Қонақ үй мәлімет қорын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 10:31, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1
Қонақ үйлердің шығу тарихы
6
1.2
Қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары
12

2
ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1
Классификация туралы жалпы түсінік
16
2.2
Қонақ үйлердің түрлері
19
2.3
Жұлдыздық жүйе
20
2.4
Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі
23

3
«АҚТӨБЕ» ҚОНАҚ ҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1
Кәсіпорынға жалпы сипаттама
26
3.2
«Ақтөбе» қонақ үйінің қызметтері
26
3.3
Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау
27
3.4
Жүйені жобалау. Жоба тапсырмасы
33
3.5
Мәліметтердің модельдері
34
3.6
Программа құрылымын сипаттау
35
3.7
Қолданушыларға арналған нұсқаулар
41


ҚОРЫТЫНДЫ
42


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
44


ҚОСЫМША
47

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ_ТЕОРИЯ_ГОСТИНИЦА.doc

— 983.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

3

     

1

ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

1.1

Қонақ үйлердің шығу тарихы

6

1.2

Қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары

12

     

2

ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ  КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

2.1

Классификация туралы жалпы түсінік

16

2.2

Қонақ үйлердің түрлері

19

2.3

Жұлдыздық жүйе

20

2.4

Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі

23

     

3

«АҚТӨБЕ» ҚОНАҚ ҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

3.1

Кәсіпорынға жалпы сипаттама

26

3.2

«Ақтөбе» қонақ үйінің қызметтері

26

3.3

Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау

27

3.4

Жүйені жобалау. Жоба тапсырмасы

33

3.5

Мәліметтердің модельдері

34

3.6

Программа құрылымын сипаттау

35

3.7

Қолданушыларға арналған нұсқаулар

41

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

42

     
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

44

     
 

ҚОСЫМША

47


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер.

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.

Дегенмен, елімізде қонақ үй құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай Астанадағы бірқатар қолжетімді қонақ үйлерді қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді.

Диплом жұмысының өзектілігі:

Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер — диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың  қазіргі заманғы тенденцияларын  үйрену;

- қонақ үй шаруашылығын дамытуға  және оның материалдық базасын  жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі  ережелерді әзірлеу;

- Отандық қонақ үйлердің қазіргі  жағдайына баға беру;

- «Ақтөбе» қонақ үйінің қаржылық жағдаятына талдау жүргізу;

- осы саланы реттеу тетігін  жетілдіруге ықпал ету;

- қонақ үйлік сервис сапасын  белгiленген талаптарға сәйкес  арттыру.

Зерттеу нысаны:

Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» қонақ үйі.

Зерттеу пәні:

Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру танылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

- мейманхана секторын ілгерілетудің  алғышарттары анықталды;

- теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;

- қонақ үй қызметін жетілдіру  алға тартылып, оның даму перспективасына  болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы):

Диплом жұмыс қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып, әзірленді. Материалдардың теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған пайымдардың тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.

Диплом жұмының әдіснамалық және теориялық негіздері:

Диплом жұмына А. С. Манап, К. И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю. Ф. Волков, Ж. С. Рахимбекова, Л. П. Шматько, А. Т. Бейжанов, Е. Я. Морозова, Э. Д. Тихонова, Г. А. Папирян, Н. И. Кабушкин, Г.А.Бондаренко, А. Д. Чудновский, А. А. Романов, В. Г. Гуляев, О. Л. Волкова, Е. А. Соболева, О. В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жұмыс көлемі – 62 бет.

Диплом жұмыстың бірінші бөлімінде қонақ үйлер туралы жалпы түсініктер берілген, қонақ үйлердің шығу тарихы, қонақ үйлердің мәндері мен мазмұндары, қонақ үй қызметін ұйымдастыру, еліміздегі мейманханалар құрылымы мен функциясы, мейманханалық қызмет көрсету барысындағы мәселелер, қонақ үй қызметінің даму келешегі қарастырылады. Қонақ үй қызметін қалыпты ұйымдастыру мұндағы қызметкерлердің еңбегіне тікелей тәуелділігі анықталды.

Диплом жұмыстың екінші бөлімінде қонақ үйлерді  классификациялау және олардың түрлері, классификация туралы жалпы түсініктер беріліп, қонақ үйлердің түрлері, жұлдыздық жүйе туралы, елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі жайында айтылады.

Үшінші бөлімде «Ақтөбе» қонақ үйінің экономикалық қаржылық жағдайына талдау жасалды. Бұдан бөлек, кәсіпорынға жалпы сипаттама беріліп, барлық бөлімдегі қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сай атқаратын жұмыстары атап көрсетілді. Кәсіпорындағы еңбек персоналдары — негізгі ресурс көзі. Қонақ үйге келетін кірістің барлығы осылар арқылы жүзеге асырылады. Қонақ үй шаруашылығын дамыту ісі баяндалады. Мұнда мейманхана ісін жетілдіруді мемлекеттік қажеттілік ретінде қарастыру ұсынылған.

Қорытындыда дипломдық жұмыс нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты өзге де материалдар үлгілері ұсынылды.

 

 

1 ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

    1. Қонақ үйлердің шығу тарихы

 

Әлемдік қонақ үй индустриясының негізгі кезендеріне шолу жасайтын 
болсақ, саяхатқа жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үй – 
лер ( Керуен сарайлар ) б. э. д. 2000 жыл бұрын көне шығыс елднрінде кең таралған.

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл  мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген  және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей  болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Еуропалық даму антикалық негізде құрылған. Жерорта  теңізі аймағы, Таяу Шығыстағы, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері, Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стилде көптеген ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық дәуір әлемге және адам қауымына саяси және әлеуметтік формалар  енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда болған. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен қатар көптеген халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал етті. Антика  дәуірде көптеген ғылымдардың негізі жатыр.

Антика  дәуіріне маңызды естеліктерді гректер мен римдіктер қалдырып кетті.

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.

Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» — біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни – қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар – дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және   қорғаныс жөнінде келісім құрған.

«Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті  сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.

Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.

Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.

Информация о работе Қонақ үй мәлімет қорын құру