Ампелография нені зерттейді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:49, лекция

Краткое описание

Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ампелография.docx

— 73.34 Кб (Скачать документ)

 

Оидиум. Жүзімнің өте қауіпті ауруы, өсімдіктің жер үсті мүшелерін зақымдап, жапырақтардың жоғарғы бетін ақ қабатпен қаптайды. Ауруға шалдыққан жапырақтарда қара нүктелер көріне бастайды. Өркендерде дақтар пайда болып, гүлшанақтар мен гүлдер қоңырға боялып, түсіп қалады. Егер ауру жидектер пісе бастаған кезде басталса, олар жарылып, сұр шірік пайда болады. Қатты зақымданған кезде шіріген балықтың ерекше иісі байқалады.

      Ауру көбінесе  шілде-маусымда ыстық және құрғақ  ауа райы салдарынан, құрғақшылықтан  ылғалдылыққа шұғыл ауысуынан  болады.

      Оидиум  жүзім гүлдеген кезде вегетацияда  болған жасыл өркендер мен  жапырақтарда күлді сұр түсті  қабат пайда болады, оның астында  жапырақтар іші ауаға толып,  қоңыр болып, қурап қалады. Аурумен  зақымданған өркендер, гүлшоғыры,  жидектер шіріген балықтың иісі  шығатын күл сепкен секілді  көрінеді.

 

5.Жүзімнің  көбею тәсілдері.

Сүректенген қалемшелер арқылы көбею.Бұл көбейту тәсілі жүзімді қыстық көму алдында, күздік шырпу кезінде дайындалады.Ол үшін жақсы дамыған,жетілген өркендері бар,жетік піскен 1 жылдық өркендерді 11 бөлігін,көзшелері жақсы дамыған 6-10мм қалыңдықтағы өркендерді қолданады.Кесіп алғаннан кейін қалемшелерді жапырақтарынан,мұртшаларынан, өгей бұтақшаларынан тазартады,ең жоғарғы бөлігін шырпып алып тастайды да 30-40 см етіп бөліктерге бөледі.Төменгі шырпу астыңғы көзшенің түйінінде,ал жоғарғы шырпу жоғарғы көзшеден 2-3 см-дей жоғарыда жүргізіледі.Қалемшелерді кесіп алғаннан кейін көгеруден сақтау үшін 2-3 сағатқа 5% тік темір купоросына немесе 0,5%  хинозол ерітіндісіне салады,одан кейін буып,сақтауға жібереді.

Қысқа қалемшелер арқылы көбею.Тамыр жүйесі қалыптасқан, ауа райы бірқалыпты температурада қалемшелерді тұрақты орнына отырғызады. Күз айында (қазан айының соңы мен қараша) өркендерді 1-2 көзше бойымен қалемшелерге бөледі. Тәулік бойына қалемшелерді суға салып қояды. Кептіргеннен кейін ұзындығы 25см, ені 10мм полиэтиленді қапшаларға (мешочки) салады. Қысқа қалемшелердің тез тамырлануы үшін өсуін жылдамдататын сұйықтықта ұстау керек, яғни барлық қалемшелерде қолданатын сияқты. Қалемшелерді жоғарғы көзшесі субстрат деңгейімен бірдей болатындай етіп отырғызады. Қапшаларды жәшікке вертикальды бағытта жатқызады. Жәшікті ашық және батареяның жанына орналастырады. Кеуіп кетуден сақтау үшін бетін жауып қоюға болады. 20-30 күннен кейін қалемшелердің тамыры шыға бастайды, ал 2 аптадан соң өркендері өсе бастайды. Осы уақыт аралығында субстрат топырақты ылғалдап отырады. Көктемде, сәуір айының соңы мен мамыр айында қалемшелерді терезелерді ашу арқылы, далаға шығару арқылы күн сәулесіне, таза ауаға үйретеді. Топырақ жылынып, үсік қаупі қайтқан кезде көшеттерді тұрақты орнына жайғастырады. Бұндай қалемшелерді тамыр жүйесі дамыған кезде, өркендерінің ұзындығы 30-40см болған кезде тұрақты орындарына көшіреді.Өсіп шыққан сабақтар басқа қалемшелер сияқты емес, бір жыл ерте жеміс береді.

6.Рислинг,Ркацетели  жүзім сорттары.

Рислинг-бұл шампан-шарап өнімдерін жасауда барлық аймақтарда қолданылатын кең тараған неміс сорты.

Жүзім шоғы ұсақ,цилиндрлі,цилиндрлі-конусты,жиі  қанатты,тығыз емес және борпылдақ.

Жемісі ұсақ,біршама домалақ  ұсақ қара нүктелері бар ашық жасыл  түсті болып келеді.

Қабығы орташа қалыңдықта едәуір мықты.

Жұмсағы шырынды,өзіне тән  дәмі бар.

Бұталарының биіктігі орташа,өркедерінің  ерте жетілуімен ерекшеленеді.

Өнімділігі жақсы.Рислинг  шампан және шарап материалдарын  сонымен бірге асханалық шараптармен  шырындар дайындауда  ең негізгі  жоғары сапалы сорт болып табылады.

 

Ркацители-кеш пісіп жетілетін грузин сорты,қантжиналуы үшін көп мөлшерде жылу қажет ететін таулы аймақтарда жыл сайын жетілмейді.

Жүзім шоғы орташа,цилиндрлі,жиі  қанатты,тығыздығы орташа немесе борпылдақ.

Жемісі орташа,жұмыртқа тәрізді,ақ-жасыл  түсті пісетін кезде қызғылттау түске боялады.

Қабығы жұқа,мықты,етінен оңай ажырайды.

Жұмсағы шырынды,сергітетін дәм береді.

Бұталарының биіктігі орташа және биік,өркендердің пісіп жетілуі  жақсы.

Өнімділігі жоғары,оидиуммен  зақымдалады.Таулы аймақтарда қардың астында қыстайды,ал ОҚО-да бұл сортқа  үстін жаппай сынақ өткізеді.

Ркацители асханалық шарап,шампан және коньяк шарап материалдарын  дайындау үшін қолданылады.

 

7.Қазақстандағы  кең тараған таңбалы некроз  ауруымен күрес.

Таңбалы некроз.   Жүзімнің жабық зонасында кең таралған. Жүзімдіктер ұзақ уақыт жерде жабық күйінде жатқанда сол жерлерде саңырауқұлақтар пайда болады. Ауру белгілері- шоғырмақтың жоғары қабатын ашқан кезде сүректерінде қоңыр дақтар байқалады. Бұл ауру жеңдері мен штамбтарының кебуіне алып келеді.

Бұл зеңді ауру тіпті қыста  да жабынды жүзімде өтуі мүмкін. Аурудың белгілері жүзімнің қабығын  алғанда, жойылған ұлпаның өте күңгірт  түсті дақтары көрінуінен білінеді.

Күресу шаралары- ескі, зақымдалған сабақтарын кесіп, өртеу қажет. Мүмкіндігінше жүзім түптерінің бетін топырақпен жаппау керек. Күзде жабудың алдында темір немесе мыс купоросымен өңдеу қажет.

 

8.Аудандырылған  жүзім сорттары.

Қалемшелер арқылы көбею тәсілі.

Қалемше– аналық өсімдіктен бөлініп алынған сабақ, тамыр, жапырақ. Дайындалу мезгіліне қарай: сүректелген қалемше және көк қалемше болып ажыратылады. Сүректелген қалемше буыннан, буын аралығы мен бүршіктен тұрады. Оны өсімдік өркені толық жетіліп, жапырақтары түскеннен кейін күзде немесе қыста дайындайды. Тамырландыруға дайындалған қалемшенің ұзындығы 18 – 22 см, жуанд. 6 мм-ден кем болмауы тиіс. Мұндай қалемшелердің жоғ. ұшын бүршіктен 1 – 1,5 см қалдырып, ал төм. бөлігін буын аралығының кез келген жерінен кесе береді. Көк қалемше – өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде (маусымның аяғы – шілденің басы) өркендерінен дайындалады. Мұндай қалемше буыннан, онда орналасқан жапырақтар мен қолтық бүршіктерінен және буын аралығынан тұрады. Оны ұзындығы 5 – 12 см етіп, бір, екі немесе одан да көп буындармен кеседі. Астыңғы жапырақсыз бөлігін өсімдік бүршігінен 0,5 – 1 см төмен жасайды. Сабақ қалемшелері жеміс-жидек дақылдарын, әсемдік өсімдіктер мен орман ағаштарын, бұталарын көбейтуге пайдаланылады. Тамыр қалемшесі жуанд. 6 – 10 мм болатын тамырлардан, ұзындығы 8 – 10 см мөлшерде кесіп алынады. Мұның жоғ. ұшын – тік, ал төм. ұшын – қиғаштап қияды. Тамыр қалемшесімен алма мен алмұрт ағашының кейбір түрлерін, кәдімгі және жапон бекесін, ырғайды, шиені, таңқурайды, жүзімді, т.б. көбейтеді.

Жүзімнің отырғызу материалдары

Қалемшелерді сақтау.

Қыстық сақтау. Сақтау үшін құрғақ және салқын, температурасы 1-5 болатын жертөлелер қолданылады. Буып түйілген қалемшелерді дымқыл қапшалармен 2-3 рет орап, полиэтиленді пакеттерге салып, аузын буып, полиэтиленді жапқышпен жауып қояды. Қыс мезгілінде 2-3 рет жер төлеге түсіп, қалемшенің жағдайын байқайды. Көгеру, тот басу байқалса, оны калий перменганатымен сүртеді де, таза ауада желдетіп барып орайды.қапшаларды құрғап қалған жағдайда аздап сулайды, көгерген болса, жуып тазалайды, ал мүлдем жармсыздарын жаңа қапшаларға ауыстырады.

Каберне фран,Рислинг  жүзім сорттары  ампелографиялық  сипаттама.

 Каберне фран –француздық сорт. Жүзім шоғы орташа цилиндрлі борпылдақ. Жидектері орташа, домалақтау қара көк түсті. Қабығы қалың,берік. Жұмсағы өте сулы, ал дәмі тартымды, ерекше сорт дәміне ұқсас.  Сағақтары жақсы жетілген. Өнімі жақсы. Аздап шырпуды қажет етеді. Бұл жоғары сапалы шарап  жасайтын сорт. Таулы аймақтарда одан асханалық және шампанды шарап материалдарын дайындайды. Ал Оңтүстік аймақтарда десертті және күшті шараптар алады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысында аудандастырылған.

Рислинг- шампанды шарап  өнімдерінде кең қолданылатын,  неміс сорты. Жүзім шоғы кішкентай, кейде орташа, цилиндрлі, борпылдақ  болады. Жидектері кішкентай әрі  домалақ, ашық жасыл түсті кішкентай  қара дақтары бар. Қабығының қалыңдығы  орташа. Сортына сай жағымды дәмі бар. Сағақтары орташа, ерте жетілетін  өркендерімен ерекшеленеді. Өнімділігі жақсы. Рислинг шарап және шампан материалдарын алуда, асханалық  шараптармен әр түрлі шырын алуда  қолданылатын жоғары сапалы, бағалы сорт.

Алиготе, Қара пино  жүзім сорттарына  ампелографиялық  сипаттама.

Алиготе- ерте пісетін француздық сорт. Жүзім шоғыры орташа өлшемде, цилиндірлі, тығыз. Жидектері орташа көлемде, домалақ, түсі ашық жасыл.  Дәмі бәртекті, жұмсағы сулы. Сағағы орташа өсімді, өркендердің жетілуі  жақсы. Өнімі жақсы, алайда некрозбен  зақымдалуы өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Суыққа төзімді, кейбір таулы  қыраттарда қыста жабылмай да тұра береді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл және Алматы облыстарында аудандастырылған.

Қара пино-ОҚО да тараған, ерте пісетін француздық сорт. Жүзім  шоғы тығыздалған, цилиндрлі әрі  онша үлкен емес. Жидектері домалақтау кішкентай және түсі қара көк. Қабығы нәзік, сулы, қышқыл мен қант  жақсы  үйлесімділік тапқан дәмі бар. Сағағы орташа және жай өсетін өркендері  бар. Өнімділігі орташа. Қысқалап шырпуды  қажет етеді. Некроз және оидиум ауруына  шалдығуы мүмкін. Шампан жасалатын  аймақтың барлығында тараған. 

Ризамат  жүзім  сорттарына  сипаттама.

 Ризамат- асханалық сорт. Өзбекстандық Ризамат Мусамухамедтің құрметіне осылай аталған. Жүзім шоғыры ірі, тығыздығы орташа. Жидектері өте ірі салмағы граммға дейін жетеді, пішіні цилиндрлі, түзі қызғылт.  Жұмсағы тығыз әрі кіртілдек. Өнімділігі 200-250 ц\га. Суыққа төзімділігі төмен.

Жүзім өсірілуінің 1,2 фазасына- сипаттама бер.

1фаза. Жүзімнің жылауы. Көктемгі  шырын қозғалысынан бастап бүршік  жара бастағанға дейін, фазаның  өту ұзақтығы 10-15 күн . тамырлардың  қарқынды жұмыс  атқаруы. Жең  бұтақтың барлық зақымдалған  жерлерінен жеміс өркеннің кесілген  ұштарынан мөлдір сұйықтықтың  бөлінуі. Жүзім түбін ашады,  соңғы толық шырпуды жүргізеді.  Жең бұтақтармен жеміс өркендерін  тіреуіштерге байлайды, топырақты  өңдейді. 

2фаза. Өркеннің өсуі. Бүршік  жара бастағаннан гүлдей бастағанға  дейін. Өту ұзақтығы 35-55 күн. Бүршіктері  ісінеді. Жылу мен ылғал жеткілікті  болған кезде өгей бұтақтар  дамиды, қыстаушы бүршіктер қалыптасады,  гүл шоғыры түрленеді және  олар әрі қарай қалыптасады.  Артық өркендерді екі рет сындырады.  Қатар аралықтарын және қатар  ішіндегі топырақты қопсыту, суару,  үстемелеп қоректендіру жұмыстары  атқарылады.

Вегетацияның 5,6 фазасына сипаттама.

5фаза. Жидектің пісуі. Вжидектер пісе бастағаннан әбден піскенгедейін. Сосын қаттыдан жұмсарады. Жидектердің жабық түсті сорттарының түйнегінде алдымен қара дақ пайда болады. Қант құрамы көбейіп, қышқыл азаяды. Піскен жидек шетінен басталып, ортасына қарай жүреді. Піскен жидек жұмсарып, қабығы оңай ажырайды , сортына сай түске енеді, дәні толығымен піседі. МЕМСТ талаптарына сай жүзімнің асханалық және техникалық сорттарын пайдалану мақсатына қарай жинау.

6фаза.  Жапырақтар түсуі.  Жидектері толық піскеннен өркендері піскенге дейін жүреді. Ұзақтығы 30-45 күн. Жапырақтарда фотосинтез процесі тоқтайды да , түсі өзгереді. Жапырақ сағағы түбінде тығыз бөліну ұлпасы қалыптасып, жапырақтары түседі. Кеш пісетін жүзім сорттары өнімін жинауды жалғастырады. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізумен қатар топырақты терң жыртыпөңдейді. Жабылатын аймақтарда түптерді алдын ала шырпып, қалемшелерді қиып дайындайды, сабақтарын топырақпен жабады.

Жүзімнің отырғызу материалдары.

          Жүзімнің  тамыры өзіндік екпе шыбықтарын  өсіру технологиясы келесідей  жұмыстардан тұрады: аудандастырылған  сорттар аналығынан қалемшелер  дайындау; олардың сапасы бойынша  отырғызуға жарамдылығын анықтау;  отырғызу алдында қалемшелерді  дайындау; оларды топыраққа отырғызу  және тамыр жүйесі, өркендерді  жақсы дамыған, аурусыз өсімдіктер  өсіру.

          Көктемде, қалемшелерді топыраққа отырғызардан 25-30 күн бұрын, олардың қысқы  сақтаудан кейінгі отырғызуға  жарамдылығын тексереді. Қалемшелерді  қоймалардан шығарып, олардың  сапасына қойылатын техникалық  талаптарға сай сұрыптайды.

          Отырғызуға  жарамды деген қалемшелерді алдын-ала  өңдеуден өткізеді; төменгі және  жоғарғы кесіктерін жаңалайды;  суға малып қояды; төменгі буындарындағы  көзшелерді алып тастайды; тілмелейді; өсу реттегіштермен реттейді;кильчелейді  және т.б.

          Қалемшелерді  осылайша дайындау тамыр пайда  болу процестерін тездетеді; өркен  мен тамырдың бірдей уақытта  пайда болуына жағдай туғызады, сондай-ақ жақсы тамырлауына,  жоғары сапалы екпе шыбықтар  өсуіне септігін тигізеді.

Филлоксерамен күресу жолдары.

          Филлоксерамен  күресудің тиімді тәсілдерінің  бірі – оны 40-50 күнге суға  батыру. Сол кезде су топырақтағы  ауаны ығыстырып шығарады да  филлоксера жойылады. Тамырлық формадағы  филлоксералар құмды жерде дами  алмайды. Сонымен қатар оларға  ауыр структурасыз – сазды,  балшықты, тұнбалы жерлер де қолайсыз. Ал өзге топырақ түрлерінде  филлоксералар тез дамиды, тіпті  өзге плантацияларға да жайылып  кетеді.

          Бір  қызығы, олар петрушкадан қорқады  екен.  Сондықтан  олармен күресудің  ең бір тиімді тәсілі жүзімдіктердің  жанына қатармен петрушкалар  отырғызу болып табылады екен. Бұларды тіпті  жүзім сабақтарының  қасына да отырғызуға да болады  екен.

Алеатико, Күлгін Мускат жүзім сорттарына сипаттама.

          Алеатико  – орташа пісетін итальяндық  сорт, Алматы (Оңтүстік-шығыс аймағы), ОҚО және Жамбыл облыстарында  таралған.

Жүзім шоғы орташа көлемді, цилиндрлі-конусты, тығыз және орташа тығыздықты.

Жидектері орташа, қара-көк.

Қабықшасы жуан, берік, жұмсағынан нашар  бөлінеді.

Жұмсағы шырынды. Дәмі өте әлсіз  мускат иісімен.

Бұталарының биіктігі орташа, өркендердің  пісіп жетілуі жақсы.

Ыстық аудандарда өнімділігі жоғары. Жоғары кесуді қажет етеді.

Оңтүстік және Қаратау маңы зоналарында  аудандастырылған.

          Күлгін  Мускат – орташа-кеш пісетін  шараптық сорт, ОҚО және жартылай  Алматы облысында таралған.

Жүзім шоғы орташа, жиі қанатты, тығыз.

Жидектері орташа көлемді, домалақтанған, қою-қызыл.

Қабықшасы жұқа, берік, жұмсағынан жеңіл  алынады.

Жұмсағы шырынды, нәзік, дәмінде күшті  мускат иісі бар.

Бұталары биік, өркендері жақсы  пісіп жетіледі.

ОҚО-да өнімділігі жоғары, жылдар бойы тұрақты, ал Алматы облысында жоғары емес.Орташа ұзындықты кесуді қажет  етеді, оидиумге ұшырау қаупі бар.

Қалемшелерге қойылатын талаптар.

Жүзім қалемшелерін жеміс салып  тұрған аналық плантациялардан жүзімдіктерді  шығару кезінде дайындайды. Қалемшелердің  өнгіштігін қамтамасыз ететін аса маңызды  фактор – дайындау мезгілі. Қазақстанда  қалемшелерді күзде дайындаған дұрыс.

Информация о работе Ампелография нені зерттейді