Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың пәндік зерттеуі – информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары. Дипломдық жұмыстың мақсаты –информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру. Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусина.doc

— 1.37 Мб (Скачать документ)

Информатиканы оқыту математика, ана тілі, сурет, еңбек, ән, қоршаған орта сияқты пәндермен интеграцияланған жеке пән шеңберінде өткізіледі.

Информатиканы оқыту үрдісінде оның әдістері мен  құралдары тілдің, математиканың, музыканың  және әдебиеттің түсініктерімен табиғи байланыста болады, яғни балалардың жалпы  білім беретін пәндерден алған білімдерін оқу мен бекітуде нақты материалдардың шектесуін көрсетеді. Бағдарламаның негізгі құрылымдарының бірі интегративті жобалар болып табылады, оның барысында курс материалын оқу мен белсенді меңгеруі болады.

Ақпараттық  оқыту ортасы – бұл педагогикалық  объектілер мен олардың арасындағы байланыстар, педагогикалық ақпараттың жиналуы, көрсетілуі, өңделуі, таралуы  мен берілімінің жағдайлары мен  технологиялары, оқыту білімдері  мен педагогикалық білімдер, сол  сияқты, педагогикалық жүйелердегі ақпараттық процесстердің жасалуын қамтамасыз ететін инфрақұрылым.

Ақпараттық  ортаны ерекше бөліп алуға болады, оның негізінде оқыту пәндерінің процесі жүргізіледі. Мұндай ортаның  қызмет істеуі үшін оқыту жағдайларының  жүйесі қажет. Ол техникалық және дидактикалық жағдайлардан тұрады. Оқытудың техникалық жағдайлары дәстүрлі жағдайлар және жаңа ақпараттық технологиялар жағдайлары болып екіге бөлінеді. Бірінші түріне кіретіндер:

- аудиотехника (магнитофондар мен проигрыватель),

- проекциялық техника (диа- және эпипроектілер, графопроектілер мен кинопроектілер),

- теледидар техникасы,

- бейнетехника.

Жаңа ақпараттық технологиялар жағдайларына кіретіндер:

- дербес компьютерлер,

- мультимедиа-жабдықтары (дыбыстық және бейнеплаталар, акустикалық жүйелер, компакт-дискілердің проигрывательдері, дыбыс енгізу және бейнеақпарат құралдары және т.с.с.),

- мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу-шығару құралдары (дигитайзерлер, сканерлер, принтерлер, плоттерлер және т.с.с.),

- оқу жұмыстары,

- компьютерлік лабораториялар,

- хост-компьютерлер және таратылатын ақпараттық ресурстары бар серверлер,

- жергілікті есептеуіш тораптар

- Интернетке шығу құрылғысы

- Проекциялық құрал-жабдықтар (бейнепроекторлар, үлкенэкранды мониторлар, плазмалы панельдер және т.б.).

Дидактикалық  құралдар оқыту ақпараттарының тасымалдаушылары болып табылады және басқа техикалық құралдармен бірлесе пайдаланады.

Дәстүрлі техникалық құралдармен аудиожазулар, диафильмдер, диапозитивтер, проекциялық жылтыр объектілер (фотосуреттер, суреттер иллюстрациялар, т.б.), транспаранттар, кино және бейне фильмдер бірге пайдаланылады [13, 39б].

Жаңа информациялық  технологиялардың дидактикалық құралдары  дегеніміз – бұл компьютерлік программалар. Оны оқытуда педагогикалық  программалық құралдар, бекітілген программалық құралдар және таратушы информациялық ресурстар қолданылады.

Педагогикалық программалық құралдар – бұл белгілі  оқыту технологияларын жүзеге асыратын компьютерлік құралдар. Оларға демонстрациялық  программалар, программа-жаттықтырушылар, бақылаушы программалар және т.б. жатады. Кешенді педагогикалық іс-әрекеттестікті жабдықтаушы программалар электронды оқулықтар деп аталады.

Бекітілген  программалық құралдар – бұл информацияларды  өңдейтін белгілі технологияларды  жүзеге асыратын компьютерлік программалар. Оларға мәтіндік редактор, музыкалық редактор, графикалық редактор, электронды таблицалар, базалық мәліметтердің басқару жүйесі жатады.

Информациялық таратылатын ресурстар – бұл  таратылатын оқыту информацияларын  сақтау мен оларға қосылуға мүмкіндікті  тудыратын ұйымдастырушы қамтамасыз етуші компьютерлік программа. Оған компакт-дисктердегі, мәліметтер базасындағы, жергілікті есептеуіш торабындағы серверлерде, web-беттерде, Интернет желісіндегі хост-компьютерлерде орналасқан электронды энциклопедиялар мен анықтамалар жатады.

Мұндай оқыту  құралдары бар жүйені пайдаланудағы  педагогикалық қызметтердің өзіндік  ерекшеліктері бар. Оған компьютер  көмегін пайдалана отырып өңдеу  процестерін автоматтандыру мен  педагогикалық ақпаратты жеткізу; информациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың шығармашылық ой-өрістеріне орай экспериментальді-зерттеулер ұйымдастыру; оқушылардың жеке және топтық оқыту кезіндегі өздігімен үлкен жұмыс жасай білуі жатады. Оқыту құралы, сонымен бірге жаңа информациялық технологиялар базасындағы қызмет ететін құралдар көбіне оқу-әдістемелік материалдарымен оқыту-әдістемелік комплектісін құрады.

Оқыту-әдістемелік  комплектісіндегі педагогикалық программалық құралдарды (ППҚ) ерекшелеп алған  жөн. ППҚ-ларды пайдалану кезінде  қолдануға болатын маңызды әдістемелік мақсаттарды атап өтсек:

1. Оқыту процесін оның программалану кезеңдері есебінен және оның алгоритмдерін анықтау арқылы тұлғаландыру мен диференциациялау.

2. Жедел қайтарымды байланыс және қате диагностикасымен оқыту әрекетіне бақылауды жобалау, нәтижеге баға беру.

3. Оқушының өзіндік бақылауы және өзіндік түзетуі.

4. Материалды қайталай программалау есебінен оқушының жаттығуы.

5. Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері арқылы образды және көрнекі оқыту информацияларын ұсыну. Зертеліп жатқан құбылыстар мен процестерді моделдеу мен имитациялау (химиялық, биологиялық, физикалық және т.б компьютерлік эксперименттер).

6. Оқыту информациясын эсперименттау мүмкіндігі арқылы, тапсырманы шешудің бірнеше нұсқаларын қарау, нақты іс-әрекеттен бас тарту есебінен оқушының пайымдауын дамыту.

Педагогикалық программалау құралдарының өзіндік  типологиясы бар. Ол оқыту процесінде ППҚ-ның пайдалану кезіндегі әдістемелік  мақсатын білдіреді.

1. Демонстрациялық  программалық құралдар. Әдістемелік  міндеті – оқу материалының көрнекілігін таныстыру, зерттеу объектілерінің арасындағы өзара байланыс визуалдылығы.

2. Программалық  құралдар-жаттықтырушы. Әдістемелік  міндеті – ептілік пен машықты  жасау, өзіндік дайындауды қамтамасыз  етуші. Өткізілген материалдың  қайталанған немесе бекітілген кезінде пайдаланылады.

3. Бақылаушы  программалық құралдар (оқу негізіндегі  компьютерлік тестер). Әдістемелік  міндеті –оқу материалын меңгеру  деңгейін бақылау немесе өзіндік  бақылау.

4. Информациялық-анықтамалық  программалық құралдар. Әдістемелік  міндеті–информацияны жүйелендірудегі ептілік пен машықты қалыптастыру. Қажетті оқу информациясын іздеу мен таңдау мүмкіндіктерін ұсынады.

5. Оқыту программалық  құралдары. Әдістемелік міндеті  – біліктілікті хабарлау, ептілік  пен машықты қалыптастыру және  өздік оқу материалын қажетті деңгейін жасау [14, 19б].

Сонымен, оқу-әдістемелік  комплекті – бұл оқу материалдарының  программалық-әдістемелік, көрнекі  құралдардың, оқу құрал-жабдықтарының, оқытудың техникалық құралдары, жаңа информациялық  технологиялар құралдары, педагогикалық программалық құралдардың, оқытушылық процесіндегі және оқу курсында кеңінен қолданылатын жиынтық. Мұндай комплектілердің құрылуы, әр пәнге сай материалдардың жиналуы және олардың әрбір мектеп пен сыныптарда болуы – оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік жарақталу негізі, сондай-ақ оның бар болуының дәлелі.

Шығармашылық  жұмыс жасаушы мұғалімдер мен  мектептер біртұтас өзіндік оқу  материалдарын, байытылған және қосымша  оқу-әдістемелік комплектісін құрулары шарт. Педагогикалық программалық құралдарды жасауда ең біріншіден программалы-әдістемелік құжаттамаларды өңдеу қажет, сондай-ақ сценарий да ең бір маңызды бөлшек.

Программалардың сценарийлерін құруда педагогикалық  программалық құралдарға қойылатын  әртүрлі талаптарды есепке алған жөн. Педагогикалық талаптар ең негізгісі болып табылады.

ППҚ-ға ұсынылған  педагогикалық талаптарды қарап  көрелік.

ППҚ-ның ғылыми мазмұны талаптары ғылыми кепіл  бере алатын куәліктерді ұсынуды  қажет етеді. Қосылу талаптары оқу  материалы, оқу іс-әрекеттерінің формасы мен әдістері оқушылардың даярлық деңгейлері мен олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуді қажеттейтінін білдіреді. Бейімдеу талаптары оқушыға жеке ыңғаймен қарауға болжам жасап, оқу материалдарында оның жеке мүмкіндіктерін есепке алады. ППҚ-дағы бейімделуді көрнекі құралдарың түрлілігімен, оқу материалдарындағы дифференциациялардың бірнеше деңгейлері арқылы, көлем және мазмұн арқылы қамтамасыз етуге болады.

Жүйелендіру мен  бірізді оқыту талаптары оқушыларға түсінік жүйесін өзіндік етуге, ережелер мен әдістерді логикалық байланыстарында қалыптастыруды шамалайды. Визуалдылық талаптары оқу информациясындағы программалармен диологты сөйлесулер мүмкіндіктерін сақтай отырып, заманауи визуалды құралдарын (компьютерлік графикалар, мультимедия технологиялары) жүзеге асыру мүмкіндіктерін шамалайды. Оқытудың саналылығы талаптары, дербестік пен оқушының белсенді іс-әрекетінің арқасында нақты мақсаттар пен тапсырмалардың оқу информациясындағы шешімдерін дұрыс табу дербестігін қамтамасыз етуді шамалайды. Оқушының іс-әрекетін белсенді ету оның экрандағы жағдайды өз бетімен басқаруына, оқу әрекетінің режимін таңдауға, өз бетімен шешім шығарғанда әрекетін вариациялауға, позитивті ынтаның қалыптасуына, оқытудың мотивациясын көтеруге мүмкіндік тудырады (мысалға, ойнау жағдайларын үстеу, юмор, сөйлескен кезде үлкен тілекпен жақындау, визуалдылықтың түрлі құралдарын қолдану).

Меңгерудің  төзімділігі талаптары оқу материалындағы өзіндік бақылау мен өзіндік  түзетудің болуын, кері байланыстың  негізінде бақылауды, қателердің диагностикасы және оның түсіндірмелерін қамтиды. Интерактивтілік талабы ППҚ мен оқушылар арасындағы диологтың ұйымдасуын шамалайды.

Баланың интеллектуалды әлеуетінің дамуы талабы пайымдауды дамытуды, қиын жағдайларда оптимальді шешімдерді қабылдау іскерлігін қалыптастыруды шамалайды. Педагогикалық кері байланыс талабы оқушының іс-әрекетіндегі программа реакциясын қамтамасыз етуді шамалайды.

Әдістемелік талаптар ППҚ-ға оқу тәрбиесіндегі өзіндік  пішін мен ерекшеліктерді есепке алу маңыздылығын, оның түсінігіндегі аппараттың өзіндік ерекшеліктерін қарауды, оның заң аясындағы зерттеулерінің әдіс ерекшеліктерін, информацияларды өңдеуде заманауи әдістемелерін жүзеге асырудың қажеттігін шамалайды.

ППҚ-ны құру мен  оған оқу процесін бекітуде сценарий жасау қажет, ол программа кадрларын жинап олардың арасындағы байланысты сипаттайды. Кадр – программа бөлшегі, Басқаларынан мазмұны мен жұмыс формасы арқылы ерекшеленеді. Сценарий кадрына экран дисплейіне енгізілген эскиз бен сипаттама КІРУІ мүмкін, бұл оқушының әрекеті мен машинаның реакциясын қажет етеді.

 

2.3 Информатика сабағында деңгейлеп,  дамыта оқыту технологиясын қолдану

 

Оқыту барысында  кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады.

Мазмұндық жағына – мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық материалдарды  күрделендіру және т.б.

Процесуалдық  жағына – бағдарламалау тәсілдері, проблемалық, интерактивтік оқыту  т.б.

Мотивациялық  – оқу барысында оқушының белсенділігін  қамтамасыз ету тәсілдері, танымдық қызығушылықты қалыптастыру т.б.

Ұйымдастыру –  мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, оқу пәнін жете меңгеруі.

Осы тәсілдердің  бәрі өз кезегінде технологиямен  қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық  оқыту тәсілі: проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалар, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-бағдарламалық, проблемалы-контекстік, проблемалы-модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.

Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту  барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.

Осы тәсілді  қолдаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. Ойындар мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті  барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада  жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық  әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқыту  процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты  өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Информация о работе Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы