Мерей сауда орталыгы деректер коры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 23:39, курсовая работа

Краткое описание

Біз постиндустриялық қауымнан ақпараттық қауымға өтудеміз. Ақпаратпен байлансты ақпараттық секторлар және адамдар саны әрдайым өсіп келеді.
Ақпаратты өңдеудегі техниканың дамуы – компьютерлер, байланыс спутниктері, бүкіл әлемдік телекоммуникациялық желілер – ақпаратты жөнелту уақытын қысқарды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – деректер қорын басқару жүйесіне тән амалдарды саралау, олардың атқаратын қызметін анықтау. Дербес компьютердегі деректер қорын тиімді пайдалану.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ..........................4
1.1 Деректер қоры өрістерінің қасиеттері.................................................................6
1.2 Деректер қорының модельдері..............................................................................8
1.3 Ақпараттық жүйелердің архитектурасы..........................................................15
1.4 Деректер қорының кестелері..............................................................................17
1.5 Деректер қорын жобалау техникасындағы жүйенің тиімділігі.......................21
2. «МЕРЕЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Кестелер құру.......................................................................................................24
2.2 Сұраныс құру.......................................................................................................26
2.3 Формалар және есептер құру..............................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Токенова Макпал СМК311 мерей сауда орталыгы деректер коры .doc

— 4.24 Мб (Скачать документ)
Кесте аралық байланыстың  схемасы

Тапсырыстар кестесіндегі кілт өрісі – тапсырыстар коды болады. Онда кім, қашан, қандай бағаға нені тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай жұмысшы тапсырманы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыстар кестесінде қызметкер коды өрісі не бірігей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер кестесінде бұл өріс бірігей болады. Мұндай кестелерді реляциялық қатынасты байланысқан кестелер деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан кестелермен жұмыс жасай алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын техникалық әдебиеттерде реляциондық қатынасты схема деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2 «МЕРЕЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ

 

Төменде Microsoft Access 2002 программасында деректер қорының негізгі объектілерінің жасалуы қалай ұйымдастырылғанын қарастырамыз және жаттығуларда нақты жұмыс әдістерімен танысамыз. Бірақ жүйемен танысуға кірісудің алдында, оны автоматтандыру ерекшелігімен байланысты бірқатар ескертулерді есепке алу керек. Microsoft Access 2002 ДҚБЖ–сі қордың әрбір негізгі объектісін құрудың бірнеше тәсілдерін ұсынады. Бұл тәсілдерді былай жіктеуге болады. Қолмен (объектілерді конструктор режимінде жасау). Автоматтандырылған (шебер – программалары арқылы жасау). Қарапайым объектілердің тездетіліп жасалуының автоматты тәсілі. Бұл тәсілдердің арасындағы қарым – қатынасы түсінікті. Қолмен тәсіл көп жұмыс жасауға қажет келеді, бірақ жоғарғы икемділікті қамтамасыз етеді, ал автоматтандарылған және автоматты тәсілдер өнімділігі жоғары болады, бірақ икемі азырақ. Оқу барысында әр түрлі объектілерді құру үшін әр түрлі тәсілдер қолдану- Microsoft Access программасын оқуының методикалық ерекшелігінің фактісі болып табылады. Оқу таблицалары мен сұраныстарын жасағанда қолмен жасау тәсілін қолданған дұрыс, яғни конструктор режимінде жұмыс істеу керек. Шеберлерді қолдану жұмысты тездетеді, бірақ түсініктер мен әдістерді ұғуға көмектеспейді. Оқу формаларын, есеп құжаттарын және беттерін жасағанда, керісінше, шеберлердің ұсынымен автоматтандырылған тәсілдер қолданған жөн. Өйткені, объектілердің мәліметтері үшін сыртқы көрініс үлкен орын алады. Ал оның дизайны өте қиын, сондықтан оны программаға тапсырған дұрыс, ал қолданушыға өз көңілін мазмұндық бөлекке бөлу керек. Берілген жерде бір макростар мен модульдерді жасауды қарастырамыз. Бұл тәсілдер деректер қорының маман жобалаушыларына арналған, сондықтан жалпы техникалық “информатика” курсында оған көңіл бөлінбейді [7].

 

2.1 Кестелер  құру

 

Деректер қорын құру үшін алдымен Microsoft Access терезесін ашу керек, ол келесідей:

Пуск→Программалар→Microsoft Access командалрымен орындалады

немесе жұмыс үстеліндегі Access белгішесін екі рет шерту қажет.

         Мәліметтерді алу үшін  деректер  қорында “Кондитерлік өнімдер”  кестесінің жалпы түрі төменде  көрсетілген, онда кондитерлік  өнімдерідің  жалпы тізімі  көрсетілген.

Сурет 5. Кондитерлік өнімдер

 

Алдымен жаңа кестенің өрістерінің  аттарын беріп, олардың типтерін анықтау керек (2.1-сурет). Содан кейін  құрылған кестеге ат беріп, оны сақтағаннан  кейін Ашу(Открыть) түймешігін шерту арқылы аттары тағайындалған  бос өрістер ашылады.

           Осы ретпен «Консервные изделия», «Макаронные изделия», «Молочные  изделия», «Напитки», «Печенье»,  «Хоз товары», «Товары», «Поставщики»  және «Сотрудники» кестрелері  құрылады. Оның жалпы көрінісі 13-суретінде  көрсетілген.

 

Сурет 6. Деректер қорындағы  кестелер

 

Құрылған кестелер бойынша  мәліметтер арасында алмасу мен каскадттық байланыс орнауы үшін Сервис→Схема данных  командасы орындалу керек [3].

 

Сурет 7. Кестелер байланысы

 

 

2.2 Сұраныстар  құру

 

        Сұраныс бір немесе бірнеше кестелерден қолданушылардың шартына байланысты  таңдалатын мәлімет. Сұраныс есептелетін немесе басқа кестелерден алынған өрістерден тұратын уақытша пайдалануға арналған кестелер құруға мүмкіндік береді.

Кестелерді сұраныс  арқылы байланыстырамыз. Ол үшін сұраныс батырмасын   басып сұраныс конструктор режимінде құру батырмасын басу арқылы  немесе сұранысты  шебер режимінде құруға болады.

Конструктор режимін  құрамыз. Ол үшін сұраныс конструктор режимін құру батырмасын екі рет шертіледі. Сол кезде таблица қосу терезесі ашылады. Бұл терезе енгізген мәліметердің  тақырыбын таңдалады және қосу (добавить) батырмасын басамыз. сұранысты шебер (мастер) көмегімен құрамыз. Осы сұраныс режимінде сұраныс құру үшін осыған арналған  Шебер іске қосылады, өрістерін таңдап алу негізінде жасалады.

Қалауымызша режимдердің  бірін таңдап, 15-суретінде көрсетілгендей сұраныстарды құрастырамыз.

 

Сурет 8. Сұраныс терезесінің  жалпы көрінісі

 

16-17 суреттерінде Шебер көмегімен құралған «Қызметкерлер» және «Кондитерлік өнімдер» туралы сұраныс терезесінің жалпы көрінісікөрсетілген.

 

 

Сурет 9. Қызметкерлер туралы керекті мәлімет шығады

 

 

Сурет 10. Кондитерлік  өнімдердің бағасы мен түсетін пайдасы  шығады

 

 

Осы терезеге керекті  мәлімет атын енгізсек, сол бойынша  ол толығымен мәліметтерді көрсетеді [4].

 

 

2.3. Формалар  және есептер құру

 

       Алдымен  кестелер құрылады.  Кестелер  құрылып болғаннан кейін қажетті  мәліметті алуды тездететін жазылады. Кестелер мен сұраныстар барлық  мәліметтерді сақтай алады, бірақ  олардың көмегімен жұмыс істеу ыңғайсыз. Сондықтан форма жасау керек.

«Мерей» сауда үйінің ақпараттық жүйесінің бастапқы формасы  төмендегідей:

 

Сурет 11.  Форма терезесінің  жалпы көрінісі

Оған жеңіл қатынау  үшін «Диспечер кнопачных форм» арқылы батырмалық форма жасау мүмкіндігі берілген. Оның жалпы түрі 20-суретінде көрсетілген [5].

Соның ішіндегі кез-келген батырманы басу арқылы басында құрылған форманы көруге болады (мысалы, 21-сурет).

 

 Сурет 12.  «Макарон  өнімдерінің» формасы

 

Форма құрылғаннан кейін  ендігі кезекте есептер жасалынады. Есептердің де екі режимі бар: Конструктор режимі және Шебер режимі көмегімен. Есептерді шебер көмегімен жасайық. Ол үшін шебер көмегімен жасау режиімі батырмасын басамыз. Есептер терезесі пайда болады, ол терезеден бірінші беттен екінші бетке көшіру керек. Ол үшін терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші беттерге >/>> батырмаларын басу арқылы жүргізіледі. Көшіргенен кейін Келесі(Далее) түймешігін басу керек. Түймешік басылғаннан кейін топтастыру терезесі ашылады.Топтастырғаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Келесі терезеде сұрыптау тәртібін таңдау терезесі ашады. Тәртібін таңдағаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Осыдан кейін макеттің түрін таңдау терезесі ашылады. Макет таңдалғаннан кейін көрініс стилін таңдаймыз. Бәрін жасап біткеннен кейін басылымға ат беріп сақтаймыз.

Осы ретпен бірнеше есептер  жасауға болады (22-сурет).

 

 

Сурет 13. Есепшот терезесінің  жалпы түрі

 

Сақтаған басылымда  ашқан кезде экранға мына терезе пайда болады [6].

 

Сурет 14. Кондитерлік  өнімдердің есебі

 

«Мерей» сауда үйі  бойынша негізгі объектілерін құрып  болған соң, оның көркемделуін де, яғни деректер қоры ашылғанда келесідей  диалогтық терезелер ашылады:

 

Сурет 15. Негізгі форма

 

Деректердің сұраныстары, есепшоттары бойынша терезесі:

 

Сурет 16. Деректердің  сұраныстары, есепшоттарының терезесі

 

 

Қызметкерлер, жеткізушілер, тауарлар деректері бойынша терезесі:

 

 

Сурет 17. Қызметкерлер, жеткізушілер, тауарлар деректерінің терезесі

 

Сурет 18.Сусындар формасы

Қолданушыға тауарлар туралы ақпарат алғысы келсе, «"Мерей" сауда орталығы сұраныстары» тетігін  шертсек, бөлімдер бойынша ақпарат  алуға болады

 

Сурет 19. "Мерей" сауда  орталығы сұраныстары терезесі

 

Осылардың ішінен «Макарон өнімдері сұранысы» тетігін шертсек, бізге 31-сурет шығады.

 

 

Сурет 20. «Макарон өнімдері»  форма терезесі

 

 

Есепшоттар бойынша  терезесі:

 

 

Сурет 21. Есепшоттар терезесі

 

Осылардың ішінен «Сусын бағасы туралы есеп шот » тетігін  шертсек, бізге 36-суреттегі сусынның бағасын көрсетеміз де, бірден 37 суреттегі сурыпталған тізім шығады оны баспаға шығаруымызға болады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Автоматтандырудың және ақпаратты өңдеу жаңа технологиялардың негізгі ерекшелігі программаланған  шешімдерді болжауда немесе үлкен көлемді  есептеулер жүргізілетін есептер орындау кезінде байқалады. Мұндай есептер жұмыстың үлкен көлемді бөлігін құрайды. Компьютерлік техника кез келген шығармашылақ процесті жылдамдатуға мүмкіндік береді. Адамдар компьютерлік техниканы және жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру нәтижесінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. 

Жұмысқа қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын және келешекте  осы Micrоsoft Access 2003 программасын деректер қорының негізін объектілерінің жасалуы, қалай ұйымдастырылғаны және жаттығуларда нақты жұмыс әдістерді толық жазылған. Бұнда таблица арқылы жұмыс, сұраныстармен жұмыс, формалармен және беттермен жұмыс, есеп құжаттармен қалай тиімді жұмыс істеуге болатындығы айқын көрсетілген.

Практикалық жұмыстың ішінде «Мерей» сауда орталығы деректер қорын басқару жүйесінің тиімділігі көрсетілген. Бұл жүйенің құрылымында асханаларда ас әзірлеуге қатысатын аспазшылардың жұмыстарын жүйелілігі жайлы керек ақпараттармен қамтамасыз етілген.

Курстық жұмыстың өзектілігі - соңғы технологияның жетістіктерін пайдалана отырып, асханалардың жұмыстарын жеңілдету, оқыту үрдісінде жаңа деректер қорын басқару жүйелерінің тиімділігін көрсету.

Зерттеу жұмысы барысында  бағдарламаны даярлау  үшін оны жасауға қажетті бағдарламалар  іріктеліп, олардың жұмыс істеу принциптері анықталды;

Электрондық әдістемелік  оқулықтарды құруда кең түрде  қолданылып жүрген «Microsoft Access» бағдарламаларында  құрылған қазақ тіліндегі «Мерей»  сауда орталығы деректер қоры жасалынды.

 

 

 

 

    

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Научно-популярное издание Роджер Дженнинге. Использование Microsoft Office Access 2003. Специальное издание. Санкт-Петербург, 2005, 300-317стр.
  2. Л.Шкарина. Язык SQL. Санкт – Петербург, Москва, Харьков, Минск 2001.
  3. Голицына О. Л., Максимов Н. В. «Базы данных». М:2003
  4. Под ред. Хомоненко А. Д. «Базы данных», Санкт – Петербург, 2000
  5. Ролланд Ф. Д. «Оснавные концепции Баз данных». М:2002 СУБД VISUAL Fox Pro 5. 0

6  Савельев А. и  другие «Создание и использование  баз данных». М:1991.

Куправа Т. А. «Создание  прграммирования баз данных средствами      СУБД». М: Мир, 1999.

    1. Диго С. М. «Проектирование баз данных». М: Финансы и статистика, 1998.
    2. Стивен Копустейк «ACCESS шаг за шагом» М: Бином, 2000.
    3. Кузнецов С. Д. Введение в СУ Часть2. Системы Управления Базами Данных. 2. 1999 С. 116-124.

       10 Системы  управления базами данных и  знаний: Справ. изд.\ Наумов А. Н., Вендеров А. М., Иванов В. К.  И др.: Под ред. Наумова А.  Н. М: Финансы и статистика 1991.

11  Четвериков В.  Н. и другие Базы и банки  данных. Учебник для вузов по спец. «АСУ»\ Под ред. А. Н. Четверикова., М.: Высшая школа, 2000.

12  Юрий Башин., Microsoft Access 2003                                                   

13   Михеева В., Харитонова И. Microsoft Access 2002                                 

14   Вейскас Д., Эффективная работа с Microsoft Access.

15  Access для занятых/К.Нейбауер/ Издательство Москва «Диалектика» 2003г.

16  Access сборник рецептов 2-ое издание. Для профессионалов./К. Гетц, П. Литвин, Э. Бэрон

    1. ttp://www.realcoding.net/article/view/2176;
    2. tp://www.realcoding.net/article/view/2123.

19 Microsoft Access 2000/Лапс Визе/Учебное пособие для вузов/Издательство «Питер» 2003г.

20 Программирование в Access 2002. Учебный курс /И. Харитова,

Н. Вольман/Москва Санкт-Петербург  ЗАО Издательский дом 

Информация о работе Мерей сауда орталыгы деректер коры