Ампелография нені зерттейді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:49, лекция

Краткое описание

Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ампелография.docx

— 73.34 Кб (Скачать документ)

6.Жүзім өсімдігінің  ерекше өсіп-өнуі

Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар.. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім  шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері  болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің  пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін  жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан  кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс  білгеннің маңызы зор. Егер жүзім  түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл  жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру  қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе  бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен  қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға  өнімнің салмағын көтере алатындай  берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.

Жаңа жүзімдіктер отырғызған кезде  бұталарын құрғақ және суық желдерден  сақтап, топырақта ылғал жиналуына  ықпал ететін сондай-ақ көктемгі суықтың  зиянды әсерін төмендететін ағаштар  отырғызу қарастырылады. Әдетте жүзімдіктің  сыртын қоршай айнала 3—5 қатар алқап  отырғызылады. Кварталаралық алқаптарда екі және бір қатарлы жел сындырғыш линиялар тартылады.

Отырғызу алдындағы топырақ  өңдеудің жүзімнің жақсы өсіп, жоғары және тұрақты өнім алудағы мәні зор. Оның мақсаты топырағы құнарлы әрі  қуатты қабат жасауға тіреледі. Бұған  терең аударыстыра жырту 60—70 см, соған қоса 1 гектарына 35—40 тонна  көн, 5 центнер суперфосфат және 2 центнер калийлі тыңайтқыштар сіңіру арқылы жетуге болады. Бұл жұмысты  жүргізудің қолайлы кезі жаз болып  табылады. Облыс жағдайындағы қатарлар мен бұталар арасының ең жақсы  орналасу қашықтығы мынандай болып  келеді: күшті өскен сорттар үшін — 2,5X2, әлсіз өскен сорттар үшін 2,5х1,6 және 2,5х1,5 метр. Өте жақсы жетіліп  кетуі үшін жүзімдікке тамыр жүйесі жақсы дамыған бір жылдық көшеттерді ғана отырғызу керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында жүзімді күзде де, көктемде де -отырғызуға болады. Көп аудандарда отырғызу март айының ортасынан басталып, сәуір  айының ортасына дейін созылады. Күзгі  отырғызудағы ұтымды кез қазан айынын. басы болып табылады. Соңғы жылдары  жүзім отырғызуға сумен бұрғылау, сондай-ақ ВУМ-60-қа орнатылған жүзім  отырғызу машиналары кеңінеп қолданылып жүр. Сонан кейін қарық бойынша  баяу ағызып суаруды ұйымдастыру  қажет. Күзде отырғызғанда суарғаннан кейін дереу қысқа топырақпен мұқият көміп тастайды. Қатар аралықтарын  таза парда ұстаған жөн. Көктем-жаз  кезеңдерінде 5—6 рет 10—12 см тереңдікте қопсыту қажет. 3—4 жылдан кейін әрбір 1 га жерге 30—40 т көң, 2—3 ц суперфосфат  және 2—3 ц калий тұзын енгізу жақсы нәтиже береді. Жас жүзімдік екі қарық бойынша, жеміс беретін  жүзімдік бір қарық-жырамен суарылады. Тасты топырақ вегетация дәуірінде 4—6 дан 10—12-ге дейін суарылады; сұр  және қызыл қоңыр топырақты жерлерде ылғал жабу үшін 2—3 және 1—2; ыза суы жер бетіне жақын жатқан жерде не бары 1—2 суарылады.

Бұталарды жабуды кеш пісетін сорттарды  жинағаннан кейін және бұтақтарын күзгі  кесуден өткізгеннен соң дереу  бұталарды жабатын машинамен  тез арада жүргізу керек. Жүзімдікті жабудың жақсы мезгілдері 4—5°  салқын түскенше, 10 қазанға дейінгі  аралық қазіргі уақытта негізінен  әр бағытта пайдаланылып, әр мезгілде пісетін, көбіне аудандастырылмаған аралас сортты жүзімдер егіліп жүр. Мұндай жүзімдіктерден сорттық агротехникалық шаралар  қолдану арқылы жоғары өнім алу мүмкін смес. Мұндай бағасы төмен жүзімдіктерді  жоғары сапалы өнімді сорттармен ауыстыра отырып, бірте-бірте қайта жасау  керек.

7.Жүзім бұтасының  жалпы құрылымы.

8.Жүзімнің тамыр  жуйесінің құрылысы

Жас тамырларды және оның ішіндегі қысқарақтарын  сорғыш,активті немесе шашақ тамырлар деп атайды.Олар өте нәзік ,қысқа ,морт,ақ түсті,активтілігі жоғары негізінен  суды,ондағы еріген минералды  заттардын  көмір қышқыл газын сіңіру қызметін атқарады.Оларда күрделі органикалық  қосылыстар-қанттар әртүрлі қышқылдар-азотты,фосфорлы т.б түзіледі.Бұл қосылыстың аздаған  бөлігі  топыраққа бөлінеді,олар құрғаған тамыр қалдығымен қосылып  оны органикалық қосылыс заттармен  байытады және тамырдың айналасында  микроорганизмдер сондай ақ саңырау  құлақтар мен актериялардың жинақталуын  қамтамасыз етеді.

Қаңқалық-тамырлары ұзын,етті,ұзына  бойына бірқалыпты жуандалған ,сырты  сарғыш-қоңыр түсті жұқа қаықпен  қапталған.Негізінен механикалық  қызмет атқарады,олардың арқасында  өсімдік топырақта нық орналасады.Қаңқалық тамырлар сабаққа,жапыраққажәне генеративті мүшелерге суды ондағы еріген минералды заттардың тұздарын бірге өткізеді оларда өсімдік өмірінің ең маңызды кезеңді (көзше бүршіктері қалыптасқанда,олар ашылғанда,өркен өсуінің астапқы кезеңінде және т.б)қажет болатын қоректі заттар(белок,крахмал,май)қоры сақталады.

Қаңқалық-тамырларда органикалық  заттар өндіріледі.Жас тамырлар өткен  жылғы тамырларда қалып-ды бірақ  кейде көпжылдық ескі тамрыларда қалыптасуы мүмкін.Тамыр-ң өсуі жас  тамыр ұшындағы қалыптасу ұлпасының  бөлінуі арқ-ы жүреді.

Жас тамырлар мынадай аймақтардан  тұрады-өсу,сору,ауыспалы,өткізу

Тамыр ұшы-немесе өсу конусы,ұзындығы бірнеше мм сырты сары түсті сүйір  қаппен қапталған.Өсу конусының  қабы оның нәзік клеткаларын топырақ бөліктерімен соқтығысып қалғанда мех-қ жарақаттардан сақтайды.

Тамыр ұшынан аз ғана қашықтықта ұзындығы 25см-ге дейін олып келетін өсу  аймағы орналас-н.Өсу аймағындағы  ұзына бойына созылып,көлемі ұлғаяды ,сонық салдарынан тамыр ұшы топырақ бөліктерінің арасымен жаңа қабаттарына қарай жылжиды.

Тамырлардың өсу барысында қабының  клеткалары қаықшақталып түсіп қалады да ,орнына жаңадан пайда болып  отырады.тамыр ұшының қабы өте қатты ,берік болып келеді,сондықтан  да ол тамыр-н шиферлі,тасты және т.б типті топырақ-ң терең қабаттарына  (15мм-ге дейін) өтуіне көмектеседі.Одан кейін сору аймағы орналасқан –сырты тамыр эпидермисі клеткалардың түтік тәрізді бездері болып саналатын ,қалың тамыр түкшелерімен қапталған ,ұзындығы 1-2см тамыр бөлігі .Тамыр түкшелер өте көп және олардың сыртқы қабықтары  жұқа болуына б-ты жүзім тамырының сору беті топырақ-н суды,ондағы еріген минералды және т.б заттарды активті түрде сіңіңрілуін қамтамасыз етеді.Тамыр түкшелері 10-20күн ғана өмір сүреді.Тамырдың өсу барысында өлген тамырлардың орнына жаңадан түкще тамырлар пайда болып отырады және олардың саны топырақ ылғал-на б-ты;құрғақ,топырақтарда көбірек ылғал топырақтарда азырақ қалыптасады.Одан кейін қабықтары қасында өткізу аймағы орналасады.

Жүзім тамырында тыныштық кезеңі болмайды.Қолайлы  жағдайларда олар жыл бойы өсе  алады.Вегетация кезеңінде екі  өсу толқынын байқауға болады;көктемде-негізді тамырлар орналас-н топырақ,қабаты 6-8С –қа жылығанда және күзде –ылғал мөлшері көбейіп,топырақ,темп 8С олғанда яғни қоректік заттар тамрыға жинала бастағанда.Ұзақ уақыт бойына құрғақтық болғанда екінші өсу толқыны болмайды.

Тамыр жүйесінің құрылымы жүзімді  көбейту жағдайына және оны өсіру  жағдайына байланысты.

Жүзімді тұқымынан өсіргенде тамыр  болашақ,өсімдіктің барлық бастапқы мүшелері бар тұқым ұрығынан пайда болады.Тұқым  өнгенде күшті кіндік тамыр дамиды.Кейін  онда тамыр дамиды содан онда тамры  түкшелері қалыптасады және белгілі  бір ретпен тағы ары қарай тармақталған жаңаша тамрылар пайда болады.оларда тамрыдан бастапқы кезде тік бұрышпен кейіннен ұштары тік иіліп ,терең топырақ қабаттарына бас атмырмен жоғары қарай өседі .Тұқымынан өсімдік-ң барлық жер асты бөлігі  тамрыдан ғана тұрады.Қалемшеден және шыбықтардан өсірілген тамыр буындар мен буын аралықтарда ,бастапқы өзек сәулелерінің шеткі клеткаларындағы перициклдің тамыр ұрықтарын қалыптастырады.Бұл тамрылар қосымша немесе адентивті деп атайды.Вегетативті жолмен көбейген өсімдіктерде бас тамыры жоқ,қосымша тамыр-ң өсу  бірдей болып келетін шашақ тамырлар күші шамамен  бірдей болып келетін шашақ тамырлар жүйесі дамиды.Кіндік тамырлар олармен салыстырғанда қуаттырақ және ұзағырақ өмір сүреді.

Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі  мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне  қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда  бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша  тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен  гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады. Мұндай қысуды гүлдей бастаған түптерге жасау керек. Өркеннің басынан 3 см қысады. Жүзім өркені әр түрлі жаста болады: көпжылдық,үшжылдық,екіжылдық,біржылдық,жапырақ,өркен  негізінде жақындатылған екі  бүршік (угловые глазки), ұйқыдағы бүршіктер.

Жүзім шоғы,жидегі,дәні.:Жүзім шоғы гүлдер тозаңданып,түйіндер дамып,оның біразы түскеннен кейін гүлшоғырынан пайда болады.Гүлшоғырының сабағы шоғының  сабағына,осі мен тармақтары жеміс  шоғының қаңқасына,түйіндер жидекке  айналады.Жүзім шоғының сабағы жеміс  тармақтары тарайтын буынмен аяқталады.Жеміс  тармақтары жеміс шоғының қаңқасын құрайды.Жеміс шоғы пішіні жағынан-цилиндр  тәріздес,конус тәріздес,цилиндр-конус  тәріздес,тармақты ж.е қанатты болып  келеді.Гүлдеп тозаңдану жүргеннен  кейін жидекке айналатын гүл  түйінінің ұлпаларының өсуін  реттейтін ұрық дами бастайды.Жидек  алдымен клетканың бөліну арқасында  кейін қабықтарының созылуына байланысты өсіп ұлғаяды.Жидектер жеміс тармағына  жеміс сабағы арқылы бекиді.Жидек  өсу кезінде ассимиляция процесі жүріп жатады.Жидек қабығының бетінде кутикулада саңылаулар болады,ол кейін жидек пісе бастағанда олар тозаңданып бітеледі.Олар кейін қоңыр нүкте түрінде байқалады.Жидек қабықтан,балдырдан ж.е дәннен тұрады.Жидек ұшында кеуіп қалған аналық тозаңқабының орнын білдіретін кіндік деп аталатын өте кішкене төмпешік болады.Жидек балдыры бұл гүл түйінінің қатты созылған ж.е шырынмен толтырылған клеткалары.Сортқа байланысты жидектерді көлемі жағынан ұсақ түрінен өте іріге дейін,пішіні жағынан сопақ домалақ ұзынша,түсі жағынан –сарғыш жасыл,қызғыш,қызыл,қара болып бөлінеді.Бірақта түсі өсу аймағына байланысты,яғни климаттың әсерінен өзгереді. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар.

Вегетация фазалары. 1фаза. Жүзімнің жылауы. Көктемгі шырын қозғалысынан бастап бүршік жара бастағанға дейін, фазаның  өту ұзақтығы 10-15 күн . тамырлардың  қарқынды жұмыс  атқаруы. Жең бұтақтың барлық зақымдалған жерлерінен жеміс  өркеннің кесілген  ұштарынан мөлдір сұйықтықтың бөлінуі. Жүзім түбін  ашады, соңғы толық шырпуды жүргізеді. Жең бұтақтармен жеміс өркендерін тіреуіштерге байлайды, топырақты өңдейді. 2фаза. Өркеннің өсуі. Бүршік жара бастағаннан  гүлдей бастағанға дейін. Өту ұзақтығы 35-55 күн. Бүршіктері ісінеді. Жылу мен  ылғал жеткілікті болған кезде өгей бұтақтар дамиды, қыстаушы бүршіктер  қалыптасады, гүл шоғыры түрленеді  және олар әрі қарай қалыптасады. Артық өркендерді екі рет сындырады. Қатар аралықтарын және қатар  ішіндегі топырақты қопсыту, суару, үстемелеп қоректендіру жұмыстары  атқарылады. 3фаза.Гүлденуі.Гүлдену  басталғаннан аяқталғанға дейін  жүреді.Фазаның ұзақтығы сортына  қарай 8-14 күн.Қақпаққа ұқсаған түсіп  қалады.Аталықтары бойларын жазып,тозаңқаптан  тозаңдар шашылады,яғни тозаңдану жүреді.Гүлдердің  тозаңдануға бейімділігі ол ашылғаннан кйін 4-6 күнге созылады.Функционалды аналық гүлдері бар сорттарда  жасанды тозаңдандыру,ал гүлдері  ж.е түйіндері 60-70 процентке дейін  түсіп қалатын қос жынысты  сорттарда қосымша тозаңдандыру жұмыстарын жүргізеді.4фаза Жидектің өсуі.Гүлдену  аяқталып түйнек сала бастағанға дейін  жүреді.Фазаның ұзақтығы орташа есеппен 30-60 күнге дейін созылады.Жидек  түйінінің көлемі ұлғаяды.Фазаның  соңында сортына сай кқлеміне жетеді.Бірақта көк түйінде қалады.Жидектегі қышқылдың құрылымы жоғары шегіне жетеді.Қант енді жинала бастайды.Фаза соңында өркен мен жапырақ өсуі тоқтайды.Өркендерді байлайды,зиянкестер мен аурулармен күресу жалғастырылады.Суарылады,үстемелеп қоректендіреді.Өркендерінің өсу күші әлсіреген жүзім сорттарында өркен ұштарын шырпу жүргізіледі. 5фаза. Жидектің пісуі. жидектер пісе бастағаннан әбден піскенгедейін. Сосын қаттыдан жұмсарады. Жидектердің  жабық түсті сорттарының түйнегінде алдымен қара дақ пайда болады. Қант құрамы көбейіп, қышқыл азаяды. Піскен жидек шетінен басталып, ортасына қарай жүреді. Піскен жидек жұмсарып, қабығы оңай ажырайды , сортына сай түске енеді, дәні толығымен піседі. МЕМСТ  талаптарына сай жүзімнің асханалық және техникалық сорттарын пайдалану мақсатына қарай жинау. 6фаза.  Жапырақтар түсуі. Жидектері толық піскеннен өркендері піскенге дейін жүреді. Ұзақтығы 30-45 күн. Жапырақтарда фотосинтез процесі тоқтайды да , түсі өзгереді. Жапырақ сағағы түбінде тығыз бөліну ұлпасы қалыптасып, жапырақтары түседі. Кеш пісетін жүзім сорттары өнімін жинауды жалғастырады. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізумен қатар топырақты терң жыртыпөңдейді. Жабылатын аймақтарда түптерді алдын ала шырпып, қалемшелерді қиып дайындайды, сабақтарын топырақпен жабады.

 

Жүзім бүршігінің құрылысы.Бүршік бұл  салыстырмалы тыныштық күйінде тұрған ұрық өркен.Бүршіктің өркен ұшындағы сыртқы талшықтардан құралған,өсу конусының  тіршілік әрекетінде пайда болады.Жүзім  өсімдігінде барлық өгей бүршіктерден өсіп жатқан біржылдық өркендер буындарда  қалыптасады.Төменгі жапырақтар қолтығында күрделі кеш пісетін көзше  деп аталатын қыстаушы бүршіктер  қалыптасады.Қыстаушы бүршіктер өгей бүршіктермен салыстырғанда көзше  біртіндеп қалаыптаса отырып,өте  жай өзгереді.Олардың тыныштық кезеңі болады.Келесі жылдың көктемінде ғана өркен болып қалыптасады.Көзше  даму дәрежесіне қарай бір-бірінен  ажыратуға болатын бірнеше бүршіктер  кешенінен тұрады.Көзшелері орталығында  қатты дамыған бас бүршік,оның айналасында бірнеше әлсідеу  дамыған орын басатын бүршіктер  орналасады.Көзшенің орталық бүршіктер  жағы кеңейген конус тәрізді бастапқы ұрықталған сабақшалардан тұрады.Көзшеде  орталық бүршіктен басқа көзшені  төбесінен түбіне дейін тесіп  қарағанда оңай байқауға болатын  тағы 4-6 орын басатын бүршіктер қалыптасады.Кесіндіде көзше бүршіктері жасыл немесе қоңырқай түсті әртүрлі көлемдегі домалақтар түрінде көрінеді.Көзше сырты күнге қарай тозаңданып,қара қоңыр түске енетін екі ірі жасыл қабыршақтарымен көмкерілген.Көзше ішінде,қабыршақтар астында ішкі нәзік органдары төменгі температурадан қорғайды.Ішкі орталық ж.е орын басатын бүршіктер қабыршақтары эндоспермінің клеткалар өсіндісінен құралған түк басқан жабын орналасқан.

Жүзімнін жылдық даму циклы, жүзімнің вегетативті  және  генеративті  мүшелері. Жүзім өсімдігінің өмірі  және көбеюі вегетативті және репродуктивті  мүшелердің қызмет етуі арқылы жүзеге асады.Жүзімнің вегетативті мүшелеріне:Жапырағы,мұртшалары,өгей бұтақтары жатады.Ал генеративті  мүшелеріне:гүлдері,гүл шоғыры,жеміс  шоғы,дәні мен жидегі жатады.

Тыныштық кезеңі. Жүзім дақылының  жылдық тіршілігі екі кезеңнен тыныштық және вегетация кезеңдерінен тұрады. Тыныштық кезеңінде жапырақтары  түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына  жиналады.Тыныштық кезеңі күз мезгілінен көктем мезгілдері аралығында жүреді.

Жүзім жапырағының орналасуы. Жүзімнің жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін  жиекті не тілімделген.  Жапырақтың морфологиялық белгілерінің үйлесуі  – жүзім сорттарын анықтауға  мүмкіндік беретін кеңінен қолданылатын ерекше белгі. Сап бойынан жапыраққа 5 негізгі жіпшелер құрайтын тамырлы-талшықты шоқтар өтеді. Жіпшелер тармақталып, бүкіл  жапыраққа таралатын жіңішке  тығыз тор құрайды. Жіпшелер арқылы жапыраққа минералды тұздар мен  су өтіп, жапырақтардан ассимиляция  өнімдері шығарылады. Жас жапырақтардың  ортаның қолайсыз жағдайларынан  қорғайтын бөбежапырақтары болады, жапырақтар дамыған сайын олар түсіп  қалады. Жапырақтар 4-5 апта өседі, 3 өсу  толқыны болады. Алғашқы 6-9 күнде  жапырақ баяу өседі. 2-3-аптада максимальды  өсуі байқалады. Өз көлемінің 30%-ына  жетіп, жапырақтар басқа мүшелерге  ассимиляттардың бір бөлігін  бере алады. Гүлдеу кезіне жеткен кезде  жапырақтардың 50%-ынан астамы максимальды  көлемге жетеді, бұл өркеннің және жалпы жүзімнің өнімділігін айтарлықтай  көбейтеді. Толық гүлдеу кезінде 19 жапырақтың 12-сі ең өнімді болады. Жүзім жапырақтарының құрамында қанттың мөлшері көп.Жүзім  жапырақтарында 100 ккал бар.Жүзім жапырақтары қарапайым, үш, бес, немесе жеті (сирек) бөлікке бөлінген, ұзын сапта орналасқан. Жапырақтың төменгі жағында түктер болуы мүмкін.Жапырақтың пішіні сорттық белгі болып табылады. Жүзімге өркен бойына жапырақ пішінінің әртүрлі болуы тән. Сортқа орталық – 6-8 түйіндердің жапырақтары типті болып саналады.Фотосинтетикалық өнімділік жағынан да жүзімнің жапырақтары ажыратылады. Орталық бөлімнің жапырақтары ең өнімді. Өгей бұтақтардың жапырақтары кішірек және жіңішкерек, сондықтан олардың өнімділігі азырақ.

Информация о работе Ампелография нені зерттейді