ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 16:56, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыста еліміздің ең ірі, әрі байырғы мұражайы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар негіздері сонымен қатар мұражайдың көрмелері жайлы баяндалады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Мұражайдың жалпы тарихы
1.1. Біздің көрсететін қызметтеріміз
1.2. Экспозициялар
1.3. Коллекциялар
1.4. Көрмелер
2. Delphi тілдік бағдарламасымен ақпараттар жүйесін құру
2.1. Delphi тілдік бағдарламасының тарихы
3. Экономикалық бөлім
3.1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
3.2. Экономикалық есептеулер
4. Еңбек қорғау бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипл.раб.Айнара.docx

— 123.16 Кб (Скачать документ)

1948-49 жылдары С.С.Черников  жетекшілігімен КСРО ҒА Археология  институтының Ленинградтық бөлімшесінің  Шығыс-Қазақстан археология экспедициясы, Қазақстанның Орталық мұражайы  мен ММТИ қатысумен Шілікті  даласына қазба жұмыстарын жүргізген.

 Экспедициядан табылған  материалдардың басым көпшілігі  40-шы жылдары А.Х.Марғұланның жетекшілігімен  жасалған Оңтүстік – Қазақстандық  археологиялық экспедиция материалдары. Олар қыш ыдыстың бір бөлігі мен Оңтүстік Қазақстан қалашықтарынан табылған сәулеттік тақтайшалар. Қожа Ахмет Ясауи, Айша Бибі, Балға ана, Жошы хан, Сарлы-Там кесенелерінен алынған кірпіштердің коллекциясы мен Будда қолшасының черепицасы. Батыс Қазақстан коллекциясы Сарайшық қ. кешенімен көрсетілген.

Әр түрлі жылдары тапсырылған  палеолит, неолит және энеолит (Ботай  п.) коллекциялары да ерекше. Қола дәуірі - Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Орталық  Қазақстанның түрлі аймақтарынан табылған заттармен көрсетілген. 1948 жылдан 1997 жылға дейінгі Орталық-Қазақстан  экспедициясының материалдарын  Ж.К. Құрманқұлов жетекшілік еткен  экспедиция тапсырған. Орта ғасыр Отырар оазисінің қалашықтары – Отырар, Құйрық төбе, Түркістан және т.б. қалашықтарынан табылған заттармен көрсетіледі.

 Қазақтар мен Қазақстан  территориясын мекендеген өзге  де халықтардың материалдық мәдениет  ескерткіштері мұражай қорында  - тұрмыс-салт бұйымдары, қару-жарақ,  ат әбзелдері, кәсіпшілік жабдықтары, алтын, күміс, жүн, тері, сүйек,  ағаш, қыш, фарфор және т.б. жасалған  қолөнер бұйымдарымен берілген.

Бағалы металдар қорындағы  алтын әшекейлер коллекциясы  құрамында б.з.д. ІІ ғ. – б.з.ІІғ., б.з.д. Vғ., б.з.д. VІІ –V ғғ. жататын Қарғалы, Жалаулы, Покров көмбелері, VІІ- VІІІғғ. соғдылардың құмғаны мен табағы, күмістен жасалған сасанидтердің ІVғ. табағы, ХІХғ. жататын күмістен жасалған шағын Ресей асханалық коллекциясы, сондай-ақ, күмістен жасалған, өз халқының ұлттық дәстүрлерінде жақсы сақталған  қазақ, өзбек, түрікмен, ұйғыр зергерлік  өнер шеберлерінің – зергерлердің әшекейлері.

Зергерлердің басты өнімдері әйелдердің зергерлік әшекейлері болды, оларды жасауда сан түрлі техникалық тәсілдер қолданылды: сіркелеу, балқыту, мөрлеу, торлау, ою, қарайту, соғу және т.б. зергерлік бұйымдардың негізгі  коллекциясы XIX- XX ғғ.басына жатады. Өзінің орындалу техникасына қарай ХІХ  ғ. жататын Хиуалық әшекейлер, мерекелік  қару-жарақтар, ат әбзелдері де өте  сирек құндылықтар қатарында.

Қару-жарақ қоры келесі коллекциялардан  тұрады:

  • Қару-жарақ және қорғаныс жабдықтары коллекциясы
  • Ат әбзелдері коллекциясы
  • Ескі аңшылық құрал-саймандар коллекциясы
  • ХХ ғасырдың басындағы әскери жабдықтар коллекциясы

Бұл коллекциялардың ішінен мынадай өте сирек кездесетін экспонаттарды атап көрсетуге болады;

  • Семсер қылыш, үнділік, толқынды жүзді, үстіңгі жиегі алтынмен апталған, Үндістан, XVIIIғ. соңы – XIXғ. басы.
  • Талвар – үнділік қисық қылыш, сабы металлдан жасалған. Үндістан, XIX. соңы.
  • Бес металл тақтадан тұратын сауыт. Оюмен сәнделіп, төсіне Құран аяттары жазылған. Сауыт Арыстан Айшуақов сұлтанға тиесілі. Қазақстан, XVIII ғ. соңы.
  • Қайыспен жалғанған төрт тақтадан тұратын сауыт. Жиектері мен орта тұсына доға металл білікшелер бекітілген. Орта Азиялық шеберлердің жұмысы. XVIII-XIX ғғ.
  • Тұтқасы піл сүйегінен, сабы арыстан басының бейнесі салынған қоладан жасалған Орыс Теңіз Флотының генералының қылышы.
  • Қынды кавказ қылышы. Кубан шеберлерінің жұмысы. Дағыстан, XIX ғ.
  • Қынды жапон семсері. Бедерлі бейнемен қашалып безендірілген. Бейне сюжеті – жапон самурайларының өмірі мен тұрмыс-тіршілігі. Жапония, XIX ғ.
  • Соққы-шақпатас бекітпесі бар тапанша, кавказ және еуропа шеберлерінің жұмысы XVIII-XIX ғғ.
  • Жоғары жағында металл айналмасы бар ұзын торлы дулыға. XIX ғ. басы
  • Болат күнқағары мен дулыға. Дулыға соңғы ұйғыр сұлтаны Әбіл-оғлыға тиесілі. Қытай, XVIIIғ. соңы.
  • Былғары қапты қайрақ. XIX ғ.соңы
  • Жылан қабыршағымен қапталған тұрақты ұшты жебе.

Металл және аралас қорлар келесідегідей коллекциялардан  тұрады: самаурындар, тігін машиналары, құмғандар, қоңыраулар, музыкалық аспаптар, еңбек құралдары, үй бұйымдары және т.б. музыкалық аспаптар коллекциясында Абайдың жары – Ділдәнің домбырасы, Жаяу Мұсаның скрипкасы, қобызы және домбырасы, 1925 жылы дайындалған Әміре  Қашаубаевтың домбырасы сақтаулы. Аралас материалдар қорында Ш.Уәлиханов, Жаяу Мұса, Ә. Жангелдин, С. Сейфулин, Ә. Қашаубав, Н. Хлудов, Ы. Алтынсариннің  және мемлекетіміздің тарихындағы  беделді тұлғалардың жеке заттары  берілген.

Ағаш, тері және сүйектер қорында  экспонаттардың көп бөлігі мұражайға  өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап түскен. Оның ішінде сирек кездесетін құнды бұйымдарға:

  • Кебеже – зат сақтайтын. Орал обл., 1895ж.
  • Жастық ағаш. Орал обл., 1897 ж.
  • Сандық. Орал обл., 1897 ж.
  • Кесе қап. XIX ғ.
  • Көнек – бие сауатын шелек. XIX ғ.
  • Қымыз торсық. XIX ғ.
  • Бикештер желпуіші ХІХ ғ. аяғы.
  • Дәруіш тостағаны. ХIX ғ. аяғы.
  • Лауық – Құран қоятын тіреуіш. XIX ғ. аяғы және т.б. заттар.

Фарфор және керамика қорында Император зауытының, Гарднер зауытының, Попов зауытының, ағайынды Кузнецовтар зауытының өнімдерімен берілген Орыс фарфорларының танымал коллекциялары бар. Сонымен қатар, кеңестік және қазақстандық фарфорлардың танымал коллекциялары да қызғылықты. Олардың қатарына Қапшағай, Целиноград зауыттарының, Алматы қыш зауытының өнімдерінің үлгілері жатады. Шығыстық коллекция Қытай және Жапон фарфорларының үлгілерімен таныс.

  • Қордағы өте құнды экспонаттарға:
  • Талғар қалашығының қазба жұмыстарынан табылған фарфор тарелкесі. ХІІ-ХІІІ ғғ.
  • Екі жағында да будда әулиелерінің басының айналасындағы шеңбері бейнеленген тостаған бөлшегі. Қытай, фаянс, алтын жалатылған, ХХ ғ. басы.
  • Ш.Уәлихановтың вазасы. Қашғария. ХІХ ғ.
  • Стақан астына қойғыш, сүт құйғыш, стақандар, нан салғыш, қант салғыш, шай сүзгіш, тұз салғыш, қысқаштар, рюмкалар, ожау, кресло-тақ-күлсауыт, кәмпитке арналған ыдыс және т.б. Ресей ХІХ ғ.

Мүсін коллекциясында бірегей  экспонаттар: НЭЦКЭ, Окимоно жапонның кішкене көлемді мүсіні және қытай  мүсіндері 

  • Окимоно- ұлттық киімдегі ер адам мүсіні, Піл сүйегінен, қашалып жасалған. Жапония, ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. басы.
  • Окимоно - арыстан. Сабын тас. Жапония. XIX ғ. аяғы - XX ғас. басы
  • НЭЦКЭ – сақалды ер адамның отырған мүсіні. Піл сүйегінен, қашалып жасалған. Жапония, ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. басы.
  • НЭЦКЭ – мая шөптің үстінде отырған егін құдайы. Жапония, ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. басы.
  • Сол қолында аса таяғы бар қарт адамның мүсіншесі. Сабынды тас. Қытай. ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. басы.

Ұлттық киімдер, тоқыма, кілем-киіз бұйымдары. Ұлттық киімдер, тоқыма, кілем-киіз бұйымдары коллекциялары өзінше бірегей. Қазақтардың халықтық костьюмдерінде этникалық тарихпен, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлармен байланысты ежелгі дәстүрлер көрініс тапқан. Киім-кешектер коллекциясының ең көне бөлігі мұражайға Неплюев кадет корпусы жинақтарынан тапсырылды. Олар XIXғ. соңы – XX ғ.басы және Кіші және Орта жүздердің аумақтарына жатады. Мұражайдың этнографиялық жинақтарының негізі 1922-1926жж. Орынбор музейінің қызметкерлерімен жиналған коллекциялардан тұрады. Олардың ішінде сирек кездесетін: Жәңгір ханның әйелі – Фатима ханшаның бешпеті, Ш.Уәлиханов пен Қажымұқанның бас киімі, Шоқан Уәлихановтың әпкесі – Тәжибә Уәлиханованың аққу мамығынан жасалған тоны.

Кілем-киіз бұйымдары қоры келесідей коллекциялардан тұрады: сырмақтар, кілемдер, текеметтер, алаша, гоблендер, аяқ қаптар, тұскиіздер, қоржындар, басқұрлар, баулар.

Сирек кездесетін экспонаттарға:

  • Алтын жіппен кестеленіп, жылтырақтармен зерленген қара және қызыл барқыттан жасалған тұскиіз. Ұштары үш жағынан қама терісімен өңгерілген. XIX- ғ. соңы ХХ ғ. басы.
  • Түрлі түсті жібек жіппен тігілген, негізі жұмсақ теріден «маржанды» тұскиіз. Бұл коллекциядағы өте сирек экспонат-былғары түскиіз. Талдықорған облысында 1890 жасалған және т.б. заттар.   

Нумизматика қорындағы ордендер, медальдар, төс белгілер. Нумизматика  қорындағы ордендер, медальдар, төс  белгілер негізінен кеңес дәуірінен  – күмістен, жезден, мыстан жасалған. Коллекциядағы бір-бір бірегей  экспонат Александр Невскийдің «Верный  атқару комиссиясының мүшелігін  растайтын» 1870 ж., «Сот биі» және «Халық соты» лауазымдық белгілеріне берілген ордендері. Көне тиындардың ішіндегі өте  сирек кездесетіні «Мыстық төлем» 1 сом 1725ж., салмағы – 1,5кг., көлемі - 17,5х17,5 см., Екатеринбург. 10 тиындық 1771ж. (сібірлік). Шығыс монеталарының ішінен өте  сирек кездесетіні б.з. IV-V ғғ. Құшан  патшалығының тиындары және б.з. VIII-IX ғғ. Түргеш тиындары.

3.8. Бейнелеу өнер қоры. Бейнелеу өнер қоры келесідегідей  түрлерге топтастырылған: кескіндеме, графика, плакат, афишалар, театрлық  нұсқалар, сәндік-қолданбалы өнер. Мұражайдың  БӨ қорында аз болса да, бірақ  тұпнұсқа болып келетін өнер  туындылары жинақталған. Қорда  музейлік БӨ коллекцияларының  негізін қалаушы, суретші Н.Г.  Хлудовтың, мұражайға 1929-1932 ж.  өзі салып, тапсырған суреттерінің  жинағы бар. Кейіннен де бұл  кешен, туыстары берген картиналармен  толықтырылып отырылды. Жалпы 214 с.б. құрайды. 

Мұражайда қазақстанның «станковое»  бейнелеу өнері байырғы шеберлердің  – Ә. Қастеев, А. Исмаилов, К.Ходжиков, Л.Леонтьев, Ф.Балкоев, Г.Исмаилова, Е.Сидоркин және т.б. шығармаларымен танылады, сонымен  қатар қазіргі заманауи суретшілер А. Дүзелханов, К. Ахметжанов, С. Гумаров, Д. Үмбетов және т.б.шығармалары бар.

3.9. Фотоқұжаттар қоры.  Фотоқұжаттар қоры: құжаттар, фотосуреттер, кітаптар, сирек кітаптар мен  қолжазбалар, газеттер, альбомдар,  кинофильмдер, негативтер, слайдтар, аудио-бейнематериалдар, магнитофондық жазбалар кіреді. Экспонаттардың көп бөлігі түп тұрады. Бағалы экспонаттар:

  • С. Торайғыровтың қолтаңбасы сақталған жалғыз құжат
  • Ы. Алтынсариннің қолы қойылған мақтау қағаз
  • Абайдың ұлы – Тұрағұлдың қолжазбасы
  • М.С. Знаменскийдің Әулиеата жорығындағы күнделігі (1864)
  • Абай шығармаларының жинағы. Санкт-Петербург, 1909 ж.
  • А. Құнанбаевтың «Қазақтардың шығу тегі туралы бір-екі сөз» қолжазбасындағы қолтаңбасы. 1889ж.
  • Құран қолжазбасы, 1054ж.
  • «Мұхаммед жолын қуушылардың үлгілі жазбалары» кітабы, Стамбулда шығарылған, 1786ж.
  • «Мұсылмандардың міндеттері» кітабы, 1893 ж. б. шыққан, Петербург.
  • Мұсылмандардың күнтізбесі және жылсанағы.
  • «Апостолдың әрекеті, Әулие Апостол Павелдың жолдауы», 1574ж.
  • Інжіл (Библия). 1751ж.
  • Мұсылмандарға арналған шетелдік қажылық төлқұжат. 1912ж.
  • Кенепке жазылған Орыс үкіметінің қытайлықтармен жасасқан шарты «1880-1881жж Құлжа өңірі бұрынғы тұрғындарының орыс шеткері аймақтарына өту ережелері». Кенепке тушьпен қытай және қазақ тілдерінде араб әрпімен жазылған.
  • Н. Пантусовтың фотосуреттерінің коллекциясы, А. Жиреншин бастаған экспедиция материалдары, С.И. Руденко бастаған экспедиция материалдары, А.Л. Мелков бастаған экспедиция материалдары.

 

      1. КӨРМЕЛЕР

 

 «Наурыз» мейрамы қарсаңында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  орталық мұражайы суретшілер  Жұмағазы Сағымбаев пен Жанар  Пируджинидың «Көңіл күйі» (кескіндеме, графика, мүсін) атты көрмесін  ашады. 

Информация о работе ҚР Орталық мемелекеттік мұражайының ақпараттар жүйесі