Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың пәндік зерттеуі – информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары. Дипломдық жұмыстың мақсаты –информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру. Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусина.doc

— 1.37 Мб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Егеменді еліміздің  тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр  білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге  бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ  ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз  дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі  бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр  – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын  жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің  барлық деңгейлерінің тиімділігі мен  сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты  мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру  негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпаратты-коммуникациялық  технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат  алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасындағы  білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды  дайындамай  жүзеге асыру  мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест  жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық  жүйелер,  оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

 

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның  өзара қарым-қатынасын үйлесімді  етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда  кәсіпкерлік қызметтің басты  құрамды бөлігі болып табылатын  ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Орта білім  беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін оқытудың сапасын  арттыру қажет. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін кеңінен қолданған дұрыс.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі — білім  саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек  екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін  ақпараттандыру дегеніміз берілетін  білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі  технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

Аталған мәселелерді жүзеге асыру бағытында дипломдық жұмыстың тақырыбын «Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру» деп таңдадық.Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.

Бүгінде жаһандану  заманында жас ұрпаққа әлемдік  стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Информатика жалпы  білім беру пәндеріне жатады, жоғары оқулардың бар мамандықтарында оқылады сондықтан көп көңіл бөлуді талап етеді. Қазіргі ақпараттандырылған әлемде ақпаратты электрондық түрде жеткізуге көп мүмкіндіктер бар. Қазіргі қоғамда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған сәтте электрондық оқу құралын пайдалану еліміздің болашағына барлық ғылым салаларда жаңа идеяларды ұсынып отырамыз.

Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін арттырудың бірнеше тәсілдері бар [1, 13б].

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде  жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып,олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың  негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» үғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу,оқу, жазу, сурет салу, ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып табылады.

Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.

Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектепте 9-сынып информатика пәнін оқыту үрдісінің әдістемесі.

Дипломдық жұмыстың пәндік зерттеуі – информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – мектеп оқушыларына информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;

- Информатика  орта мектепте оқытудың мақсаттары  мен міндеттерін анықтау;

- Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;

  • Мектеп оқушыларына информатика бойынша оқыту бағдарламаларына және бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын белгілеу;
  • мектеп оқушыларына оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері- ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, орта мектептің сыныптарына информатикасын оқыту теориясы мен әдістемесін талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.

 

 

1 Информатика пәнін оқытуды талдау

1.1 Информатика пәнін оқыту ерекшеліктері

 

Информатиканың  пайда болуы мен пән ретінде  қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысына келеді. Информатиканың қызығушылық облысы бұл – ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттері және ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, алмастыру және қолданудың адам әрекетінің әр түрлі салаларында қарастыру сұрақтары. Үлкен көлемдегі ақпаратты автоматтандырусыз және қатынас жүйелерінсіз өңдеу мүмкін емес, сондықтан ЭЕМ-дер және қазіргі кездегі ақпараттық және қатынастық технологиялар информатиканың фундаментальді негізі және мәліметтік негізі болып табылады. Қазіргі кезде информатиканың жалпыға бірдей анықтамасы жоқ.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін табиғаттың әр түрлі  жүйелеріндегі – табиғи, биологиялық, әлеуметтік, басқару мен байланыстар  туралы кибернетика ғылымы дамыды [2, 72б].

«Кибернетиканың»  пайда болуын 1948 жылы Норберт Виннердің  «Кибернетика или Управление и связь в животном и машине » кітабының шығумен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясын жасау жолдары және бір бағыттағы әр түрлі жүйелердің байланыстары мен басқару мәселелерін қарастырудың негізгі мәселелері ЭЕМ - мен бірге дамып, кибернетика жалпы ғылым бола бастады, ол – ақпаратты түрлендіру туралы ғылым болды. Ақпарат - деп кибернетикада кейбір жүйелердің қоршаған ортаны қабылдауы, қоршаған орта беретін және өзінде сақтайтын мағлұматтар немесе әсер етулер, сигналдар жиынын айтады.

Кибернетиканың  дамуы біздің елде драмалық периодын бастан кешірді. 60–жылдары академик А.И.Берг былай жазған: «1955-1957 жылдарда және кейін кибернетиканың мүмкіндігі мен мәнін бағалауда әдебиеттерде қателіктер көп кездеседі. Ғылымдардың дамуына кері әсерін тигізді, көптеген теориялық материалдың, тіпті есептеуіш машиналарды дайындауға кедергі болды». Оған дәлел ретінде «Қысқаша философиялық сөздіктің» төртінші басылымындағы анықтаманы келтіруге болады: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та пайда болған және басқа елдерді дамыған реакциялық жалған ғылым; қазіргі заман механизмінің түрі». Бұл ең біріншіден ғылымды дұрыс бағаламаудан, екіншіден ғалымдардың бос сөзге көп көңіл бөлгендіктерінен туындап отыр.

Бірақ кибернетиканы  ғылым деп жариялаудан кейін де қиындықтар азайған жоқ. Ол кибернетиканың дамуы мемлекеттің ірі жобаларының іске аспауы мен қатар дамуы мен де байланысты болады. 80–жылдардағы жағдайға қысқаша шолу жасайық.

Кибернетиканың  халық шаруашылығында қолдану перспективалары метематикалық модельдерді және ЭЕМ-ді ауқымды жоспарлау мен басқару мақсаттарына ұсыныстар тудырды. Ғалымдармен жасалған бұл ұсынымдар партия және үкімет шешімдерінде көрініс тапты. Халық шаруашылығының барлық бөлімдерде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (БАЖ) жасау мемлекеттік жоспарлау бағдарламасына енді. БАЖ халық шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта жасау негізі болуы керек еді: БАЖ-бен қатар технологиялық процестерді басқаратын автоматтандырылған жүйе (ТПБАЖ) болу керек еді, БАЖ-ға жоспарлық есептердің автоматтандырылған жүйелері (ЖЕАЖ) жасалу керек еді. Барлық автоматтандырылған жүйелерді есептеу орталықтарының жалпы мемлекеттік жүйесінде жүзеге асыру керек болды. Бірақ кейбір себептермен тек басқару жүйесінің жеке бөліктері ғана жүзеге асты, басқару өзінің ауқымды мақсатына жетпеді.

Информация о работе Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы