған. Мұражайдың «жас буын» экспонаттарына – Қазақстанда шығарылған ақша белгілері, маркалар, қазіргі заманғы тұрмыстық заттар, космонавтиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау бойынша материалдар, Қазақстанның діни конфессиясының тарихы, қазақстандық шеберлердің халықтық-қолданбалы өнер туындылары, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерінің үлгілерін жатқызамыз.
Қазақстан мұражай ісінің тарихында алғаш рет ҚР Мемлекеттік Орталы мұражайында, біздің мұражайымыздың мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа түрі ретінде, «Ашық қор» экспозициялық кешені ұйымдастырылды. Осының арқасында келушілер қор коллекцияларының бұрын соңды белгісіз болған қазыналарын көре алатын болды. Тақырыптық негізде құрылған «Ашық қор» экспозициясы жаңа коллекциялық материалдарды көрсету арқылы мерзімді түрде жаңарып тұрады.
Алтын - адамзаттың алғаш меңгерген металдардың бірі. Жоғары иілімділік, табиғи бекзаттық, әдемі сары түсі оны зергерлік өнердің негізгі материалдарының бірі етті. Тарихтың сонау терең қойнауынан алтыннан жасалған көркемдік бұйымдар қазіргі біздің заманымызға бүлінбеген күйі сол алғашқы қалпында жетті. Жалаулы қоймасы. Б.з.д VIII - VIIғғ. 1988 жылы көктемде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаулы ауылынан мектеп оқушылары киіз қаптан 600-ден астам алтын бұйымдар тапқан. Жалаулы қоймасы осылайша ашылған, одан табылған заттар б.з.д. VIII - VII ғғ. Жетісуды мекен еткен сақтардың бай қиялын, нәзік шығармашылық талғамын және аса биік өнерін көрсетеді. Шілікті қорғанының қазынасы. Б.з.д. VII –VI ғғ. Зайсан ауданы Шілікті биік таулы жазығында б.з.д VIII-III ғғ. Шығыс Қазақстан облысында мекендеген сақтардың «патша обалары» шоғырланған. Алғаш шілікті қорғанының қазбаларын қазу жұмыстары 1946 жылы С.С. Черниковтың жетекшілік етуімен, КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөлімінің Шығыс-Қазақстан экспедициясы жүргізді, ол содан кейін 1960 жылы жалғастырылды. С.С. Черниковтың № 5 оба қазбалары заттары Эрмитажда сақталған, № 7 оба қазбаларының кейбір заттары ҚР МОМ Ашық қорында қойылған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археологиялық экспедициясы Шілікті 2 қорымының № 1 оба қазбаларын қазу жұмыстарын жүргізді. Шілікті қорымының диаметрі 100 метрге жуық, биіктігі – 7,9 м. Қорғанның астынан бөрене жапырақтарымен көмкерілген жерасты бөлмесі табылған. Бір кезде қоры бай болған, ерте кезде тоналған қорымнан алынған 4263 алтын бұйым қазіргі кезде ҚР МОМ қорында сақтаулы. Тарасу алтыны. Б.з.д. VII - VI ғғ. Тарасу алтынын З. Самашевтың жетекшілігімен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институт экспедициясы 1988ж. Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданының Тарасу обасынан тапқан. Барлық қазбалар, соның ішінде жерленген адамның алтыннан жасалған заттары: жыртқыштың құйылған мүсіні, конус пішініндегі аспалы екі сырға, теріс жағында ілгегі бар екі түйме 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының қорына тапсырылған. Екінші Покровка қорғанының алтыны. Б.з.д. V ғ. 1911 жылы шаруалардың тонаушылық қазбаларының нәтижесінде Орал уезінің Покровка с. (қазіргі кезде Ақтөбе облысы) маңында, Екінші Покровка қорғанынан табылған әшекейлер ежелгі савроматтардың зергерлік өнерінің тамаша үлгісі болып табылады. Бай әйел жерленген орынан отызға жуық алтын әшекейлер табылған, олардың ішінен скиф-сібірлік «аң» стилінде жасалған бұйымдар ерекшеленеді. Шірікрабад зиратынан (IV – б.ғ. бірінші ғғ.) және Қылышжар зиратынан (б.з.д. III-I ғғ.) табылған алтын ҚР Археология иниститутының Шірікрабад экспедициясы 2004 -2005ж т.ғ.к Ж. Қ. Құрманқұловтың жетекшілігімен Қызылорда облысы аумағындағы Жаңадария өзенінің оң жағасында орналасқан Шірікрабад (№ 1 нысан) кешенінен тапқан дүниелер Арал өңірі сақтарының зергерлік өнерінің үлгісі деуге болады. Жерлеу орнынан барлығы 400-ден астам алтын бұйым табылды. Бұлар қалыптау, шыңдау, кесу, ширатпа тәсілдерімен жасалған киім әшекейлері. Қарғалы көмбесі. Б.з.д. II - I ғғ. 1939 жылы Алматы қаласының батысындағы Қарғалы шатқалындағы жартас астынан әйел қабірі және 300-ден астам алтын әшекей табылған. Б.з. д II-I ғғ «аң» стилінен кейін қалыптасқан безендіру стиліндегі қарғалылық әшекейлер ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінің шыңы деуге болады.
«Антропология мұражайы» экспозициялық кешені – бір жағынан, қазіргі адамдардың пайда болуы мен жер бетінде таралу үрдісін,екінші жағынан Қазақстанның этно- және нәсілдік-генетикалық тарихын көрсететін артропологиялық және археологиялық бірегей заттарды танытатын Орталық Азиядағы жалғыз мұражай.
Зал экспозициясы шартты үш бөлікке бөлінген:
2010 ж. 24 мамырда ҚР МОМ-інде «Н.Г. Хлудов залы» атты жаңа экспозиция ашылды. Онда көрнекті орыс суретшісінің XIX ғ. соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі өмір тіршілігін көрсететін шығармалары ұсынылған. Залда шебердің 46 жұмысы мен суретшінің жеке заттары қойылған (1-3-фотолар). ҚР МОМ-інде Хлудов жұмыстарының ең көп коллекциясы бар. Қазіргі уақытта музей қорында 211 туындысы сақталған, оның ішінде 117 кескіндеме, 39 қарандашпен, 55 акварельмен салынған суреттер және этюдтар мен суреттері бар 3 альбом бар.
ҚР МОМ-де Хлудов
жұмыстарының коллекциясы ұзақ
мерзім ішінде құрылды.
Н.Г. Хлудов өз коллекцияларының бір жерде сақталуын қалаған, сондықтан да оның қазасынан кейін, шебердің туыстары оның салған нобайларын, эксиздерін және альбомдарын мұражайға тапсырған. Орталық Мемлекеттік мұражайға соңғы берілуі 1944 жылы болды. Н.Г. Хлудовтың шығармашылығында туындылар бірнеше тақырыптық топтарға бөлінеді:
ҚР Мемелекеттік Орталық мұражай қорында 250 000-нан астам сақтам бірлік (бұдан әрі – с.б.)., оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кіретін, негізгі қорды құрайтын 207 618 с.б. бар.
ҚР МОМ негізгі қорында
Қазақстанның ерте заманнан
Палеонтология қоры палеонтологиялық,
геологиялық, ботаникалық, зоологиялық
коллекциялармен қатар, археологиялық
қазба жұмыстарынан табылған жануарлардың
остеологиялық қалдықтары мен Қазақстан
табиғатын көрсететін фотоқұжаттардан
тұрады. Палеонтологиялық коллекция 12
геологиялық кезеңнен тұратын жер
бетінен жойылып кеткен Қазақстанның
флорасы мен фаунасынан құралады.
Коллекция кембриден (570 млн. жыл) голоценаға
(қазіргі уақыт) дейінгі аралықты
қамтиды. Бұл жерде жойылып кеткен
жануарлардың остеологиялық қалдықтары,
тасқа айналып кеткен өсімдіктер,
жәндіктер мен балықтардың
Палеоантропология қоры қола
дәуірінен бастап қазіргі заманға
дейінгі Қазақстан
Адамдардың жер бетінде
пайда болғанына дейінгі
Мұражай қорының маңызды құндылықтарының бірі археология қоры болып табылады. Оның ішінде б.з.д. XVII-IX ғғ. жататын керамика, түрлі материалдардан жасалған еңбек құралдары, қару-жарақтар, әшекейлер, тұрмыстық заттарды құрайтын Орталық-Қазақстандық археологиялық экспедиция коллекциялары ерекше орын алады.
Ертедегі көшпелілер дәуірінің діни-ғұрыптық қола және сәндік қолданбалы өнер коллекциялары да өзіндік құнды саналады.
Қоладан әзірленген құрбандық орны мен шырағдандар – жануарлардың шынайы мүсіншелерімен безендірілген қуыс немесе нәзік сипатта тіреуішті үстелдер аса шебер құйылған. Б.з.д. VIII-III ғғ. жататын 30 ошақтан тұратын коллекция да қызықты. Мұражай қорында түркі тілдес тайпалардың жазба ескерткіштері және Орта Азия мен Қазақстанда христиандық діннің таралу тарихын – XIII-XIV ғғ. танытатын несториандық құлпытастардың үлкен коллекциясы сақтаулы. Монументтік тас мүсіндер ескеркіштерінен тас мүсіндер (балбалдар) коллекциясы берілген.
Археология қоры Неплюев
әскери училищесінің «музеумі» және
Жетісу статистикалық комитетінің
Жетісу облыстық мұражайы коллекциялары
негізінде құрылды. Коллекцияның жартысы
Орынбор қаласынан түсті. Аталған
коллекциялар Орынборлық ғылыми архивтік
комиссияның, оның ішінде комиссия мүшесі
И.А. Кастаньенің қазба жұмыстарын
жүргізіп, коллекция жинап, жіктеп және
1910 жылға дейінгі Қазақстандағы
белгілі археологиялық
Коллекцияның едәуір бөлігін
Түркістан және Жетісу статистикалық
комитетінің Түркістандық археологияға
әуесқойлар үйірмесінің, Орыс Археология
қоғамы мен Мәскеу Археология қоғамының
қызметкері Н.Н.Пантусов жиған. Олар: қазандар
және XIV-XVIII ғғ. несториандық және мұсылмандардың
құлпытастары. 30-шы жылдары түскен түсімдерден
А.Н.Бернштам жетекшілік еткен, КСРО ҒА
Материалдық мәдениет тарихы институты
(бұдан әрі - ММТИ) мен Ғылым академиясының
қазақстандық филиалы бірлесіп Жетісу
мен Оңтүстік Қазақстанды зерттеген,
1936 жылғы Талас Археологиялық
экспедициясы бар. Осылардың ішінен
Тараз қаласынан батысқа қарай
85 км. жердегі Қаратаудың солтүстік
жоталарындағы Берікқара
Информация о работе ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі