Мерей сауда орталыгы деректер коры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 23:39, курсовая работа

Краткое описание

Біз постиндустриялық қауымнан ақпараттық қауымға өтудеміз. Ақпаратпен байлансты ақпараттық секторлар және адамдар саны әрдайым өсіп келеді.
Ақпаратты өңдеудегі техниканың дамуы – компьютерлер, байланыс спутниктері, бүкіл әлемдік телекоммуникациялық желілер – ақпаратты жөнелту уақытын қысқарды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – деректер қорын басқару жүйесіне тән амалдарды саралау, олардың атқаратын қызметін анықтау. Дербес компьютердегі деректер қорын тиімді пайдалану.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ..........................4
1.1 Деректер қоры өрістерінің қасиеттері.................................................................6
1.2 Деректер қорының модельдері..............................................................................8
1.3 Ақпараттық жүйелердің архитектурасы..........................................................15
1.4 Деректер қорының кестелері..............................................................................17
1.5 Деректер қорын жобалау техникасындағы жүйенің тиімділігі.......................21
2. «МЕРЕЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Кестелер құру.......................................................................................................24
2.2 Сұраныс құру.......................................................................................................26
2.3 Формалар және есептер құру..............................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Токенова Макпал СМК311 мерей сауда орталыгы деректер коры .doc

— 4.24 Мб (Скачать документ)

Өріс  -  кестенің  негізін  құрайды,  ке-келген  кестенің  ең  болмағанда  бір  өрісі  болуы  керек.  Кестенің  құрылым  түсінігі  кең  мағыналы  және  оған  мыналар  жатады:

   - өрістердің  сипатталуы;

- кілт;

- индекстер;

- өрістердегі  мәліметтерді  шектеу;

- кестелер  арасындағы  байланыстың  дұрыстығы;

- парольдер.

Кейде,  өрістердегі  мәліметтерді  шектеуді,  кестелер  арасындағы  байланыстың  дұрыстығын,  және  де  кіруге  мүмкіндікті  бір  сөзбен  «шектеу»  деп атайды.

Кестемен  жалпы  мынандай  операциялар  орындауға  болаады:

- құру  (құрылымын анықтау);

- құрылымын  өзгерту;

- атын  өзгерту;

- жою.

Кестені  құрған  кезде  оған  ат  қойылады  және  құрылым  беріледі.  Дискіге  сақталған  кестеге  қатысты,  барлық  керекті файлдар құрылады.  Олардың аттары  кестенің  атымен  сәйкес  келеді.

Кестенің  құрылымын  өзгерткен  кезде,  оның  ішінде  өрістердің  сипатталуы,  кілттер  мен  индекстердің  құрылымы,  шектеулері  өзгеруі  мүмкін.  Бірақ та кестелердің  аты  және  олардың  файлдары  бұрыңғы  қалыпында  қалады.

Кестенің  атын  өзгерткенде,  кесте  жаңа  атқа  ие  болады,  және де  жаңа  аты  оның  барлық  файлдарына  ие  болады.  Бұл  үшін  мәліметтер  базасына  керекті,  жұмыс  істеуге  арналған  бағдарламалар  керек (утилиттер),  мысалы,  Database  Desktop  немесе  Data Pump.

Кілттер  мен  индекстер

Өрістердің  қиыстырылуы  кілт  болып  табылады,  ішіндегі  мәліметтер  кестедегі  әрбір  жазуды  анықтап  тұрады.  Жай  кілт  бір  өрістен  тұрады,  ал  құрама (күрделі)  - бір  немесе  бірнеше  өрістен  тұрады.кілт  бойынша  тұрғызылған  өрістер  кілт  деп  аталады.  Кестеде  бір  ғана  кілт  болады.  Кілттің  функциялары:

- кестедегі  жазбалардың   сәйкестігін  қамтамассыз   етеді;

мәліметтер  базасына  жіберілген  сұраныстарға  жауап  алуды  жылдамдатады;

- деректер қорыныңкестелер   арасында  байланысты  орнатады;

- сілтеме  тұтастығын  шектеуді  қолдану.

Кілттер  алғашқы  кілт  немесе  алғашқы  индекс  деп те  аталады.

Басқа  мәліметтермен  қоса  кілт  туралы  ақпарат  бөлек  файлда  сақталуы  мүмкін.  Мысалы,  бұл  мақсатқа  Paradox  мәліметтер  базасындағы  PX  кеңейтілуімен  бөлек  файл (кілттік  файл  немесе  басты  индекс)  қолданылады.  Access  мәліметтер  базасында  барлық  ақпарат  кеңейтілуі  MDB  бір ортақ файлға  сақталынады.  Кілттің мағынасы  белгілі рет бойынша орналасады.  Әрбір кілттің мағынасы  үшін  басты файлда  орналасқан  қажетті жазбаларды  көрсететін  бірегей сілтемелер  болады.  Сондықтан,  реттік  тәртіппен орналасқан  кілт  мағыналары  арқылы  қажетті  мәліметтерді  тлық  табу  үшін  кестені  ақтармай  ақ  қоюға  болады.  Құрастырушы  және  пайдаланушы  осы  технологияны  қолданғаны  үшін  төлейтін  баға  боп  бөлек  файлда  кілт  мағынасының  сақтау  қажеттілігінен  Деректер қорының көлемі өсуі болады.  Бұл  файлдың  көлемі  кесте  жазбаларының  санына  да,  кілтті  құрайтын  өрістерге  де  байланысты.  Кілттік  файлдарда  кестенің  қажетті  жазбаларына  сілтейтін  басқа  кілттік  өрістердің  мағыналары  сақталады.  Сондықтан,  кілт  құрамына  ұзын  жолды  өрістер  кіргенде,  кілттік  файлдың  көлемі  мәліметтері  бар  кесте  файлдарына  сәйкес  келеді.

Әртүрлі форматты кестелердің  өзіндік  кілт  ерекшеліктері  бар.  Дегенімен,  ортақ  ерекшеліктер  де  бар:

- кілт  бірегей  болуы  керек.  Құрама  кілттерде  кейбір

     - өрістердің  мағынасы  қайталануы  мүмкін.

Кілттегі  мәлімет  жеткілікті  және  тығыз  болуы  керек.  Кілттің  бірегейлік 

бұзбауы,  керексіз  өрістерден  құтылуға  мүмкіндік  беруі  керек.

Кілт  құрамына  кейбір  өрістер  кіре  алмайды,  мысалы,  графикалық  өріс немесе  түсініктемелік  өрісі.

Кілттік  өрістерді  дұрыс  таңдап  алу  жеңіл  іс  емемс,  әсіресе  көп  өрісті  кестелер  арасынан.  Кілттік  өрістер  ретінде  фамилиясы  жазылған  ұйым  қызметкер  кестесін  немесе  тауар  атаулары  бар  кестелерді  таңдаған  дұрыс  емес.  Өйткені,  бұл  кестелерде  мағына  жағынан  әртүрлі  өріске  жататын  атаулар  кездесуі  мұмкін.  Бұл  кестелер  үшін,  мысалы,  қызметкерлер  өрісінің  кодын  немесе  тауарлардың  артикул  өрісін  қолдануға  болады.  бұл  мәліметтер  бірегей  болып  есептелінеді. 

Мағынаның  бірегейлігін  сақтау  үшін  кілтті  қарастырғанда,  оған  сәйкес  өріс  типін  қолдану  керек.  Paradox  кестесі  үшін  аз  көлемді  (4  байт)  автоинкрементті  типтегі  өріс  жарайды.  Бірақ,  dBase  және  InterBase  кестелерінде  осындай  өрістер  жоқ,  сондықтан  программист  кілт  мағынасының  бірегейлігін  қамтамассыз  ету  үшін,  басқа  тәсілдер  қолдану  керек,  мысалы,  арнайы  генераторды.

Мәліметтер  базасын  құрастырып  қолданған  кезде  қажет  болмаса  да,  кілттің  әрбір  кестесінде  тапсырма  болғанын  ескеру  керек.

Индексте,  кілт  сияқты,  кесте  өрістері  бойынша  құрастырылады,  бірақ  кілтке  қарағанда  өрістердегі  мағыналары  қайталана  беруі  мүмкін,  ал  құрама  (күрделі)  индекстер  бірнеше  өрістерден  тұрады.  Әрбір  индекстің  өз  атауы  бар.  Индекстерді  бөлек  файлдарда  немесе  мәліметтермен  бірге  сақтауға  болады.  Индексті  жасауды  кестенің  көрсеткіштерін  құрастыру  деп  атайды.

Индекстің  ұтымды  жақтары:

- мәліметтермен  қатынас   құруды  жылдамдатады;

- жазбаларды  сұрыптайды;

- деректер қорыныңжеке  кестелер  арасында  байланыс  жүргізеді;

- сілтеме  тұтастығын  шектейді.Кілт  сияқты  индекс  кестенің

өзгеше  тарауы  ретінде ұсынылады. 

Индекс  арқылы  мәліметті  жүйелі  түрде  жылдам  алуға  болады.

Сұрыптау  дегеніміз  өріс  немесе  бірнеше  өрісте мағынасының немесе  төмендеуіне  қарай  жинақталған  жазбалар.  Мысалы,  Delphi-дегі  Table  жазба  жиынтығын  тек  индекстік  өрістерде  сұрыптауға  болады.  Query  мәліметтер  жиынтығы  SQL  құралдары  арқылы  әр бір  өрісте  сұыптай  жасай  алады,  бірақ  бұл  жағдайда  да  индекстелінген  өрістер  үшін  жазбаларды  жинақтау  тез  жүреді.

Бір  кесте  үшін  бірнеше  индекстерді  жасауға  болады.  Уақыттың  әр  сәтінде  индекстің  біреуі  белсенді  бола  алады.  Бірнеше  индексі  болса  да  кестеде  ағымды  (белсенді)  индексі  болмауы  мүмкін.  Ағымды  индекс  Table  мәлімет  жиынтығын  іздеу  немесе  сұрыптау  керек.

Кілттік  өрістердің  индекстіленуі  мүмкін.  Paradox  кестесінде  кілттің  өзі  негізгі  (алғашқы)  индекс  болып  есептелінеді.  dBase  кестесінде  кілт  жоқ,  оның  міндетін  индекстің  біреуі  атқарады.

Сонымен,  кілт  пен  индекс  арқылы:

        - жазбаларды  ұқсастыруға;

             - кілтті  өрістерде  мағыналардың  қайталанудан  құтылуға;

             - кестелерді  сұрыптауға;

             - кестелерді  іздеу  операцияларын   шапшаңдатуға;

        - деректер қорыныңкестелер  арасында  байланыс  орнатуға;

             - сілтеме  тұтастығын  шектеуге  болады.

Деректер қорыныңнегізгі  міндеті,  мәліметтерге  тез  арады  қатынас  құруды  қамтамассыз ету.  Мәліметтерге  қатынас құруға  кеткен  уақыт қолданған әдіс-тәсілдерге  байланысты.

 

Деректер қорын жобалау мәселелері

Ақпараттық жүйелерді  жобалау физикалық және логикалық  деңгейде жүзеге асады. Физикалық деңгейде жобалау мәселелерін шешу ДҚБЖ-ні пайдалануға байланысты.

Логикалық жобалау кестенің құрламымен санын анықтауда болады, және ДҚ-ның сұраныстарын құрғанда, есеп құжаттарының типтерін анықтауда, ақпаратты өңдеудің ьалгоритімін құру, мәліметтерді жөндестіру және еңгізу үшін үлгілерді құру, және басқа мәселелерді шешу үшін арналған.

Автоматтандырылған жүйелер  үшін мәліметтер құрлымын жобалау кезінде үш негізгі ерекшеліктерді ажыратуға болады:

1. Бір кесте аймағында  шешілетін есептің объектілері  туралы ақпараттың жиынтығы.

2. Жүйе туралы  білімдерді  жинақтау және мәліметтерді өңдеуге  талаптар.

3. Ескертулер және  ережелер жиынтығы негізінде,  жүйелі талдау процесінде ақпараттық жүйеде пайдалану үшін ақпаратты құрлымдау. 

 

Кезекті қатнастардың құрлымы                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

ДҚ жобалау қорға  қосылған мәлімет туралы және олардың  атрибуттарын анықтаудан басталады. Содан  кейін атрибуттар бір кестеге еңгізіледі.

Мысал. Формирование исходного  отношения.

Факультеттің оқу бөліміне оқытушылар туралы деректер қоры құрылып  датыр делік. Деректер қорын жобалаудың бірінші кезеңінде тапсырыс беруші эксплуатация процесінде қандай ақпаратты, қалай пайдалану қажеттігі жөнінде сұранысы бойынша қамтылу қажет. Нәтижесінде деректер қорында қатынастар мен олардың арасында байланыстар қамтылатын  атрибуттар орнатылуы керек. Белгіленген атрибуттардың аттарын және олардың қысқа сипаттамаларын атап көрсетейік:

 

 

 

1.5 Деректер  қорын жобалау техникасындағы  жүйенің тиімділігі

 

Ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауы олардың архетектурасына  байланысты. Қазіргі уақытта клиент сервер архитектурасы пайдаланылады.

Архетиктура коррпаративті  деректер қоры және дербес деректер қоры қосатын компьютерлік  желі. Соған қатысты бұл архетектура таратылған деректер қорының мәліметтерін талап коррпаративті деректер қоры копьютер серверінде орналасады, ал дербес деректер қоры коррпаративті деректер қоры клиенті болып табылады. Ақпараттық жұйелердің клиент сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың  артықшылығы  орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коррпаративты ақпарат ұйымы болып табылады.

  Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.

   Деректер қоры басқару жйесі (ДҚБЖ)-көлемді мәліметтер жиынын тұтыншыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар  кешені.

Microsoft Access-Windows ортасында жұмыс істейтін, 32-разрядты, реляциялық МББЖ, мұнда бір мезетте  бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен  қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Access кестесін басқа кампьютердегі немесе сервердегі мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МББЖ-лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтері Excel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады.

Access Windows-технологияның  барлық мүмкіндіктерін сүйемелдейді  және оның тұтынушының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.                                                                                                                                                              

1) Кестелер - мәліметерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.

  Кесте(Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи)тұрады.

Жазба(Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.

Өріс(Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиетері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.

Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.

2) Сұраныс(Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды)  кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.

3) Форма(Forms) - мәліметенді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.

4) Есептер  (Отчеты) - мәліметерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.

Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін  анықтау режимі.

Шебер(Wizards-Мастер) - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып,қойылған мәліметерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.

5) Макростар(Modules) - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.

Access-те тұтынушыға  өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командаларды, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор (Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.

Access деректер  қорын басқару жүйесін жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады.

Информация о работе Мерей сауда орталыгы деректер коры