Ампелография нені зерттейді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:49, лекция

Краткое описание

Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ампелография.docx

— 73.34 Кб (Скачать документ)

Қалемшелерді  жақсы жетілген (жуандығы 5-13 мм) 1 жылдық сабақтардың ортаңғы және төменгі  бөліктерден дайындайды. Ол үшін сабақтарды сымдардан босатып, мұртшалар мен  артық өгей бұтақтардан алып, шырпып алып тастайды, сосын қажетті ұзындыққа қалемшелерді дайындайды. Осындай қалемшелерден 5-6 көшет болады.

Қалемшелерді суға малып қою  олардың тіршілікке қабілеттігін арттырады, сақтау кезінде жоғалтқан ылғал  құрамын көбейтеді. Ол үшін қалемшелер будаларын температурасы 15-16°C суға толығымен батырып, 1-2 тәулік, ал қатты  кеуіп кеткендерді 3 тәулікке дейін  малып қояды. Қалемшелерді бұдан  ұзақ уақыт суға малып қоюға болмайды, себебі олардан қоректік заттар шайылып  кетеді де, сапасы төмендейді. Кесіктері  ашық жасыл түсті болуы қажет, саусақпен басқанда қабықтың ішкі қабаттарынан ылғал бөлінсе қажетті 45-50% шегіндегі  ылғалдылығына жеткендігін білдіреді. Олар ашық жасыл түсті болуы қажет, саусақпен басқанда қабықтың ішкі қабаттарынан ылғал бөлінсе қажетті 45-50% шегіндегі  ылғалдылығына жеткендігін білдіреді.

Қалемшелердің жоғарғы және төменгі  кесіктерін жаңалауды оларды қажетті  ұзындыққа шырпу кезінде жүргізеді. Төменгі кесікті буыннан 0,5-1,0 см төмен, тегіс етіп жасайды. Мұнда  бақ қайшысының кескіш жүзін буынға қаратып ұстау қажет. Содан кейін  қажетті ұзындығын өлшеп, жоғарғы  кесікті жасайды. Оны жоғарғы  буыннан 3-4 см жоғары, көзшеге қарама-қарсы  жағынан қиғаштап кеседі.

Қалемшелердің төменгі буындағы көзшелерін  алып тастау – мұны отырғызу алдында  қалемшелерді кильчеленген жағдайда жүргізеді. Егер де оларды жетіктіргіште кильчелемей-ақ отырғызатын немесе жақсы тамырлау үшін стратификациялаудан өткізетін  болсақ, онда қалемшелердің төменгі  көзшелеріне тиіспеу керек.

Қалемшелерді тілмелеу – үстелге  бекітілген бақ арасы немесе арнайы құралдармен (тізшелі темірлермен) қалемшелердің төменгі буынаралықтарында  әсіресе төменгі буын маңында  ұзынынан тілмелер жасау. Тілмелеу қалемшелердің  қосымша тамырларының пайда болуын тездетеді және өркен өсуі мен  тамыр пайда болу арасындағы уақытты  қысқартады. Бірақ тілмелеу міндетті түрде жүргізілетін тәсілге жатпайды, оны екпе шыбықтарды өсіру көлемі аз болған жағдайда жасауға болады.

Қалемшелерді өсіру реттегіштерімен  өңдеу. Тамырдың пайда болуын қалемшелердің  төменгі ұштарын инолилсірке  қышқылының (гетероаусин) 0,03-0,004%-ды ерітіндісіне, альфа-натрилсірке қышқылының (НУК) 0,0025%-ды ерітіндісіне 24 сағат, индолил майлы қышқылының 0,005%-ды ерітіндісінде (ИМК) 12-24 сағат малып қою арқылы реттеуге болады. Өсу реттегіштерімен өңдегеннен кейін қалемшелерді жетіктіргіште сол күннен қалдырмай отырғызу қажет.

Қалемшелерді отырғызу алдында  стратификациялауды – (оларды көктету) олардың көзшелерінің көп бөлігі (30%-дан жоғары) зақымданған жағдайда жүргізеді. Бұл үшін қалемшелерді суға малып алғаннан кейін температурасы 20-25°C жайға апарып, оларды ылғал  ағаш үгінділерімен жауып, көзшелері  өнгенге дейін ұстайды. Одан кейін  көзшелері зақымданбаған қалемшелерді таңдап алады. Стратификациялауды сондай-ақ күн сәулесі жақсы түсетін  ашық жерлердегі орларда да жасауға  болады. Стратификациялау көзшелері  зақымданған жарамсыз қалемшелерді анықтауға және жарамдыларының жақсы  тамырлануына мүмкіндік жасайды.

Родина,Рубин,Магарача шарап сорттарына сипаттама.

          Родина  – жүзімнің асханалық сорты.  Өзбекстанда шығарылған. Түптері  орташа және жай өскіш. Жапырағы  ірі, бесқиықты, қою жасыл. Гүлі  екі жынысты. Жеміс шоғы орташа  көлемді немесе ірі, тығыздығы  орташа, конусты.  Орташа салмағы  350 г.  Жидектің көлемі орташа, домалақ, қара, жұпар иіссіз. Өнімділігі  жоғары, бірақ жыл бойынша 13,3-221,3 ц/г-ға ауытқып отырады. Саңырауқұлақ  аурулары ең көп таралған жылдары  жидектердің милдьюмен зақымдалуы 10% құрайды, ал сұршірікпен 20% құрайды.

          Рубиновый   – жүзімнің әмбебап сорты.  Түптерінің өсу күші жоғары. Жапырағы  орташа көлемді немесе үлкен, 5 немесе 7 қалақты, сопақша, қатты  тілімделген. Гүлі қосжынысты. Шоғы  орташа көлемді, цилиндрлі-конусты,  тілімделген, тығыздығы орташа. Шоғының  орташа массасы 133 г. Жидегі  орташа көлемді, домалақ, қою  көк. Терісі толық, тығыз. Еті  шырынды. Шырыны боялмаған. Техникалық  жетілуі 3088°С -да 169 күн болып табылады. Сорттың милдью мен сұр шірікке  қарсы тұруы орташа. Жүзім жоғары  сапалы қызыл асханалық және  десертті шарап жасау үшін  қолданылады. 

          Магарача  – жүзімнің асханалық сорты.  Өзбекстанда шығарылған. Жапырағы  ірі, жүрек тәрізді, бесқалақты, терең кескінді, созылыңқы. Түптері  орташа өскіш. Гүлдері екі жынысты.  Жидегі дөңгелектенген немесе  сопақ, ірі (ұзындығы – 19-22см, ені – 16-19см). Жидектің түсі  қою көк, қатты балауыз қабыршықты. Қабығы мықты. Балдыры етті-шырынды, дәмі қарапайым. Шырыны ал қызыл. Десертті және күшті шарап жасауда қолданылады. Магарача жүзімі ерте пісетін сорт. Бүршік жарғаннан бастап жүзімнің жидегі жалпы белсенді 23000С температура кезінде 120 күнде жинауға болады. Жидектердің ерте пісуі арқылы сұр шірікке шалдықпайды. Магарача жүзім сорты милдьюға тұрақсыз. Қысқа төзімділігі нашар. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.

Құлжа,Алиготе жүзім сорттарына сипаттама.

          Құлжа  (жергілікті сорт) – негізінен  кеш пісетін әмбебап шараптық  және асханалық сорт, ОҚО, Алматы  облысында аудандастырылған.

Жүзім шоғы ірі және өте ірі, цилиндрлі-конусты, қанатты, өте тығыз.

Жидектері орташа көлемді, домалақтанған, аздап жұмыртқаға ұқсас, қою-қызғылт.

Қабықшасы тығыз, жұмсағы шырынды, дәмі кәдімгі тәтті-қышқыл.

Бұталары биік, өркендердің пісіп  жетілуі қанағаттандырарлық.

Өнімділігі активті температуралар жиынтығы 3500 0 С-ден асатын аудандарда өсіру жағдайларына байланысты 200 ц/га-дан  асады. Жылу жеткіліксіз болғанда, шұғыл  түрде 25 ц/га-ға кемиді.

          Алиготе  – ерте-орташа пісетін француздық  сорт.

Жүзім шоғы орташа көлемді, цилиндрлі  дерлік, тығыз.

Жидектері орташа көлемді, домалақтанған, алтын реңкті жасылдау-ақ.

Қабықшасы жұқа, берік, жұмсағынан жеңіл  алынады.

Жұмсағы өте шырынды, дәмі кәдімгі.

Бұталарының биіктігі орташа, өркендері  жақсы пісіп жетіледі.

Өнімділігі жақсы, бірақ таңбалы  некрозбен қатты зақымдану өнімділігін  төмендетеді. Аязға төзімді, тау  етегіндегі аудандарда бұталар қосымша  жабусыз қыстай алады.

ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында шампан және асханалық шарап жасау аймақтарында ауданадастырылған.

Кептірілген жүзім сорттары.

          Қара  Киш-миш – Орта Азиялық дәнекерсіз  сорт.Кептіруге және жергілікті  жерде асханалық жүзім ретінде  пайдаланылады.Қазақстанның оңтүстігіндегі  барлық жүзімді аудандарда таралған.Гүлі  қос жынысты.Жапырағы бес қалақшалы,қос  көк,төмен салбырамайды.Шоқ жемісі  ірі цилиндрлі-конус формалы,тығыздығы  орташа.Жидегі қара түсті,балауызбен  қапталып тұрады.Дәмі тәтті.Құрғақшылыққа  төзімді.

Қысқы аязға төзімділігі төмен.Вегетацая  кезеңінен бастап,пісіп жнтілгенге дейінгі мерзімі-128 күн.Активті температура  жиынты-3500̊С жуық.Оңтүстік Қазақстан  облысының негізгі жүзім аймақтарында шілде айының аяғында,Жамбыл мен  Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында кырқүйек айының бас кезінде піседі.Жүзім  түбі биік өседі.

Саперави, Алеатико жүзім сорттары.

          Саперави  – кеш пісетін грузин сорты,  Оңтүстік және Оңтүстік-шығыстың  шарап жасайтын барлық аймақтарында  таралған.

Жеміс шоқтары орташа көлемді. Кең  конусты, негіз жағында тармақталған, қанаттары өссе, пішіні жоқ, борпылдақ  және орташа тығыздықты.

Жидектері орташа, сопақ, қара-көк  түсті.

Қабықшасы жұқа, бірақ берік.

Жұмсағы шырынды, шырыны боялған.

Дәмі жағымды, сергітетін.

Бұталарының биіктігі орташа, өркендері  жақсы пісіп жетіледі.

Өнімділігі жоғары және жыллар бойы тұрақты. Орташа кесуді талап етеді, аязға салыстырмалы төзімді.

          Алеатико  – орташа пісетін итальяндық  сорт, Алматы (Оңтүстік-шығыс зона), ОҚО және Жамбыл облыстарында  таралған.

Жүзім шоғы орташа көлемді, цилиндрлі-конусты, тығыз және орташа тығыздықты.

Жидектері орташа, қара-көк.

Қабықшасы жуан, берік, жұмсағынан нашар  бөлінеді.

Жұмсағы шырынды. Дәмі өте әлсіз  мускат иісімен.

Бұталарының биіктігі орташа, өркендердің  пісіп жетілуі жақсы.

Ыстық аудандарда өнімділігі жоғары. Жоғары кесуді қажет етеді.

Оңтүстік және Қаратау маңы зоналарында  аудандастырылған.

Таңбалы некрозбен күресу шаралары.

          Күресу  шаралары – ескі, зақымдалған  сабақтарын кесіп, өртеу қажет.  Мүмкіндігінше жүзім түптерінің  бетін топырақпен жаппау керек.  Күзде жабудың алдында темір  немесе мыс купоросымен өңдеу  қажет.

Күлгін Тайфи ,Тербаш жүзім сорттарына сипаттама.

 

Қызғылт тайфи-Орта Азиялық кеш  пісетін классикалық  асханалық  сорт .Жүзім түбі күшті өседі.Гүлі қос жынысты.Жапырағы бес қалақшалы,терең  тарамдалған.Қою көк,тор көзді,жапырағының  төменгі жағында сирек өрмек  салбырап тұрады.Шоқ жемісі ірі конусты.Шоқ  жемісінің салмағы 2 килограммға  дейін жетеді.Жеміс ірі,цилиндр,үшы  тегіс.Жемісін күн жағынан қарағанда  түсі күлгін,кқлеңке жағынан қарағанда  жасыл сары түсті болып келеді.Еті  тығыз,сықырлап тұрады.Вегетация кезеңі 155-162 күн.Активті  температуралар жиынтығы 3700С .Пісі мерзімі-Оңтүстік Қазақстан  облысында қыркүйектің бірінші  он күндігі,Қызылорда облысының  оңтүстігінде және Жамбылда қыркүйектің  екінші жартысында піседі.Суыққа  да құрғақшылыққа да айтарлықтай төзімді.Бұл  сорт дәнінің сапасы өте жоғары,шоқ  жемісі әдемі,сақтауға және тасымалдауға төзімді болып келеді.Қызғылт  Тайфи Қазақстан оңтүстігіндегі  жүзімді аймақтардың бәрінде  аудандастырылған.

Тербаш-орташа кеш пісетін түркмендік асханалық-техникалық сорт. Жапырақтары  орташа, домалақ, бес кейде жеті қалақшалы. Гүлі қосжынысты. Жеміс шоғы көлемді, конус немесе цилиндр тәріздес. Жемісі орта және ірі, шар тәріздес, ашық жасыл, ал толық піскенде янтарлы-сары түске  енеді. Вегетация кезеңі 150 күн, активті  температуралар жиынтығы 2900°С. Түптері  мықты, өнімділігі 160-200 ц/га. Тасымалдауға өте қолайлы және аязға төзімді. Оидиуммен зақымданады. Құрғақ өнімдер дайындауға сонымен қатар асханалық және десерттік шараптар жасауға пайдаланылады.

 

Оидиум, милдью ауруларымен күрес.

     Милдью. Бұл ауру жүзім  үшін нағыз қауіпті болып табылады, өйткені оның барлық мүшелері  зақымданады. Жасыл жапырақтардың  пішіні бұзылып, бетінде майлы  дақтар пайда болады. Зақымдану  диаметрі кішкентай жерінен басталып, біртіндеп ұлғая береді. Түнгі  температуралар жоғарылаған сайын  ауруға шалдыққан жапырақтардың  төменгі бөлігі өрмек тәрізді  сұрлау қабатпен қапталады. Кейін  дақтар қоңырланып, зақымданған  жапырақтың барлық дерлік бетін  басып, әбден кеуіп, түсіп қалады. Гүлшанақтармен, түйнекпен, гүлдермен,  бұршақ өлшеміне жетпеген жидектермен  де дәл осы жағдай болады. Ал  ірі жидектер ауруға шалдықпайды. 

Ең қауіпті  кезең – мамыр-шілденің ортасы аралығы. Бұл кез милдью ауруының топырақтың жоғары ылғалдылығынан, ауадан, температурадан дамитын инкубациялық кезеңі.

Оидиум. Жүзімнің өте қауіпті ауруы, өсімдіктің жер үсті мүшелерін зақымдап, жапырақтардың жоғарғы бетін  ақ қабатпен қаптайды. Ауруға шалдыққан  жапырақтарда қара нүктелер көріне бастайды. Өркендерде дақтар пайда болып, гүлшанақтар  мен гүлдер қоңырға боялып, түсіп  қалады. Егер ауру жидектер пісе бастаған кезде басталса, олар жарылып, сұр  шірік пайда болады. Қатты зақымданған  кезде шіріген балықтың ерекше иісі байқалады.

      Ауру көбінесе  шілде-маусымда ыстық және құрғақ  ауа райы салдарынан, құрғақшылықтан  ылғалдылыққа шұғыл ауысуынан  болады.

      Оидиум жүзім гүлдеген  кезде вегетацияда болған жасыл  өркендер мен жапырақтарда күлді  сұр түсті қабат пайда болады, оның астында жапырақтар іші  ауаға толып, қоңыр болып, қурап  қалады. Аурумен зақымданған өркендер, гүлшоғыры, жидектер шіріген балықтың  иісі шығатын күл сепкен секілді  көрінеді.

 

 

 

Қара  көз, Іле  жүзім сорттарыны сипаттама бер.

— Қара көз  – өте ерте пісетін жүзімнің асханалық сорты. Казақ  жүзім және жеміс ҒЗИ –да  будандастыру  арқылы шығарылған.Қысқа төзімділігі орташа, дақтық некрозға зақымдалуына байланысты бұталарды өсімдік материалымен жабу дұрыс. Түптері орташа өскіш.  Одиуммен аз зақымдалады. Шөлге төзімді, аласа, ылғалды жақсы көретін сорт. Жапырақтарының көлемі орташа, домалақ келген, ашық жасыл, асты өрмектік мамықпен басылған. Гүлі екі жынысты. Шоғы орташа және ірі, цилиндр және конус тәрізді, тығыздығы орташа.

— Жидегі ірі және орташа, сопақ, қою көк, қара деседе болады, қою балауыз қабыршықты. Еті шырынды, етті; дәмі келісті, өте жағымды. Шоқ сабағы мен бүлдіргендері 3 айға дейін сақталады. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыста өсірілуі тиіс.

 

— Іле  – ерте пісетін шарап сорты. Казақ  жүзім және жеміс ҒЗИ –да  будандастыру  арқылы шығарылған.

—  Шоқ сабағы орташа, сопақ, қою көк түсті, шырыны боялмаған, суыққа төзімді, тіпті таулы аймақтарда да жеңіл қыстап шығады. Түптері орташа өскіш. Өте ерте таралуымен ерекшеленеді. Жоғары өнім береді, ауруға өте төзімді. Жоғары сапалы асханалық және десерттік шарап жасауда пайдаланылады. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өткізілуі тиіс.

 

 

 

Ерте Алматы, Жемчуг Саба жүзім  сорттарыны сипаттама бер.

1.Жемчуг Саба-Венгрияда шығарылған, өте ерте пісетін асханалық  сорт. Соңғы жылдары Алматы облысында  кеңінен өсіріліп келеді. Қазақстанның  оңтүсігіндегі Шымкент және Жамбыл  тәжірибе станцияларынан әкелінді. Гүлі қос жынысты болып келеді.Шоқ  жемісінің үлгендігі   орташа, цилиндр бұрышты,борпылдақ. Жидегі  дөңгелек,ақшыл жасыл, сарғыш  түсті. Жемісі балғын, еріп тұрады. Дәмі хош иісті,мускатқа үйлесімді. Пісу мерзімі-Шымкентте тамыз айының басында,Жамбылда осы айдыңорта шеңінде.

Информация о работе Ампелография нені зерттейді