Қонақ үй мәлімет қорын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 10:31, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1
Қонақ үйлердің шығу тарихы
6
1.2
Қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары
12

2
ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1
Классификация туралы жалпы түсінік
16
2.2
Қонақ үйлердің түрлері
19
2.3
Жұлдыздық жүйе
20
2.4
Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі
23

3
«АҚТӨБЕ» ҚОНАҚ ҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1
Кәсіпорынға жалпы сипаттама
26
3.2
«Ақтөбе» қонақ үйінің қызметтері
26
3.3
Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау
27
3.4
Жүйені жобалау. Жоба тапсырмасы
33
3.5
Мәліметтердің модельдері
34
3.6
Программа құрылымын сипаттау
35
3.7
Қолданушыларға арналған нұсқаулар
41


ҚОРЫТЫНДЫ
42


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
44


ҚОСЫМША
47

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ_ТЕОРИЯ_ГОСТИНИЦА.doc

— 983.50 Кб (Скачать документ)

 

    1. Қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары

 

Қонақ үй – кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға 
арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы.

Қонақ үй – бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.

ЮНВТО – ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз – белгілі 
бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай – ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы.

Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.

Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақт үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді.

Барлық қонақ үйлердің қызметтері негізгінен 4 топта қарастырылады:

  1. орналастыру
  2. тамақтандыру
  3. бос уақытты ұйымдастыру
  4. тұрмыстық қызмет көрсету

Орын (койка) – бір адам пайдалынатын және тікелей соған арналған төсегі бар жер көлемі.

Қонақ үйдегі номерлер көлемі жағынан, жиһаздандыру жағынан, құрал – жабдығы жағынан, жарақтандырылуы жағынан және тағы басқа сипаттарымен ерекшеленеді.

Категорияға байланыссыз әр бір қонақ үйде келесідей жиһаздар мен құрал – жабдықтар болуы тиіс:

1. төсек

2. орындық немесе бір орындық (кресло)

3. төсектің жанына арналған тумбочка

4. киім ілуге арналған шкаф

5. жарық көзі

6. қоқыс тастайтын себет

7. қонақ үй жөніндегі мәлімет және өрт кезінде болатын қауыпсіздік шарасының жоспары.

Қонақтарды тамақтандыру жөнінен қызметтер әр түрлі комбинациядан тұруы мүмкін:

• өндірістік (ас бөлмесінде тамақтарды даярлау)

• шаруашылық (дайын өнімдерді сату, ішімдік және сусындарды сату)

• сервистік (қонақтарға мейрамханаларда, кафелерде, барларда, номерлерді официанттардың қызмет көрсетуі)

Қонақ үйде қосымша болатын қызметтер:

• бассейндер

• спорттық жаттығулар (фитнис залдар, тренажор залдар, конференц залдар, келіс сөз жүргізу залдар )

• автомобильдерді жалға беру

• химиялық тазалау

• кір жуу

• шаштараздық қызмет (сұлулық салон)

• массаж жасау кабинеттері

Қонақ үйлік бизнесті басқару кезінде көрсетілетін қызметтердің негізгі құрамын ескеру қажет:

  1. өндірістік пен тұтыну процесінің бір уақытқа сәйкес келуі
  2. қызметті сақтаудың шектеулігі
  3. қонақ үйлік қызметтердің сипатының жылдамдығы және жеделдігі
  4. персоналдардың өндірістік қатысуы
  5. қонақ үйлік қызметтерге сұраныстың маусымдық сипатта болуы
  6. саяхат жасау мақсатымен қонақ үйлік қызметтің өзара байланысы

Қонақ үй іскерлік сараптауына арналған келесідегідей сауалнамалық нұсқамалар бар:

-         Қонақ үй атауы;

-         Мекен-жайы;

-         Факс, телефон, телекс;

-         Ведомотволық бағынуы;

-         Ғимарат түрлері (қабаттық, құрылыс материал үлгісі, оның сәулетшілік шешім шығаруы, жоба үлгісі, жарнама түрі, келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері және т.б.);

-         Көлік тұрағы;

-         Аумақтар және оның сәулеттендірілуі;

-         Бөлмелердің сандары және бөлмелік қор сипатамалары;

-         Қабылдау қызметі және қызмет көрсетуші;

-         Қосымша қызметтер және орналастыру;

-         Тамақтану жүйелерінің сипаттамасы;

-         Денетәрбиелік сауықтыру және мәдениеттілік- ағартушылық жүйелері;

-         Ақпараттық, тұрмыстық, саудагерлік, банкілік, почталық және басқа да салаларының қызмет көрсетуі;

-         Кәсіпкерлік орталық жүйесінің лайықты жабдықталуы;

-         Коммуникациялардың жүйелік сипаттамалары және инженерлік аумақтары;

-         Қонақ үйді сипаттайтын қосымша мәліметтер.

Міне осындай бағыттардағы нысанға тексеру комитетінің басшылығымен қол қойылады. Одан кейін алдын ала дәл осы сауалнамалық мәлімет нәтижесінде топты сараптап тексереді. Сауалнамаға сәйкес нақты сипаттама қағидаларын осы қонақ үйді иемденуші лайықты жоспар жасайды және басқа категорияға көтеріп шығарады. Дәл осы категорияға сәйкес қонақ үй категориясы төмендетіледі немесе жоғарылатылады. Қонақ үйлерді топтастыру көсіне қазіргі жұлдыздық жүйеге негізделген.

Қонақ үйдің барлық жиһарздары мынадай бөлінеді: саудалық, әкімшілік, және арнайы мейрамханалық. Қонақ бөлмелерінде орналастырылған тұрмыстық жиһаздар: ғимататтың кеңселік әкімшілік бөлмелерінде, мейрамханалық бөлмелерінде, асханаларда, кафе, барлар. Арнайы шаштараздың сұлулық салондарында, медициналық кабинеттерде және т.б. қонақ үй бөлмелерінің жабдықталуы оған тағайындалған категорияларға байланысты болады (іскер адамдар үшін, конгресстік және кәсіпкерлік туризм, тасымалдаушы клиенттер және  т.б.). Дәл осылай, іскер адамдар үшін кеңейтілген мөлшерден « кабинет» классалары, жоғары дәрежелі дыбыстық өткізбеуіштер, кабинетте қабылдау мүмкіншіліктері бар. Ерекше талаптарға сай бөлмелер жабдықталуы балаларымен келушілерге жанұялық келушілерге, тұрғылықты туристерге және т.б. қонақтарға ұсынылады.

Алдын ала трансфермоланған қонақ үй бөлмелері қатарына, аудандық өзгертілген бүктемелі  бөлінген есеп айырысу қызыметтері тәуелді. Қонақ үй ғимараттық  тұғын  топарына вестибюль, дәзіл, қабаттық хол және қонақ жай енгізіледі.

Вестибюль қонақ үй ғимаратының барлық маңызды  топтарымен тығыз байланысты, оған орналастыру қабылдау қызыметтері және күтуге демалуға арналған орындар киім ілетін орын, бюролық қызмет көрсету, алентстволық байланыс, тасымалдау бөлімдері, сақтандыру камералары, әр түрлі сауда киоскалары, мейрамхана немесе кафеге  баратын бағдарлар.

Дәліз, вестибюль сияқты, жайлы және ыңғайлы құрылған қонақ үйдегі ең бірінші өкіл. Дәлізде ешқандай да жиһаздың болуы міндетті емес, себебі адамдардың еркін қозғалысына кедергі келтірмес үшін. Дәлсіздің екі есептелініп жасалынады, себебі екі адам қолдарындағы чемодандарымен еркін кездесе алмаулары үшін. Ашылытын есіктер қонақтар мен қызметкерлер өтетін жолға кедергі жасамауы керек.

Қонақ үй холы қабылдау қызметін онда келуші туристер тобының жиналуына немесе  келушілерге жиі қызмет көрсетеді. Холдың кең болуы міндетті, жиһазбен толтырылу міндетті емес. Келушілер өздерін жақсы сезінулері үшін төзімді және ыңғайлы кресолалармен журнал қойылған үстелдер қойылуы міндетті.

Қонақ жай дәлсіздің бөлімшесінде болады. Бірақ онда теледидар, радиоқабылдағыш немесе музыкалық аспаптар олар жеке дәлсіздерде болуға міндетті. Қонақ жайдың оңтүстік  бөлісінде  (бірінші қаба холы) кейде ашық түрдегі терраса немесе ішкі аулалық бақша (жиі бассейін) жұмыс істейді, айнала мейрамхана, кафе, бар залдарымен топтастырылады.

Жайлы қонақ үй ережелерін жақсы ұйымдастырылған тамақтандыру қызметі бар. Қонақ үй мейрамханалары отырғызылатын орындардың сиымдылығын анықтайды және басқа келушілерге көрсетілетін қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұсынады.

Үлкен қонақ үйлердің бары бірінші немесе екінші қабатта кейде вестибюль арқылы кіруге болады. Әдетте бұл бар жабдық түрде, қонақ үйдегілер мен қонақтарға қызмет көрсетеді.

Қонақ үй болғандықтан ол қонақтар үшін « уақытша үй» ғимараттың безендірілу интереріне ерекше назар аударылады.  Ғимараттың тұрғын бөлімі барлық жабдықтауды қажет етеді. Барлық керек жарақтар, міндетті түрде жылы жүзбен қарсы алу, үйлесімді сиысу, қонақтарға барлық ыңғайлылықты жасау.

Вестибюль интерері ішкі көріністері, дәлсіздің, холдың, қонақ жайдың тиісті композициялық жасалуы жарықтандыру, түс және қабырғалардың фактуралары төбе, еден, дәлізге кіретін арнайы (бөлек) есік. Қабырға, еден және төбе қонақ үй ғимаратындағы ең жоғары отқа төзімді жабдықтарымен немесе материялдармен жабдықталуға тиісті орындар.

Көріктендіру деңгейін көтеру, ішкі құрылымдық қызмет көрсетуді дамыту қонақ үй катнгорияларына меншіктеледі.

Қонақ үй жұмысының ойдағыдай кепілі заманауй тұжырымдамаға сай басқару. Біздің еліміздің қайта құру экономикалық жүйесінің бірінші жоспарына экономикалық сала категорияларының  еркін кәсіпкерлігімен бәсекелестігін шығарады. Зөңгілестер (ұмтылушылар) нарықтан өзіне қызмет орын іздейді. Жаңа өндірістік қызмет шартарына қойылатын қажетті талаптар жоспардың жаңа әдіс тәсілдеріне енгізілуі, кәсіпорын жұмысының табысын және қабілетін тұрақты қамтамасыз ету. Мұндай әдіс тәсілдер шетелдік қонақ үй сервистерінде маңызды және кең қолданылады.

 

 

 

 

2 ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ  КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

2.1 Классификация туралы жалпы түсінік

 

Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз – бұл белгілі бір қонақ үйлері 
мен нөмерлерінің қызмет көрсету критерийлері немесе стандарттары 
бойынша сай келінуінің анықтамасын айтамыз.

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм 
және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді 
орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай 
саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық 
құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты.  
Қонақ үй классификациясы әр елде әртүрлі категорияларға бөлініп 30- 
ға жуық атауға ие. Біртекті классификацияға келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді. Оларға мемлекеттердің тарихы – мәдени даму дең – 
гейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді. Кез келген 
елде қонақ үй классификациясы өзіне сай разрадтары болады. Ол тиісінше 
стандарттардың сапалық параметрлері болып табылады.

Қонақ үйлер жұлдызды, короналық, разрадты жүйе болып бөлінеді: қонақ үйдің разрадтылығы оның имеджіне, престижіне және қонақ үйдің қызмет ету жүйесіне байланысты болады. Әлемде қонақ үйдің бірыңғай жіктемесін енгізу сол елде қалыптасқан ұлттық дәстүрлеріне мемлекеттің тарихи – мәдени ерекшеліктеріне сапа критерийлеріне және тағы басқа кедергі келтіреді.  
Қазіргі кезде 30 – дан астам қонақ үйдің классификациясы бар. Сонын ішінде қонақ үйдің орналасу жағынан төмендегідей болуы мүмкін:

1. қаланың ішінде орналасуы ( орталықта немесе қала шетінде ). Әдетте орталықта орналасқан қонақ үйде іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер, отельдер, отель – люкстер және орта класты қонақ үйлер орналасады.

2. теңіз жағалауында орналасатын қонақ үйлер. Мұнда орналасуына қарай теңізден рарақашықтығы 50 м, 100 м, 150 м, 200 м, 300 м — ге дейін орналасады.

3. таулы жердегі қонақ үйлер. Бұл туристік маршрут бойындағы демалуға ыңғайлы жерде көркем пейзажды табиғат аясында орналасатын қонақ 
үйлер.

Қонақ үй ғимаратын функционалды тағайындауды мынадай негізгі 4 топқа бөліп қарастырылады.

-         Қонақ үйдің тұрғын бөлігі

-         Әкімшілік бөлімі

-         Қызметкерлер

-         Қосымша көмекшілер.

Бірінші топқа — бөлмелердің барлық категорияларын ұйымдастыру ғимараттың тұрғын бөлігімен тікелей байланысты.

Екінші топта — вестюбиль онымен  қатар ғимараттың  барлық коммунальдық бөлмелері директордың қабылдау бөлмесі және т.б. әкімшілік қызмет көрсету жұмыс жасайды.

Үшінші топқа — ғимараттық жалпы тағайындалуы (концерттік залы, музыкалық және би салондары, қонақ бөлме, конференция және мәжәліс залы, спорттық жаттығу залы), көршілес ғимараттағы кәсіпорынның қызмет көрсетуі ( жеке байланыс, сән салоны, ақша бірліктерін ауыстыру орындары кафе, бар, мейрамханасы, сауда орындары және т.б.)

Төртінші топқа- қонақ үй ғимаратының шаруашылық қоймалары (төсек орын жабдықтарын және кір жуу, түгендеу және жасау үстаханасы, зат қояатын бөлме және қойма) ғимараттың жеке инженерлік техникалық жабдықтау шеберлері машиналық бөлімдер, байлерлік кіреді.

Қонақ үй бөлмелерінің сәулеттендірілу дәрежесіне байланысты мынадай категорияларға бөліп қарастырылады.

1. люкс бөлмелері (тұғын үйлер) –бірнеше бөлмеден тұрады.Бөлмеде спутнигтік теледидар, үй кинотеатры, шағын бар элекронды сеиф  LCD теледидары халықаралық және қалааралық телефон, климат конторл, гидро массаж ваннасы жоғары сапалы жиһаздар болады.

2. екі бөлмелі бөлме-алдыңғы  қатарлы құрылым, толық санузелді, ұйықтайтын және қонақ бөлмесі  жұмыс кабинетімен диван; жиһазбен  санитарлық техникалық және басқада  жоғары сапалы жабдықталумен қамтамасыздандырылады.

3. «Дубм» бөлме – екі орынды типтегі бөлме, бір диван, бір кереует,кереуетпенауыстырылған, қонақ қалауы бойынша екі орынды және жайлы бір орынды пайдалануға рұқсат етілмейді.

4. бір бөлмелі бір орынды номер – алатын көлемі кем  дегенде 8 м2 жиһаздар мен жабдықталуы және қонақ үй категорияларына сай болуы тиіс.

5. көп орынды бір бөлмелі номер  ол тек жетілмеген қонақ үй  категорияларына тән оның санузласында  қолжуғыштан басқа жабдықтандыру  жағдайы жасалмаған ең маңыздысы  ұйықтайтын бөлмелер пайдалануға беріледі.

Информация о работе Қонақ үй мәлімет қорын құру