ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 16:56, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыста еліміздің ең ірі, әрі байырғы мұражайы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар негіздері сонымен қатар мұражайдың көрмелері жайлы баяндалады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Мұражайдың жалпы тарихы
1.1. Біздің көрсететін қызметтеріміз
1.2. Экспозициялар
1.3. Коллекциялар
1.4. Көрмелер
2. Delphi тілдік бағдарламасымен ақпараттар жүйесін құру
2.1. Delphi тілдік бағдарламасының тарихы
3. Экономикалық бөлім
3.1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
3.2. Экономикалық есептеулер
4. Еңбек қорғау бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипл.раб.Айнара.docx

— 123.16 Кб (Скачать документ)

 Көрме 2013 жылдың 15 наурызы,  сағ. 16.00-де ашылады. Аталған көрме 2013ж. 28 наурызына дейін жалғасады.

«Ғасыр әуені». ҚР Мемлекеттік  Орталық мұражайында 2013 жылдың 6 наурызында, сағат 15.00-де көрнекті композитор - қазақ  кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық  әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр әуені» атты көрме ашылады.

М. Төлебаев 1913 жылдың 13-наурызында Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы (қазіргі Алматы облысы, Сарқанд  ауданы), Қарашаған ауылында дүниеге  келген. Еңбек жолын 1933 жылы бастаған, 1938-1941 жылдар аралығында Москва консерваториясы  жанындағы Қазақ студиясында  оқыған. Ұлы Отан соғысына байланысты, консерваторияны  1951 жылы бітіреді.

 Мұқан Төлебаевтың  шығармашылығы көпқырлы, сан алуан  жанрларды қамтиды. Ол спектакльдер  мен кинофильмдерге музыкалар,  кантаталар, опералар, камералық-аспаптық  туындылар және хорға арналған  симфониялық шығармалар жазды.  Олардың ішінен «Амангелді» ( Ғ.Мүсіреповтің либреттосы) операсы,  «Қазақстан» симфониялық поэмасы  мен «Коммунизм оты» кантатасын  ерекше шоқтығы биік туындылары  деп атап өткен жөн. Ол 1945 жылы  Е.Брусиловский және Л.Хамидимен  бірге Қазақ ССР Мемлекеттік  әнұраны сазының авторларының  бірі болды. 

 Композитор М.Төлебаевтың  ұлттық опера классикасындағы  ең үздік шығармаларының біріне  айналған «Біржан - Сара» (Х.Жұмалиевтың  либреттосы) операсы 1946 жылы дүниеге  келді.

  Мұқан Төлебаев өзінің жемісті шығармашылық жұмысын белсенді қоғамдық қызметпен де ұштастырды. Ол 1942-1944 жылдары Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, 1955-1956 жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы (1953-1955 және 1959-1960 жж.) қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ол КСРО Композиторлар одағының басқарма мүшесі және КСРО Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды.

Мұражайдың IV залына қойылған көрмеде М.Төлебаевтың өмірі туралы кітаптар, фотоматериалдар, құжаттар және өзіне тиесілі жеке заттар мен  сыйлықтар, оның ішінде  Сталин сыйлығының лауреат белгісі қойылған. Сонымен  қатар, көрмеден оның анасы Тәжібаланың  өмірден ерте озған дарынды композиторды жоқтап жазған «Ана зары», «Толғау» атты қолжазбаларының түпнұсқасы, бірнеше  музыкалық шығармаларды дүниеге  әкелген М.Төлебаевтың роялін көруге болады. М.Төлебаев құрметіне Алматыда оның есімімен көше аталып, музыкалық  мектепке есімі берілген, тұрған үйінде мемориал тақта және ескерткіш орнатылған.

 Көрменің ашылу күні  М.Төлебаевтың музыкалық шығармаларынан  үзінділер ойналып,  жұбайы Дариға  Ғазизқызы Төлебаева, композитордың  шығармашылығын зерттеуші профессор  Н.С.Кетегенова өздерінің естеліктерімен бөліседі. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері өз өнерлерін көрсетеді.

8- НАУРЫЗ – Халықаралық  әйелдер күні! Осы мейрамның келуі  арқылы көктем лебінің жеткендігін  сезінеміз. Сонымен қатар әйелдер  қауымына деген ыстық лебізіміз  бен құрметімізді білдіріп, жүрегіміздің  жылуы мен ілтипат, ықыласымызды, сыйлықтарымызды тапсыратын күн.  Мереке қарсаңы – жақыныңа  не сыйлаған дұрыс, оны қайдан  алу керек, қандай сыйлық алған  лайықты деген сұрақтарға жауап  іздейтін нағыз қарбалас шақ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  орталық мұражайы «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына 2013 жылдың 2-3 наурызында Орта Азия қолөнер  шеберлерінің «БӘЙШЕШЕКТЕР ГҮЛДЕГЕНДЕ»  атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесін өткізіп, қолөнер бұйымдары үлгілерінің  алуан түрімен танысуға мүмкіндік  сыйлайды.

Орта Азиядағы ең үлкен  шығыс жәрмеңкесіне Қазақстанның әр аумағынан, Қырғызстан мен Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан, Ресейден келген 150-ге жуық халық шеберлері  қатысады.

 Әр халық өзінің  қайталанбас әрі бірегей қолөнер  бұйымдарымен белгілі. Олардың  тамыры тереңге жайылып, ағаш  өнері, металға, әшекей бұйымдарға  нақыш қондыру (бедер салу), қыш,  кілем тоқу, кестелеу және басқа  да сәндік-қолданбалы өнер түрлері  ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Көрмеде келушілер назарына бірден  ілінетін халық шеберлері жасаған  қымызға арналған ыдыстар жиынтығы, қобдишалар мен сандықтар бір  жағынан тұрмыстық бұйымдар болса,  екінші жағынан қолданбалы өнер  бұйымдары ретіндеде белгілі.  Бірақ әр шебер өз қиялы  мен эстетикалық талғамына сай,  өз стилдерімен жасайды, сондықтанда  олар әртүрлі боп келеді. Бұйымдар  материалына (металл, қыш, ағаш, тері, тоқыма), орындалу техникасына (бедерлеу, ойып қашау, кестелеу, құймалау, соғу, таптау, басу) және пайдаланылуына  қарай ажыратылады. Сәндік-қолданбалы  өнер туындылары этникалық және  ұлттық  айшықтарымен ерекшеленіп,  адамның көңіл-күйіне, жан қуатына  да әсер қалдырады. 

Көрмеге сыйлықтар мен  кәдесыйлардың алуан түрлері: киім, әшекей бұйымдар, қыш ыдыстар, саз  аспаптары, шығыс миниатюралары  мен тері, киіз және жібектен жасалған бұйымдар көпшілік назарына ұсынылады.

Мұражайға келушілер бұл  күні жәрмеңкені аралап қана қоймай, сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі – қыштан әртүрлі  бұйымдар жасау бойынша суретші-қыш  шебері Абай Рысбаевтың шеберлік-класына  қатыса алады.

 «Қазақ кілемдері мен  тоқыма бұйымдары Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік орталық мұражайы  коллекциясынан»

Еліміздегі ең ірі мұнай-газ  кәсіпорны «Теңізшевройл» ЖШС-нің  құрылғанына 20 жыл толуына орай, 2013 жылдың 27 ақпанында Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік Орталық  мұражайында мұражай мен «ТШО»  бірлесіп шығарған «Қазақ кілемдері  мен тоқыма бұйымдары Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік орталық  мұражайы коллекциясынан» атты ғылыми каталогтың тұсаукесері мен «ТШО»  қызметіне арналған жаңа экспозиция кешенінің ашылу салтанаты өтеді.

 Компания ұсынған экспонаттар  мен материалдардан жасақталып, мұражайдың 4-залында орналасқан  «ТШО» экспозициялық кешені республика  халқын еліміздің ірі мұнай-газ  кәсіпорнының қызметіне қатысты  түпнұсқа материалдармен таныстырады.  Экспозиция мазмұны қазіргі таңдағы  технологиялық жетістіктерге негізделген  және Қазақстан Республикасындағы  мұнай-газ саласы дамуын көрсететін  ғылыми-танымдық мазмұнға ие.

 «ТШО» бас директоры  Тим Миллер және бас директордың  орынбасары Әнуарбек Жәкиев «ТШО»  ЖШС-нің мыңдаған ұжымы атынан  алғаш бірлескен кәсіпорын құрған  кездегі «Ғасыр жобасының» ҚР  Мемлекеттік Орталық мұражайында  көрсетілгеніне мақтанышпен қарайтынын  жеткізіп, ризашылық білдіреді.

Аталған іс-шараның екінші бөлімі «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен шығарылған «Қазақ кілемдері  мен тоқыма бұйымдары Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік орталық  мұражайы коллекциясынан» атты ғылыми каталогтың тұсаукесеріне арналған. Каталогқа ҚР МОМ қорындағы түкті, түксіз кілем, алаша, тұскілем сияқты қазақ  кілемдерінің барлық түрінен 265 сақтам бірлік енгізілген. Кілем және тоқыма бұйымдарының хронологиялық шеңбері XVIII соңы мен XX ғ. 70 ж. қамтиды. Каталог  құрылымы жағынан алғысөз, «Түкті кілем», «Түксіз кілем», «Алаша», «Тұскілем» және «Тоқыма бұйымдары» сияқты бес  бөлімнен тұрады.  Қосымшада ою-өрнек  түрлері, қысқаша түсіндерме сөздік, көрсеткіштер мен әдебиеттер тізімі көрсетілген. Каталог авторлары  кілем және тоқыма бұйымдарын ғылыми жүйелеп, қазақ кілем тоқу өнерінің композициясы мен семантикасын, технологиясын  сипаттап, қазақ халқының дәстүрлі кілем тоқу техникасы ерекшеліктерін  ашып көрсетуге тырысты. Жобаның  ғылыми редакторы және жетекшісі  мұражай директоры Нұрсан Әлімбай.

Көркем безендірілген, 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жарық көрген бұл кітап тарихшы, этнолог және мәдениеттанушы мамандарға ғана емес, барлық оқырман қауымға арналған.

«Теңізшевройл» ЖШС –  қазақ халқының жарқын әрі төл  мәдениетін қолдауда алдыңғы қатардан көрініп келеді.

- «Қазақ халқының өнері  мен мәдениетін қолдау әрі  жариялау мақсатында жүргізілген  жұмыстардың дәстүрлі жалғасы  ретінде «Қазақ кілемдері мен  тоқыма бұйымдары Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік орталық мұражайы  коллекциясынан» каталогын шығаруға  қатысуды «Теңізшевройл» ЖШС  ерекше құрмет деп санайды»,- деп  атап көрсетеді ТШО бас директоры  Том Миллер.

 «Қазақ кілемдері мен  тоқыма бұйымдары Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік орталық мұражайы  коллекциясынан» каталогының тұсаукесеріне  орай Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік Орталық музейі осы  басылымға енген кілем және  тоқыма бұйымдардың «Масатыдай  құлпырған...» атты көрмесін көпшілік  назарына ұсынады. Көрме келушілерді  қазақ кілем тоқу өнерінің  қыр-сырымен таныстырады. 

Қазақ кілемдерінің көрмесі 2013жылдың 20-28 ақпаны аралығында өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  орталық мұражайы «Қазақстан Халық  Банкі» АҚ-мен (Halyk Bank) бірлесіп «Халық мәдениеті және өнері» деген тақырыпта  ауқымды іс-шараны қолға алды. Аталған  шара еліміздегі дәстүрлі қаржылық мекеме – Халық банкінің 90 жылдық мерейтойымен орайластырып отыр. Ақпан айының ішінде Банктің ұйымдастырып отырған акциясы  шеңберіндегі мұндай іс-шараларды Республиканың  барлық ірі қалаларында өткізу қарастырылған.

Іс-шараның мақсаты: мұражайға  келушілерді қазақ халқының бай  тарихымен, мол мәдени мұрасымен  және ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Бағдарламада:

16-17 ақпанда - «Ашық есік  күндері». Банктің қаржылық қолдауымен  бұл күндері мұражайға келушілерге  тегін кіру мүмкіндігі беріледі  және негізгі төрт экспозициялық  зал бойынша сағат сайын мынадай  тақырыптық экскурсия ұйымдастырылады:  «Палеонтология және археология»,  «Тарихи этнография», «Ұлы Отан  соғысы жылдарындағы Қазақстан  және диаспоралар мәдениеті», «Бүгінгі  Қазақстан». 

16-28 ақпанда – аталған  іс-шара шеңберінде Орталық мұражай  Банкпен бірлесіп «ҚР МОМ қорының  кеңес дәуірі мен тәуелсіздік  жылдарындағы нумизматикалық коллекциясы»  атты көрме ұйымдастырады, көрме  материалдарының бір бөлігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дамуының тарихи белестеріне арналады. 

Тарихқа көз жүгіртсек, сол  кездегі РСФСР-дегі, сондай-ақ Қазақстандағы  жинақ ісінің қалыптасуына РСФСР  ХКК-нің 1922 жылғы 29 желтоқсандағы мемлекеттік  еңбек жинақ кассалары туралы ережені бекіту жөніндегі қаулысы  негіз болды.

1923 жылдың тамыз айында (2003 жылы, Халық Банкінің 80 жылдығы  атап өтілуіне орай, Банктің туған  күні ретінде 10 қазан күні белгіленді) Халық комиссариаты кеңесінің  бұйрығы бойынша Қазақстандағы  тұңғыш жинақ кассасы Ақтөбе  қаласында ашылды. Қазақ КСР Жинақ  банкінің құқықтық мирасқоры  болып табылатын Халық Банкінің  тарихы дәл осы сәттен бастау  алады. Кейіннен, ұжымдастыру және  индустрияландыру кезеңінде, 1936 жылы  Алматы қаласында КСРО Мемлекеттік  еңбек жинақ кассасының филиалы  ашылды. 

1992 жылы Қазақстан Республикасының  Жинақ Банкі құрылды, оның ресми  түрдегі заңдық мирасқоры Қазақстан  Халық Банкі болып табылады. 1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қарамағындағы  дербес заңдық құрылым «Қазақстан  Халық Банкі» болып қайта ұйымдастырылды.

 Төлем карточкаларының  Қазақстандағы алғашқы нұсқасы  болып табылатын «Иртыш-card» карточкаларын  шығаруды Павлодар облысының  Ермак қаласындағы (қазіргі Ақсу  қ.) ферросплав зауыты мен ҚР  Жинақ банкі (кейіннен - Қазақстан  Халық Банкі) бірлесіп күш салу  арқылы жүзеге асырды. 1995 жылдың  аяғына қарай Қазақстан Халық  Банкі Республиканың ірі операциялық  банкі болып танылды. Халықаралық  Master/Card төлем жүйесімен ынтымақтаса  отырып Халық Банкі 1996 жылдың  қазан айының басында алғашқы  карточканы шығаруға қол жеткізді. 

 «Қазақстан Халық Банкі»  АҚ бүгінгі күні еліміздің  қаржы нарығындағы жетекші қаржылық  топ әрі қазақстандық бөлшек  бизнес қызметін көрсетуші көш  бастаушы банк болып табылады. Банк өзінің республика аумағы  бойынша барынша кеңінен таралған  филиалдық желісі арқылы 5,9 миллионға  жуық жеке тұлғаға, 60 мыңнан астам  ШОБ субъектілеріне және 300-ге  жуық ірі корпоративтік клиентке  қызмет көрсетеді.  Қаржылық топ  халыққа, оның ішінде жалпы  тұрғындарға және шағын және  орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ  корпоративтік клиенттерге алуан  түрлі қаржылық қызмет ауқымын  (банктік қызметтер, зейнетақылық  жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік  қызмет, активтерді басқару қызметін  ұсынады. Халық Банкі сондай-ақ  өзінің Ресейдегі, Грузиядағы  және Қырғызстандағы еншілес  құрылымдары арқылы да банктік  операцияларды жүзеге асырады. 

Информация о работе ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі