Қонақ үй мәлімет қорын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 10:31, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1
Қонақ үйлердің шығу тарихы
6
1.2
Қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары
12

2
ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1
Классификация туралы жалпы түсінік
16
2.2
Қонақ үйлердің түрлері
19
2.3
Жұлдыздық жүйе
20
2.4
Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі
23

3
«АҚТӨБЕ» ҚОНАҚ ҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1
Кәсіпорынға жалпы сипаттама
26
3.2
«Ақтөбе» қонақ үйінің қызметтері
26
3.3
Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау
27
3.4
Жүйені жобалау. Жоба тапсырмасы
33
3.5
Мәліметтердің модельдері
34
3.6
Программа құрылымын сипаттау
35
3.7
Қолданушыларға арналған нұсқаулар
41


ҚОРЫТЫНДЫ
42


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
44


ҚОСЫМША
47

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ_ТЕОРИЯ_ГОСТИНИЦА.doc

— 983.50 Кб (Скачать документ)

Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі, үлкен каридор, кіре – беріс және нөмерлер дыбыстартқыш жүйесімен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшелері төселген. Ванна, душ, дәретхана бөлек; ( 3 орамал, бөлмеге киетін аяқ – киім, халат, тіс пастасы, сабынсу — бөлмеде міндетті түрде бар ). Нөмірлер қымбат жиһаздармен жабдықталған. Теле – бейне апаратуралары, кондиционер, тоңазытқыш, телефон, сейф – дүниежүзіндегі ең жақсы деген фирмалардың өнімдері осы қонақ үйлерде бар. Кезекшілік пен күзетші қонақ үйде тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлмені жинау мен төсек орын ауыстыру күнделікті. Ал « люкс » нөмерлерінде бөлмені жинау және төсек орын ауыстыру қонақтың сұрауы бойынша жүргізіледі.

 

2.4 Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі

 

Әр елдегі қонақ үй жүйелегіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей: 
Австралия мемлекетінің қонақ үйлері — 5 жұлдызды Европа қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды елде мекендерде кішігірім қонақ үйлер категориясыз ең арзан орналасу және түнеу орны болып саналады.

Ұлыбритания қонақ үйлері өте жиі тараған қонақ үй классификация жүйесіндегі тәжі ( корона ) немесе кілт сипатында болып келеді. Европа 
елдеріндегі қонақ үйлерге қарағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді ( 5 жұлдызды – алты тәжіге ). Сонымен қатар 
мұнда Британдық Туристік Агенттілік классификациясы жиі пайдаланылады. Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақжай орындары.

Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздық категорияға сай мынандай бес категория белгілері енгізілген:

« Т » — туристік класс. Ол екі жұлдыздық қонақ үй болып есептелінеді.

« F » — бірінші класс. Бұл үш жұлдыздық қонақ үй деп есептелінеді.

« FS » — супер класс. Бұл төрт жұлдыздық қонақ үйге сай келеді.

« L» — люкс

« DL » — өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.

Германия қонақ үйлерінің жүйелігі мемлекеттік бес жұлдызды белгіге 
ие. Орналастыру тәртібінің іс шаралары: қонақ үйлер,курортты, қонақжай мекемелері, отель – пансиондар және отель – гарнн деп аталады. Осылар 
орта ауқатты демалушыларға арналған.

Греция мемлекеті қонақ үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған.  
Олар төрт категорияға жатады. Жоғарғы, сапалы қонақ үйге – « DL » , ал 
бес жұлдыздыға сай – А, үш жұлдыздыға – В, екі жұлдыздыға – С, бір 
жұлдыздыға – Д әрпімен белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол 
бекеттері, порттар маңында шоғырланған.

Египет жерінде бес жұлдызды жүйелік барлық қонақ үйлерге тән. Бірақ 
кез келген қонақ үйлер жұлдыздары Европа елдеріндегі қонақ үй жұлдыздарына 1 не 2 жұлдызға артығырақ, көрсетілген. Европадағы екі жұлдызды қонақ үй қызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйгетән.  
Египет мемлекетінің бес жұлдызды қонақ үйі ( қосымша 1) көрсетілген.  
Испания категориялық деңгейі жұлдызды болып келген, қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонақ үйлерге арналған жұлдыздық 
жүиелік 1 — 5 жұлдызға дейін белгіленген. Бунгало, жеке аппартаменттер 
1 – 4 жұлдызды белгілерге сай қызмет көрсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1 – 3 жұлдызды категорияға сай жұмыс істейді.  
Өте қарапайым орналастыру орындар 1 – 2 жұлдызды болып келеді.  
Италия қонақ үйлері Европа қонақ үй белгілерінің үлгілеріне сай үш 
категориядан тұрады. Бірінші категория – 4 – 5 жұлдызды қонақ үйлері біріктіреді. Екінші катенорияға – 3 жұлдызды қонақ үй, үшінші категорияға – 1 – 2 жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.

Қытай мемлекетінде жұлдызды классификация қарапайым қонақ үйлерден бастап 5 жұлдызды конфортты қонақ үйлер кешендерін кездестіруге болады. Өте арзан тұраққа хостельдер жатады. Студенттік жатахана сай қонақ үйлер көп тараған.

Мальдив аралдары қонақ үйлері өте жайлы,жоғары сапалықызмет көр- 
сете алады. Ең жоғарғысы « Стандарт » ауқатты демалушыларға арналған.

« DL » қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, « Балалар кешені » 
жанұялық топтарға арналған арнайы тұрақтар.

Мальдив жері туристік рекреациялық аймақ болғандықтан лауазымды 
адамдарға арналған – « Президенттік кешен », — деп аталатын қонақ үйлері 
де кездеседі.

Мальта мемлекетінің қонақ үйлері – бес жұлдызды классификациялық жүйе, жаңа ұлттық құрылымды ендірген кезде сақтала отырып оларды үш категорияға бөледі:

1 категория « Алтын »

2 категория « Күміс »

3 категория « Қола »

Мексикада бес жұлдызды классификациялық жүйелік Европаға ұқсас.  
Кластың деңгейі бірнеше критерий негізінде ерекшеленген. Олардың саны – 52 – 108 дейін. Сонымен қатар бес жұлжыздан да жоғары категория «Гранд туристо», — деп аталады. Мексикадағы бес жұлдызды қонақ үйі көрсетілген.

Біріккен Араб әмірлігіндегі қонақ үйлер бес жұлдызды классификацияға жатады. Сонымен қатар жекеленген вилла, аппартаменттер өте көп кездеседі. Оған себеп киматтық және тағы басқа жағдайлар. Қала шетінде категориясыз жататын орындакр кездеседі. Онда негізінен өндіріс жұмысшылары және әр түрлі сала қызметкерлері тұрады.

Ресей Федерациясында бес жұлдызды қонақ үйлер 1995 жылдан бастап пайда болды. Ресейдің ұлттық қонақ үйлерассоциациясына қабылдануымен тікелей т байланысты. Қазір де Кеңестік кзеңнен қалған разрядтық қонақ үйлер әлі сақталған.

Франция қонақ үйлері жұлдызды жүйесі тарихи аспектіге ие. Ең алғаш 
жұлдыз жүйелігіне көшкен Француздар болып табылады. Сондықтан мұнда барлық қонақ үйлер толығымен жұлдыздық бірлікке енгізілген.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  «АҚТӨБЕ» ҚОНАҚ ҮЙІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

3.1 Кәсіпорынға жалпы сипаттама

 

 «Ақтөбе» үш жұлдызды қонақ  үйі Батыс Қазақстан өңірінде, соның ішінде Ақтөбе қаласының  ортылық бөлігінде әдемi, тыныш, жасыл желектi жерде орналасқан.  «Ақтөбе» үш жұлдызды қонақ үйінің басқарушы кәсіпорын ЖШС «Демалыс жайы» болып табылады. «Ақтөбе» қонақ үйінің директоры – Нуркин Умитбек Искиндирович.

«Ақтөбе» қонақ үйі 1979 жылы эксплуатацияға беріліп, 2005 жылы қайта жаңартылып, құрылып жасалды.

Қонақ үй жайлы нөмірлер мен қонақжай қызметкерлері бар. «Ақтөбе» үш жұлдызды қонақ үйінің нөмірлер саны 247 бөлмені құрайды. Қонақ үйде бір орынды, екі орынды бөлмелермен қатар люкс және жартылай люкстер де бар. Қонақ үйдің корпустардың әр нөмірі өзгеше модерн стильде дайындалып таңдамашылық мен қайталанбастық енгізеді. Қонақ үй әр бір іс-шараларды өткізуге кең мүмкіндіктері береді. Қонақ үйдiң барлық бөлмелерiнде кiлем төселген, iшiнде әдемi жиһаз қойылған. Әрбір бөлмеде: телефон, телевизор, ауа салқындатқыш, шаш кептiргiш, сейф (ақысыз) кiшкенне-бар (ақылы). Интернет жұмыс iстейдi. Халықаралық және қалалық желiс бар, кiр жуатын, өтектейтiн бөлме жұмыс iстейдi. Күн сайын бөлмелер жиналып, жуылдады. Сондай-ақ, таңғы ас (шведский стол) қарастырылған.

Қонақ үйде көлiкке арналған күзетiлетiн тұрақ бар. Тұрғын үйдiң астыңғы қабатында әдемi, көз тартатын Ретро-кафе орналасқан және кафе, 2 бар, конференц-зал, бизнес-орталық бар. Кафеде дәмдi, ас мәзiрiнiң алуап түрлерi бар, әр түрлi зәм-зәм сусындар, тiрi дауыста ән айтылады, бильярд ойыны, бар, сiздердi қонақ жайлығымен қарсы аламыз.

«Ақтөбе» қонақ үйінде ақысыз WI-FI, интернет бар, сонымен қатар, сауна, шаштараз салоны, бутиктер, газет киоскалары, авиа және темір жол кассалары  орналасқан.

Білікті қызметкерлер брондауды барынша қысқа уақытта істейді. Достық қонақ үйінің нөмірлірін тәулік бойы брондауға болады және де клиенттерге барлық қажет жағдай жасайды. Қонақ үй басшығы өзінің жеке автокөлігінде келетін туристтерге бар мүмкіндік жасаған. Қонақ үйдің қол жетімді бағасы тек қана бизмесмендерді ғана емес, Қазақстанға демалуға келген туристтерді қуантады

 

3.2 «Ақтөбе» қонақ үйінің  қызметтері

 

«Ақтөбе» үш жұлдызды қонақ үйінің негізгі қызметі - клиенттерді уақытша тұрғын орындармен қамтамасыз ету.

Қосымша қызметтеріне келесі қызмет түрлерін жатқызуға болады:

Қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан Бизнес-орталығы төмендегі қызметтерді ұсынады:

  • Интернет жүйесі;
  • Мәтіндерді теру және ақпараттарды шығару;
  • Ксерокстен өткізу;
  • Сканерлеу;
  • Хабарламаларды қабылдау және жіберу;
  • Компьютерде орындалатын түрлі қызметтер;

Конференц-зал. Мұнда түрлі семинарлар, конференциялар, презентациялар, тренингтер өткізуге болады. Үлкен конференц-залда 70 адамға арналған орын бар. Конференц-зал жаңа видео аппаратпенен жабдықталған. Сонымен қатар кішігірім кездесулер мен банкеттер өткізуге арналған 15 орындық кіші конференц-зал да бар.

Кафе. Бірінші қабатта 45 орынды кафе орналасқан. Онда европалық және қазақтың ұлттық тағамдарына тапсырып беруге болады. Сонымен қатар, біріші және жетінші қабаттарда күні-түні жұмыс жасайтын барлар қызмет көрсетеді.

Жазғы мезгілінде «Алтын Ақтөбе» кафесінде демалуға болады.

Тағы да «Ақтөбе» қонақ үйі төмендегідей қызметтер көрсетеді:

  • ақысыз Интернет WI-FI;
  • ТМД азаматтарын тіркеу;
  • Автотұрақ;
  • Фин кабинасы бар сауна;
  • Шаштараз салоны;
  • Бутиктер;
  • Газет киоскалары;
  • Авиа және темір жол кассалары;
  • Банкоматтар (Халық Банк және Казкоммерцбанк);
  • Ақшалар мен құнды заттарды сақтауға арналған қойма.

Қонақ үйдің бағалаудың құрама бөліктері:

Тазалық – 8

Жайлылық – 9.5

Орналасуы – 10

Қызметтері – 9.5

Қызметкерлері – 10

Баға/сапа қатынасы – 10

 

3.3 Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау

 

Мәліметтер қорын жобалауда және пайдалануда оған келесі талаптар қойылады:

  1. Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің парапарлығы (толықтығы, тұтастығы, қайшылықсыз болуы, мәліметтердің көкейкестігі) .
  2. Әртүрлі категорияда пайдаланушылардың өзара әсерінің мүмкіндігі, кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.
  3. Интерфейстің жақындығы.
  4. Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.
  5. Бағдарламалар мен мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
  6. Мәліметтер қорының сенімділігін қамтамасыз ету, мәліметтерді кездейсоқ және қасақана білдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайда мәліметтерді тез және толық қалпына келтіру мүмкіндігі;

Мәліметтер қорын жасауға, пайдалануға және алып жүруге жауапты тұлға- мәліметтер қорының администраторы (МҚА) болады. Оның міндетіне келесі қызметтерді атқару кіреді:

  1. Пәндік саланы талдау, оны сипаттау, тұтастығына қойылатын шектеулерді тұжырымдау.
  2. МҚ құрылымын, яғни мәліметтер қоры файлдарының құрамы мен құрылымын, олардың арасындағы байланыстарды жобалау.
  3. МҚ құрылымын және мәліметтерді өңдеу процедурасын сипаттау кезінде тұтастыққа қойылатын шектеулерді беру.
  4. МҚ алғашқы жүктелуі және жүргізу.
  5. Мәліметтерді қорғау
    • Жүйеге кіру ретін қаматмасыз ету;
    • Пайдаланушылардың мәліметтерге кіру мүмкіндігін құқықтарын анықтау;
    • Мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық – техникалық жабдықтарын талдау және жасау;
    • Мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу;
    • Мәліметтер пайдаланылуы туралы статистиканы жинау;
    • Мәліметтерді қорғауды бұзу жағдайларын зерттеу;
    • Мәліметтер қорын қалпына келтіруді қамтамасыз ету, жүйелік журналдарын жүргізуді ұйымдастыру.

     6. МҚ пайдаланушылардың қарауын талдау.

  1. Пайдаланушылармен жұмыс істеу.
  2. Мәліметтер қорын жетілдіруге және динамикалық дамытуға жұмыс істеу.

Мәліметтер қоры өмірлік циклде басты маңызды кезеңдердің бірі нәтижесінен пәндік саланың есептерін шешуде, МҚ кейінгі пайдаланылуының тиімділігі тәуелді болатын жобалау кезеңі болады. Жобалау процесі кезінде шешілетін басты мәселе - мәліметтерді ұйымдастыру, яғни өзара байланысты біріктіру, құрылымдау және анықтау.

Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі пәндік саланың негізгі мәндерін және олардың өзара байланыстарын бейнелейтін логикалық модель арқылы анықталады. Обьектілер арасындағы байланыстарды кейіптеудің әртүрлі формалары, мысалы иерархиялық, желілік, реляциялық сияқты мәліметтердің әртүрлі логикалық модельдерінің тууына алып келді. 1980 жылдардың ортасына қарай қарапайымдылығына және математикалық негізделуіне байланысты ең көп тараған реляциялық модель болды. Соның нәтижесінде қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйесінің көпшілігі осы модельді қолдап жүргізуде. Сондықтан да осы әдістеме реляциялық мәліметтер қорын (РМҚ) жобалау мен жасауға арналған.

 

Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері

МҚ жобалауға мәліметтерді ұйымдастыруды 3 кезеңде: ақпаратты- логикалық (инфологиялық), даталогиялық (концептуалдық) және физикалық деңгейлерде қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық және физикалық модельдері сәйкес келеді. Жобалаудың бүкіл процесін 3 кезеңге бөлуге болады:

Информация о работе Қонақ үй мәлімет қорын құру