Қонақ үй мәлімет қорын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 10:31, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1
Қонақ үйлердің шығу тарихы
6
1.2
Қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары
12

2
ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1
Классификация туралы жалпы түсінік
16
2.2
Қонақ үйлердің түрлері
19
2.3
Жұлдыздық жүйе
20
2.4
Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі
23

3
«АҚТӨБЕ» ҚОНАҚ ҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1
Кәсіпорынға жалпы сипаттама
26
3.2
«Ақтөбе» қонақ үйінің қызметтері
26
3.3
Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау
27
3.4
Жүйені жобалау. Жоба тапсырмасы
33
3.5
Мәліметтердің модельдері
34
3.6
Программа құрылымын сипаттау
35
3.7
Қолданушыларға арналған нұсқаулар
41


ҚОРЫТЫНДЫ
42


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
44


ҚОСЫМША
47

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ_ТЕОРИЯ_ГОСТИНИЦА.doc

— 983.50 Кб (Скачать документ)

Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте  шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда  байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық  деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.

Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.

XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы  қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.

Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.

Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады. Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй  шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.

Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің  жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.

1906 жылы «Халықаралық қонақ үй  иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.

Еуропаның  ең ірі қалаларында  қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу қарастырылған.

Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми – техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.

Қазіргі «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.

XVIII – XIX ғасырда өнеркәсіп орындары  мен сауда байланыстарының өсуімен, қалалар  саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900  жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің  бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.

Октябрь  ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық  шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй  шаруашылығына үлкен  зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары  мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.

1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының  1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті.

Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:

    • Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
    • Өнеркәсіптің өсуі
    • Ғылымның және мәдениеттің өсуі
    • Өнердің өсуі
    • Адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т. с. с.

Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс – сапарға және демалысқа  шығатындардың  санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының қарсаңында, КСРО – да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген ірі өте жайлы қонақ үйлер салынды. Ресейдегі өте үлкен қонақ үйдің бірі, 10 мың орындық қонақ үй комплексі «Измайлово» қонақ үйі болып саналады.

Өкінішке орай еліміздегі 1990 жылдардағы экономикалық және саяси жағдайға байланысты қонақ үй қызметіне  деген сұраныс құлдрап кетті. 1990 жылдың аяғында Ресей Федерациясы мемлекеттік комитетінің берілген статистикалық  мәліметтері бойынша, Ресей жалпы орын саны 390931 болатын 5043 қонақ үй типіндегі мекемелерді игерген.

Барлығы ресейде қонақ үйлердің 60% — ы қалалық жерлерде,  ал 34 % — ы ауылдық жерлерде табылады. Көлемі жағынан қонақ үйдің нөмірлік қоры ең үлкендері Мәскеу мен Санкт – Петербург қалаларында орналасқан. Ресейдің астанасына арнап Мәскеу үкіметі «Мәскеудегі халықаралық туризмнің 2005 жылға дейінгі даму концепциясы» атты бағдарламада, қонақ үйлерді қайта жабдықтау және 30 мың қонақ үй орнына арналған жаңа құрылыс  жоспарлаған. Үкімет қолдауымен сыртқы және ішкі туризмді дамыту бағыттары алға қойылған.

Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XX ғ. аяғымен ХХI ғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.

Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.

Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы - бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз (Талғар), Қойлық (Талдықорған).

Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің  дамуы туризмнің дамуымен  тікелей байланысты.

Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетсек. Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.

Қонақ    үй      индустриясына    инвестицияның      келуіне    байланысты, банкротқа ұшыраған конақ үйлер саны да өсті, яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы. Мысалы: оған «Премьер Медеу» отелін жатқызамыз.           Ежелгі Медеу шатқалы демалу жүмыс орнына  қолайлы.    Осының   бәрі   Алматы   орталығынан 15 минуттьқ  жерде.    «Медеу» мүз айдынының жанында «Қазақ ауылы» мейманханасы (Отырар комплексі) орналасқан. Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние жүзінің волонтерлері қолданады.

Ал люкс  нөмір   1400 долларға дейін жетеді.   Бұнымен  көбінесе сапарға  келген президенттер қолданады. Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар, халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар қолданады. Бес жүлдызды отельдерде шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.

«Достық» отелі шетел азаматтарына өте қызықты. «Интерлюкс отелі, бұл қала сыртындағы Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол басшылары, мәр-мәр залда жүргенін көресіздер. «Алия», «Уют» орташа қонақ үйлері бар. Конақтар көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Жоғары таулы отель «Ворота», «Туюк су». Бүл керемет пансион Швейцариядағы альпілік қонақ үйге үқсас болып келеді. Отель өте ыңғайлы және қолайлы. Әр нөмірлерінің қабырғалары ағаштан ойылып салынған.

«Анкара» — қонақ үйі. Алматы қаласының орталығы, Президент сарайына қарама-қарсы орналасқан. Бүл қонақ үйде 290 жабдықталған нөмірлер бар. Оның ішіде люкс нөмірлерінде халықаралық телефон байланысы, мини барлар, көп бағдарламалы музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен жабдықталған. Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн, денсаулық клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар. Алматы қаласындағы ең үлкен залдардың бірі осында орналасқан. «Премьер-Медеу-Интернейшнэл» — қонақ үйі — Алматы қаласының орталығынан 15километр, ал әуежайдан 50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 нөмірлер бар. Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы халықаралық телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған. Қонақ үйде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады.

«Медеу» қонақ үйі өзінің клиенттеріне қиындықсыз келісімге отыруына көмектеседі. Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға арналған, жоғары класстағы мейманхана бар, сіздерге сусындар мен шығыс және еуропа асханасын қызмет көрсетеді. Сіздерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды. Кімде-кім таза ауада демалуды ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан басталып сәуірдің басында бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30метр жерде бассейн орналасқан.

«Премъер-Алатау» қонақ үйі – Алматы қаласында 1974 жылы құрылған. Қонақ үйде 185 нөмір бар. Олардың ішінде қазіргі уақытта 83 нөмір белсенді жүмыс атқарады. 5 жартылай люкс және 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық стандартпен қамтылған. Ішінде желдеткіш, телевизор, телефон, мини барлар бар.

Барлық саяхаттар туристерді орналастырумен басталады. Өйткені қонақ үйлер туристердің демалу орны болып саналады. Сондықтан онда әдемі жақсарған және туристерге ұнау үшін барлық жағдай жасалған. Орналасуы әдемі туристік-рекреациялық жерлерге үқсас болып келеді.

Қарағанды облысында 30-ға жуық қонақ үй бар. Ең халықаралық стандартпен жасалған «Созвездие»» отелі. «Созвездие» люкс отелі сәулеткерлік өнермен жасалған 8 қабатты ғимарат. Бүл отель экологиялық таза ауданда орналасқан және парк зонасында аквалендпен этнопаркпен қоршалған. Табалдырықтан аттай бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы қонақжайлылық күтіп түрады.

«Люкс» отель әрбір жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады. Бүл жерде Қазақстандағы жалғыз бильярд спорт орталығы орналасқан. Сіздерді өте жоғары деңгейдегі әр түрлі асхана тағамдарымен қамтамасыз етеді. Сауна, джакузи ыңғайлы демалыс бөлмесі бар. Отельде VІР және люкс нөмірлер евро дизайнмен жасалған. Мұнда желдеткіш, мини бар, телефон, телевизор бар. Бұл отель осы уақытқа дейін 2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер, халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары келеді.

Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. «Байқоңыр» — «5″ жұлдызды қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда қонақ үй «Казақмыс корпорациясының» меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіліп 2000 — шы жылы іске қосылды. Қонақ үй — Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бүл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар. Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бүл жерде ұлттық жөне халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған.

«Бизнес-центр» — «3″ жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған.   Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан. Бұнда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.

«Металлург» — қонақ үйі. Бүл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде   орындалады.

Информация о работе Қонақ үй мәлімет қорын құру