Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың пәндік зерттеуі – информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары. Дипломдық жұмыстың мақсаты –информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру. Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусина.doc

— 1.37 Мб (Скачать документ)

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі  жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін  ешкімнің оған араласуға және бағытын  өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші  ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан  ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді [15, 39б].

Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану  әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламалық – технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны  оқыту сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімді меңгері;
  • Алған білімді жүйелеу;
  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға  оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын қабылдау және оқушыларды ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру  арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Қазіргі заман  мұғалімінен тек өз пәнінің терең  білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық  сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ХХІ ғасырда  ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электорондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының  оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер  оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет  етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту  формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Алгоритм программаға  қарағанда жалпы түсінікке көбірек ие; бұл жағдайда педагогикалық программалық құрал –оқытудағы компьютер үшін пайдалы жазу алгоритмі болып табылады. Бұл жерде ең нақтысы, компьютер көмегімен оқыту процесінің ең маңызды тұсы – ол оқыту алгоритмін жобалау. Қысқаша айтқанда, компьютер көмегімен оқу – бұл алгоритмдендіру, яғни, алгоритмдік кеңестерді құру.

<span class="dash041e_0431_04


Информация о работе Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы