Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:49, лекция
Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады.
Гүл шоғыры,мұртша,гүл. Мұртша - түрін
өзгерткен өркен.Сабақтарынан өсіп
шығатын мұртшалары арқылы жүзім
шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5
салалы болады. Жапырағы кезектесіп орналасқан,
бүтін жиекті не тілімделген.Басында
жас жүзім шағында мұртша болмайды
және оның төменгі жапырақтары спираль
тәрізді орналасқан болып келеді;
кейін олар екі қатарлы болып,
жүзім шағында жапыраққа қарсы
қатаң тәртіпте орналасқан мұртшалар
пайда болады.Жүзім мұртшалары өсіп
бітпеген бұтақтар болып табылады.
Мұртшалар екіге бөлінген, басталған
жерінде қабыршақ болып, олар өте
берік боладыЖүзім шағының бас
жағында олар гүлдерге өтеді: бір
бөлігі гүлдер мен жемістерді берсе,
екіншісі бұрынғы қалпында қалады.Өзінің
мұртшалары көмегімен жүзім шағы
басқа өсімдіктерге жармасып алып,
ең биік ағаштарға өрмелеп шығады,
бірақ жүзім шағының өзі де
айналып, иіліп, ағаш діндерін қоршап алады.Мұртшалар
тегі жағынан сабақтан шыққан және
гүлдің бір түрленуі болып табылады.
Мұртшалар жапыраққа қарсы
1.Ерте Алматы, Жемчуг Саба жүзім сорттарына сипаттама бер.
1.Жемчуг Саба-Венгрияда шығарылған, өте ерте пісетін асханалық сорт. Соңғы жылдары Алматы облысында кеңінен өсіріліп келеді. Қазақстанның оңтүсігіндегі Шымкент және Жамбыл тәжірибе станцияларынан әкелінді. Гүлі қос жынысты болып келеді.Шоқ жемісінің үлгендігі орташа, цилиндр бұрышты,борпылдақ. Жидегі дөңгелек,ақшыл жасыл, сарғыш түсті. Жемісі балғын, еріп тұрады. Дәмі хош иісті,мускатқа үйлесімді. Пісу мерзімі-Шымкентте тамыз айының басында,Жамбылда осы айдың орта шеңінде.
Ерте алматылық- өте ерте пісетін асханалық сорт 105-110 күн, активті температуралар жиынтығы 2100-2300°С. Жемісі Жемчуг Сабадан кейін 5-7 күн піседі. Жазда қою жасыл түсте, ал күзде ашық сары түске ие болады. Гүлдері қосжынысты. Жүзім шоғының орташа көлемі 200г цилиндр-конусты болып келеді. Қабығы жұқа, жұмсағы шырынды. Дәмі өте жағымды, мускат ароматты. Тамыз айының ортасында піседі. Өнімділігі бойынша Жемчуг Сабадан асып түседі. Қантының мөлшері-17,2%, қышқылдылығы -5,2 г/л. Аязға төзімділігі орташа, жабылған кезде көп жағдайда таңбалы некрозбен ауырады. Ауруларға төзімділігі орта, балғын күйде қолдануға ыңғайлы.
2.Келешегі зор жүзім сорттары
Іле – ерте пісетін шарап сорты. Казақ жүзім және жеміс ҒЗИ –да будандастыру арқылы шығарылған.
Шоқ сабағы орташа,
сопақ, қою көк түсті, шырыны
боялмаған, суыққа төзімді,
Қара көз – өте ерте пісетін жүзімнің асханалық сорты. Казақ жүзім және жеміс ҒЗИ –да будандастыру арқылы шығарылған.Қысқа төзімділігі орташа, дақтық некрозға зақымдалуына байланысты бұталарды өсімдік материалымен жабу дұрыс. Түптері орташа өскіш. Одиуммен аз зақымдалады. Шөлге төзімді, аласа, ылғалды жақсы көретін сорт. Жапырақтарының көлемі орташа, домалақ келген, ашық жасыл, асты өрмектік мамықпен басылған. Гүлі екі жынысты. Шоғы орташа және ірі, цилиндр және конус тәрізді, тығыздығы орташа.
Жидегі ірі және орташа, сопақ, қою көк, қара деседе болады, қою балауыз қабыршықты. Еті шырынды, етті; дәмі келісті, өте жағымды. Шоқ сабағы мен бүлдіргендері 3 айға дейін сақталады. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыста өсірілуі тиіс.
Королева виноградников - жүзімнің асханалық сорты. Жапырағының үлкендігі орташа, домалақ, бесқиықты. Түптерінің өсу күші жоғары. Гүлі екі ұрықты, шоғы едәуір үлкен (ұзындығы 18-20см, ені 12-13 см) цилиндрлік- конустық, конустық, тығыздығы орташа. Шоқтың салмағы – 372 гр. Жидегі өте ірі (ұзындығы - 26 см, ені - 22мм) пішіні бойынша домалақтан сопаққа дейін түрленеді. Піскен жидектер әдемі янтарь түсті болып келеді. Дәмі мускат дәміндей. Балдыры тығыз, шамалы жұпар иісті.Бүршік жарғаннан бастап жүзімнің жидегі жалпы белсенді 25-400С температура кезінде 110 күнде піседі. Өнімділігі орташа. Сорт милдьюға төтеп бере алмайды (басқа сорттарға қарағанда ерте уланады) одиумді, бактериялық ракты қабылдағыш. Ылғалдылығы жоғары жағдайда жидектер жарылып, шіриді. Сорт суыққа төзімсіз. Алматы облысының барлық аймақтарында таралған, Жамбыл облысында сынақтан өткізіледі.
Алматылық Мускат – ерте пісетін шарап сорты. Казақ жүзім және жеміс ҒЗИ –да будандастыру арқылы шығарылған.
Түптері орташа өскіш. Өнімі жоғары. Шоқ сабағы, жидектері орташа. Дәмі мускат дәміндей. Қант жиналуымен ерекшеленеді. Қар астында жақсы қыстап шығады. Асханалық, десерттік шарап жасауда қолданылады. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысында сынақтан өткізіледі.
Магарача – жүзімнің асханалық сорты. Өзбекстанда шығарылған. Жапырағы ірі, жүрек тәрізді, бесқалақты, терең кескінді, созылыңқы. Түптері орташа өскіш. Гүлдері екі жынысты. Жидегі дөңгелектенген немесе сопақ, ірі (ұзындығы – 19-22см, ені – 16-19см). Жидектің түсі қою көк, қатты балауыз қабыршықты. Қабығы мықты. Балдыры етті-шырынды, дәмі қарапайым. Шырыны ал қызыл. Десертті және күшті шарап жасауда қолданылады. Магарача жүзімі ерте пісетін сорт. Бүршік жарғаннан бастап жүзімнің жидегі жалпы белсенді 23000С температура кезінде 120 күнде жинауға болады. Жидектердің ерте пісуі арқылы сұр шірікке шалдықпайды. Магарача жүзім сорты милдьюға тұрақсыз. Қысқа төзімділігі нашар. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.
Родина – жүзімнің асханалық сорты. Өзбекстанда шығарылған. Түптері орташа және жай өскіш. Жапырағы ірі, бесқиықты, қою жасыл. Гүлі екі жынысты. Жеміс шоғы орташа көлемді немесе ірі, тығыздығы орташа, конусты. Орташа салмағы 350 г. Жидектің көлемі орташа, домалақ, қара, жұпар иіссіз. Өнімділігі жоғары, бірақ жыл бойынша 13,3-221,3 ц/г-ға ауытқып отырады. Саңырауқұлақ аурулары ең көп таралған жылдары жидектердің милдьюмен зақымдалуы 10% құрайды, ал сұршірікпен 20% құрайды .
Сильванер – жүзімнің техникалық сортына жатады. Отаны – Орталық Европа. Сорт кең таралған. Жапырағының көлемі орташа, домалақ, шамалы немесе орташа тілінген, үш кейде бесқалақты немесе тұтасқа жуық, толқынды. Түптері орташа өскіш. Гүлдері екі жынысты. Жидегінің көлемі орташа (ұзындығы – 15, ені – 14мм) домалақ, жиі шоққа қысылуынан пішіні өзгереді. Түсі ашық жасыл. 100 жидектің салмағы 110-140 г. Жүзімнің бүршік жарғаннан кейін жинағанға дейін 2700-2800 0С жалпы белсенді температураларда 140 күн өтеді. Асханалық шарап және шампан өндірісінде қолданылады. Милдьюға төзімділігі орташа. Бірқатар жерлерде жүзімнің басқа сорттарымен салыстырғанда одиумға берік. Жаңбырлы күзде жидектері тез шіриді, шоқтары тез жапырақ ширатқыш көбелекке жем болады. Сорт суыққа төзімді, басқа сорттарға қарағанда шөлден зардап шегеді.
Ерте Кибрайлық - ерте пісетін асханалық сорт. Жапырағы орташа көлемді, 5 қиықты. Түптері орташа өскіш. Гүлі қосжынысты. Шоғы орташа, конусты, тығыздығы орташа. Жидегі, домалақ, қара. Қабығы тығыз. Еті етті және шырынды. Дәмі тәтті. Өнімділігі жоғары. Саңырауқұлақ ауруларына қарсы тұруы орташадан төмен, ал суыққа төзімділігі төмен. Өнімнің ерекшелігі, оны жинамай, өнім алқабында ұзақ тұрғанның өзінде ол өзінің дәмдің қасиеттерін жоғалтпайды. Барлық аймақтарда сынақтан өткізілген.
Фиолетовый - ерте пісетін асханалық сорт. Өнімі мен таралуы өте жоғары. Жапырағы орташа көлемді және үлкен, 3-5 қиықты, кейде тұтас. Түптері оршата өскіш. Гүлі қосжынысты. Шоғы орташа көлемді (ұзындығы 15-17, ені 10-12 см), конусты, көбінесе қалақты. Шоғының орташа салмағы 85-156г. Бүлдіргендері қою көк түсті. Дәмі мускат дәміндей. Суыққа төзімділігімен ерекшеленеді, сондықтан өнімі жоғары. Вегетациялық кезеңі активті температура 2651° С кезінде толық жетілуіне дейін 134 күн. Бұл сорт милдью, сұр шірікке қарсы тұра алғанымен, одиуммен және бактериальды ракпен зақымдалады. Десерттік шарап дайындауда пайдаланылады.
Рубиновый – жүзімнің әмбебап сорты. Түптерінің өсу күші жоғары. Жапырағы орташа көлемді немесе үлкен, 5 немесе 7 қалақты, сопақша, қатты тілімделген. Гүлі қосжынысты. Шоғы орташа көлемді, цилиндрлі-конусты, тілімделген, тығыздығы орташа. Шоғының орташа массасы 133 г. Жидегі орташа көлемді, домалақ, қою көк. Терісі толық, тығыз. Еті шырынды. Шырыны боялмаған. Техникалық жетілуі 3088°С -да 169 күн болып табылады. Сорттың милдью мен сұр шірікке қарсы тұруы орташа. Жүзім жоғары сапалы қызыл асханалық және десертті шарап жасау үшін қолданылады.
3.Нимранг,Киш-миш,
Шасла жүзім сорттарына
Нимранг-Орта Азияның тасымалдауға төзімді,классикалық асханалық сорттардың бірі.Жүзім түбі күшті қседі,үлкен қалыптасуды ұнатады.Жапырағы бүтін немесе сәл таралған.Гүлі фүнкциональды аналық болып келеді.Жемісті жаұсы салуы үшін ең таңдаулы тоңазтқыш сорттары болып келеді,Шоқ жемісі ірі,бұтақшалы,тығыздығы орташа.Шоқ жемісінің салмағы 430грамм,ал жекеленген шоқ жемісінің салмағы 1.5килограммға дейін жетеді.Жемісі ірі,шар тәріздес,жасыл сары,күн жағынан қарағанда қызғылт түске боялып тұрады.Вегетация кезеңі басталғаннан піскенге дейінгі мерзімі-155күн.Өнімділігі жоғары.Бұл сорт дәмінің сапалылығымен бағалы.
Қара Киш-миш-Орта Азиялық дәнекерсіз сорт.Кептіруге және жергілікті жерде асханалық жүзім ретінде пайдаланылады.Қазақстанның оңтүстігіндегі барлық жүзімді аудандарда таралған.Гүлі қос жынысты.Жапырағы бес қалақшалы,қос көк,төмен салбырамайды.Шоқ жемісі ірі цилиндрлі-конус формалы,тығыздығы орташа.Жидегі қара түсті,балауызбен қапталып тұрады.Дәмі тәтті.Құрғақшылыққа төзімді.
Қысқы аязға төзімділігі
төмен.Вегетацая кезеңінен
Шасла-ерте пісетін асханалық сорт. Қазақстанда кең тараған екі түрі-ақ және қызғылт түсті. Жүзім түбі орташа өскіш, таралуы жоғары. Шоқ жемісі орташа, конусты, цилиндрлі, тығыз және орташа болып келеді. Жемісі орташа дөңелектенген, ақ және қызылт түсті болып келеді. Еті еттілеу, қызғылт Шаслада нәрлі. Дәмі тәттілеу. Бұл сорттан асханалық шарап пен шырын даярланады. Алматы мен Қызылорда облысында аудандастырылған.
4.Жүзім аурулары және оны болдырмау жолдары.
Ақ шірік-саңырауқұлақтық ауру, қоздырушысы Coniothyrium diplodiella.
Бұл ауру көбіне
күн сәулесінің зақымдауынан
болады. Ешқандай жағдайда жүзімнің
қара сорттарының жүзім
Температура 25° тан жоғарылаған кезде және ауа ылғалдылығы артқан кезде олардың белсенділігі де артады.
Күресу шаралары- жаңбырдан кейін тез арада 4%-дық бордолық сұйықтықты түптерга шашып шығу керек. Ал оларды 24 сағаттан кейін өңдеу ешқандай нәтиже бермейді, сесебі жидекке еніп алған саңырауқұлаққа бұл улы химикаттар әсер етпейді. Бұларды енді жағып жіберу керек.
Таңбалы некроз. Жүзімнің жабық зонасында кең таралған. Жүзімдіктер ұзақ уақыт жерде жабық күйінде жатқанда сол жерлерде саңырауқұлақтар пайда болады. Ауру белгілері- шоғырмақтың жоғары қабатын ашқан кезде сүректерінде қоңыр дақтар байқалады. Бұл ауру жеңдері мен штамбтарының кебуіне алып келеді.
Күресу шаралары- ескі, зақымдалған сабақтарын кесіп, өртеу қажет. Мүмкіндігінше жүзім түптерінің бетін топырақпен жаппау керек. Күзде жабудың алдында темір немесе мыс купоросымен өңдеу қажет.
Қара шірік- қоздырғышы Guignardia bidwellii Vialet Rav. (Ell). Грузияда (Кахетии), Әзірбайжанда, Молдавада, Украинада кездеседі. Жүзімнің жүзім шоғын, жапырағын, өркендерін зақымдайды.
Күресу жолдары- ең алдымен осындай зақымдану байқалған жерлердің барлығын алып тастау керек. Вегетация кезінде 1% -дық ДНОК-пен және түптерін бородтық сұйықтықпен өңдеу қажет.
Антракоз-саңырауқұлақтық ауру, қздырушысы Gloesporium ampelophagum. Бұл ауру жүзімнің сабағын, гүлдерін, жапырақтарын, жемісін бүлдіреді. Ауру тудырушылар өсімдіктің ішінде қыстайды. Олармен зақымдану бүршік жарған кезден гүлденгенге дейінгі аралықта болады. Жапырақтарында ішке қарай кірген қоңыр дақтар пайда болады. Кейін жапырақтар түседі де, оның орны шұңқыр болып қалады.
Күресу шаралары- күзде темір купоросымен өңдейді. Көктемде бүршік жарған кезден кейін бордов сұйықтығымен немесе алмастырушыларымен өңдейді (шашады).
Бактериялық рак- ауырған кезде өсімдіктің штамбтары мен жеңдерінде әр түрлі үлкендікте, формада өсінділер пайда болады. Басында олар жұмсақ, ақ түсті болады, бірақ уақыт өте келе олар қарайып, қатаяды. Ісіктер әдетте зақымданған жерлерге бактериялар енгеннен кейін пайда болады.
Күресу шаралары- төмпешіктерді алып, сосын қызғылт түсті марганцовкамен дезинфекциялайды.
Хлороз- ауырған кезде жасыл өсімдік жапырақтары сарғайып немесе ақшылданады. Бұл ауру инфекциялық және инфекциялық емес болуы мүмкін. Инфекциялық хлороз вирустық ауру болып табылады және ол әртүрлі жолмен беріледі:топырақ, прививка немесе ауру тасығыштар арқылы(паразиттер). Инфекциялық есем хлороз физиологиялық ауру, ол топырақтың өсімдікке қолайсыздығынан, минералды заттардың жетіспеуінен (магниий, калий) немесе зат алмасудың бұзылуынан болады.
Күресу шаралары- әр түрлі тыңайтқыштар қосу. Суперфосфат және амминий қышқылдарын қосып, ортаны қышқылдандырады.
Милдью. Бұл ауру жүзім үшін нағыз қауіпті болып табылады, өйткені оның барлық мүшелері зақымданады. Жасыл жапырақтардың пішіні бұзылып, бетінде майлы дақтар пайда болады. Зақымдану диаметрі кішкентай жерінен басталып, біртіндеп ұлғая береді. Түнгі температуралар жоғарылаған сайын ауруға шалдыққан жапырақтардың төменгі бөлігі өрмек тәрізді сұрлау қабатпен қапталады. Кейін дақтар қоңырланып, зақымданған жапырақтың барлық дерлік бетін басып, әбден кеуіп, түсіп қалады. Гүлшанақтармен, түйнекпен, гүлдермен, бұршақ өлшеміне жетпеген жидектермен де дәл осы жағдай болады. Ал ірі жидектер ауруға шалдықпайды.
Ең қауіпті кезең – мамыр-шілденің ортасы аралығы. Бұл кез милдью ауруының топырақтың жоғары ылғалдылығынан, ауадан, температурадан дамитын инкубациялық кезеңі.