Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 16:56, дипломная работа
Бұл дипломдық жұмыста еліміздің ең ірі, әрі байырғы мұражайы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар негіздері сонымен қатар мұражайдың көрмелері жайлы баяндалады.
КІРІСПЕ
1. Мұражайдың жалпы тарихы
1.1. Біздің көрсететін қызметтеріміз
1.2. Экспозициялар
1.3. Коллекциялар
1.4. Көрмелер
2. Delphi тілдік бағдарламасымен ақпараттар жүйесін құру
2.1. Delphi тілдік бағдарламасының тарихы
3. Экономикалық бөлім
3.1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
3.2. Экономикалық есептеулер
4. Еңбек қорғау бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер
Қосымша
МАЗМҰНЫ
ТАПСЫРМА
АҢДАТПА
КІРІСПЕ
2.1. Delphi тілдік бағдарламасының тарихы
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер
Қосымша
АНДАТПА
Бұл дипломдық жұмыста
еліміздің ең ірі, әрі байырғы
мұражайы – Қазақстан
КІРІСПЕ
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер).
Қазақстанда музейлер тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті.
Мұражайдың адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі кезеңде мұражайлар алдында болашақ үшін мәдени мұраны сақтау және тарихи мәнді құндылықтарды замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр. Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпыадамзаттық мәнін ашу арқылы мұражайға келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту мақсаттарын әрбір мұражай өз саласына сай музейлік орта жағдайында іске асыруда.
Қазақстандағы мұражай әлемі, оның дамуы, келушілерге беретін білім, тәрбиелік, ағарту бағытындағы жұмыстары ерекше. Қазіргі кезде Қазақстан мұражайлары әлемдік мұражайлар тәжірибесінен өткен, жалпыға тән мұражай қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде.
Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың негізін қалауда өлке тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай мәдениетін зерттеу, жинақтаумен айналысқан сол кездегі өлкетану-шылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, білімді адамдардың орны екекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетелеген. Сол даму жүйесі Қазақстан мұражайларының негізінің қалануына себеп те болды. Оқу құралында осы тақырыптар қамтылды. Қазақстандағы XIX-XX ғасырдағы, қазіргі кездегі мұражай ісінің дамуы, осы бағытта жүргізілген жұмыстар, мұражай ісі, көне ескерткіштерді, өнер туындылары мен табиғатты қорғау комитетінің, алаш зиялыларының мұражай саласын өркендетудегі жұмыстары, Халықаралық және Ұлттық мұражай комитетінің құрылу тарихы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының мұражай ісін дамытудағы маңызы көрсетіледі.
Қазіргі кезде тәуелсіз елімізде 200-дей мұражай жұмыс жүргізеді. Елімізде мұражай мамандарын дайындайтын оқу орындарында мұражай мамандары «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша дәріс алып, еліміздің мұражайларында жемісті еңбек етуде.
Қазақстандағы XIX ғасырдағы мұражайлардың қор, экспозиция жұмыстары сол кезеңнің талабы деңгейінде болғаны белгілі. XX ғасырдағы мұражай ісінің дамуы да қоғамдағы өзгерістермен қатар жүрді. Жаңа заман, жаңа өзгерістер мұражай ісінің өзгеріп, жаңа сатыға көтерілуіне көмектеседі. Қазақстан мұражайларының даму тарихы әр өлке, облыстағы мұражайлардың құрылуымен, қорларының жинақталуымен, ағарту, насихат жұмыстарының дамуымен бірге жүрді.
Қазақ тарихындағы
заттай мәдениет туындыларының,
Қазақстандағы мұражай ісін дамытудағы зерттеуші ғалымдардың еңбегі, зерттеулерінің маңызы туралы мәліметтер қамтылады. XX ғасырдағы мұражай ісі, Кеңес Өкіметі кезіндегі атап айтқанда, 1917 -1930 жж. Кеңес өкіметінің мұражай ісіне арналған қызметтері, Қазақстан аумағында мұражай жүйелерінің құрылуы, 1930-1940 жж. Қазақстандағы мұражай ісі көрсетіледі. Сонымен қатар елдегі 1946-1985жж. қазіргі таңдағы мұражай ісі қарастырылады. Халықаралық, ұлттық мұражай комитеттерінің қызметтері, қазіргі таңдағы мұражайларға байланысты басылымдар, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы туралы айтылады.
Оқу құралы мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, тарих мамандығының студенттеріне арналған ҚР мемлекеттік Жалпы білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламасына сай жазылды.
Қазақстандағы мұражайлардың қалыптасу мәселелерін қарастырып, зерделеуге назар аударылды.
1.1.Біздің көрсететін қызметтеріміз
Еліміздің ең ірі, әрі байырғы
мұражайы – Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік Орталық
1944 жылы мұражай –
«Орталық мемлекеттік мұражай»
мәртебесін алды. Қазіргі кезде
мұражай халықаралық мұражай
құрылысының идеологиясы мен
технологиясына сәйкес
Мұражайда өткізілетін іс-шаралар:
1.Түрлі көрмелер –
мемориалдық, мерейтойлық,
өткізуге Қазақстанның, алыс және таяу шетелдің ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін – суретшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, ақын-жазушылар, әртістеді, елшілік, консулдық, компаниялар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және т.б. өкілдерін ынтымақтастыққа шақырады.
Бірінші зал экспозициялық екі кешеннен: палеонтологиялық және археологиялық кешендерден тұрады. Экспозициялық кеңістікті ұйымдастырудың мұндай принципі адамзаттың нәсілдік-генетикалық және әлеуметтік тарихының екі іргелі – табиғи және антропогендік бастауының өзара тәуелділігіне және байланыстылығына негізделіп алынған.
Палеонтологиялық экспозицияларда біздің республикамыздың 300-ден астам тұрғылықты орнының экспонаттары ұсынылған. Қазақстан үшін палеонтология ғылымы өзінің қойнауынан барлық 12 геологиялық дәуірді растайтын дәлелдердің толықтығымен бірегей болып отыр.
Археологиялық экспозиция тас ғасыры, қола дәуірі, ертедегі темір ғасыры, хун-сармат дәуірі, орта ғасырлар бөлімдерінен тұрады. Экспонаттар залдың екі деңгейінде тақырыптық және хронологиялық жүйелілікпен орналасқан.
Экспозицияның бастапқы бөлігінде адамның шығу тегі мен дамуы көрсетілген. Африка, Еуропа және Азия аумақтарынан қазып алынған маймылдар мен ертедегі адамның сүйектерінің қалдықтары олардың эволюциясының негізгі кезеңдерінің нобайын жасауға мүмкіндік берді. Мұнда аса құнды археологиялық олжалардың көшірмелері, оның ішінде Есіктен табылған сақ бекзадасының - әйгілі “Алтын адамның” ғұрыптық киімі мен қару-жарағы, Қарғалы және Жалаулы көмбелерінен алынған бірегей ежелгі алтын бұйымдар, ежелгі жерлеу орындары, культтік ғимараттар, ортағасырлық сәулет өнері ғимараттарының макеттері, бірегей археологиялық ескерткіштерден құрылған диорамалар түзілген.
Екінші зал экспозициясы ХҮ ғасырдың аяғында жеке мемлекет құрып, көшпелі және жартылай көшпелі тірлік кешкен қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің барша этнографиялық өзіндік болмыс-бітімдерімен – өмір салтымен, шаруашылықтарымен таныстырады. Қазақ қоғамының негізгі сипаттары көрсетілген, көшпелілердің мәдени дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері туралы бейнелі ұғым беріледі.
Залдың орталық орнын
дәстүрлі қазақ мәдениетінің символы
- киіз үй алған. Бұл - даланы мекен
етушілердің баспаналарының негізгі
түрі. Ол көшпелі өмір салтына барынша
толық сәйкес келеді. Әрбір экспозициялық
кешенде қазақтардың өзіндік
мәдени дәстүрлерін көрнекі түсінуге
мүмкіндік беретін сирек
Үшінші зал экспозициясы: «Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен этнографиясы» және «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945» атты екі бөлімнен тұрады. XVII-XVIII ғғ. бастап Қазақстанның Ресей құрамына кіргеннен кейін, шаруаларды Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден қоныс аудару үрдісі басталды. XIX ғасырда Қазақстанға Қытайдан ұйғырлар мен дүнгендар қоныстандырылды. XX ғасырда социалистік революция, ұжымдастыру, халықтардың жаппай жер аударуы мен репрессияға ұшырауының, Ұлы Отан соғысы жылдары көшірілгендердің келуінің нәтижесінде, тың жерлерді игеру кезінде республика шегінен (корейлер, әзербайжандар, немістер, татарлар, өзбектер, және т.б.) халықтың көшіп келуі күрт өсті. Осының нәтижесінде қазіргі уақытта біздің мемлекетте 100-ден аса этникалық топ тұрады, олардың халық саны 100 мың адамнан асады. Республикада диаспоралардың 50 мыңнан кемін поляктар, ингуштар, еврейлер, армяндар және т.б. құрайды. Залдың экспозициясы келушілерді осы диаспоралардың тарихы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен таныстырады. Залдың экспозициялық кешенінің арнайы бөлімі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945 жж.) Қазақстан тарихына арналған. Ол: «Тыл -майданға» және «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында» атты екі үлкен бөлімнен тұрады.
Информация о работе ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі