Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың пәндік зерттеуі – информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары. Дипломдық жұмыстың мақсаты –информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру. Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусина.doc

— 1.37 Мб (Скачать документ)

70-жылдардың  ортасына қарай АЖЖ (автоматтандырылған  жоспарлау жүйесі) құруға мақсат  қойылды; АЖЖ шегінде конструкторлардың,  ғылыми жұмыскерлердің және т.б.  автоматтандырлыған жұмыс орындары (АЖО) туралы ой-пікір дамыды [4, 34б].

Киберентика негізінде  терминологиялық көзқарастан информатиканың құрылуы туралы сұраққа келейік. «Кибернетика» термині пайда  болғаннан кейін әлем ғылымында  мынадай ұғым пайда болды: «Computer Scence» (компьютерлік ғылым); ол ұғым компьютерлік және телекомуникациялық жүйелердің көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және алмасу процестерін зерттейтін ғылым, сонымен қатар оқу пәндерінің атауы ретінде АҚШ, Канада және т.б. бірқатар елдерінде қолданылады.

60-70-жылдарда  француздар «informatione» (теминін) ендірді, ол француздың екі сөзінен – «informatione» (информация) және «avtomatique» (автоматика) құрылған. Жаңа термин СССР-да және Батыс Европада даму тапты. Үлкен Совет энциклопедиясында информатикаға берілген анықтама: «Ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттейтін, сонымен қатар оны құрудың заңдылықтары, түрлендіру, алмастыру және адам әрекетінің басқа сфераларда қолдануы туралы пән». Бұл анықтама информатиканы кітапханамен, библиографиямен, ақпаратты іздестіру әдістерімен байланыстырады. Бұл мақсатпен 1952 жылы ғылыми ақпарат институты АН СССР құрылды, кейін ол ғылыми және техникалық ақпараттың Бүкілодақтық Институтына – ҒТАБИ – айналды.

Бұл бағытпен қатар  «информатика» терминінің басқа  анықтамасы жүрді, ол А.П.Ершов ойынша, 70 - жылдардың екінші жартысынан бастап нақтылана бастады. А.П.Ершов «Информатика» терминінің мағынасын түсіндіргенде, ол орыс тіліне «...Ақпаратты өңдеу және беру процесін зерттейтін фундаментальді жаратылыстану ғылымы ретінде» енеді деген.

Бұл анықтамаға түсініктеме бере келе А.П.Ершов былай деген: «Ғылымды жаратылыстану және қоғамдық деп бөлгенде, информатиканы біз жаратылыстану ғылымдарына жатқызамыз. Информатиканы фундаментальді ғылымға жатқызу ақпараттың жалпы ғылыми белгілерін және оны өңдеу процесін сипаттайды. Информатика ғылым ретінде тек зерттелетін үзінді үшін ақпараттық модель құрылған жағдайда қалыптасады. Ақпараттық модельдердің құрылымының жалпы әдістемелік принципі информатика пәні болуы мүмкін, ақпараттық модельдің құрылымы мен негізі жеке ғылымның мақсаты болып табылады».

Академик Н.Н.Моисеев келесідей айтқан: «Кибернетика, информатика – басқару процестері ғылымдарынан пайда болып, біздің көзімізше ақпарат пен табиғат қоғамындағы ақпараттық процестер туралы фундаментальді жаратылыстану ғылымына айналды». Сол арада отандық ғалымдардың арасында информатикаға ортақ анықтама берілген жоқ.

В.С.Михайлевич, Ю.М.Каныгин, В.И.Греценконың «Ставление информатики» кітабында былай деген: «Информатика – ақпаратты өңдеу, жобалау, жасау, бағалау, қайта өңдеу  жүйесінің машиналық функцияны зерттейтін комплексті ғылым және инженерлік пән». Бұл тұжырымнан информатиканың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуымен байланысты, сонымен қатар информатика – ЭЕМ дамуының мәні екендігін көрсетеді.

Мектеп информатикасының курсы информатика ғылымын түгелдей қамти алмайды. Сонымен қатар ол оқушыларға ең негізгі білімді жеткізе білуі керек, сонымен қатар жас ұрпақты ақпараттық қоғамға бейімдеуі керек.

Қазіргі кездегі  дидактика жалпы білім берудің  мазмұнының қалыптасуы принциптерінен оқу пәні мен ғылыми логикасының бірлігі мен қарама-қайшылық принципін бөліп алады. Б.Т.Лихачев бұл жөнінде былай деген: «Кез-келген ғылым қарама-қайшылықта дамиды. Ол өзіне жол іздейді, алға жүреді, бір орында тұрады».

Сонымен қатар  мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне және тақырыпты қабылдау ерекшелігіне назар аудару керек, білім беруді нақтыға немесе керісінше етіп ұйымдастырады. Мектептегі информатика курсының мазмұнын анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін көптеген жұмыс атқарылады.

Теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде 60–жылдардың басында кибернетика білімнің фундаментальді негіздері жалпы білім беру жүйесіне кіру керектігі және бұл сұрақты шешу үшін мектеп пәндеріне жаңа арнайы пән енуі керектігін түсінеді [5, 83б].

Ең басында  В.С.Леднев жаңа пәннің атауы ретінде «кибернетика» терминін қолданды, бірақ ол принципке сай болмады.

Кибернетиканың  ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтарын  зерттейтін ғылымы ретінде пайда  болуы қоршаған ортаны тануда үлкен  қадам болды. Математикалық жүйелердің осы екі типіне – физика және кибернетика байланыстырады. В.С.Леднев ғылымның екі қатарын талдайды:

  • материяның заттай-энергетикалық ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика);
  • сатерияның кибернетикалық (антиэтропиялы) ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (киберентика, биология, комплекс, антропологиялық ғылымдар, қоғамтану, техникатану);

Сонымен қатар  физика және киберенетика аспектілі  ғылымдар категориясына жатады, яғни нақтылықтың жалпы заңдылықтарын, заттай-энергеитикалық және киберентикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар. Бұның негізінде жалпы білім берудің ортақ қағидасы құрылады. Бұл қағида негізінде қоршаған ортаны зерттейтін жалпы білім беру пәндері екі топқа бөлінеді: заттай-энергетикалық және кибернетика-ақпараттық. Осы әрбір топта жүйе құраушы элементтері болады. Заттай-энергетикалық топта бұл – физика, кибернетика-ақпараттық топта –кибернетика (информатика).

Жоғарыда келтірілген  қағидаға және негізгі оқу пәндері  екі фактор мен - әрекеттің жалпы  құрылымының және зерттеу объектісінің құрылымы мен анықталатындықтан, В.С.Леднев кибернетиканы негізгі оқу пәндеріне енуі керек деген тұжырым жасайды. Кибернетика пәні ХХ ғасырда пайда болған жалғыз жаңа пән, қалғаны ХІХ ғасырда пайда болған.

Одан кейін  мынадай сұрақ туады: информатиканы  білім беру жүйесіне жеке пән ретінде ме немесе басқа бір пәнге ендіру керек пе? В.С.Леднев информатиканы жеке курс ретінде келесі аргументтерді берген:

«Егер кибернетиканы  басқа ғылымға енгізсек, ол өзінің негізін жоғалтып алады. Бұл оқушылардың  кибернетика туралы білімін таяздатады. Сондықтан кибернетиканы жеке оқу курсы ретінде енгізу керек. Кибернетика туралы білімді басқа пәндерді де жалғастыруға болады».

1985 жылы мектеп курсына  «Информатика және есептеуіш  техника негіздері» пәні енгеннен  кейін, педагогикалық ғылымға жаңа старт берілді, оның объектісі информатикаға оқыту болып табылды. Педагогиканың бұл бөлімі – «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы және әдісі (информатика; білім дәрежесіне байланысты)» деген атау алды. Бұдан информатиканы оқыту теориясын және әдістемесін информатиканы оқыту процесінің түгелдей облыстарына енгізу керек. Біз жалпы білім беру жүйесіндегі орта мектеп бағдарламасындағы информатика пәнін қарастырамыз.

Білім берудің  жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы  оқыту әдістемесі өз алдына мынадай негізгі мақсат қояды:

  • Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарын анықтау;
  • Сәйкес жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау;
  • Орта мектептің оқу жоспарында алатын орны;
  • Информатиканы оқыту құралдарының жиынын қарастыру;
  • Мұғалім жұмысында оларды қолдануға ұсынымдар жасау.

Басқа ғылымдар сияқты информатика да өз алдына мынадай  үш сұрақ қояды:

  1. Информатиканы не үшін оқыту керек?
  2. Нені оқыту керек?
  3. Информатиканы қалай оқыту керек?

«Информатиканы  оқыту әдістемесі» ғылымы өте  жаңа ғылым. Бірақ ол тақыр жерден пайда болған жоқ. Себебі кейбір практикалық тәжірибелер оған дейін болған, мысалы математикада логиканың кейбір элементтері оқытылады, физикада және т.с.с.

Бұл пән ең алғаш  педагогикалық жоғары оқу орындарының  оқу жоспарларына 1985 жылы кірді. Одан кейін кітап шықты. 1993 жылы «Информатика» мамандығы шықты.

- Негізгі ақпараттық  тәртіп бойынша оқыған оқушыларды  білім мөлшерін, ЭЕМ- да тәжірибелік  жұмыс жүзіндегі білімін, қазіргі  заманғы қолданбалы бағдарламалар  арқылы

- Негізгі ақпараттық  желіні және телекоммуникацияны қамтамасыздандыру үшін.

- Оқыту мекемелеріне  және білім беру басқарма жүйесіне  іс-қағаздарды автоматтандыру құжаттамасын енгізу.

- Негізгі ақпараттық  және коммуникациялық технология  және мультимедиа құралдарына  оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін.

- Автоматтандыру  процесін бақылау үшін керек  оқыту шарасы, тестілеу және психодиагностика  арқылы түзету нәтижелерін қамтамасыздандыру.

- Педагогикалық  жоспарды қамтамасыздандыру, жүзеге  асыру және осыған байланысты  ғылыми зерттеу жұмыстарымен қамту.

Білім берудің жалпы  мақсаты мемлекетпен алдын ала  беріліп тұрады, ол үкім шығарушы қоры негізінде өзінің жалпы педагогикалық  негіздерін қалыптастырады. Бірінші  орында тұрған негіз: білім берудің  адамгершілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы; азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу. ҚР білім беру салалары мынадай мақсат қояды: мәдениетті, жеке дами алатын, отбасы, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру. Мұның негізінде жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеттері келесідей болады:

  • Оқушылардың қоғамдық және өндірістік құндылықтарымен анықталатын білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
  • Ғылыми дүниетанымды, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті, гуманистік құндылықтар мен идеалдарды, шығармашылық ізденісті қалыптастыру;
  • Халықтың ұлттық-мәдени қажеттілігін ескеріп оқушыларды тәрбиелеу;
  • Жастарда азаматтық орынды, адамгершілік қасиетін, демократиялық өзін-өзі басқаруға қатысуға ұмтылу, өз ісіне жауапкершілігін дамыту [7, 28б].

Жалпы білім  беретін мектептің ортақ мақсаттары үш негізгі топқа бөлінеді: білім берушілік және дамытушылық мақсат, тәжірибелік мақсат, тәрбиелік мақсат.

Мектептегі  информатиканы оқытудың білім берушілік және дамытушылық мақсаты, бұл – түрлендіру процесстерімен қоса әрбір оқушыға информатика ғылымының бастапқы функционалды білім беру және осының негізінде оқушыларға әлемдік ғылымның қалыптасуындағы ақпараттық процесстердің мағынасын ашу, сонымен қатар қоғамның дамуындағы ақпараттық технологиялардың және есептеуіш техниканың рөлін түсіндіру.

Мектептегі  информатиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты – оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектепті бітіргеннен кейінгі кәсіби білімі іскерліктерімен қаруландыру. Бұл информатика пәнінің баланың ішкі дүниесімен, білімімен қатар оның тәжірибелік бағыттылығын дамытатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл пән оқушыларды компьютерлік техниканың және басқа да ақпараттық және қатынастық технологияларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға дайындау керек.

Мектептегі  информатика пәні нақтылықты қажет  етеді, өйткені ол компьютермен жұмыс  істеудегі негізгі құрамдас.

Білім берудің жалпы  мақсаты мемлекетпен алдын ала  беріліп тұрады, ол үкім шығарушы қоры негізінде өзінің жалпы педагогикалық негіздерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған негіз: білім берудің адамгершілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы; азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу. ҚР білім беру салалары мынадай мақсат қояды: мәдениетті, жеке дами алатын, отбасы, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру. Мұның негізінде жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеттері келесідей болады:

  • Оқушылардың қоғамдық және өндірістік құндылықтарымен анықталатын білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
  • Ғылыми дүниетанымды, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті, гуманистік құндылықтар мен идеалдарды, шығармашылық ізденісті қалыптастыру;
  • Халықтың ұлттық-мәдени қажеттілігін ескеріп оқушыларды тәрбиелеу;
  • Жастарда азаматтық орынды, адамгершілік қасиетін, демократиялық өзін-өзі басқаруға қатысуға ұмтылу, өз ісіне жауапкершілігін дамыту.

Жалпы білім  беретін мектептің ортақ мақсаттары үш негізгі топқа бөлінеді: білім берушілік және дамытушылық мақсат, тәжірибелік мақсат, тәрбиелік мақсат.

Мектептегі  информатиканы оқытудың білім берушілік және дамытушылық мақсаты, бұл – түрлендіру процесстерімен қоса әрбір оқушыға информатика ғылымының бастапқы функционалды білім беру және осының негізінде оқушыларға әлемдік ғылымның қалыптасуындағы ақпараттық процесстердің мағынасын ашу, сонымен қатар қоғамның дамуындағы ақпараттық технологиялардың және есептеуіш техниканың рөлін түсіндіру.

Мектептегі информатиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты – оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектепті бітіргеннен кейінгі кәсіби білімі іскерліктерімен қаруландыру. Бұл информатика пәнінің баланың ішкі дүниесімен, білімімен қатар оның тәжірибелік бағыттылығын дамытатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл пән оқушыларды компьютерлік техниканың және басқа да ақпараттық және қатынастық технологияларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға дайындау керек.

Информация о работе Информатика пәні бойынша критерилі –бағытталған тапсырмаларды құру технологиясы